Файл: ысамерзімді жоспар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 15.03.2024

Просмотров: 8

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқа-мерзімді жоспар

Мектеп: С.Толыбеков атындағы №3 IT-мектеп-лицей

Сабақ тақырыбы: Құрамды шарттарды программалау

Күні:

  • Мұғалімнің есімі: Абдиева Асель

Сынып: 7

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Сабаққа негізделген оқу мақсаты:

7.3.2.1-алгоритмді программалау тілінде жазу
7.3.3.2-сызықтық және тармақталу алгоритмдерін программаны өңдеудің кіріктірілген ортасында (C/C++,Python,Delphi,Lazarus) жазу

Сабақ мақсаттары:



  • Барлық оқушылар: Алгоритмді программалау тілінде жазып,сызықтық және тармақталу алгоритмдерін ажырата алады..

  • Оқушылардың басым бөлігі: Сызықтық және тармақталу алгоритмдерін программаны өңдейді.

  • Кейбір оқушылар: Сызықтық және тармақтық алгоритмдерін программада қолданады.

Бағалау критерийлері:(жетістік критерийлері;табыс критерийлері;күтілетін нәтиже)

Алгоритмді программалау тілінде қолдана алады.

Программада сызықтық және тармақтық алгоритмді қолданып,жүзеге асырады.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану және жоғары деңгей

Тілдік мақсаттар

Тілдік дағдылар:тыңдалым,жазылым,айтылым,оқылым.

Терминология: Құрама шарт-составные условия-compound conditions

Ақиқат-правда-true

Жалған-ложь-false

Логикалық өрнектер-логические выражения-logical expressions

Шарт-условия-conditions

Және-и-and

Немесе-или-or

Теріске шығару-опровержение-not


Сөз тіркестері:

Құндылықтарды дарыту

Еңбек және шығармашылық,ынтымақтастық,өмір бойы білім алу

Пәнаралық байланыстар

Математика,ағылшын,орыс тілі

АКТ қолдану дағдылары

Слайд,видеоролик.

Алдыңғы оқу/Бастапқы білім

Алгоритм түрлерін ажырата алады,сызықтық және тармақталу алгоритмдерін біледі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы

5

Ұйымдастыру.Сәлемдесу. Сыныпты түгелдеу. Психологиялық ахуал қалыптастыру және топқа бөлу. 

Әдіс: «Гүл шоқтары»

Мұғалім оқушыларды шеңбер бойына тұрғызып,сый ретінде гүл шоқтарын беріп,топқа бөледі.

Үй тапсырмасы.Өрмекші торы әдісі .

Мұғалім шеңбер бойында өткен тақырыпқа байланысты сұрақ қояды.

1.Сызықтық алгоритм дегеніміз не?

2.Lazarus-та шартты тексеру үшін қандай операторлар қолданылады?

3.Шартты тексеру операторы қолдануына қарай қандай түрлерге бөлінеді?

4.StrToInt және IntToStr операторларының қызметі қандай?

5.Кіріктірілген шарт деген не?

Дескриптор:

-алгоритм түрлерін сипаттайды.

-Lazarus бағдарламасында операторларды қолданады.

-бағдарламалау тілінің функцияларын анықтайды.

Бағалау:ауызша бағалау(кері байланыс арқылы)





Ортасы
20 минут

10 минут



Жаңа сабақ.Мұғалім жаңа тақырыпты ашу үшін оқушыларға видеоролик көрсетеді.

Әр түрлі есептер шығару кезінде кейде екі немесе одан да көп шарттарды тексеру қажеттілігі туады.(мысалы 0<а<5)Осындай шарттарды құрама шарт деп атайды.Құрама шарттарды бағдарламалық тілде жазу үшін логикалық амалдар қолданылады.

Логикалық амалдар латын әріпімен А,В,С деп белгіленеді және тек 1(ақиқат) немесе 0-ге(жалған) тең болады.Мысалы:

1.Ай-Жердің табиғи серігі. А=1

2.Юпитер Сатурн планетасының спутнигі. В=0
1)Коньюнкция(and)-екі немесе бірнеше пікірлерді «және» жалғауының көмегімен біріктіру амалы.Ол & ˄ * символдарымен белгіленеді.

2)Дизьюнкция(or)-екі немесе одан да көп пікірлерді «немесе» жалғауының көмегімен біріктіру амалы.Ол ˅ + ǁ символдарымен белгіленеді.

3)Импликация-логикалық зерттеудің «егер...,онда...» жалғаулығы деп атайды.Импликация бір айнымалыдан екінші айнымалыға нұсқау(→) арқылы жазылады.Импликация бұйрық беру,орындауды байланыстырады.

4)Эквиваленция-логикалық тепе-теңдік «сонда және тек сонда ғана».Ол ≡ ↔ символдарымен белгіленеді.

5)Инверсия(not)-«емес» жалғаулығының көмегімен пікірді теріске шығару.Белгілену символы:¬

Топтық жұмыс.Класстер әдісі

Мұғалімнің түсіндірген жаңа тақырыбын оқушылар постер бетіне түсіреді.

Дескриптор:

-құрама шарттарды анықтай алады.

-программада логикалық амалдарды қолдана алады.



Жұптық жұмыс. Визуалды ортада and, or, not логикалық амалдардың орындалу ретін көрсететін жоба дайындау.

Жобаның пішіні суреттерде берілген




procedure TForm1.Button1Click(Sender: TObject);

var a,b:boolean; l,s:string;

begin

l:=edit1.Text; s:=edit2.Text;

label2.Caption:='AND';

if l='true' then a:=true else a:=false;

if s='true' then b:=true else b:=false;

if a and b then edit3.Text:='true' else edit3.Text:='false';

end;
procedure TForm1.Button2Click(Sender: TObject);

var a,b:boolean; l,s:string;

begin

l:=edit1.Text; s:=edit2.Text;

label2.Caption:='OR';

if l='true' then a:=true else a:=false;

if s='true' then b:=true else b:=false;

if a or b then edit3.Text:='true' else edit3.Text:='false';

end;
procedure TForm1.Button3Click(Sender: TObject);

var a,b:boolean; l,s:string;

begin

l:=edit1.Text; s:=edit2.Text;

label2.Caption:='NOT';

if l='true' then a:=true else a:=false;

if s='true' then b:=true else b:=false;

if a and b then edit3.Text:='true' else edit3.Text:='false';

end;

Дескриптор:

-айнымалыларды сипаттай алады

-енгізу операторын анықтайды.

-шартты операторларды қолдана алады.

-логикалық операторларды қолдана алады.

-шығару операторын анықтай алады.


Бағалау.«Смайлик» әдісі

Егер тапсырманы толығымен дұрыс орындаса

Екі немесе үш қате болса

Егер барлығы қате болса




https://youtu.be/irYLfrzHeB4

оқулық



Аяқталуы

5

Кері байланыс. «SMS хат» әдісі

Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін мұғалімге айту үшін стикер арқылы білдіреді.
Үй тапсырмасы



Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?

Барлығына ортақ бір тапсырма берілді.Ол тапсырмада қабілеті жоғары оқушылар тапсырманы орындап болған жағдайда мен оларға қабілеті төмен оқушыларға көмек көрсетуін өтінемін.Сол арқылы барлық оқушылар тапсырманы орындай алады.

Бағалау- Оқушылардың үйренгенін,материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

ауызша бағалау(кері байланыс арқылы)

«Смайлик» әдісі

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?