Файл: азаы туризм уанышова Айсем уанышызы Жетекшісі Д. М. Казбекова Атбе гуманитарлы колледжі Бастауыш білім беру 205 топ студенті Туризм.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 16.03.2024
Просмотров: 11
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
“ҚАЗАҚЫ ТУРИЗМ”
Қуанышова Айәсем Қуанышқызы
Жетекшісі: Д.М.Казбекова
Ақтөбе гуманитарлық колледжі
Бастауыш білім беру 205 топ студенті
Туризм (франц. tourіsme, tour – серуендеу, жол жүру) – адамның бос уақытында негізінен айтқанда жұмыстық, не мәлім міндеттік мәжбүрлеумен емес, туысшылаумен емес, өз еркінше көңіл көтеру мен демалу үшін, тәуекел жасау үшін, көріп қызықтау үшін, яғни субъективті рухани қажеттілік бойынша басқа бір жерге ерікті саяхаттап, серуендеп баруы. Жақын жердегі қысқа мезетті орындалатыны - серуен делінсе, алыс жерге аттанған ұзақ мерзімдісі - саяхат делінеді.
Туризм саласы Қазақстанда әлі де төмен деңгейде қалып отыр. Бірақ Қазақстанда туризм дамуының болашағы жарқын.
Себебі:
— еліміздің қолайлы геосаяси жағдайы. Батыс пен Шығыс аралығындағы халықаралық туристік және коммерциялық ағымдардың өсуі; — саяси тұрақтылық, демократиялық қайта құру, экономикалық реформаның өтуі және инвестициялық ахуалдың тұрақтылығы мен ашықтығы; — еліміздің тарихи- мәдениет мұрасының ерекшелігі;
— мұсылман, христиан, будда ескерткіштерінің болуы;
-Қазақстанның көп мәдениеттілігі, музей, мәдениет ошақтарының, фольклорлы- этнографиялық және ұлттық кәсіпқой өнерпаздардың көп болуы; — Туристік- рекреациялық аймақтардың болуы, табиғи ландшафтар, өсімдік, жануарлар дүниесінің ерекшелігі, экзотикалық тур, балық аулау, аң аулау, өсімдіктер жинау т.б.;
—бос еңбек ресурстарының болуы (мамандар).
Маркетинг стратегиясын іске асыру мақсатында мемлекет мынадай міндеттер белгілеп отыр:
-
Сапалы туристік қызмет көрсетуді ұсынатын туристік орталық ретінде Қазақстан туралы туристер жіберілетін негізгі елдерде жағымды пікір қалыптастыру; -
Қазақстанды ерекшелейтін сипаттамаларға және артықшылықтарға негізделген маркетингтік іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру; -
Қосымша мүмкіндіктер бере отырып, төлем қабілеті жоғары деңгейдегі туристерді тарту
Маңғыстау облысына бір рет болсын сапар шеккен әрбір жан бұл түбектің бірегей екенін бір ауыздан құптайды. Оның бір ерекше энергетикасы бар
, мұнда мистикалық және тарихи маңызы бар киелі жерлер көп. Өңірдің табиғаты қатал болғанымен, ғажайып ландшафттары басқа ғаламшарлар жайында фильмдер түсіруге арналғандай әсер береді. Мұның себебі де ерекше: 5 миллион жыл бұрын Үстірт көне Тетис мұхитының астында болған. Алдымен алып толқындар жұмсақ әктасты шайып, одан кейін жел мен күн жер бедеріне алуан түрлі формалар беріп, ісін аяқтаған
Маңғыстау облысының тарихи және киелі жерлері:
-
Бекет ата, Шақпақ ата, Сұлтан үпі және тағы басқа жер асты мешіттері. Бұл жерлерге осы күндері зиярат етуге Қазақстанның түкпір-түкпірінен көптеген адамдар келеді. -
Ортағасырлық Қызылқала қаласы, одан алыс емес жерде жартасқа салынған көне суреттер сақталған.
Міне осындай тарихи туристтерді тартып тұратындай әдемі қаламыз барда туризмнің құлдырауы мүмкін емес.Біз тек сол әдемілікті ұтымды әрі пайдалырақ пайдалана білуіміз керек.Ол үшін әрине өзімізге де шет елдік туристтерге , қонақтарға да ұтымды әрі қолайлы боларлықтай дүние ойлап табуымыз керек. Бізде байлық әсемдік көп тек біз оны пайдалы жағынан дұрыс пайдалана алмаудамыз.Біз елімізге келген қонақтарға қазақилығымызды салт-дәстүрімізді көрсете білуіміз керек.Бірақ тым қазақы әрі дәстүрлі болса да заман талабына келіңкіремейтіні анық, сондықтан барлығына қолайлы заманауилық пен қазақилықты қоса отырып керемет естен кетпес туынды шығара алуымыз керек.Бұны “Қазақы туризм”десек керемет естілер.
Мендегі ұсыныс – елімізге келген туристтерді күтіп алған кезде қазақы салт-дәстүрімізбен, мәдениетімізді таныстыра отырып қарсы алсақ, туристтер орналасатын орындар қазақы стильде яғни киіз үй іспеттес болса,қала қонақтарына қазақтың ұлттық тағамдарыннан артық меню керек емес деп ойлаймын.Туристтерді саяхаттату кезінде қазақы әндеріміз қосылып, қонақтарға қазақы стильдегі заманауи киімдерді үлестіріп берсек олар үшін тансық дүние болмақ.Қазақ тілінің әдемілігіне барша елдің халқы таңқалатыны анық сол себепті тым құрығанда қазақы 3-4 әдемі әдемі сөздерімізден жылы лебіздерімізді үйрете алсақ шет елдік қонақтар үшін мақтаныш болады.
Қазақстанда туризмнің хаостық дамуы, мемлекеттің, қоғамдық-құқықтықжәне жеке құрылымдардың арасында өз ара байланыстың жоқтығы, экономикалық механизімнің жетілмегендігі тән. Туризм сферасындағы макротенденциялар туризмнің тек бір сегментінің – шығу туризмнің артықшылықты екенін анықтады. Сонымен бірге, Қазақстанда келу туризмін дамытудың да алғы шарттары іс жүзінде бар, себебі Республикада табиғи және рекреационды ресурстар, мәдени, тарихи сәулер және архиологиялық ескерткіштер мол
. Сол ғажайыпты ешқашан ұмытпастай әсер қалдыра білген жөн.
Қазақстандағы қазіргі заманғы туризм дамуының деңгейі қолда бар туристік әлеуметті толығымен пайдалануға мүмкіндік бермей отыр. Туристік сфера дамуының төмен деңгейі туризм сферасын экономикалық реформалау жөніндегі ғылыми өңдеулердің тіптен болмауына байланысты. Қазақстанда туризм сферасында тәжірибелік ұсынуларды жасау үшін кешенді және жүйелік талдау өткізетін ғылыми-зерттеу құрылымы жоқ. Сондықтан қазіргі заманғы сатыдағы туризм дамуының экономикалық мханизмін зерттеудің өзекті мәні бар.
Әлемдік туристік нарықтың дәстүрлі аудандары өзінің реакциялық сиымдылығының шегіне іс жүзінде жеткендіктен, туризмнің өсуі туристер баратын жаңа аумақтар есебінен басым дамитын болады. Осыған байланысты, Қазақстан әлемдік туристік нарықта өзінің лайықты орнын табуға бірегей мүмкіндігі бар.