ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 15.03.2024
Просмотров: 25
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Қырғауылды ауылындағы қазақ орта мектебі» КММ
«Үздік педагог – 2023»
27 қаңтар 2023 жыл
Байқаудың мақсаты:
Шығармашылықпен жұмыс істейтін, талантты, ой-өрісі биік, парасатты, өзіндік жаңашыл идеясы бар, ғылымыи-әдістемелік шеберлігі қалыптасқан, педагогикалық мәдениеті жоғары, жан-жақты дамыған мұғалім мәртебесін көтеретін ерекше тұлғаны анықтау.
Байқаудың міндеттері:
-
Педагогтардың әлеуметтік, кәсіби беделді тұлғасын қалыптастыру, мадақтау және қолдау көрсету; -
Білім беру жүйесі педагогтарының шығармашылық әлуетін ашу; -
Мұалім кәсібінің мәртебесін көтеру; -
Мұғалімдерді өз кәсіби құзырлылықтарын жетілдіруге ынталандыру; -
Озық педагогикалық іс-тәжірибелерді насихаттау және тарату.
Байқауды өткізуді ұйымдастыру:
-
Байқау бекітілген Ережеге сәйкес өтеді; -
Байқауға әр пән бірлестігінен 2 мұғалімнен қатысады; -
Байқауға қатысушыларды қолдау және бағалы сыйлықтармен марапаттау пән бірлестігі мұғалімдеріне міндеттеледі.
Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар:
-
Байқауға қатысушының педагогикалық өтілі 5 жылдан жоғары мектеп ұстаздары қатысады.
Байқауды музыка пәнінің мұғалімдері Ахметова Нұржамал мен Тегимбаева Рауан «Он алты қыз» әнімен (сөзі өзгертілген) ашады. Байқауға қатысушы ұстаздар ән ырғағымен ортаға шығады.
1-жүргізуші:
Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың.
Армысыздар құрметті ұстаздар! «Үздік педагог-2023» байқауына қош келдіңіздер!
2-жүргізуші:
Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,
Сырлары мол әлі сыртқа шашпаған
Шаршаса да осы жолдың бойында,
Қандай жақсы шын бақытын тапса адам.
Бұл кеште бала бойына тәлім-тәрбиенің асыл қазынасын құйып, тәрбие мен білімнің алтын діңгегі, әулие мамандық иесі болып қана қоймай, қоғамның ұлттық айнасына да айналып үлгерген «үздік ұстаз» деген атқа лайық ұстаздарымыз сайысқа түскелі отыр.
1-жүргізуші:
Байқауға қатысушы ұстаздарымызбен таныс болыңыздар!
1.Керимкулова Ажар Каримжановна – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
2-жүргізуші:
2. Джумагулова Мадина Сагынгалиевна – география пәнінің мұғалімі
1-жүргізуші:
3. Есимбаева Салтанат Актаевна – орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
2-жүргізуші:
4. Кажыбаева Асель Озыкановна – ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
1-жүргізуші:
5. Қанағатова Анар Берекеновна – көркем еңбек пәнінің мұғалімі
2-жүргізуші:
6. Сагинбаева Камшат Таубаиевна – математика пәнінің мұғалімі
1-жүргізуші:
7. Бекназар Жанат Қуанбекқызы – бастауыш сынып мұғалімі. Ұстаздарымызға қошемет білдірейік!
2-жүргізуші:
Кез келген байқау - ол шығармашылық жұмыс. Байқау – шабыт пен әділеттілікті талап етері анық. Байқауға әділ баға беретін кәсіби білікті қазылар алқасымен танысайық!
1. Жаңатұрмыс ауылындағы орта мектеп директоры, бүгінгі кешіміздің құрметті қонағы Қасымова Нағима Төлеубайқызы
1-жүргізуші:
2. Мектебіміздің директоры Абдибаева Перизат Муратовна
2-жүргізуші:
3. Мектеп директорының әдістеме ісі жөніндегі орынбасары Қасым-Ашим Нұркүміс Алдабергеновна
1-жүргізуші:
Сайысқа қатысушы ұстаздарысызды қошеметпен сахына сыртына шығарып салайық.
2-жүргізуші:
Ұстаз – тумысынан өзіне айтылғанның бәрін жетік түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселерінің бәрін жадында сақтайтын, ештеңені ұмытпайтын, алғыр да зерек ақыл иесі, өте шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны таза және әділ, жұртқа жақсылық жасап, үлгі көрсететін, қорқу мен жасқануды білмейтін батыл, ержүрек болуы керек.
1-жүргізуші:
Байқаудың І кезеңі «Мамандығым мақтанышым».
Таныстырылым (слайд, өлең шумақтары, ән, бейнеролик, т.с.с).
