Файл: Солтстік азастан облысы Айыртау ауданы ЕгіндіАаш орталау мектебі кмм таырыбы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 15.03.2024

Просмотров: 19

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Солтүстік Қазақстан облысы

Айыртау ауданы

«Егінді-Ағаш орталау мектебі» КММ



Тақырыбы: «Тәуелсіз елдің ұрпақтары»

Өткізген: Кожабеков М.Д.

7/8 сынып жетекшісі

2015-2016 оқу жылы

Интеллектуалдық сайыс
Тақырыбы: «Тәуелсіз елдің ұрпақтары»

Сыныбы: 7/8

Күні: 15.12.2015 ж.

Мақсаты:

  • Еліміздің Тәуелсіздігінің 24 жылдығына орай еліміздің тарихы, рәміздері, салт-дәстүрлері туралы мағлұмат беру;

  • Оқушыларға зияткерлік сұрақтар қою арқылы ой-санасын дамыту, білімдерін нығайтып, танымдық қабілеттерін арттыру, өз ойларын еркін жеткізе білуге үйрету;

  • Оқушылардың бойында ұлтжандылық, адамгершілік, тәртіптілік, тапқырлық қасиеттерін қалыптастыру.

Көрнекілігі: карта, қанатты сөздер, иллюстрациялық материалдар, слайд-шоу.

Барысы:

Жоспар:

  • Сәлемдесу.

  • Бәйге.(сұрақтарға кім бірінші жауап береді, соған ұпай)

  • «Тіл шебері»

  • Көкпар. (саны бар ұяшықтарды таңдап, жауап беріп, тиісті баллын алады)

  • Терминдер.

  • Логикалық сұрақтар.(көрермендер)

  • Жорға.(капитандар сайысады)

  • «Туған жер – тұнған шежіре» (Облыстар)

  • Көрермендерге сұрақ.

  • «Егер де мен . . . болсам»


Мұғалім сөзі: Құрметті сайысқа қатысушылар, ұстаздар мен көрермендер! Еліміздің Тәуелсіздігінің 24 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған «Тәуелсіз елдің ұрпақтары» атты интеллектуалдық сайысымызды ашық деп жариялаймыз.

Сайыс басталмай тұрып, ҚР Мемлекеттік Әнұраны орындалады.
Сайысқа кіріспес бұрын әділқазылар алқасын сайлап аламыз.
1 кезең. Сәлемдесу.

ІІ топ қатысады:

1. «Нұрлы Жол» - Нәзкен (капитан), Камиля, Батырхан.

2. «Мәңгілік Ел» - Аяжан (капитан), Меруерт, Ақтоты.

Мұғалім: «Нұрлы жол» мен «Мәңгілік елді», халайық 
Ду-қол соғып, қуанып қарсы алайық! 
«Нұрлы жол» тобы: 
«Нұрлы жол» атыменен топ жарып, 
Барша жұртқа нұрлы сәлем береміз. 
Сайыстардан жоғары баллды мол алып
Алғырлықпен қарсыласты жеңеміз!
Біздің ұран: Нақты жауап, саналы шешім таба біл!
 

«Мәңгілік ел» тобы: 

Ұран етіп тапқырлық пен білімді

Сұрақтардан сүрінбей біз өтеміз
«Мәңгілік ел» жастарымыз бүгінгі
Бұл сайыста тек жеңіске жетеміз!

Біздің ұран: Қандай сынақ болсадағы беріспе, әрқашанда ұмтыла біл жеңіске. 

2 кезең. Бәйге. (5-10 балл аралығында)

  1. Тәуке ханның зандар жинағы (Жеті жарғы)

  2. ҚР Конституциясы бойынша мемлекеттік биліктің кайнар көзі (халық)

  3. Қазақ хандығының алғашқы ханы(Керей)

  4. Қазақстан БҰҰ-ға кірген жылы (1992 ж.)

  5. Қазақ автономиясының алғашкы астанасы (Орынбор)

  6. Бала туғанда қазақтар қандай той жасайды (шілдехана)

  7. Ахмет Йассауи кесенесі қай қалада орналасқан (Түркістан)

  8. Ұлы Отан соғысында қазақ арасында ең жас болған Кеңес одағының батыры кім? (Ж. Елеусізов)

  9. «Невада-Семей» қозғалысының жетекшісі кім болды? (О. Сүлейменов)

  10. ҚР Жаңа Конституциясы неше баптан тұрады? (98)

  11. Қазақтың тұңғыш академигі (Қ. Сәтбаев)

  12. Отырар қаласы басында қалай аталды (Фараб)

  13. Астана қай өзеннің жағасында салынған (Есіл)

  14. Тың игеру жылдары (1954-1956 ж.)

