Файл: Малімні атыжні Басенова Бану Аазыызы ПнСынып.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 15.03.2024

Просмотров: 10

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

18.01.2023жыл Оқу ісінің орынбасары:

Мұғалімнің аты-жөні:

Басенова Бану Аққазықызы

Пән/Сынып:

қазақ әдебиеті, 5«а»

Қай аптаның нешінші сабағы

3-тоқсан ,2- апта, №2 сабақ

Тарау немесе бөлім атауы:

1-бөлім: Адамгершілік- асыл қасиет

Сабақтың тақырыбы:

Ахмет Байтұрсынұлы «Егіннің бастары» мысалы .

Оқу мақсаттары:

5.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу

5.2.1.1 әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу

Сабақ мақсаты:

Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу.

Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу

Бағалау критериі:

  • Шығармадағы кейіпкер портретін анықтайды;

  • Кейіпкерлердің іс-әрекетіне талдау жасайды, салыстырады;




Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс

Жаңа тақырыптың түсіндірілуі

Бірлескен жұмыс

Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Уақыты

Кезеңдері

Сабақтың мазмұны


Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?

Ресурстар

3минут
2минут

5минут

Ұйымдастыру

Сәлеметсің бе?

5-сыныптың қазақ әдебиетіне пәніне қош келдіңіздер!

Сабағымызды бастамас бұрын сіздерді өзімнің «Сиқырлы дүкеніме» шақырғым келіп тұр./оқушылар дүкеннен қалаған сөздерін алып, өз ойларын ортаға шығарады/

Топқа бөлу

А.Байтұрсынұлының «Адамдық борышың» мысалының жолдарымен топтастыру.

Өлеңді оқыту

Үй тапсырмасын тексеру

«Білгірлер қадамы» ойыны арқылы өтілген сабақты пысықтау

  1. Ахмет Байтұрсынұлы кім?

  2. А.Байтұрсынұлы қай жылдары өмір сүрген? /1873-1938/ 150жыл

  3. «А.Байтұрсынұлының өлеңдері өзінің сыртқы қарапайымдылығы, ішкі мазмұны, жеңілдігі және біркелкілігі жағынан қазақ әдебиетінде бірінші орын алады...» сөзінің авторы кім?

  4. Мысал деген не?

  5. Қазақ әдебиетінде мысал жанры кімнен, қай ақыннан басталады?

  6. Абайдың мысалшылдық дәстүрін кім жалғастырды?

  7. «Адамдық қиқаншысы» дегеніміз не? Түсіндіріңіз

  8. Автор неліктен диқаншы деген сөзді қолданып отыр?

  9. «Адамдық тұқымы» дегенді қалай түсінесіз?

  10. «Көңілі көтерілу» деген сөзді неліктен тұрақты тіркес дейміз?

  11. «Жасықты асыл ма деп білмей қайрап» сөзін қалай түсінесіз?

  12. «Оттай бер жануарым екі аяқты

Адамдық хайуанға қанша қажет» деген жолдарды қалай түсінесіз?

Басқан қадамдарын санап, оқушыларды марапаттау.

Оқушылардың адам бойындағы қандай жақсы қасиеттерді білетіндігін және олардың өз бойынан табылатынын айтуына жетелеу

Сұрақ-жауап алу арқылы оқушылардын алдыңғы екі сабақ бойынша алған білімдерін пысықтау

Слайд, жақсы қасиеттер жазылған кәмпиттер, кестелер,суреттер.


Кеспе қағаздар

№ 3слайд

№ 4 слайд


№ № №

3-5 минут

5минут

Жаңа сабақ

Жаңа сабақ

Сабағымыздың тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Егіннің бастары» мысалы.

Оқушылар, бүгінгі сабағымыз не туралы болады деп ойлайсыздар? /пікірлерін сұрау/

Бүгінгі сабақта:

Сенің білетінің:

«Егіннің бастары » мысалындағы кейіпкер портреті мен образын ашу;

Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу

Сенің меңгеретінің:

  • Мысалдағы кейіпкер портретін анықтайсың;

  • Кейіпкерлердің іс-әрекетіне талдау жасайсың, салыстырасың

«Канон» оқуы. /әуелі іштей оқып шығады/

1-оқушы өлеңнің екі жолын, 2-оқушы үшінші жолдан қосылады, 3-оқушы төртінші жолдан қосылады, осылай әр топ өздерінің топ ішіндегі оқушылары аяқталған кезде, келесі топ жалғастырып кетеді


Оқушыларды өз ойларын айтуға жетелеу


Оқушылардың іштей және дауыстап хормен оқу дағдыларын жетілдіру


№ 5слайд


№6 слайд


№7 слайд

5минут

3минут

3минут
3минут


Ой шақыру

«Жедел жауап»

1. Мысал кейіпкерлерін ата.

2. Мысалда қандай мінезді адамдар сыналады?

3. «Егіннің бастары» мысалында әкесі мен баласы қайда келеді? Олар нені көреді?

4. Жалғыз Бидай өзін қалай ұстады?

5. Баласы әкесіне қандай сұрақ қойды?

6. Осы тақырыпқа сай мақал-мәтелдер айтып көріңдер

Дәптермен жұмыс

Берілген мақал-мәтелдерді дәптерлеріне жазғызу

Салыстыр

1-тапсырма. Өлең жолдарындағы қарама-қарсы суреттеулерді табу

2-тапсырма

Дәнге толы бидайлардың іс-әрекетіне қатысты ақиқат ,жалған, берілмеген ақпараттарды анықта.

Дәнге толы бидайлар жас баланы құрметтеп тағзым етеді.

-------------------------

Дәні толып піспегендіктен бастарын көтере алмайды.

-------------------------

Қожасына сыйынып, дәнге толы бастарын иеді.

--------------------------

Дескрипторы:

  • Бидайдың іс-әрекетін таниды

  • Ақпаратты анықтайды

Өзіңді тексер !

Дәнге толы бидайлар жас баланы құрметтеп тағзым етеді.

БЕРІЛМЕГЕН

Дәні толып піспегендіктен бастарын көтере алмайды.

ЖАЛҒАН

Қожасына сыйынып, дәнге толы бастарын иеді.

АҚИҚАТ


Оқушыларды шапшаңдыққа, сұраққа нақты жауап беруге балу


Көркемжазу дағдысын қалыптастыру

Шапшаңдыққа, нақтылыққа баулу


№8 слайд

№ 9слайд
№10 слайд


№11 слайд


3минут


3минут

2минут


3минут

Бекіту

Бекіту сұрақтары

1.Мысалда қандай теріс мінез,қасиет сынға алынған? Оған қарама-қарсы қандай оң мінездер бар?
2. Мысал мазмұны бізді қандай болуға үйретеді ? Бидай сияқты адамдар өмірде кездесе ме ?
Қорытындылау «3Қ» әдісі

Қызық

Қиын

Құнды

/оқушылардың пікірлерін тыңдау/
Үйге тапсырма

Ахмет Байтұрсынұлының «Егіннің бастары» мысалынан қалаған төрт шумағын жаттау.

89- беттегі 3-тапсырма бойынша бидайдың сипаты арқылы берілген адам мінез-құлқын қарасөзбен жазыңыз.
Білгенге маржан

Ахмет Байтұрсынұлының нақыл сөзі


Оқушылар бойында жақсы қасиеттерді қалыптастыру
Ойларын ортада ашық айтуға баулу


№ 13 слайд


№ 14 слайд


№ 15слайд

№ 16слайд