Файл: Баалауды лшемді технологиясы бойынша балаларды оыту.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.02.2024

Просмотров: 13

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Сәбит Балнұр Пархатқызы – Павлодар педагогикалық университетінің студенті

(Павлодар, Қазақстан Республикасы)
Бағалаудың өлшемдің технологиясы бойынша балаларды оқыту
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің халыққа жолдауларының бірінде біздің міндетіміз: «Жедел дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті; ұлттық тілді, тарихты жетік меңгерген, отандық мәдениетті бойында қалыптастырған; шығармашылығы дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру» [1,3] деп атап өткен болатын. Бүгінде білім саласының қоғамда алатын орны ерекше екені барлығымызға белгілі. Ол тек адамның санасы мен қатар танымына ғана әсер етіп қоймайды. Тұлға болып қалыптасу жолында үлкен рөл ойнайтын маңызды фактор. Қазіргі оқыту үрдісінде жаңа технологияны қолдану аса қажетті педагогикалық мәселелердің шешімін табуға, ой еңбегін арттыруға және оқу процесін дұрыс, тиімді басқаруды қамтамасыз етеді. Жаңа технологияларды қолдану тек оқушы немесе студент үшін ғана емес оқытушы яғни, педагогтар үшін де маңызды. Бүгінгі таңда қолданылып жатқан технологиялар студенттер мен оқушылардың өзіндік көзқарасына, сезіміне, ең бастысы зердесіне инттеллектуалдылық мүмкіншіліктерін арттыруға көмектеседі.

Еліміздің білім беру жүйесіндегі даму іс-әрекеті - білім мазмұны мен сапасын арттыру, білім беруде жаңаша педагогикалық көзқарас қалыптастыру секілді кешенді шараларға байланысты. Қолдауды қажет ететін бүгінгі күннің білімінің орнына елімізді алға тартатын, жастарымызды дұрыс жолға бағыттайтын инновациялық білім керек. Осы орайда білім беруде инновациялық технологиялармен қатар жасалып жатқан бағдарламалардың маңызы зор. Бұл бағдарламалар оқушылардын өз бетінше оқып, үйреніп, нәтижесінде өз пікірін еркін жеткізе алатын, дамыған, ынталы, білімге құштар, мақсат қоя білетін тұлғаның қалыптасқанын күтеді. Жарқын болашағымыз үшін тікелей салынып жатқан иннвестициялардың басым бөлігі де осы білім саласына арналып жатқаны барлығымызға аян. Жаңартылған білім мазмұнында оқу мақсаты, жоспар түрлері, оқушымен рефлекция жасау, бағалау түрлері, оқушымен дифференциалды білім беру жүйесін қолдана алу барлығы маңызды орында. Осындай ірі өзгерістермен біздің оқу бағдарламамызға еніп жатқан бағалаудың өлшемдік технологиясына тоқталсақ.

«Бағалау - білім беру үрдісіндегі қажет басты құрама бөліктердің бірі. Бұл үрдісте оқытушы окушының ағымдағы және қорытынды үлгерімі туралы ақпаратты жинақтайды және талдайды. Бағалаудың мақсаты, міндеттері, пәні, нысаны, принциптері, әдістері, түрлері және құралдары білім беру үрдісінің барлық қатысушыларына (мектептің әкімшілігі, мұғалімдер, ата-аналар және оқушылар) түсінікті болуы керек.


Бағалау жүйесі - бұл оқыту мәселелерін болжаудың және жетістіктерін өлшеудің негізгі құралы. Бұл құрал білім берудің сапасын, оның әлемдік стандарттарға сәйкестігін анықтауға, білім беру саласындағы заманауи міндеттерге сәйкес болмаған жағдайда оны білім беру стратегиясы мен тактикасы бойынша түбегейлі шешімдерді қабылдауға, білім берудің мазмұнын, білім берудің күтілетін нәтижелерін бағалаудьң түрлерін де жетілдіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар бағалау - алынған нәтижелерді және жоспарланған мақсаттарды салыстыру үрдісі»[2,7].

Бағалаудың әр түрлі жолдарының пайда болуы, әрине, жеке тұлғаны қалыптастырумен, оның құзыретгіліктерінің дамуына апаратын жалпы педагогикалық концепцияның нақты орнығуымен байланысты. Осының бәрі бағалау жүйесінде қазіргі тенденциялардың пайда болуына әкелді. Нәтижесінде біз бағалаудың критериалды технилогиясына келіп тоқтадық. Бұл жүйенің тағы бір қыры — ол алдын-ала жоспарланған жетістіктерге, яғни, жалпы алғанда қажетті құзыреттіліктерге оқушының қаншалықты және қандай деңгейде сәйкес екендігін салыстырып қарауға мүмкіндік береді.

