Файл: Ана бізді кніміз.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 16.03.2024

Просмотров: 6

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ана біздің күніміз

 

Мақсаты: 8-наурыз мейрамы туралы түсінік беру, анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, аналар туралы өлең шумақтарын оқуда мінерлі, сауатты, анық оқи алуға машықтандыру; Оқушыны ізгілік, инабаттылық, сыйластық, адамгершілік сияқты қасиеттерге тәрбиелеу. Сахна мәдениетіне тәрбиелеу.
Көрнекі-құралдары: Сынып шармен, гүлдермен безендіріледі. Тақырып жазылған плакаттың ортасында үлкен күннің бейнесі, ойынға қажетті заттар(алшалғыштар, йогурт, банан, сок, қасықтар, т.б.), «Менің анам осындай...» атты балалардың аналарын бейнелеген сурет көрмесі, аналарына арнап жасаған ашықхаттары. Мерекеге сай үнтаспалар жинағы, баян.
Жүру барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
Тәрбиеші:- Құрметті қонақтар, асыл әжелер, сүйікті аналар! Бүгін бізде үлкен мереке. Ол-аналарға арналған «Ана-біздің күніміз» атты тәрбие сағатымыз. Бұл сағат 8- наурыз-Хаықаралық әйелдер күніне байланысты аталып отыр. 
Құрметті аналар, мейрамдарыңыз құтты болсын! Әр жанұяларыңызға тыныштық, денсаулық, амандық тілейміз.
(Сыныпқа әуенмен оқушылар кіреді)
1-оқушы: Еліммен бірге тілегім,
        Өзің деп соғар жүрегім,
        Жатқа айта білемін,
        Елімнің әнұранын. (Әнұран орындалады)
Тәрбиеші:-Балалар, жыл сайын, осы күні біз аналарымызды, әжелерімізді, қыздарды  мерекелерімен құттықтаймыз.
2-оқушы: Әлпештеген, аялаған,
        Ақ сүт берген апатайым.
        Сәлем жазып бүгін саған,
        Мейрамыңмен құттықтаймын.
3-оқушы: Бәрімізге анасың,
Біз үшін күн боп жанасың.
        Құтты болсын мейрамың,
        Аяулы менің анашым.
4-оқушы: Аялаған, саялаған,
        Бар бақытым, берекем.
        Апатайм, құттықтаймын.
        Бүгін сенің мерекең.
5-оқушы: Бәрімізге анасың,
Біз үшін күн боп жанасың.
        Құтты болсын мейрамың,
        Құттықтаймын  анашым.
Ән: «Ақ мамам»
 
6-оқушы:     Өлең айтып беремін,
        Нан да алып келемін.
        Өйткені мен анамды,
        Өте жақсы көремін.
 
7-оқушы: Ақ сүтінен жаралған,
        Ақ сүтінен нәр алған,
        Анаға бас иеміз.
        Туған елдің тілі деп,
        Туған жердің үні деп,
        Анаға бас иеміз.
8-оқушы: Аналарды сүйеміз.
        Сөзін ойға түйеміз.
        Әжені де ардақтап,
        Әдеппен бас иеміз.
9- оқушы: Мамам, мамам, ақ мамам,
        Мен де өзіңнің ақ балаң.
        Айтқан тілді аламын,
        Жұмсағанға барамын.
        Ақ төсекке жатқызса
        Көзімді жұма қаламын.

Тәрбиеші: -Балалар, аналарың сендерді еркелеткенде  «құлыншағым, қозым, ботам» дейді ғой. Жанбаотаны анасы қалай еркелетеді екен?

10-оқушы: «Күнім, жаным» дегенді,
        «Құлыншағым» дегенді,
        «Қошақаным» дегенді,
        «Айналайын» дегенді,

        Ойлап тапқан кім екен?
(Балалар бірге: -А-НА-ЛАР)
-Ендеше біздің балалар аналарына арнап «Қара жорға» биін билеп береді.
Би: «Қара жорға»
-    Балалар, сендер күнделікті таңертең  мектепке жиналасыңдар. Ал аналарың жұмысқа жиналады. Қазір біз бір қызық ойын ойнап жіберейік. Осы ойын арқылы кімнің анасы жұмысқа жылдам жиналады екенін көрейік.
Ойын: «Менің анам жұмысқа қалай жиналады?»
11- оқушы: Біз доспыз гүлдермен,
        Текке оны жұлмаймыз.
        Той күні бір-бірден,
        Анаға сыйлаймыз.
12-оқушы. Өнерлі боп өсеміз,
        Өмір сырын шешеміз.
        Өсіріп, ой-сананы
        Қуантамыз ананы.
13- оқушы: Алақаны ақ самал,
        Мәпелеген , жан ана.
        Көкте күнім батса да,
        Өзің күнсің балаға.
-    Балалар, бүгін біздің ұлдарымыз аналарының орнында болып көреді. Ол қалай дейсіңдер ғой? Қазір ұлдарымыз алжапқыштарын тағып, аналарын жылдам тамақтандырады. (банан, йогурт жегізіп, сок ішкізеді)
14- оқушы: Сен жалықпай жетектеп,
        Мен жалықпай жетермін.
        Айтқаныңды екіетпей
        Ақ сүтіңді өтермін.
15-оқушы. Ана-біздің күніміз,
        Ана-біздің гүліміз.
        Ұландарды қуантып,
        Ұзақ өмір сүріңіз.
16-оқушы: Бал-бөбегін баптаған,
        Мамам үшін мақтанам.
        Айналатын біздерді,
        Көп жасасын жақсы адам.
17-оқушы: Қадірлі аналар көңілі,
        Көктемдей жайнап, гүл ашсын
        Бақытқа толы өмірі-
        Шаттыққа шаттық ұлассың.

