Файл: азастан Республикасыны Оуаарту министрлігі орта мектебі.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 15.03.2024

Просмотров: 14

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

«------------------------- орта мектебі» КММ
Қысқа мерзімді жоспар

      Әдебиеттік оқу 69-сабақ

Бөлім:

Қоршаған ортаны қорғау

Мұғалімнің аты-жөні




Күні:




Сынып: 4

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Құстар әні

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

4.2.2.1 шығарманы қайта құруға, интерпретациялауға және бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру

Сабақтың мақсаты

  • шығарманы бағалауға негізделген сұрақтар қояды және жауап береді.

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру,

өзін –

өзі тексеру

8 мин

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру «Гүлмен тілек» әдісімен өтеді.

Топқа бөлу «Таңдау» әдісімен жүреді.

- Сыйға алған гүлдің түріне қарай топқа бірігіп отырыңдар.

Өткен тақырыпқа шолу:

-Үй тапсырмасын сұрау.

-Бір-біріңе өткен тақырыпқа байланысты сұрақтар қойып, жауап алыңдар.

Жаңа оқу материалын жариялау «Ой қозғау» әдісі:

-Н.Тілендиевтің «Құстар әнін» тыңдайық.

-Ойларыңа не түсті?

-Құстардың үнін еске түсіріп, ненің даусы екенін анықтаңдар.

- Олай болса, бүгінгі сабақта құстар туралы оқып, тапсырмалар орындайтын боламыз.

Шеңберде тұрып бір-біріне тілек айтады, гүл сыйлайды.

Топқа бірігеді.

Сұрақтар қояды, сұрақтарға жауап береді.



«Ауызша мадақтау» әдісі:

Жарайсың!

Тамаша!

Жақсы!


гүл

суреттері



Жаңа білім

15 мин

2 мин
Бекіту

15 мин


(Т) 1- тапсырма «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісімен орындалады.

А) Мәтінмен жұмыс.

-Мәтінді түсініп, тізбектей оқыңдар.

-Әңгімедегі құстардың ерекшелігін атаңдар.

-Өз жерімізде қыстап қалатын құстарға қандай көмек керек?

Саралаудың «Дереккөз» тәсілі жүзеге асады.

Кейбір оқушыға:

- Құстар туралы басқа не айта аласың?
Сергіту сәті – құстар үні.
(Д, Т) 2-тапсырмада «Ашық микрофон» әдісі, дәптермен жұмыс жүзеге асырылады.

А) Құрастыру.

-Құрмалас сөйлемді үлгі бойынша аяқтаңдар.

Құстар топтасып, қиқулап ұшып, туан жерге келіп жатыр.

Ә) Сұрақ-жауап.

-Бір-біріңе құстар туралы сұрақтар қойып, жауап алыңдар.

-Шығарманы бағалауға негізделген сұрақтар қойыңдар, қойылған сұраққа жауап беріңдер. Б) Қорытынды.

-Әкесінің әңгімесінен бала қандай ой түйді?

- Тапсырма орындайды.

Құстар үнін тыңдап сергиді.

-Тапсырманы орындап, өз пікірлерін білдіреді.

Дескриптор:

- Мәтінді оқып, сұраққа жауап береді-2балл.

Дескриптор:

- Құрмалас сөйлемді үлгі бойынша аяқтайды-2балл.

Шығарманы бағалауға негізделген сұрақтар қойыңдар, қойылған сұраққа жауап береді-2балл.

Әкесінің әңгімесінен бала қандай ой түйгені туралы әңгімелейді-1балл.

«Әде-

биеттік оқу» оқулығы

4 сынып

2-бөлім 2019ж
аудиожазба



Қорытын-ды

5 мин

Кері байланысты «Үш қадамдық сұқбат» әдісі арқылы береді.

Мұғалім оқушылар жауабын талдап, өз қалыптастырушы бағасын қояды.

Оқу тапсырмасы: мәтінді мазмұндау, құстардың атынан хат жазу.

Сабақтан түйген ой-пікірін айтады.

ҚБ қойылады.

А29алия






Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

«------------------------- орта мектебі» КММ

Қысқа мерзімді жоспар

      Әдебиеттік оқу 70-сабақ

Бөлім:

Қоршаған ортаны қорғау

Мұғалімнің аты-жөні




Күні:




Сынып: 4

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Сақтан, қорға, көмектес

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

4.2.3.1 шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтау, автордың ойын мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдеу

Сабақтың мақсаты

  • шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтайды;

  • автордың ойын мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдейді.

