Файл: Мектеп президенті.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.02.2024

Просмотров: 10

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Мектеп президенті
Мектеп президентін көшбасшылар кеңесі сайлайды. Технологияны алғашқы ендіру кезеңінде бірінші сайлауға барлық қалаушылар қатысады. Технологияны ендіру кезінде өзінің кандидатурасын мектептің өзін-өзі басқаруында тек қана өзін көрсете білген басқарушылар ретіндегі оқушылар ғана (көшбасшылар, министрлер, заң шығарушылар, жаттықтырушылар және координаторлар) ұсына алады. Егер оқушы өзін белсенді орындаушы ретінде ғана көрсете алса, президенттікке өз кандидатурасын ұсынуға лайық деп есептеуге болмайды. Мектеп әкімшілігі президенттікке ұсынылатын кандидаттарға мінездеме беріп, өзінің ұсыныстарын жасайды. Бірақ соңғы сөз көшбасшылар кеңесіне қалдырылады.

Мектеп президентінің міндеттері
Мектептің өзіндік басқаруының барлық бағыттары бойынша командалар құру;

а) президент атқарушы билікті қалыптастырады және көшбасшылар кеңесінде бекітілетін премьер министрдің кандидатурасын өзі табады;

б) президент заң шығарушы билікті қалыптастырады және мектеп заң шығарушыларынан бас заң шығарушының кандидатурасын таңдап алады, ол да көшбасшылар кеңесінде бекітіледі;

в) президент жылдамдықты, логиканы және сөздік қорды дамыту бойынша оқушылар қызметін бақылайды және байқайды ;

г) президент көшбасшылар кеңесінің жұмысын басқарады, ол жерде барлық маңызды мәселелер қаралады және атқарушы мен заң шығарушы билік, дамыту қызметінің проблемалары шешіледі ;

д) президент жұмысының сапа көрсеткіші оның қаншалықты команда жұмысын тиімді ұйымдастыруында, сапа саясатына сәйкес, мектепті басқаруда кем дегенде 63% оқушы қатысуы керек;

е) президенттің және оның командасының жұмыс сапасының көрсеткіші - өзінің қабілеттерін және дарындылығын мектепте өзіндік басқарудың белсенділігінің арқасында ашқан оқушылар санының көбеюі болып келеді.