Шарты: таныстырылым барысында қатысушының бітірген жоғарғы оқу орны, мамандығы, жұмыс істейтін проблемалық тақырыбы, өмірлік ұстанымы туралы ақпараттар қамтылуы тиіс (отбасы жағдайы, руы, т.с.с қажет емес). Уақыт регламенті 3-5 минут.
2-жүргізуші:
Жақсының ісін айтса нұры тасыр,
Танытар еңбегімен оны ғасыр.
Ұстаз болу ерекше бір ғанибет
Бір тұлғада білінер мың қасиет.
Өтті ме екен аз уақыт, әлде көп
Ортамызға Ажар апай енді кеп
Байсалды мінезінде байқалады
Тіл, әдебиет саласының майталманы
Алдарыңызда қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Керимкулова Ажар Каримжановна
Таныстырылым.
1-жүргізуші:
Көңіл күйін шәкірттің көре білген,
Бойындағы бар білімін бере білген
Ізгіліктің нұрларын төгіп тұрып,
Әр жүрекке гүл сезім еге білген.
Шәкіртке шуақ, жанына мейір төгетін
Ұшқыр ойлы, ұтымды жауап беретін
Еңбектенер ұстаздық жолда жалықпай
Біздің Мадина география нәрін себетін
Алдарыңызда география пәнінің мұғалімі
Джумагулова Мадина Сагынгалиевна
Таныстырылым.
2-жүргізуші:
Педагог – это призвание,
Состояние души,
Он ведет корабль знаний,
На котором малыши.
Они – юные матросы,
Поднимают жизни флаг,
Задавая лишь вопросы
Почему? что? где? И как?
Доброте детей научит,
И как друг всегда поймет,
Салтанат Актаевна своей заботой ключик
К сердцу детскому найдет.
Қошеметтеріңізбен, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Есимбаева Салтанат Актаевна
Таныстырылым.
1-жүргізуші:
Оқушысын баулыған сан өнерге
Көрсетіп жас ұрпаққа үлгі-өнеге
Ағылшынша сөйлесе шәкірттері
Білінер ұстазымның еңбектері
Әр баланы зерттеуде жеке дара
Атқарып жүр мектепте көп іс-шара
Асель апай жаңалықтың жаршысы
Дарынды ұстаз ұжымның арасында
Алдарыңызда ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Кажыбаева Асель Озыкановна
Таныстырылым.
2-жүргізуші:
Балаға мен — әрқашан сая жаймын.
Асылымды бойда бар аямаймын.
Өреннің де жыр болам жүрегінде,
Бағбандай гүлді күткен аялаймын
Ұстаз деген ұлы есімді таңдаған
Бар өмірін жеткіншекке арнаған
Күлімдеп қарсы алады Анар апай
Шәкірттерін мейіріммен баураған
Алдарыңызда көркем еңбек пәнінің мұғалімі
Қанағатова Анар Берекеновна
Таныстырылым.
1-жүргізуші:
Бар өмірін балаларға арнаған,
Ғұмырларын ғибратқа жалғаған.
Ұлағатқа тасып-толған кемері,
Ұстаздарымыз сахнаға келеді
Айтады олар әр жерде Камшат атын,
Бола біл тек жанына от жаға алатын.
Мұғалімнен өмірлі адам бар ма,
Бір өмірге мың өмір жалғанатын,
Алдарыңызда математика пәнінің мұғалімі
Сагинбаева Камшат Таубаиевна
Таныстырылым.
2-жүргізуші:
Кем көрмеген сізді асыл анадан
Сізге ұқсап қиялдаған сан арман
Бастауыштың ұстазына мың алғыс
Балалардың бақыты үшін жаралған
Жібек мінез, салмақты, озық ойлы
Шәкіртіне сіңірген терең ойды
Жанат апай білікті ұстаз білсеңіз
Қызықты өтер сабақтарын көрсеңіз
Алдарыңызда бастауыш сынып мұғалімі
Бекназар Жанат Қуанбекқызы
Таныстырылым.
1-жүргізуші:
Әліл қазылар алқасы, ұстаздарымызды бағалайық!
1.Керимкулова Ажар Каримжановна – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
2-жүргізуші:
2. Джумагулова Мадина Сагынгалиевна – география пәнінің мұғалімі
1-жүргізуші:
3. Есимбаева Салтанат Актаевна – орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
2-жүргізуші:
4. Кажыбаева Асель Озыкановна – ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
1-жүргізуші:
5. Қанағатова Анар Берекеновна – көркем еңбек пәнінің мұғалімі
2-жүргізуші:
6. Сагинбаева Камшат Таубаиевна – математика пәнінің мұғалімі
1-жүргізуші:
7. Бекназар Жанат Қуанбекқызы – бастауыш сынып мұғалімі. Ұстаздарымызға қошемет білдірейік!
