Файл: Lipios май деген сзден шыан. Липидтерді биологиялы ызметі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.02.2024
Просмотров: 15
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Липидтер – суда ерімейтін , органикалық еріткіштерде ( хлороформ , эфир , бензол ) еритін заттар тобы . Беолктармен көмірсулармен қатар липидтерде адам мен жануарлардың және өсімдіктердің барлық ұлпалар клеткаларының құрамына кіреді . Гректің lipios – май деген сөзден шыққан.
Липидтердің биологиялық қызметі:
-
Липидтер энергия қорының негізі түрі және организмге көмертек атомдарын беруші. -
Липидтер клетка мембранасының құрылымдық және рецепторлық бөлігі . -
Липидтер органикалық қосылыстардың алғы заты бола алады . -
Қорғаныс қызметін атқарады , организмді ыстық – суықтан , механикалық әсерлерден қорғайды . -
Липидтерде көптеген витаминдер ериді , олардың құрамында ауыстырылмайтын май қышқылдары бар , ондай қышқылжар организмнің қалыпты тіршілігі үшін қажет .
Л
ипидтер 3 класқа бөлінеді :
Қарапайым липидтер
Триацилглицеролдарды май немесе бейтарап май деп атайды. Ескі атауы – триглицеридтер.
Табиғи майлар триацилглицеролдар қоспасынан тұрады .
Триацилглицерол – бұл үш атомды спирт глицерол мен май қышқылының үш молекуласынан құралған күрделі эфир .
Негізінен глицерол молекуласында үш гидроксил – ОН тобы бар үш атомды спирт болып саналады .
Ферментпен немесе қышқылмен гидролизденгенде триацилглицеролдар глицеролға және май қышқылына ыдырайды . Май қышқылдары үш атомды спирт глицеролмен этерленген күрделі эфир құрайды . Егер глицерол молекуласында оның бір ғана гидроксил тобы май қышқылымен этерленсе , онда күрделі эфир моноацилглицерол деп аталады.
Глицерол молекуласының екі гидроксил тобы май қышқылының екі молекуласымен этерленсе диацилглицерол түзеді .
Глицерол май қышқылының үш молекуласымен әрекеттесе триацилглицерол құрайды.
Жоғары молекулалы май қышқылдары бір атомдық жоғары спирттердің күрделі эфирлері балауыздың негізін құрайды. Құрамында бос май қышқылдары , спирттер , көмірсулар , бояушы және иісті заттар болады .
Күрделі липидтер
Күрделі липидтер екі топқа бөлінеді:
-
Фосфолипидтер -
Сфинголипидтер
Күрделі липидтердің ішінде әсіресе көп таралғаны фосфолипидтир
. Олар майға жақын глицеролдың екі гидроксилдік тобы май қышқылдары мен этерленген . Үшінші гидроксилдік топ фосфор қышқылының күрделі эфирін түзеді , оған азоттық негіз қосылады . Липидтердің азоттық негізіне холин , этаноламин , серин , инозитол жатады .
Фосфолипидтермен бірге сфинголипидтерде клетка мембранасының барлық түрінен табылған. Сфинголипидтердің фосфолипидтермен айырмасы – олардың құрамында глицерол болмайды . Сфинголипидтердің 4 түрі бар:
-
Сфингомиелендер -
Цереброзидтер -
Ганглиозидтер -
Сульфолипидтер .
Соңғы 3 құрамында қант бар , олар гликолипидтер деп аталады. Барлық сфинголипидтердің негізінде сфингозин бар . Ол қанықпаған аминоспирт .
Стероидтар
Стероидтар биологиялық активті қосылыстардың үлкен тобы . Стероидтар сабындалмайтын липидтерге жатады сілтілі гидролизде сабын түзілмейді . Жануарлар , өсімдіктер ұлпаларында және микроорганизмдерде кездеседі.
Стеридтер – стеролдар мен май қышқылдарының күрделі эфирі .