Файл: Таырыбы Клкі керуені.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 15

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тақырыбы: «Күлкі керуені»

Мақсаты: білімділік. Адам бойындағы құнды қасиеттер туралы түсініктер беру, Күлкі және жымиюдың адам өміріндегі қажеттілік екенін түсіндіру;

Дамытушылық. Балаларға жылы жымиып, шынайы күліп жүру керектігіне көздерін жеткізе отырып, жақсы істер жасай білу іскерліктерін дамыту;

Тәрбиелік. Өзара қамқорлыққа, сүйіспеншілікке, татулыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Балалар, бір-бірімізбен көздеріміз арқылы амандасайықшы. Қазір әркімде әртүрлі көңіл-күй. Олай болса барлығымыз қызықты, жақсы сәтті есімізге алайық. Осы жерде «сиқирлы қолшатыр» көмекке келеді. (әшекейленген қолшатырды қолдану)

— Балалар! Енді бәрің менің қолымдағы әдемі күнге қараңдаршы, ол бізге әдемі күлкісін сыйлап тұр. Қане, біз де бір-бірімізге күн сияқты әдемі күлкімізді сыйлайықшы.

Балаларға Ө. Тұрманжановтың өлең жолдарын хормен қайталауды ұсынамын.

Кел, балалар, күлейік!

Қабақ түйген не керек,

Кел балалар, күлейік!

Күлкі көңіл ашады,

Күлкіменен түлейік!

Көңілді боп жүрейік!

Күлкіменен түлейік!

Күліп өмір сүрейік!

— Жарайсыңдар, балалар! Күн біздің бойымызды жылытты. Біздің жылы күлкіміз әрқайсымызды қуанышқа бөледі.

Біздің тақырыбымыз Күлкі керуені деп аталады.


Балалар, біз қай кезде күлеміз?


Сендерге күліп жүрген ұнайды ма?

Бәріміз естіп жүрміз күлген пайдалы,өміріңді ұзартады дейді.

Атақты сатирик Сейіт Кенжеахметұлы ағамыздың: «Күлдіре білу — өнер, күле білу — өмір, күлкі болу — өлім» деген сөздерінің жаны бар.

Күлкі стреске қарсы ең басты құрал екені белгілі. Күлкі-адам өміріндегі ең қызықты сәт десе де болады. Жүзіңнен күлкі кетпесін дейміз ғой, күліп жүрген, жайдарлы адаммен сөйлесу әлдеқайда ыңғайлы емес па?

Күлкі жұқпалы дейді. Бір адамның «хи-хи» деген күлкісінен өзің еріксіз күлуің мүмкін. Бірақ күлкі дегеніміз ең пайдалы инфекция.

Тақтаға назар аударайық.


Бір – бірімізбен кездескенде қандай сөз айтамыз?


Қандай сөзбен көмек сұраймыз?


Көп жақсылық жасайтын адамды кім деп айтады?

Үш сөз ашылады.


-Қандай эмоция сезімдерін білесіңдер?

-Эмоция дегеніміз не? (аз уақыттағы жан сезімі)


-Сезім? (Көп уақытқа созылатын жан сезімі)

Эмоция мен сөзімді қалай білдіреміз? (мимика, жест, дауыс ырғағы)

Мимика мен жест арқылы берілген жағдаяттарды келтіру.

Аязды күні аялдамада адамның автобус күтуі

Тіс дәрігерінің кабинетіндегі адам

Футбол ойынын көріп отырған адам

Өзіне қойылмаған сұраққа жауап бергісі келетін шыдамсыз оқушы

Күнделігін үйінде ұмытып кеткен мұғалімнің сұрауы бойынша күнделігін бере алмай тұрған оқушы

Мамасының сүйікті ыдысын сындырып алған бала

Сайқымазақ болу

«Сайқымазақты бояу» ойыны

Тақтада сайқымазақ ілулі тұрады осыны оқушылар бір-бірден бояп өту.


-Сайқымазақты қайдан кездестіреміз?


-Олардың мақсаты қандай?

Сайқымазақ тапсырмасы: «Шатасу» ойыны

Мен сендерге бірнеше сұрақтар қоямын, содан жауаптарын парақтарға жазып, оларды араластырамыз: (сұрақтарды ауыстырып оқимын)


Мектеп сөмкелеріңе нені саласыңдар?