  15. «Алаш» партиясы құрылған жыл (1917 ж.)

  16. Малдың жаппай қырылуы (жұт)

  17. Алғашқы қазақ ғарышкері (Т. Әубәкіров)

  18. Түйенің сүтінен жасалған сусын (шұбат)

  19. 1929-1997 жж. Қазақстанның астанасы (Алматы)

  20. Алашахан күмбезі орналасқан жер (Орталық Қазақстан)

  21. Рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақстандық (Р. Қошқарбаев)

  22. Бала бірінші сыныпқа барғанда қандай той жасалады? (Тілашар)

  23. Қазақстанда Наурыз қай жылдан бастап тойлана бастады? - 1989 жылдан бастап тойланады.

  24. Тәуелсіздік монументінің биіктігі - 28 метр


3 кезең. «Тіл шебері». (5-10 ұпай аралығында)

Оқушыларға ақ қағаздар таратылады.

1)Туған жердей жер болмас...

(Туған елдей ел болмас). Ел-страна-country
2)Тіл тас жарады,

(Тас жармаса, бас жарады). Тас-камень-stone
3)Ел елдің бәрі – жақсы,

(Өз елің бәрінен – жақсы). Жақсы-хороший-good
4) Жері байдың –

(Елі бай) бай-богатый-rich
5) Ұстамен жақын болсаң, іс-дело-work

Ісің бітер.
6) Жеті рет пішіп,

Бір рет кес бір-один-one
7) Ұстазы жақсының - ұстанымы жақсы ұстаз-учитель-teacher

8) Өнер алды - қызыл тіл қызыл-красный-red



9) Жылай-жылай арық қазсаң,

Күле-күле су ішерсің. су-вода-water

10) Тау мен тасты су бұзар,

Адамзатты сөз бұзар. сөз-слова-word
4 кезең. «Көкпар»
10-1. Қазақстандағы ең ыстық жер (Қызылқұм шөлі)

10-2. «Көшпенділер» трилогиясының авторы кім? (І. Есенберлин)

10-3. Аристотельден кейін дүниежүзі білімі мен мәдениетінің екінші ұстазы атанған данышпан, энциклопедист-ғалым (Әбу Насыр Әл -Фараби) 

20-1. Ежелгі Баласағұн қаласында туған, ортағасырлық ғалым, «Құтты білік» атты дидактикалық поэманың авторы? (Жүсіп Баласағұн)

20-2. Тұңғыш қазақ мультфильмінің аты қалай және авторы кім? («Қарлығаштың құйрығы неге айыр», авторы - суретші әрі режиссер Әмен Қайдаров)

20-3. Қазақ спортшылары арасынан тұңғыш рет Олимпиада чемпионы атанған кім? (Балуан Жақсылық Үшкемпіров)

30-1. Біздің елімізде өсіп тұрғанына 700 жыл болған ағашты қай жерден кездестіруге болады? (Бұл тораңғы ағашы. Алтынемел ұлттық паркінен кездестіреміз.)

30-2. Қызыл кітапқа енгізілген грейг жауқазыны қай қорықтың эмблемасы болып табылады?   ( Ақсу-Жабағылы қорығы)

30-3. Қазақстанда сирек кездесетін дала қойы «муфлон»  қандай қорықта кездеседі?   (Үстірт қорығы)
5 кезең. «Терминдер»

Ақылдасуға уақыт беріледі. Әр жауап 1-5 ұпай аралығында бағаланады.

  1. Би — дау-жанжалға бітім айтып, төрелік жасаушы, ел ішіндегі әділ қазы, рубасы.

  2. Революция — қоғам өміріндегі түбірлі өзгеріс, төңкеріс.

  3. Диаспора — басқа мемлекеттің аумағында тұратын халықтың шағын бір бөлігі, бұрынғы өз Отанынан тысқары жерлерге қоныстанған адамдар.

  4. Дуал — балшықтан қаланып биік етіп салынған қоршау.

  5. Арыс – бірнеше рудың бірлестігі. Оны би басқарған.

  6. Медресе — Ислам дінің оқытатын орта және жоғары дәрежелі оқу орны.

  7. Президент (лат. – алда отырған, бастауыш) – а) басқарудың республикалық формасындағы елдердің сайланып қойылған мемлекет басшысы; ә) қайсыбір қоғамдық мекемелердің жетекшісі.