2-жүргізуші:
Шәкірт үшін мұғалім – олардың еліктейтін, үлгі ететін абыройлы жаны, ұқсайтын тұлғасы. Олар ұстазының бүкіл іс-қимылына, жүріс-тұрысына, сөйлеу мәнеріне, адаммен қарым-қатынасына еліктейді. Сондықтан да, жауапкершілігі мол, адал да мейірімді, әділ де парасатты, рухани дүниесі бай педагогтар ғана балаға білім мен тәрбие беріп, оның жан дүниесіне әсер ете алады.
1-жүргізуші:
ІІ кезең: «Сабағым – кәсіби тұжырымымның айнасы»
Шарты: сабақтың белгілі бір кезеңіндегі өзі қолданытын бір әдіс-тәсілдің тиімділігін айқындау. Сабақ барысындағы сол әдіс-тәсілді қолдану көрінісі (бейнеролик). Уақыт регламенті 3-5 минут.
Ұстаздар кезекпен әдіс-тәсілдерін түсіндіреді
2-жүргізуші:
Әліл қазылар алқасы, ұстаздарымызды бағалайық!
1-жүргізуші:
Мұғалім мен ұстазда бар айырма
Ұстаз деген жақсы әндегі қайырма
Мұғалім, ол – бар болғаны мамандық
Жеткенінше жеті өнерлі шайырға.
Ұстаз деген ұлағаттың шайыры
Қадірінің тиетұғын қайыры
Ұстаз деген – шуағы мол шапағат
Шаршамайтын, шалдықпайтын тәйірі.
2-жүргізуші:
ІІІ кезең: «Білікті ұстаз»
Шарты: Сайысқа қатысушыларға бір мезгілде бірдей педагогика дәне психологиядан барлығы 10 сұрақ ішінде тек біреуі дұрыс 5 жауапты тест тапсырмалары беріледі. Тапсырманы орындау уақыты 5 минут.
Ұстаздар тест тапсырмаларын орындайды.
1-жүргізуші:
Ән керек+**********************
2-жүргізуші:
Әліл қазылар алқасы, ұстаздарымызды бағалайық!
1-жүргізуші:
Тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі – мұғалім. Ұстаз һәм мұғалім туралы олардың алдынан өткен тұғырлы тұлғалардың түйдекті ой қалдырғандары көп. Соның ішінде тіл ғылымың атасы, атақты ұстаз Ахмет Байтұрсынов: «Мектептің жаны – мұғалім.
2-жүргізуші:
Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім» деген екен.
1-жүргізуші:
ІҮ кезең: «Өнерлі ұстаз»
Шарты: жеке өз өнерін көрсету. (үйден жасап әкелінген дайын тамақ өнімдерінен басқа)
Ұстаздар өз өнерлерін көрсетеді.
2-жүргізуші:
Әліл қазылар алқасы, ұстаздарымызды бағалайық!
1-жүргізуші:
Жалғанады мың өмір мұғалімге.
Ақиқатты жалтармай ұғамын де.
Жақсы шәкірт — теңдессіз үлкен сыйлық,
Шапалақ соқ, қол ұсын мұғалімге,
Бүгінгі сайыста сынға түскен ұстаздарымызға қол соғып, құрмет көрсетейік!
Әділ қазылар алқасы өз шешімдерін шығарғанша мектебіміздің музыка пәнінің мұғалімі Нұржамалдың орындауында «Ұстаз» әнін қабыл алыңыздар.
2-жүргізуші:
Ұстаз деген – ұстаз болып туғандар,
Ұлылықты ұлықтаған имандар
Ұрпағының ертеңіне жол ашып
Өмірінің әр шақтарын қиғандар
1-жүргізуші:
Қимағандар – ұстаз емес, мұғалім
Мұғалім боп, ұстаз болмау күнә мын.
Қара тақта, ақ бор ғана қолданып,
Ұстатты ұстаз дүниенің құлағын.
2-жүргізуші:
Жақсы ұстаздың шын мәңгілік пайдасы,
Өзіне обал арзан дәріс айласы
Ұстаз болу бақыт, әрі абырой,
Ұатаз деген – шәкірттердің айнасы
1-жүргізуші:
«Үздік педагог – 2023» байқауының қорытындысын жариялау үшін сөз кезегі әділ қазылар алқасына беріледі.
2-жүргізуші:
Игі ниет арнасы тола берсін, ұстазым!
Жүрегіңіз елім деп соға берсін, ұстазым!
Жадыңызда жақсылық қала берсін, ұстазым!
Ұрпағыңыз ұлылық ала келсін, ұстазым!
Әр уақытта денсаулық бола берсін, ұстазымІ
Басыңызға бақ құсы қона берсін, ұстазым!
Педагог-сарапшы
Камшат Таубаевна
Сагинбаева