Файл: Pyton тілінде алгоритмдерді программалау. Педагогты атыжні.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 16.03.2024
Просмотров: 11
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қысқа мерзімді жоспары | ||||
Бөлім | PYTON тілінде алгоритмдерді программалау. | |||
Педагогтың аты-жөні | Оспан Меруерт Қазбекқызы | |||
Күні | 09.02.2023 | |||
Сынып | 8 | Қатысқан оқушы саны: | Қатыспаған оқушы саны: | |
Сабақтың тақырыбы: | Else циклін басқару | |||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 8.3.3.3 цикл басқару нұсқаулығын қолдану (continue, break, else); | |||
Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар: | |||
Else ұғымы мен қызметін анықтау; | ||||
Көптеген оқушылар: | ||||
Else нұсқаулығының орындалуын талдау мен қолдану; | ||||
Кейбір оқушылар: | ||||
Else нұсқаулығын қолданудың маңыздылығын тұжырымдау. |
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезені/ уақыт | Педагогтың әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы | 1.Оқушылармен амандасу,түгендеу. 2.Сыныпта көңілді ахуал орнату «Маған досымның ... ұнайды» әдісі. 3.Үй жұмысын тексеру. 1.Вreak нұсқаулығы цикл жұмысына қалай әсер етеді? 2.Вreak-ті циклде шартсыз қолдансақ, қандай нәтиже аламыз? 3.Циклде бірнеше break нұсқаулығын қолдануға бола ма? Себебін түсіндір. | 1.Мұғаліммен амандасады. 2. Оқушылар сыныптасының өзіне ұнайтын тұстарын ғана айтады. Мысалы, Аиданың елгезектігі ұнайды. 3.Үй жұмысы бойынша сұрақтарға жауап береді. | Қошемет көрсету. 5 жұлдыз әдісі | Презентация |
Сабақтың ортасы Сабақтың соңы | Жаңа тақырыпты түсіндіру. Жаңа ақпаратпен танысу. Оқулықтағы ақпаратты оқушылармен бірге талдайды. Слайд материалы арқылы таныстырылым жасайды. 1-тапсырма жалпы тапсырма. Мұғалім көмектеседі. 1)N натурал саны берілген. Сол санның цифрларының арасында «7» цифры болса, цикл жұмысын тоқтатып «Error», әйтпесе санның цифрларының қосындысын экранға шығаратын программа құрастыр. x=int(input('N=')) k=s=0 while x!=0: k=x%10 x//=10 s=s+k if k == 7: print('Error') break else: print(s) 2)Латын әріптерінен құралған L жол берілген. Осы жолда «k» әрпі кездесе ме? Анықтаңдар. Егер іздеген әріп кездессе, онда «bar», ал кездеспесе «joq» жауабын экранға шығаратын программа құрастыр. Программа коды: x=int(input('x=')) k=s=0 while x!=0: k=x%10 x//=10 if k < 5: print('Joq') break else: print('Ia') 3)Ұзындығы N(1≤N≤20) бүтін сандар мен бір ғана бөлшек саннан тұратын тізбек берілген. Бөлшек сан кей жағдайларда тізбекте кездеспеуі де мүмкін. Осы тізбекте бөлшек болса, онда санның орнын, әйтпесе «joq» жауабын экранға шығаратын программа құрастыр. Программада деректер тігінен енгізіледі. N=int(input()) For I in range (n): X=input() If ‘.’ In x : Print(‘orny=’,i+1) Break Else: Print(‘joq) Ой толғаныс Жаңа білімді бекіту. «Венн диаграммасы» «БББ кестесі» әдісі. Вreak сontinue, еlseцикл нұсқаулықтарының негізгі ұқсастық пен айырмашылықтарын салыстыра отырып, бағала. Бұл нұсқаулықтардың программа құрудағы маңызы қандай? Программа құруды қаншалықты жеңілдетеді? Ойыңды ортаға сал. Оқушылар сабақ туралы бұрыннан не білетінін, сабақта не білгенін және не білгісі келетінін кестеге жазады. | Оқушылар оқулықтағы ақпаратпен танысады. Визуалды ақпарат алады. Мұғаліммен бірге талдайды. 1-тапсырманы мұғалімнің көмегімен орындайды. Программада циклдің орындалуын анықтайды; Else циклінің жазылу кодын анықтайды; Программа кодын тексереді. Программада циклдің орындалуын анықтайды; Else циклінің жазылу кодын анықтайды; Программа кодын тексереді. - Else операторының қызметін анықтайды Оқушылар топтық жұмыс жасайды. | 6 балл 4 балл Бірін-бірі бағалау | Интербелсенді тақта/ Компьютер Презентация Компьютер Интербелсенді тақта А4 парағы |
Үй тапсырмасы | Оқулықтағы тапсырмаларды орындау | | | Оқулық |