Файл: Саба Механикалы жмыс Мектеп Березовка орта мектебі кмм.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 15.03.2024
Просмотров: 11
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сабақ жоспары
Сабақ: Механикалық жұмыс |
| ||||||||||||||||||||||||||
| |||||||||||||||||||||||||||
7 сынып |
|
| |||||||||||||||||||||||||
Оқыту мақсаты; Осы сабақтың сол мақсатқа қол жеткізуде тигізетін үлесі | 7.2.3.1. Механикалық жұмыстын физикалық мағынасын түсіну 7. 2.3.3. A=F·s формуласы бойынша механикалық жұмысты есептеу | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Жаңа сабақтағы негізгі білімдер: Механикалық жұмыстың анықтамасы Механикалық жұмыс атқарылуы үшін қажетті шарттар Механикалық жұмыстың формуласы Жұмыс бірліктері Механикалық жұмыстың мысалдары A=F·s формуласын қолданып механикалық жұмысқа есептер шығару | ||||||||||||||||||||||||||
Тілдік міндеттер Пәндік лексика және терминология Орындалған жұмыс, механикалық жұмыс, күш, уақыт, механикалық қуат, жұмыстың орындалу шапшаңдығы,МВт,кДж. Диалогқа/жазуға қажетті сөз тіркестері Механикалық жұмыс орындалу үшін мына екі шарт орындалу қажет…. Қуаттың өлшем бірлігі…. «механикалық жұмыс» … деп «күш»дегеніміз...; «жол» дегеніміз …;
| |||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы білім | Қысым. Гидростатикалық қысым. Паскаль заңы. Архимед күші. Денелердің жүзу шарттары | ||||||||||||||||||||||||||
Жоспар | |||||||||||||||||||||||||||
Уақытты жоспарлау | Жоспар бойынша орындалуы тиіс тапсырмалар | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||||
0-2 мин | Амандасу, балаларды түгендеу,сабақтың мақсатымен таныстыру | | |||||||||||||||||||||||||
3-25 мин | Жаңа сабақты меңгерту Жаңа сабақты меңгерту үшін орындалатын шаралар: Презентация бойынша мұғалімнің түсіндіруі; алдымен проблемалық сұрақ қою: күнделікті өмірдегі «жұмыс» және физикадағы «механикалық жұмыс» терминдерінің арасында қандай айырмашылық бар? Осы айырмашылықтарды өз сөздеріңмен жеткізіңдер. Ғаламтор ресурстарымен жұмыс – Қазақстанның білім сайттарындағы материалдар мен бейне көрсетілімдерді пайдалану (http://Bilimland.kz) Оқушыларды топтарға бөлу 1 топ сұрақтарға жауап береді өз мысалдарын келтіреді 2 топ тақтада есеп шығарады Оқушылардың материалды меңгергендігін тексеруге арналған сұрақтар:
| Презентация http://Bilimland.kz http://interneturok.ru/physics/7-klass/rabota-moshnost-energija/mehanicheskaya-rabota-moschnost-zotov-a-e 7 сыныпқа арналған физика оқулығы және есептер жинағы | |||||||||||||||||||||||||
26-35 мин | Сыныпта механикалық жұмыс тақырыбына есептер шығару, тапсырмалар орындау - формативтік бағалау | Қосымшалар -1-2-3 | |||||||||||||||||||||||||
35-40 мин | Бағалау және рефлексия жүргізу:
Қорытындылау: Оқушылар сабақты өздері қорытындылайды, өз ойларын ортаға салады, ең соңында мұғалім қорытындылайды Үйге тапсырма беру: §53, 21 жаттығу | 7 сыныпқа арналған физика оқулығы | |||||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||||||||||||||||
Бөліп оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін сіз не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай күрделі тапсырма бересіз? | Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ Құндылықтар Денсаулық: партада дұрыс отырып, көзді дұрыс қашықтықта орналастыруын қадағалау, көз жаттығуларын орындату -3 және 7 сабақтарда. Жауапкершілік: жеке, топта, жұпта жұмыс жасау кезінде өз ісіне, сабаққа дайындығына жауапкершілікке баулу | |||||||||||||||||||||||||