  8. Демократия – халықтың билік қайнары ретіндегі танылуын негіз еткен, қоғамның саяси ұйымдасу формасы.

  9. Декларация – мемлекеттер, үкіметтер, партиялар, ұйымдар атынан жасалатын мәлімдеме; негізгі ұстанымдарды ресми түрде жариялау, сондай-ақ олар баяндалған құжаттардың жалпы атауы.

  10. Конституция (лат. Constituto-құрылу, өкім) – қоғамдық және мемлекеттік құрылыс негіздерін, мемлекеттік органдар жүйесін, олардың түзілу реттілігі мен қызметін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын мемлекеттің негізгі заңы.



6 кезең. Көрермендерге қойылатын логикалық сұрақтар.



  1. Күрекпен су тасуға болады ма? (болады, мұз күйінде)



  2. Аңшы көлде жүзіп жүрген үйректерді бір оқпен атса, көлде неше үйрек қалады? (қалмайды, бәрі үркіп ұшып кетеді)



  3. Есік пен терезенің арасында не тұрады? («пен» тұр)



  4. Орыс күнтізбесіндегі ең қысқа ай? (Май - үш әріптен тұрады)



  5. Қай өзен ең қорқынышты ? (Тигр өзені)



  6. Нені дайындауға болады, бірақ жеуге болмайды? (сабақты)



  7. Қай қолмен шәйді араластырған дұрыс? (шәйді қасықпен араластырған дұрыс)



  8. Қандай сұраққа «иә» деп жауап бере алмаймыз? (ұйықтап жатырсыз ба?)



  9. Қар жауады, күн жылынып, ери бастайды, біраздан соң жаңбыр жауады, одан кейін аяз қатты тұрса, не байқалады? (көктайғақ болатындығы)



  10. Он жұмыртқа салынған себетті екі рет түсіріп алсаң нешеуі қалады? (бәрі жарылып қалады)

  11. Қазақтандағы аты да, мінезі де бұзық өзен қайда?  (Талдықорған облысы,    

        Тентек өзені.) 
7 кезең. Жорға.

Нәзкен:

  1. Ежелгі сақтардың ел билеген атақты әйел патшаларының бірі (Томирис)

  2. Қазақ қобызының түп нұсқасын кім жасаған ? (Қорқыт ата)

  3. «Диуани лұғат ат -түрік» («Түркі сөздерінің жинағы») атты еңбектің авторы кім? (Махмұд Қашқари)

  4. «Тарихи Рашиди» кітабының авторы кім?  (Мұхаммед Хайдар Дулати)

  5. Еліміздегі ең биік тау шыңы (Хан тәңірі)

  6. Дүние жүзіндегі ең үлкен көл (Каспий)

  7. Дүние жүзіндегі ең биік шың – Джомолунгманы (Эверест) бағындырған (8848 м.) қазақ альпинисі кім? (Қазбек Уәлиев)

  8. Қазақстандағы батыс бөлігі тұщы, ал шығыс бөлігі тұзды көл қалай аталады? (Балқаш)

  9. Қазақтардың ежелгі рулық белгісі (таңба)

10. «Қара сөздердің» авторы (Абай)

11. Ғұндардың көсемі, аты аңызға айналған әскери қолбасшы? (Аттила)

12. Шыңғысханның кезінде Отырар қаласының әміршісі болған хан (Қайырхан)

  1. Қазақ даласының музыкалық символы «Сарыарқа» күйінің авторы? (Кұрманғазы)

  2. Абайдың шын есімі? (Ибраһим)

  3. Қазақта тұңғыш генерал атағын алған хан? (Жәңгір Бөкейұлы)

  4. ҚР - да «халық қаһарманы» және «ғасыр адамы» атағын иеленген қайраткер? (Тоқтар Әубәкіров)

  5. ҚР - да ұлттық валюта – Теңге қашан айналымға енген еді? (1993ж. 15 қараша)

  6. Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады? (130 - дай)

  7. «Бақытсыз Жамал» романының авторы кім? (М. Дулатұлы)

  8. Орыс империясына қарсы қазақ халқының біртұтас ұлт - азаттық көтерілісінің қолбасшысы кім болды? (Кенесары Қасымұлы)

  9. Қазақта тұңғыш дүние жүзі чемпионы атағын алған палуан кім? (Қажымұқан Мұңайтпасұлы)

  10. Тасқа салынған сурет қалай аталады? (петроглиф)

