Файл: Аудит стандарттарыны маызын тмендегілер айындайды.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 15.03.2024

Просмотров: 11

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Аудит стандарттары дегеніміз – аудитке қойылатын талаптарды және өткізу тәртібін анықтаушы принциптерді белгілейтін нормалар. Аудит стандарттары Аудиторлар палатасының республикалық конференциясында қабылданып, мемлекеттік органдарда тіркеледі. 2000 жылғы наурыз айында өткізілген аудиторлардың бесінші республикалық конференциясында Қазақстан Республикасының аудитін Халықаралық стандарттарға көшіру және оларды ұлттық стандарттар ретінде қабылдау туралы шешім қабылданды. Стандарттар аудиторға бақылау шараларының ауқымын, оларды жүргізу әдістерін анықтауға көмектеседі әрі аудиторлық қызметтің нәтижелерін бағалаудың өлшемдері болып табылады.

Әр елдің ұлттық стандарттары аудиттің жүргізілу жағдайына қарамастан міндетті түрде орындалуы керек. Олар халықаралық нормативтердің талаптарына жауап беретін тиісті деңгейдегі аудиторлық қызметке қолдау көрсетеді, аудиторларды өз білімдері мен біліктіліктерін  ұдайы жетілдіруге мәжбүрлейді, жекелеген аудиторлық ұйымдардың жұмыс сапасын салыстыруды қамтамасыз етеді, аудиторлардың жұмысын жеңілдетеді әрі оңтайландырады.

Аудит стандарттарының маңызын төмендегілер айқындайды:

–       жоғары сапалы аудиторлық тексеруді қамтамасыз етеді;

–       аудит өткізудің барлық кезеңдерібойынша регламентті анықтайды;

–       аудиторлық тексеру нәтижелері дұрыстығының құқықтық кепілдігін қамтамасыз етеді;

–       Қазақстан аудитінің деңгейін көтереді және оны халықаралық экономикалық қатынастар саласында танымал етеді;

–       аудит өткізу және оның нәтижелерін рәсімдеу мәселелеріне қатысты тәсілдерді, терминдерді, анықтамаларды, мәліметтерді бір ізге салу міндеттерін шешеді;

–       аудиторлық тексеру іс-тәжірибесінде жаңа ғылыми жетістіктерді енгізуге ықпал етеді;

–       ақпараттарды пайдаланушыларға аудиторлық тексеру жүргізу үдерісін түсінуге көмектеседі;

–       кәсіптің қоғамдық беделін құрайды;

–       мемлекет тарапынан бақылауды жояды;

–       аудиторға клиенттермен келіссөз жүргізуге көмектеседі;

–       аудит өткізу үдерісінің жекелеген элементтерінің байланысын қамтамасыз етеді.

Жалпы стандарттар дегеніміз – аудитордың алдында тұрған міндеттерді тиімді әрі кәсіби деңгейде орындау үшін оның бойында болуға тиіс белгілі бір қасиеттер.Ол үшін әзірлік, кәсіби біліктілік, тәуелсіздік, әділдік, аудитті өткізу кезінде тиісті көңіл бөлу талап етіледі.


Аудит стандарттары аудиттің сапасы мен сенімділігіне қойылатын нормативтік талаптарды анықтайды және тәуелсіздіктің, әділеттіліктің, кәсіби біліктіліктің, аудиторлық тексеру нәтижесі жөніндегі ақпараттардың құпиялығын сақтаудың белгіленген деңгейін қамтамасыз етеді. Экономикалық реформалар механизмінің жетілдіруіне қарай Аудит стандарттарын уақыт талабына сай ету мақсатымен, оларды кезең сайын қайта қарап отыру қажет.

Аудиттің халықаралық стандарттары тек оны өткізудің жалпы тәсілдерін, тексеру жүргізу ауқымын, аудиторлық қорытынды есептің түрлерін, әдістемелік мәселелерін, сондай – ақ аудиторлар қолдануға тиісті негізгі принциптерді айқындайды.

Аудит стандарттары Аудиторлар палатасының республикалық конференциясында қабылданады және уәкілетті мемлекеттік органмен тіркеледі.(«Аудит қызметі туралы» ҚР Заңы).

Халықаралық аудит стандарттарын (ХАС) Халықаралық аудиторлық тәжірибе жөніндегі комитет ұйымдастырған (ХАТК). ХАТК Халықаралық бухгалтерлер федерациясы кеңесінің тұрақты комитеті түрінде болады (ХБФ), ол 1997 жылы Нью-Йоркта құрылған. ХБФ-ға мүше болу Халықаралық  бухгалтерлік стандарттар (ХБСК) жөніндегі комитетке мүше болу құқығын береді. ХБСК Лондонда құрылған. Екі мекеме бір-біріне тәуелсіз, біріншісі аудитормен, ал екіншісі бухгалтерлік есеппен жұмыс істейді.