Төмендегі қосымшада әр түрлі қиындықта келтірілген тапсырмаларды ұсынамын | Алдын ала дайындалған тапсырмалар мен сұрақтарды, бағалау критерийлері мен бағалау парақтарын пайдалану арқылы; оқушыларды өзін өзі бағалау және өзара бағалауы арқылы тексеремін және бағалаймын | АКТ – оқушылар жоғарыда келтірілген сілтемелер бойынша сайттармен жұмыс жасай алады | |||||||||||||||||||||||||
Ой толғау Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары шынайы болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? | Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты деген сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз. | ||||||||||||||||||||||||||
Оқыту мақсаттары бағдарлама мен оқу жоспарына сай; оқушылар бүгінгі сабақта күнделікті өмірдегі «жұмыс» және «механикалық жұмыс» терминдерінің арасында қандай айырмашылық бар екенін, механикалық жұмысқа анықтама беруді, жұмыс жасалуы үшін қажеті шарттарды, жұмыстың ХБЖ-дег өлшем бірліктерін ажыратуды және түрлендіруді; механикалық жұмыстың формуласын қолданып есеп шығаруды үйренді. Осының барлығы олар өздерінінің әрекетіне рефлексия жасауда, өздерін, бірін бірі бағалау кезінде және сабақты қорытырндылауда көрініс тапты. Мен өз уақытымды біршама ұтымды пайдаландым, себебі, сабақта оқушылар меңгеруге тиісті мәселелердің барлығы қарастырылды, жоспарлаған шаралар жүзеге асты, тапсырмаларды орындауға, рефлексия мен бағалауға уақыт жетті. Дегенмен, үйге тапсырма беруге уақыт тығыз болып қалды, сол себепті, үй тапсырмасы еш комментарийсыз берілді | |||||||||||||||||||||||||||
Қорытынды Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты) 1: http://Bilimland.kz –Қазақстан сайтындағы материалдарды пайдалану уақытты үнемдеуге көмектесті 2: Оқушыларға алдымен проблемалық сұрақтар қою арқылы өздерінің ойларын тыңдай оытырып, жаңа тақырыпты өздері меңгеруге жағдай туғызу Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)? 1: оқушылардың математика пәнінен олқылықтары болмағанда есеп шығаруға көбірек уақыт бөлінуші еді 2: Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім? 1: Осының алдында сабаққа дайындықсыз келіп жүрген «Ә» деген оқушының сабаққа дайындығы, сабақтағы белсенділігінің артқаны байқалды; кейбір оқушылар әлі күнге ХБЖ-дегі негізгі бірліктерді шатастыратынын, кейбір оқушыларда математикалық амалдарды орындауда қателесулер кездесетінін байқадым 2: келесі сабақтарда оқушылардың кейбіреулерінен жоғарыда бақылаған/байқаған жағдайлар бойынша жұмыстар жүргізуім қажет болады |
Формативті бағалау тапсырмалары
|
Қосымша -2
Жұмыс және қуат тақырыбына арналған өз бетімен орыдауға арналған тапсырмалар.
Оқушыға нұсқаулық: Есепті шығармас бұрын есептің шартын жақсылап оқып шығыңыз. Егер сіз білмейтін сұрақ кездессе, міндетті түрде оқулықтағы параграфты оқып, сол сұрақтың жауабын тауып алыңыз. Оқулықтағы барлық анықтамалар мен ережелерді мұқият назар салып оқыңыз.
№1. Массасы 400 г қаршығаны ауа тасқыны 70 м биікке көтереді. Құсты көтергендегі ауырлық күшінің жұмысын есептеңдер.
№2. Автокран массасы 1,5 т жүкті көтеріп, 22, 5 кДж жұмыс атқарды. Сонда жүк неше метрге жоғары көтерілді?
№3. Массасы 10,5 т көмір артқан қауға-ыдыс шахтыдан бір қалыпты көтерілгенде 6200 кДж жұмыс істелінеді. Шахтаның тереңдігі қандай?
№4. Спортшы массасы 200 кг штанганы 4 с-те 2 м-ге көтерді. Сонда оның қуаты қандай?
№5. 1 сағатта 18000 кДж жұмыс өндірген двигательдің қуатын анықтаңдар.
№6. Қуаты 3МВт тепловоз 150 кН күшпен вагондарды тартып келе жатыр. Тепловоз вагондарымен 48 км жолды бір қалыпты жүріп өту үшін қанша уақыт керек?
№7. Жүк көтеруші машинаның қуаты 4кВт. Ол қандай жүкті 15 м биіктікке 2 минут ішінде көтере алады?
№8-Тест. Қуат дегеніміз не?