18-оқушы; Құтты болсын ардақты анам 
                      Асыл анам мерекең 
                      Құтты болсын ұстаздарым 
                      Қуанышты берекең 

-    Балалар, бізді осындай әдемі, ақылды  етіп өмірге әкелген аналарымызға не дейміз?
(Балалар бірге: -РАХ - МЕТ)
Ән: «Біз-өмірдің гүліміз»
-Құрметтейік о,адамдар, аналарды.
Бізді өмірге әкелген даналарды.
Себебі, Ана деген асыл жан ғой.
Ойлауменен істелік әр қадамды. – деген сөздермен бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтайық. Тағы да мерекелеріңіз құтты болсын.

Ойын: «Білімді мыңды жығар – білекті бірді жығар»- демекші енді қыздарымыздың білімін сынайық. Әр қыз ,ана, қыз туралы 5 мақалдан айту керек.



СҰРАҚТАР ҚОЙЫЛАДЫ.

1.ОРМАН ДӘРІГЕРІ(ТОҚЫЛДАҚ)

2.Күндіз көрмейтін құс(жапалақ)

3.Мемлекеттік тіл(қазақ тілі)

4.Басты байлық –денсаулық

5.Қазақстан Р.валютасы

6.Ұя салмайтын құс

7.Абылайдың шын аты кім?(Әбілмансұр)


8.Бір жұмыртқа 5 минут піссе 3 жұм. ше?


9.Жылдан құр қалған жануар?

10.Жүз жыл (ғасыр)

Мақалдарды жалғастырыңдар. Аналарымызбен оқушыларымыздың мақал-мәтелді қаншалықты білетіндігін байқаймыз.

  1. Ауылдан асқан байлық,

________ қымбат қазына жоқ. (кітап)

  1. Талапсызжас,

Қанатсыз_________. (құс)

  1. ________ қылығымен көркем. (қыз)

  1. Білім-теңіз,_______ кеме. (мектеп)

  1. _______ көңілі балада. (ананың)

  1. Сөзтапқанға ________ (қолқажоқ)

  1. 1. Жақсысөз .(жарымырыс)

  1. Ине көзінен сынады________ (шешен сөзінен сынады)

  1. Ала сөйлеп, үлыққа жаққанша,

Адал сөйлеп, ________( жүртқа жақ)

  1. Балаға өз тіліңмен сөйлеме, ( өз тілімен сөйле.)

  2. Жолдасы жоқ жігіттің ( Олжасы жоқ.)

  3. Тұр-тұрдан хабар келсе, ( Ұйқыдан маза кетеді)

  4. бар үйдің жеңгесі сүйкімді. (Қызы)

  5. Екі аяқтыда бажа тату, (төртаяқтыда бота тату)

  6. Бас жарылса, бөрікішінде, (Қолсынса, жеңішінде)

  7. Өлежегенше, (бөле же)

  8. Туажаманжок, (Жүрежаман бар)

  9. Ағаш тамырымен мықты, (Адам досыменмықты)

  Көрініс:  «Бәрі

аналардың қолынан келер іс»

(Алан  мен Кемел)

(басында аспазшы шапкасын киіп Алан шығады)

Алан:(өзімен өзі сөйлеп жүреді)Торт пісіру оңай ғой.Тек батыл болу керек.7 жұмыртқа,аз ғана ұн керек.3 ас қасық бұрыш. Жоқ әлде олай емес пе?

(досы Кемел келіп қалады)

Кемел:    - Олай емес қой!

Алан: - Мен тіптен шатасып кеттім.

Кемел:   - Мұнда бұрыш салмайды ғой.

Алан: - 3 сағат болды осылай жүргеніме. Крем жасадым,қолымның бәрін күйдірдім, нәтижесіндекүйіп кеткен бәліш. Мүлдем тортқа ұқсамайды.

Кемел:   -Сен, тыңдашы мына әңгімені . Ерте ертеде 1 сұлу, сымбатты жігіт болыпты.Оның жанында толған ғашық қыздары көп болыпты. Жігіт қыздарды 5 саусақтай өзгертеді екен.Біріншісі әдемі емес, екіншісі

тәтті тағамдар жасай алмайды, үшіншісі, жігітке қошемет айтпайды, төртіншісі өзіне қарамайды. Сонымен жігіт еш қызды менсінбей жанына жолатпайды екен.Сөйтіп қыз таңдап жүргенде қалай қартайғанын білмей қалыпты.Не әйелі  не баласы, не немересі болмаған.Сондықтан айтарым торт пісіру сенің қолың емес, ол аналардың қолы, қыздардың қолынан келер іс!



Алан:-Солай, ма, ендеше мен Жансаядан,не Мадинадан сұрасам қайтеді?

Кемел: -Міне, осының дұрыс, бар соларға!

Алан:-Жақсы, кеттік!

Кемел: - тоқта, оларға бір би билеп берейік.