Файл: Мектеп стазадырына арналан Наурыз мерекесі арсаындаы концерттік бадарламаны сценариі. Бата! ыдыр ата Талат аай.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.02.2024

Просмотров: 14

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Мектеп ұстазадырына арналған Наурыз мерекесі қарсаңындағы концерттік бағдарламаның сценариі.

Бата! Қыдыр ата Талғат ағай.

1-жүргізуші: Ар ма, ағайын! Қайырлы күн, құрметті ұстаздар және оқушылар! Жер жүзіндегі халықтардың бәрінің де түрлі мейрамдары бар. Шығыс халықтарының сондай ерекше мейрамдарының бірі – Наурыз.

1- жүргізуші: Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жаңа Жыл келеді. Ендеше, той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!

Наурыз келді, жайраң қақты таң күліп,
Жап-жасыл болып кетті дүние жаңғырып.
Жақсылыққа жаршы болған Наурызым!
Сен өмірдің көктемісің мәңгілік!

1-жүргізуші: Уа, халайық, халайық
Ақ сандықты ашайық,
Бұл мереке, бұл тойдың
Шашуларын шашайық! Марияш апай, Ләзат апай шашу

2- жүргізуші: 7 Ж – сынып оқушыларының орындуындағы “Қамажай” биін қабыл алыңыздар.
1 жүргізуші:

Қанекей, қарсы алайық жылдың басын,

Қосылып жасқа жасың, басқа басың.

Барайық келер жылға төрт көз түгел,

Аман боп алыс, жақын, кәрі – жасың дей келе алғашқы жүрек жарды құттықтау сөзін мектебіміздің директоры сұлу да сымбатты Абдикадирова Асел Абилханқызына береміз.
1-жүргізуші:
Бабамнан қалған мол мұра
Қасиетті домбыра
Домбырамен таныттым,
Қазақтың кім екенін.
Мектебіміздің домбырашылар үйірмесінің 6-8 –сынып оқушылары “Ақ бұлақ” күйімен қарсы алыңыздар.

1 - жүргізуші:

Ана деген адамға Атамекен,

Әр адам анаменен адам екен

Бір өзіңе көрсеткен жақсылығым,

Бір күнгі тәтті ұйқыдан садаға екен,- дей келе келесі кезекті қазақ тілі және әдебиет пән мұғалімі мейірімді әже Марияш апайымыздың шәкірттерінің шумақ өлеңдерін қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші: Жаңа жылда Қызыр баба үйге кірсе, ол үй ауру-сырқаудан, пәле-жаладан аман болады деген сеніммен Наурызға дейін адамдар үйін қағып-сілкіп, тазартып қоятын болған.

Ендеше алдарыңызда 7 “Ғ”- сынып оқушысы Ерменбаева Адинаның орындауындағы әсем әнді қабыл алыңыздар!


1 жүргізуші:

Жыр сыйлайық, нұр сыйлайық тірлікке,

Қастерледік қадіріңді білдік де.

Құтты болсын ұлыс күн жұмылдырған,

Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке дей келе дене шынықтыру пән мұғалімдерінің орындауындағы ұлттық ойындарымыз асық ойнау мен, арқан тарту қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші: Ел арасында 21 наурыз түні даланы Қызыр баба аралайды деген аңыз бар. Осыған сенген халық дәулет дарып, бақ қонсын деген мақсатпен есіктерін ашып қояды.

2 – жүргізуші:

Алқа - жұртым, той - думан,

Ортамызда ашайық.

Ән мен күйді төгіп біз,

Інжу маржан шашайық! 5 “Ә” – сынып оқушыларындағы хор қабыл алыңыздар.
1- жүргізуші: Наурыз мейрамы негізінен адамдардың көрісуінен басталады. Жігіттер төңіректегі бұлақтардың көзін ашып, бұлақ басына тал еккен. Жаңа шыққан күнге иіліп сәлем берген. Ренжіскен ағайындар татуласқан.

2-жүргізуші'>2-жүргізуші:Көктем жетті көл - көсір шуақ құрып,
Қыс та ұзап барады жылап тұрып.
Шатырында үйлердің Наурыз да жүр,
Мұз көрпесін ақпанның лақтырып дей келе 6 «А» - сынып оқушыларының мың бұралған қыздарымыздың орындауындағы «Доппи тикдим» биін қабыл алңыздар

2- жүргізуші: Ұлыстың ұлы күні кем дегенде жеті түрлі дәмнен тұратын  Наурыз көже дайындалады. Наурыз көжеге соғымнан қалған сүр ет, қойдың басы,  қатық, сүт, бидай, тұз, су қосылады.

2-жүргізуші:Ал ендеше алдарыңызда «Қара жорға» биі орындайтын 6 Б -сынып оқушыларын қарсы алыңыздар

1-жүргізуші: Құтты болсын әр күнің,
Сыйла, бақыт баршаға.
Сәбидің әсем шат үнін
Тыңдат абзал анаға.
Наурыз – достық, Наурыз – күн.
Барша халық бірлігі.
Тағы келді ұлыс күн.
Жалғасып ғалам тірлігі.

2-жүргізуші
: Алдарыңызда 10 А сынып оқушы Гафуржанова Дильшона / Рухшона «Наурыз» әнімен қарсы алыңыздар!

1 –жүргізуші Ұлыс күні қазан толса,
Ол жылы ақ мол болар,
Ұлы кісіден бата алса,
Сонда олжалы жол болар.
- деп бүгінгі тойға үлкендерден бата сұрайық.

1 жүргізуші.Ата салтын бабамның,
Алып келді ұлыс күн.

Бір анадан туғандай,
Бір ұядан ұшқандай.
Бір аспанның астында,
Бір дастархан басында.
Береке - бірлік болсын деп,
Көп көжеден дәм татып,
Күшейтейік бірлікті. Осымен бүгінгі іс – шарамыз өз мәрсеіне жетті!