А. Күш пен жол көбейтіндісі
В. Бетке перпендикуляр әсер ететін осы беттің ауданына қатынасы
С. Жұмыстың уақытқа қатынасы
Д. Күш пен уақыттың көбейтіндісі.
№9.-Тест. Жұмыстың орындалу тездігін/шапаңдығын сипаттайтын шама
А. Қуат
В. Күш
С. Энергия
Д. Жылдамдық
№10.Қуаты 30 Вт желдеткіш 10 минутта қанша жұмыс жасайды?
А. 1,8 кДж
В. 18 кДж
С. 180 кДж
Д. 3 Дж
№11.-Тест. Жұмысты қандай формуламен анықтайды?
А. Fs
В. Nv
С. Fv
D.F/s
Тест. 1 нұсқа
1.0,2 кН күштің әсерінен дене 10м – ге орын ауыстырғандағы атқарылған жұмыс
А) 2000 Дж В) 20000 Дж С) 200 Дж D) 2 МДж Е) 20 МДж
2.Жұмыс атқарылмайтын жағдай
А) шар жер бетімен домалап бара жатыр. В) кірпіш жерде жатыр. С) жүк машинасы жүкті көтергенде. D) балғаның денеге құлауы. Е) шаналарт аудан сырғанағанда.
3.Мотоциклші жүріпкележатқанда 60 Н кедергікүшінеиеболады. Мотоциклш і50 м орын ауыстырғанда кедергі күшінің атқарған жұмысы
А) 3000 Дж В) 1,2 Дж С) 100 Дж D) 110 Дж Е) 300 Дж
4.Дене шамасы 40 Н күш әсерінен вертикаль жоғары 2 м қашықтыққа орын ауыстырды. Күштің атқаратын жұмысы
А) 120 Дж В) 80 Дж С) 40 Дж D) 0 Е) 60 Дж
5.Денеге әсер ететін тең әрекетті 50 H күш горизонталь бағытталған. Дене 20м/с жылдамдықпен жүрсе, 10с ішінде күштің атқарған жұмысы
А) -1250 Дж, В) 1250 Дж С) 0 D) 3000 Дж Е) 1000 Дж
Тест. 2 нұсқа
1.Двигателінің куаты 8 кВт-қа тең көтергіш кран жүкті тұрақты 6 м/мин жылдамдықпен көтереді. Жүктің массасы (g = 10 м/с2)
А) 5 т В) 4,8 т С) 0,8 т D) 8 т Е) 6 т
2.Тегістеп өңдейтін станок тасының жұмыстық бетінің жылдамдығы 30м/с өңделетін деталді тасқа 100 Н күшпен қысады, үйкеліс коэффиценті 0,2. Станок двигателінің механикалық қуаты
А) 600 кВт В) 0,6 кВт С) 6 кВт D) 60 кВт Е) 60 Вт
3.Адам бір жұмысты бірінші рет 15 минутта, екінші рет 45 минуттао рындады. Өндіретін қуаттарын салыстырыңыз
А) N1=N2 В) N1=2N2 С) N1=0,5N2 D) N1=3N2 Е) N1=0,3N2
4.Қуаттың өлшембірлігі
А) Дж В) Вт С) Н D) Дж∙с Е) Н∙с
5.Салмағы 600Н адам вертикаль баспалдақпен 3 м-ге 2 с- та көтерілді. Адамның көтерілу кезеңіндегі қуаты
А) 36 кВт В) 9 кВт С) 900 Вт D) 90 Вт Е) 360 Вт
6.Куаты 3 кВт-қа тең қозғалтқыш 5 с ішіндегі атқарған жұмысы
А) 15 Дж В) 15 кДж С) 600 Дж D) 0,6 Дж Е) 60 Дж
7.Массасы 1,5 т автомобильдің жылдамдығы 36 км/сағ. Оның қозғалтқышының 10 с ішінде істеген жұмысы мен қуаты
А) 1,5*106 Дж; 1,5*105 Вт. В) 1,5*106 Дж; 740 кВт С) 1,5*106 Дж; 1500 Вт D) 7,5*106 Дж; 8,5*105 Вт. Е) 2,5*106 Дж; 4,5*105 Вт.