Шындығына келгенде тек қана оқу мен оқыту барысында ғана емес жалпы адам баласы өзінің жасаған еңбегінің бағаланғанын қалайтыны рас. Оның қалай, қайтып, қандай критериймен бағалануы әртүрлі. Сол секілді оқушылар мен студенттерді бағалауда түрлі критерийлер енгізіледі. Және жоғарыда атап өткеніміздей, оның барлық талап, міндеттері мен бағалану барысы барлығына ортақ түсінікті болуы шарт. «Критериалды бағалау алдын-ала ұжыммен бірге кұрастырылған, білім беру үрдісіне қатысушылардың барлығына белгілі және түсінікті критерийлер бойынша оқушының білім жетістіктерін салыстыру үрдісі ретінде түсіндіріледі. Бұл критерийлер білім берудің мақсатына және мазмұнына сәйкес болуы керек және оқушының оқу-танымдық құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал етуі керек»[2,17].

Критериалды бағалау оқу бағдарламаларының мазмұнына, бағалау іс-шараларының түрлеріне, оқушылардың жеке психологиялық-педагогикалық ерекшеліктеріне сәйкес жүзеге асырылады. Сонымен қатар критериалды бағалау формативтік және констативтік бағалаудың біріккен негізінде іске асырылады. Бұл дегеніміз оқушылардың білім жетістіктерін аралық және қорытынды бақылауды өзара байланысты тұтас жүйеде қолдану. Критериалды бағалау сонымен қатар бақылау үрдісін сезіну және осы бағалау технологиясын пайдаланудың тиімділігін педагогикалық болжауды жүргізу іске асырылатын болжау негізінде жүргізіледі.



Критериалды бағалау жүйесінде ең маңызды нəрсе – оқу процесінің өзі, сол арқылы оқушы өзін-өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көріп, əрі қарай қалай даму керектігін түсінетіндігі, яғни бұл жүйеде оқушының қалай жұмыс жасағаны, қалай ойланғаны бағаланатындығымен ерекшеленеді.

«Бағалаудың критериалды формативті (қалыптастырушы), суммативті (жиынтық), дескрипторлы (сөзбен баяндау) түрлері бар. Формативті бағалау да, суммативті бағалау да білім беру жүйесінде қолданылады. Формативті бағалаудың мақсаты білім алушылардың оқуын жақсарту. Білім алушы өзінің білім деңгейін біледі, ал мұғалім бағалау үшін қай бағытта жұмыс атқару керектігін біледі» [3,8].

Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі:

  • алдын-ала ұсынылған бағалау шкаласы;

  • анық, айқындылығы;

  • бағаның әділдігі;

  • өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі;

Критерий – ұсынылған талаптарға сәйкес бір нәрсені бағалау бойынша шешім қабылдау ережесі, негіздемесі және белгісі. Әр критерийдің дискрипторы болады, онда оқу тапсырмасының орындалу нәтижесінің дұрыстығы туралы нақты түсінік беріледі. Дискрипторға сәйкес бағалау оқушының қойған мақсатына жетуін анықтайды.

Дескрипторлар – әрбір критерий бойынша оқушының жетістік деңгейін сипаттайды және белгілі ұпайлармен бағаланады: жетістік жоғары болған сайын ұпай да жоғары болады.

Критерийалды бағалаудың бізге белгілі екі түрі бар:

- қалыптастырушы бағалау;

- жиынтық бағалау;

Қалыптастырушы бағалаудың мақсаты – оқу материалын меңгергендігі жөнінде обьективті ақпарат алу, білім алушының кемшіліктерін дер кезінде анықтау. Мұғалім – оқушы арасында кері байланыс орнату.

Қалыптастырушы бағалаудың ерекшелігі – оқушының күнделікті білім сапасы, білім алудағы олқылықтарын түзеу, оқушыға қиындық тудыратын сұрақтарды анықтау және оларды жою болып табылады.

Жиынтық бағалаудың қалыптастырушы бағалаудан айырмашылықтары бар себебі ол оқудың белгілі бір кезең аяқталған кезде ғана жүзеге асады. Ол баға немесе балл күйінде тіркеледі. Және де бұл бағалау түрі оқушының деңгейін анықтайды. Жиынтық бағалаудың 3 түрі бар:

- бөлім бойынша;

- тоқсандық бойынша;

- қорытынды:

Жиынтық бағалауды жүзеге асыру үшін оқу мақсаты қажет. Оқу мақсатын оқытушы стандартты оқу бағдарламасынан өзі таңдап алады.

Оқушылар бұл бағалау түрлерінде білу, түсіну, синтез жасап, сыни-пікір айта алатындығына және өзінің қорытынды шығарумен бағаланады.


Қорыта айтқанда, бағалаудың осындай технологиялары арқылы оқушы мен оқытушы арасында байланыс күшейе түседі. Жақсы оқитын немесе кішкене үлгерімі төмендеу оқушы болса да, өз ойын жеткізе алатын, өзіндік адамгершілік құндылықтарын бағалай алатын, өзге адамның пікірін сын тұрғысынан қабылдай алатын және ол пікірге құрметпен қарай алатын, таным-түйсігі жоғары дамыған тұлға қалыптасады.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


  1. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында. Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – Алматы:. Атамұра, 2010 жыл.

  2. Урмашев Б.А. Критериалды бағалау технологиясы: Оқу құралы. – Алматы: «ССК» баспасы, 2016 жыл. – 140 бет.

  3. Типтік оқу бағдарлама. Бағалаудың өлшемдік технологиясы: Оқу-әдістемелік кешен. – Алматы: 2016 жыл.