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру,

өзін –

өзі тексеру

10 мин

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру ширату жаттығуларымен өтеді.

Өткен тақырыпқа шолу:

-Үй тапсырмасын сұрау.

-Бір-біріңе өткен тақырыпқа байланысты сұрақтар қойып, жауап алыңдар.

Топқа бөлу «Пазл» әдісімен жүреді.

-Сурет бөліктерінің бірін таңдап, нөмірі бойынша топқа бірігіп отырыңдар.

Жаңа оқу материалын жариялау «Миға шабуыл» әдісі:

- Топқа бөлінгенде алған бөліктерден суретті құрастырыңдар. Ненің суреті пайда болды?

-Қандай құстарды атай аласыңдар?

-Құстарға қандай қамқорлық керек?

-Қандай құстар сирек кездеседі? Олар неге сирек кездеседі?

-Суреттегі заттардың қызыл түстерінің ортақ мағынасы болуы мүмкін бе?

-Халық ұғымында қызыл түстер нені білдіреді?

-Жойылып бара жатқан құстарды қайдан біле аламыз?

-Қызыл кітапқа енген құстарды атаңдар.

-Ендеше бүгінгі сабақта жануарларды сақтау, қорғау, көмектесу туралы шығарма оқып, тапсырмалар орындаймыз.

Жаттығу жасайды.
Топқа бірігеді.

Сұрақтарға жауап береді.


«Ауызша мадақтау» әдісі:

Жарайсың!

Тамаша!

Жақсы!


Пазл бөліктеріне бөлінген табиғаттағы құстар суреттері



Жаңа білім

15 мин

Бекіту

15 мин


(Ұ, Д) 1- тапсырма «Еркін әңгіме» әдісі:

А) Білгенге маржан.

Мәтінді оқып, әңгімелеңдер.

Ә) Сөздік жұмысы.



Б) Мәтінмен жұмыс.

Өлеңді мәнерлеп, тізбектей оқыңдар.

Саралаудың «Дереккөз» тәсілі жүзеге асады.

Кейбір оқушыға:

-Қызыл кітап жайлы оқып, әңгімелеп бер.
(Т) 2-тапсырмада «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісімен орындалады.

А) Сұрақ-жауап.

-Өлеңдегі негізгі ойды түсіндіріңдер.

-Автордың ойын мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдеңдер.

-Өлеңдегі қай сөздер аяныш тудырады?

-Хайуанатқа қиянат кімдердің қолымен жасалады?

Ә) Дәлелдеу.

-Ақын біздің жеріміздегі мәселені ғана жырлаған ба?

-Бұл тұжырым нені білдіреді?



Б) Топтық жұмыс.

-«Жер –мекенімізді сақтайық!» тақырыбында постер жасаңдар.


- Тапсырма орындайды.

-Тапсырманы орындап, өз пікірлерін білдіреді.

Дескриптор:

- Қызыл крест, қызыл жарты ай ха қозғалысы туралы оқып, әңгімелейді-1балл.

Сөздікті жазып-жаттайды-1балл.

Өлеңді мәнерлеп, тізбектей оқиды-1балл.
Өлеңдегі негізгі ойды түсіндіреді-1балл.

-Автордың ойын мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдейді- 1балл.

- Хайуанатқа қиянат кімдердің қолымен жасалатынын анықтайды-1балл.

Тұжырымдардың мағынасын анықтайды-1балл.

Постер жасайды-3балл.

«Әде-

биеттік оқу» оқулығы

4 сынып 2019ж


Қорытын-ды

5 мин

Кері байланысты «Үш қадамдық сұқбат» әдісі арқылы береді.

Мұғалім оқушылар жауабын талдап, өз қалыптастырушы бағасын қояды.

Оқу тапсырмасы: өлеңнің шумағын жаттау, «Қызыл кітапқа» кірген еліміздегі жануарлар туралы хабарлама жазу.

Сабақтан түйген ой-пікірін айтады.

ҚБ қойылады.






Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

«------------------------- орта мектебі» КММ

Қысқа мерзімді жоспар

      Әдебиеттік оқу 71-сабақ

Бөлім:

Табиғат құбылыстары

Мұғалімнің аты-жөні




Күні:




Сынып: 4

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Құмы да қымбат туған жер

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

4.2.3.1 шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтау, автордың ойын мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдеу

Сабақтың мақсаты

  • шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтайды;

  • автордың ойын мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдейді.

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру,

өзін –

өзі тексеру

10 мин

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру ширату жаттығуларымен өтеді.

Өткен тақырыпқа шолу:

-Үй тапсырмасын сұрау.

-Бір-біріңе өткен тақырыпқа байланысты сұрақтар қойып, жауап алыңдар.

Топқа бөлу «Таңдау» әдісімен жүреді.

-Құмы да қымбат туған жер сөздерінің бірін таңдап, топқа бірігіп отырыңдар.

Жаңа оқу материалын жариялау «Миға шабуыл» әдісі:

- Топқа бөлінгенде берілген сөздердің бір-бірімен байланыстырып, тақырыпты анықтаңдар. (Құмы да қымбат туған жер)

-Өздеріңнің туып –өскен жерлеріңді несімен мақтан етесіңдер?

-Ендеше бүгінгі сабақта туған жер туралы шығарма оқып, өз ойымызды білдіреміз, тапсырмалар орындаймыз.

Жаттығу жасайды.
Топқа бірігеді.

Сұрақтарға жауап береді.


«Ауызша мадақтау» әдісі:

Жарайсың!

Тамаша!

Жақсы!


Құмы да қымбат, туған жер сөздері



Жаңа білім

15 мин

Бекіту

15 мин


(Ұ, Д) 1- тапсырма «Еркін әңгіме» әдісі:

А) Кестемен жұмыс.

-Құмды жер туралы естіген, білгенің бойынша кестені толтырыңдар.

Ә) Автор туралы мәлімет.

Автор туралы оқып, әңгімелеңдер.

-Оралхан Бөкейдің қандай шығармаларын білесіңдер?

Ә) Сөздік жұмысы.



Б) Мәтінмен жұмыс.

Мәтінді түсініп, дауыстап, тізбектей оқыңдар.

Саралаудың «Дереккөз» тәсілі жүзеге асады.

Кейбір оқушыға:

-Құмды жер туралы тағы қандай оқиғалар айта аласың?
(Т) 2-тапсырмада «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісімен орындалады.

А) Сұрақ-жауап.

-Қойшы Бархан құм даланың қандай өзгерістерін көрді?

-Жазушы сексеуілдің орнын қалай сипаттаған?

-Мәтіннен қазақ халқының туған жерге деген сүйіспеншілігін тауып оқыңдар.

-Мәтіндегі негізгі ойды мәтелді пайдаланып түсіндіріңдер.

Бөтен жердің гүлінен,

Туған жердің тікені артық.

-Қалай ойлайсыңдар, құм ән айта ма?

-Құмның Барханға ренішін оның сөзінен іздеңдер.

Ә) Пікір білдіру.

1) Бархан құмға ренжіп көшіп кеткісі келеді.

2) Бархан құмның аянышты хәлін түсінеді, бірақ шарасыз.


- Тапсырма орындайды.

-Тапсырманы орындап, өз пікірлерін білдіреді.

Дескриптор:

- Құмды жер туралы кестені толтырады-1балл.

- Автор туралы әңгімелейді-1балл.

-Сөздікті жазып, жаттайды-1балл.

Мәтінді дауыстап, тізбектей оқиды-1балл.


Қойшы Бархан көрген құм даланың өзгерістерін атайды-1балл.

- Жазушы сексеуілдің орнын қалай сипаттағанын анықтайды- 1балл.

- Мәтіннен қазақ халқының туған жерге деген сүйіспеншілігін тауып оқиды-1балл.

Мәтіндегі негізгі ойды мәтелді пайдаланып түсіндіреді-1балл.

Құмның Барханға ренішін тауып оқиды-1балл.

- Барханның ойы туралы пікір білдіреді-1балл.

«Әде-

биеттік оқу» оқулығы

4 сынып 2019ж







Қорытын-ды

5 мин

Кері байланысты «Үш қадамдық сұқбат» әдісі арқылы береді.

Мұғалім оқушылар жауабын талдап, өз қалыптастырушы бағасын қояды.

Оқу тапсырмасы: мәтінді мазмұндау, хат жазу.

Сабақтан түйген ой-пікірін айтады.

ҚБ қойылады.