Қосымша -3
Бөлім/тақырып | Бөлім 7.3 С: Жұмыс және қуат | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқу мақсаты | 7.2.3.1.механикалық жұмыстын физикалық мағынасын түсіну; 7. 2.3.2. қуаттың физикалық мағынасын түсіну; 7. 2.3.3. A=FS формуласы бойынша механикалық жұмысты есептеу | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Ойлау дағдыларының деңгейі | Білу және түсіну/қолдану/анализ, синтез/бағалау/математикалық сауаттылық | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушы жұмыстың физикалық мағынасын түсінетіндігін көрсетеді; қуаттың физикалық мағынасын түсінетіндігін көрсетеді; жұмыстың және қуаттың формулаларын қарапайым есептерді шығаруда қолданады | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Тапсырма:
А) шар жер бетімен домалап бара жатыр; В) кірпіш жерде жатыр; С) кран жүкті көтеріп барады; D) балғаның денеге құлады; Е) шаналар таудан сырғанап барады Төменде келтірілген кестені толтырыңыздар
| |||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Дескриптор | Балл | |||||||||||||||||||||||||||||||
Оқушы кестенің әр жолын дұрыс толтырады | кестенің әр жолын дұрыс толтырды | 5 | |||||||||||||||||||||||||||||||
Оқушы жұмыстың/қуаттың анықтамаларын біледі | Жұмыс пен қуаттың анықтамаларын дұрыс жазды | 2 | |||||||||||||||||||||||||||||||
Оқушы жұмыстың физикалық мағынасын түсінетіндігін көрсетеді | Оқушы физикалық терминдермен жеткізіп түсіндірді | 1 | |||||||||||||||||||||||||||||||
Оқушы қуаттың физикалық мағынасын түсінетіндігін көрсетеді | Оқушы әр жағдайды дұрыс түсіндірді | 1 | |||||||||||||||||||||||||||||||
Оқушы жұмыстың және қуаттың формулаларын қарапайым есептерді шығаруда қолданады | Сұрақтарға дұрыс жауап берді/есептерді дұрыс шығарды | 4 |
Бөлім/тақырып | Бөлім 7.3 С: Жұмыс және қуат | ||
Оқу мақсаты | 7.2.3.1.механикалық жұмыстын физикалық мағынасын түсіну; 7. 2.3.2. қуаттың физикалық мағынасын түсіну; 7. 2.3.3. A=FS, N=A/t, N=Fυ формулалары бойынша механикалық жұмыс пен қуатты есептеу | ||
Ойлау дағдыларының деңгейі | Білу және түсіну/қолдану/анализ, синтез/бағалау/математикалық сауаттылық | ||
Бағалау критерийлері | Оқушы жұмыстың/қуаттың физикалық мағынасын біледі және түсінеді; қуаттың/жұмыстың формулаларын әр түрлі есептерді шығаруда қолданады | ||
Тапсырма: №1. Массасы 400 г қаршығаны ауа тасқыны 70 м биікке көтереді. Құсты көтергендегі ауырлық күшінің жұмысын есептеңдер №2. Автокран массасы 1,5 т жүкті көтеріп, 22, 5 кДж жұмыс атқарды. Сонда жүк неше метрге жоғары көтерілді? №3. Массасы 10,5 т көмір артқан қауға-ыдыс шахтыдан бір қалыпты көтерілгенде 6200 кДж жұмыс істелінеді. Шахтаның тереңдігі қандай? №4. Спортшы массасы 200 кг штанганы 4 с-те 2 м-ге көтерді. Сонда оның қуаты қандай? №5. 1 сағатта 18000 кДж жұмыс өндірген двигательдің қуатын анықтаңдар. №6. Қуаты 3МВт тепловоз 150 кН күшпен құрамды тартып келе жатыр. Осы құраммен 48 км жолды бір қалыпты жүріп өту үшін қанша уақыт керек? №7. Жүк көтеруші машинаның қуаты 4кВт. Ол қандай жүкті 15 м биіктікке 2 минут ішінде көтере алады? | |||
Бағалау критерийлері | Дескриптор | Балл | |
Оқушы жұмыстың/қуаттың физикалық мағынасын біледі және түсінеді; | Жұмыстың жалпы формуласын біледі | 1 | |
Ауырлық күші жұмысының формуласын білді және қолданды | 1 | ||
Қуаттың формуласын есеп шығаруда дұрыс қолданды | 1 | ||
қуаттың/жұмыстың формулаларын әр түрлі есептерді шығаруда қолданады | Жұмыстың/қуаттың формуласын әр жағдай үшін дұрыс қолданды/ | 1 | |
Барлық есептеулерді дұрыс орындады | 7 |