Файл: Сабаты зіндік талдауы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 16.03.2024

Просмотров: 6

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Сабақты өзіндік талдауы

Мұғалім: Елдияр Феруза Қайырбекқызы
Пәні: математика
Сабақтың тақырыбы: Бөлімдері әртүрлі аралас сандарды қосу және азайту
Сыныбы: 5-сынып
Материал туралы қысқаша түсінік

Тақырып аясында берілген есептерді шығаруға, яғни теориялық алған білімін практикада қолдана білуге үйрету

  1. Оқушыларға бөлімдері бірдей аралас сандарды қосу және азайтуды орындауды және бөлімдері әртүрлі аралас сандарды қосу және азайтуды орындауды үйрету және есеп шығару барысында қолдана білуге дағдыларын қалыптастыру

  2. Оқушылардың қисынды ойлау қабілетін дамыту, есте сақтау қабілеттерін шыңдау, есептеу дағдысын күшейту, топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

  3. Оқуға ,саналы сезімге,жауапкершілікке , тәрбиелеу.



Ескертпелер

Мұғалімнің пікірі

1

Сабақты жоспарлағанда оқушылардың қандай ерекшеліктері ескерілді?



Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттері ескеріліп, сабақтың әр кезеңінде қызығушылығын ояту көзделді.

2

Сабақтың түрі қандай? Өткен сабақпен байланысы бар ма?



Аралас сабақ. Сабақта  аралас сандарды қосу мен азайтуды түсініп, белсенділіктерін арттыру үшін топпен жұмыс , жеке жұмыс, жұппен жұмыс , қызығушылығын, ойлау, есте сақтауын дамыту үшін сайыс элементтері пайдаланылды. Бұл сабақ – жаңа сабақты меңгеру және өткен сабақты бекіту.

3

Сабақта қандай міндеттер алға қойылды? А) білімділік

Ә) дамытушылық

Б) тәрбиелік;

бұлардың арасында байланыс болды ма?

1. Аралас сандарға қолданылатын амалдарды қолдануын қалыптастыру,бөлшектердің практикада қолдану машықтарын нығайту, жай бөлшек , аралас сандар ұғымдарын қайталап, бекіту.

2. Оқушылардың қисынды ойлау қабілетін дамыту, топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

3. Оқуға саналы сезімге,жауапкершілікке , тәрбиелеу. Бұл алған міндеттер байланысып, бірін - бірі толықтырып тұрды.

4

Аталған міндеттерді шешуде сабақтың бұл түрі неге тиімді болды?



Аралас сандарға амалдар қолдану туралы білімдерін толықтырып, оқушылардың қызығушылығын арттыру барысында сабақтың әр кезеңінде жаңартылған білім мазмұнына сәйкес әр түрлі - әдіс тәсілдер қолданылды.

5

Сабақ кезеңдерінің арасында байланыс болды ма? Уақыт тиімді пайдаланылды ма?

Алға қойған мақсат біреу болғандықтан сабақтың әр кезеңдері, бір – бірімен байланысып, жүйелі қорытындыланып өз уақытында өтті. Уақыт тиімді пайдаланылды.

6

Жаңа тақырыпты ашуда оқытудың әдіс – тәсілдерінде қандай үйлесім болды? Әдіс – тәсілдерді таңдау себептерін түсіндіру.

Сабақ барысында «Бас бармақ», «Светафор» , «Елші», «Жетістік баспалдағы» әдісі сабақтың басынан соңына дейін ұштастыра өткізіліп, ұжымдық, топтық, жұптық жұмыстармен құрама сандарды жіктеуді бекітуде оқушылардың ойын, қиялын, есте сақтау дағдысын қалыптастыруы қарастырылды.

7



Оқушымен жеке жұмыс болды ма? Ол қалай ұйымдастырылды? Неліктен?



Сыныпта зейіндері тұрақсыз оқушылар болғандықтан әр топтағы алғыр оқушылар басқаларына көмек берді, себебі ол оқушылар білімдік танымы жоғары деңгейдегі оқушыларым еді. Ал білім дағдысы төмен, ойын жеткізуге қиналатын оқушыларға жеке көмек берілді және топта жеңіл тапсырмаларды орындады. Үй тапсырмасын оқушы деңгейлеріне сай таңдап алынды.

8

Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары байқалды ма? (себебін түсіндіру)

Сабаққа,тақырыпқа оқушылар қызығушылығын сабақтың әр түрлілігімен,әдістерімен мұғалім жүзеге асырады.(деңгейлік есептер ), сабақтың әрбір кезеңдерінен өткен сайын оқушылар мен берген тапсырмаларға тез, дұрыс жауап беруге тырысып ұйымшылдыққа тәрбиеленді, белсенділіктері, қызығушылықтары артты. Себебі оқушыларға топтасып тапсырмаларды орындау өте қызықты.

9

Сынып бөлмесінде қандай оқу құрал - жабдықтары пайдаланылды? Неліктен?

Компьютерде өткен сабақты қайталауға , жаңа сабаққа қатысты презентация, таратпа материалдар, көрнекіліктер пайдаланылды, себебі бұның бәрі оқушының сабаққа деген қызығушылығын, ынтасын, белсенділігін арттырады.

10

Сабақ барысында оқушылардың арасындағы дұрыс психологиялық қарым – қатынас жасауына мұғалімнің тәрбиелік әсері қалай жүзеге асты.

Ұйымдастыру кезеңінде оқушылар бір-бірінің жақсы қасиеттерін айтып, көңілдерін көтерді. Әр жауаптан кейін жылы лебізімді білдіріп отырдым. Оқушылар өз ойларын айта отырып, топ ішінде бірін-бірі демеп, көмек көрсете отырды. Бұл әрекетті сыныпта оқушылар арасында позитивті қарым-қатынастың орын алғанының айғағы деп түсінуге болады. 


11

Үй тапсырмасын беру

Үй тапсырмасының көлемі өтілген материалдың қиындығына байланысты беріледі.Оқушылардың қабылдау мүмкіндігіне қарай, жас ерекшеліктеріне, тапсырманы орындау қабілеттеріне сай оқулықтан берілді, Үй тапсырмасын қалай орындау керектігі жөнінде оқушыларға түсінік жасалынды.

12

Қандай да бір жағдайда артық әдіс – тәсіліңіз бар ма?

Сабақтың кезеңдеріңде келеңсіз жағдай бола қалса, ол тығырықтан шығуға талпынып қажетті тәсілді қолданамын. Өткен сабақ туралы қызық фактілер арқылы оқушылар көңіл –күйін сабақта рефлексияда дайындаймын.

13

Мұғалім көздеген мақсатына жетті ме? 



Сабақ бойы оқушылар берілген тапсырманы орындауда белсенділік көрсетті. Өз-өзін бағалау, топпен жұмыс, жұппен жұмыс сияқты тапсырмалар өз шешуін тапты. Жоспарлап келген жұмыс түрлері толығымен іске асты, ендеше мақсатыма жеттім деп ойлаймын.