  11. Үйсіндердің билеушісінің титулы қалай аталды? (гуньмо)

  12. 1975 жылы Алматыда шыққан «Азия» кітабының авторы? (О. Сүлейменов)

  13. Қазақ тарихындағы тұңғыш кәсіби биші қыз? (Шара Жиенқұлова)

  14. 31 мамыр қандай күн? (Репрессия құрбандарын еске алу күні)

  15. Мұсылмандардың жыл санауы қалай аталады? (хижра)

  16. Украинадағы конкурста «Әлия» әнімен1 - ші орын алған қай әнші? (Р. Рымбаева)

  17. «Ленинградтық өренім» деп бүкіл кеңес халқын рухтандырған қай ақын? (Ж. Жабаев)

  18. 1883 – 1897 ж. ж. Кіші жүз территориясында болған көтерілісті басқарған кім? (Сырым Датұлы)



Аяжан:

  1. Париж сахнасында ән салған тұңғыш қазақ әншісі? (Ә. Қашаубаев)

  2. «Балқадиша» әнінің авторы (Ақан сері Қорамсаұлы)

  3. Шахматтың Отаны (Үндістан)

  4. І-ғасырда пайда болған әлемдік дін- (Христиан)

  5. Бетіне түрлі-түсті ою-өрнек басылған киіз үй жиһазы - (Текемет )

  6. Сопылық бағытты дамытқан ғұлама - (Ахмет Яссауи)

  7. 24 жасында КСРО халық әртісі атағын алды. «Қазақтың бұлбұлы» аталған әнші. (Күләш Байсейітова )

  8. Абай Құнанбаевтың анасы. - (Ұлжан)

  9. Ислам діні нешінші ғасырда пайда болды.( 7)

  10. ХІІ ғасырда Қарахан салдырған Тараз қаласындағы ескерткіш-күмбез. (Айша Бибі кесенесі.)

  11. Грек медицинасының даңқын шығарған дәрігер – ( Гиппократ)

  12. Қазақ ғалымдарынан Аттила туралы алғаш жазып,ғылымға еңгізген (Ш.Уалиханов)

  13. «Диуани Хикмет» кітабының авторы ( Ахмет Яссауй)

  14. Рухани ұстазы Арыстан бабты пір тұтқан сопы ( Ахмет Йассауи)

  15. «Ленинградтық өренім» өлеңінің авторы ( Ж.Жабаев)

  16. Өзбек әдебиетінің негізін салушы ( Әлішер Науай)

  17. Исламның қасиетті кітабы (Құран)

  18. Ұлы Жібек Жолы қай жерден аяқталады. ( Рим)

  19. «Еділ» патшаны европалықтар қалай атаған (Аттила)

  20. Ұлы Жібек Жолының ұзындығы (7000-шақырым)

  21. Түйенің пірі (Ойсылқара)

  22. «Мона Лиза» туындысының авторы – ( Леонардо Да Винчи)

  23. Тарихтың атасы - (Геродот)

  24. Қазақ хандығының даңқты қолбасшыларының бірі, әйгілі Қабанбай батырдың жорыққа мінген тұлпарының аты (Қубас).

  25. Арыстанның баласы? (абдан)

  26. «Семей полигоны» атты кітаптың авторы? (К. Бозтаев);

  27. Гений болу үшін - 1 % шабыт және 99 % еңбек ету керек деп айтқан өнертапқыш? (Томас Эдисон)

  28. Ауыл шаруашылығына орасан зор зиянын тигізетін жәндік (Саранча).

  29. М.Х. Дулати: «Жошыдан кейін бұл жұртта (Дешті Қыпшақта) одан ұлы хан болған емес»- дейді. Ханның әскер саны 300 мың деп көрсетеді. Бұл мәлімет қазақтың қай ханы жөнінде айтылып тұр? (Қасым хан 1511-1518 (1523) жж).

  30. Н. Назарбаевтың 11.11.2014 жылдағы жолдауының атауы («Нұрлы жол-Болашаққа бастар жол»)


8 кезең. «Туған жер – тұнған шежіре» (Облыстар) (1-5 ұпай)

Оқушыларға ақ қағаздар беріледі.

1. Ақмола облысы – ауданы, орталығы, халық саны.

Көлемі - 146,2 мың км2, халқы - 733426, орталығы – Көкшетау қ.

2. Алматы облысы – ауданы, орталығы, халық саны.

Көлемі – 224,0 мың км2, халқы - 1953352, орталығы – Талдықорған қ.

3. Батыс Қазақстан облысы –