Сендерге қандай кейіпкер ұнайды? (кино, мультфильм)


Қоқыс жәшігіне не саламыз?


Қолды немен жуамыз?


Ән айтады кім?

Күлкі — өмірдің кілті. Гелатология (күлкіні зерттейтін ғылым) күлкі адам өміріне айтарлықтай ықпал етеді дейді. Ал Дарвин күлкі жүйке жүйесін емдей алады деген пікір айтқан. Күлкісіне қарап, адамның мінезін, ішкі жан-дүниесін шамалауға болады екен…

Күлкі туралы қызықты дерек

* Бүгінде адамдар жүз жыл бұрынғыға қарағанда, аз күледі.

* Бөбек үлкен адамға қарағанда, 20 есе көп күледі.

* Әйелдер ерлерге қарағанда көп күледі.

* Күліп, көңілді жүретін адамдар жүрек ауруына аз шалдығады. Америкадағы Калифорния клиникаларының бірінде дәрігерлер мен ғалымдар науқастарға «Күлкімен адамды емдеуге бола ма?» деген сұрақ төңірегінде зерттеу жүргізді. Науқастарға таңертең дәрілермен қоса, анекдоттары бар жаңа газеттер әкеліп берді. Зерттеу нәтижесінде, науқастардың жағдайы анағұрлым жақсарған. Демек, күлкі денсаулықтың жақсаруына әсер ете алады.

Дәйексөз

Балаларға «Сүйіспеншілік — жүректен» — деген халық даналығының мағынасын ашып түсіндіремін. — Әрқайсымыздың сүйіспеншілікке толы жұмсақ жүрегіміз бар. Бірақ ол үлкен емес. Әр адамның жүрегінің үлкендігі қолын жұмғандағы жұдырықтай. Қане, жүрегіміз қандай екен, көрейікші. Балалар алақандарын жұмып, жұдырықтарына назар аударады.



— Ал, енді, алақанымызды жүрегіміздің тұсына қойып, лүпілін тыңдап көрейікші. Балалар өз жүрек лүпілдерін тыңдайды.

— Қандай ғажап!

— Балалар, біз қуансақ, біздің жүрегіміз де күлімдеп тұрады екен, ал ренжісек, жүрегіміз де жабырқап қалады.

— Біз қандай жағдайда қуанып, ренжиміз? Балалардың жауаптары.

Бізді біреу ренжітсе, өздерің біреуді ренжітсеңдер жүректерің де ренжиді екен. Ал біреу бізге жақсылық жасаса, біреуге біз жақсылық жасасақ, онда біздің жүрегіміз де қуанышқа бөленеді. Сондықтан да біз әрдайым біреуге жақсылық жасап, қуанышқа бөлеп, жақсы көрсек жүрегіміз сүйіспеншілікке бөленіп, қуанады. Сүйіспеншілік біздің жүрегімізден тарайды екен. Сондықтан «Сүйіспеншілік -жүректен» деген халық даналығы осыдан шығыпты.

Жүректен жүрекке

Балалар шеңберге жиналады. Жұмсақ ойыншық жүректі бір-біріне сыйлай отырып, жақсы тілектер білдіреді.

• Мен саған қуаныш тілеймін. Мен саған сүйіспеншілік тілеймін.

• Мен саған жақсылық тілеймін.

«Керемет, біздің әрқайсымыздың жүрегіміз осы жұмсақ ойыншықтай күлімдеп, қуанышқа бөленді. Әрқашан осындай жылы сөздермен бір-бірімізді қуанта берейік!»

Бала туралы хикаяны баяндап, — ал енді мына шарларды үрлеп, ашу мен реніштерге толтырып, … шығарамыз. Міндетті түрде жымиямыз. Көңіл-күйіміз қандай?

Сабақты қорытындылау.

Күлкінің төресі — кез келген күйзелісті, жүйкедегі жүкті жеңіп шығатыншынайы күлкі. «Күл! Күлсең, әлем сенімен бірге күлетін болады. Ал жыласаң, сенімен бірге ешкім де жыламайды» депті Элла Уилер Уилкокс. Үнемі жылы жымиып, көңілді жүруге тырысайық…