«Қазақстандағы Халықаралық аудит стандарттары» нұсқасы ТМД елдері үшін Еуразияның бухгалтерлері мен аудиторлары Халықаралық жергілікті федерациясының шешімі бойынша ұсынылды.

Стандарттардың  мазмұны 




Стандарт

Қысқаша мазмұны













Кіріспелік аспектілер




Халықаралық аудит стандарттарына кіріспе

ХАС-тың заңнамалық статусы, оларды қабылдау тәртібі мен қолданылуы анықталады.




Глоссарий

ХАС-та қолданылған терминдердің сөздігі.




Халықаралық аудит стандарттарының концептуалды негізі

ХАС-тың құрылымы бейнеленді және аудитке қызметтің классификациясы ұсынылды.




Жауапкершілік




Қаржылық есептілік аудитінің жалпы мақсаттары мен принциптері

Аудиттің мақсаты мен оның негізгі принциптері анықталды. Есептілікті жасау бойынша басқарманың жауапкершілігі анықталады.




Аудит өткізу бойынша келісімшарттар

Аудитті өткізу келісімшарты туралы аудитордың хат нысанының мазмұны ұсынылды.




Аудиторлық жұмысты сапалық бақылау

Аудиторлық жұмысты сапалы бақылауда бақылау процедуралары мен саясаты ұсынылды.




Құжаттама

Аудитордың жұмыс құжаттарының мазмұны мен нысаны бойынша ұсыныстар




Қателер мен алаяқтық

Аудитті жүргізу барысында қате, алаяқтық іс-әрекеттер салдарынан ақпараттың нақты қателігі туралы мәселелердің пайда болуы.




Қаржылық есептілік аудиті негізіндегі заңдар мен нормативтік актілердің қарастырылуы

Аудитті жүргізу барысында нормативтік актілерге қайшы келуі және олардың қаржылық есептілігінің сенімділігі туралы мәселелердің пайда болуы.




Жоспарлау




Жоспарлау

Аудиторлық тексерулердің, аудит бағдарламасы мен жоспар құру тәртібінің жоспарлау үдерісі бейнеленеді.




Бизнесті білу

Клиент бизнесінің сипаты мен бағытын түсінуге бағытталған аудитормен ақпаратты алу мәселелері бойынша ұсыныстар берілді.




Аудиттегі мәнділік

Аудиторлық тәуекелдік пен мәнділік концепциясының мазмұны берілді.




Ішкі бақылау




Ішкі бақылау мен тәуекелді бағалау

Тәуекелдіктің анықтамалары мен олардың бағалары туралы ұсыныстар жасалды.




Компьютерлік ақпараттар, жүйелер ішіндегі аудит

Мәліметтерді компьютерлік өңдеу шарттарында қосымша аудиторлық рәсімдерді қолдану, аудитордың классификациясына талаптар, үшінші жақтарды тарту.




Қызметін жүзеге асыратын мекемелердің жұмысын қолданатын субъектілердің аудит бойынша мәсілелері

Мекеме аудиторының мәселесі қарастырылды, бухгалтерлік есеп және маманданған ұйымдармен жүзеге асырылатын есептілік туралы мәселелер қарастырылады.




Аудиторлық дәлел




Аудиторлық дәлел

Аудиторлық дәлелдеулерді алу үшін ақпаратты бағалау мен жинау тәсілдері.




Аудиторлық дәлел, нақты баптар бойынша қосымша мәселелер

Аудитордың келесі іс-әрекеттерін қолдану қарастырылды. Түгендеу үдерісіне қатысу.




Бастапқы келісімшарттар, бастапқы сальдо (қалдық)

Бастапқы қалдықтардағы қателердің болмауын қамтамасыз ететін дәлелдерді алудағы рәсімдерді қолдану.




Талдамалық рәсімдер

Аудитте қолданылатын талдамалық рәсімдердің мәні мен мазмұны, мақсаты ашылды.




Аудиторлық таңдау мен тестілеудің басқадай талдамалық рәсімдері

Барлық тексеруге арналған жинаққа таңдауды құру және таңдау бойынша тексерістің нәтижелерін орналастыру бойынша ұсыныстар жасалды.




Байланыстырылған жақтар

Еншілес немесе тәуелді мекемелермен жүргізілетін аудит операциялары.




Кейінгі оқиғалар

Кейінгі оқиғалардың анықтамасымен оларды анықтау бойынша ұсыныстар жасалды.




Басқалардың жұмысын қолдану




Басқа аудитордың жұмысын қолдану

Еншілес немесе тәуелді мекемелердің есептілігін тексеретін басқа тәуелсіз аудиторларды жұмысқа тарту жөніндегі мәселелер.




Бағалаушының жұмысын қолдану

Бағалаушыны тарту, оның жұмысының нәтижелерін қолдану және бағалау.




Аудиторлық қорытынды есептілікті ұсыну




Қаржылық есептілік туралы аудитордың есеп беруі

Аудитордың есеп беру нысаны мен мазмұны, нәтижелердің нысандары: жағымды пікір, пікір білдірмеу, теріс (жағымсыз) пікір.




Салыстырмалы көрсеткіштер

Алдағы жыл бойынша көрсеткішті өзіне қосатын тексеруге жататын есептілік жағдайда аудитордың іс-әрекеттері.




Мамандандырылған есеп берулер




Нақты мақсаттағы аудит бойынша келісімшарттар, аудиторлық есептілік

Маманданған аудитті жүргізген аудиторға аудиторлық қорытынды жасау бойынша ұсыныстар берілді.




Үмітті қаржылық ақпаратты тексеру

Болашақтағы қаржылық ақпарат пен қаржы нәтижелері бойынша болжамдық – қаржылық ақпаратты тексеру бойынша мәселелер.




Қызметтер




Қаржылық есептілік бойынша келісімшарттар

Қаржылық есептілігін қарастыру бойынша аудиторды тартудағы мақсат  пен осы қызметтің жалпы принциптері анықталған.




Қаржылық ақпараттағы келістірілген рәсімдерді орындау бойынша келісімшарттар

Қаржылық есептілік пен есептемесін, тақырыптық тексерістерді орындау тәртібі көрсетілген.




Қаржылық ақпараттың компиляциясы бойынша келісімшарттар

Есептілікті құрастыру үшін аудиторды тарту шарттары мен осы қызметтердің жоспары, олардың құжаттамасы, есептілік нысаны анықталған.


Қызмет көрсетулердің жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін аудиторлар және аудиторлық мекемелер Халықаралық аудит стандарттары негізінде аудиторлық  мекеме жұмысының ерекшелігін есептеп, өзінің ішкі стандарттарын қалыптастыруы тиіс.

Аудиторлардың этикасы.  Кәсіби аудиторларға этикалық тұрғыдан өзін-өзі ұстау әдебі аса маңызды болып табылады. Бизнес саласында екі әдептілік аспекті бар: жалпы әдеп және кәсіби әдеп.

Р.К. Маутц және Х.Л. Шараф жалпы кәсіби әдеп мәселелерін зерттей келе, аудиторлармен кез келген кәсіп иелерінің өзін-өзі ұстау әдебі философтардың барлық адам баласына ортақ әзірлеген өзін-өзі ұстау әдебінің жалпы ұғымын бір жақты түсініп, қолданудан басқа ештеңені білдірмейді деп атап кеткен болатын.

Осыған байланысты «әдеп» термині ретінде біз мораль проблемаларын, оның ішінде моральдық таңдау саласын зерделеумен жүйелі түрде айналысатын белгілі бір философия саласын ұғынамыз. Бұл анықтамада негізгі үш тшешуші элемент бар:

  1. Шешімді таңдау проблемасы.

  2. Жаман мен жақсы туралы түсінік.

  3. Әдеп, адамгершілік мәселелерін, оның ішінде моральдық шешімдерді зерделейді.

Әдеп кең мағынасында өнегелік принциптер мен нормалар жүйесі, жеке тұлға, қандай да бір қоғамның немесе кәсіби топтағы адамдардың өзін-өзі ұстау әдебі ретінде баяндалды. Іс жүзінде әр түрлі әдеп нормалары мен ережелерінің түрлері, оның ішінде аудиторлардың, дәрігерлердің, заңгерлердің, әскерилердің және т.б. кәсіби кодекстері бар.

Өзін-өзі ұстау әдебінің кодексі осы кәсіптің өзіндік ерекшелігі болып табылатын өзін-өзі ұстау өлшемдерін дәл анықтап, тиісті ұсыныс береді. Жалпы әдеп теориясына қарағанда кәсіби әдеп кодексінен нақты проблемалардың шешімін табуға болады, оның үстіне, онда кәсіби талаптар бар.