Файл: Сынып 8 А сыныбы Кні 05. 02. 2019 ж.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 16.03.2024

Просмотров: 14

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


СЫНЫП: 8 «А» сыныбы Күні: 05.02.2019 ж

САБАҚ: Қоршаған орта және адам

Сабақ негізделген оқу

мақсаты (мақсаттары)

8.2.7.1. Ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтардан алынған деректерді дәлел ретінде қолдану, авторына сілтеме жасау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Қажетті ақпаратты ала біледі, көтерілген мәселе бойынша ой тұжырымдайды

Оқушылардың басым бөлігі:

Тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп айтып бере алады.

Кейбір оқушылар:

Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.

Бағалау критерийі

Жеке, топтық тапсырмаларды орындай алады.

Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Бірнеше әдіс-тәсілдер, сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру,көрнекілік. Рефлексия.


Құндылықтар

Қазақстандық патриотизм және азаматтық, құрмет, өмір бойы білім алу.

Тілдік мақсаттар

Қуат, үнемдеу, жұмсау, артық.

Алдыңғы тақырып

Қоршаған орта

Жоспарланған

уақыт

Сабақ барысы:


Ресурстар

Басы 10 минут


Ұйымдастыру кезеңі: Сыныпты асықтар көмегімен топқа бөлу.

1-топ «Жер» тобы

2-топ «Аспан » тобы.

Оқушылармен амандасады,түгендейді.Назарларын сабаққа аудартады..

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

-Оқушылар, көңіл – күйлеріңіз қалай?

Үй тапсырмасын сұрау:

«Сұрақты қағып ал» әдісі арқылы оқушылар бір біріне сұрақтар қояды.

Топпен таныстырылады.


Ортасы 15 минут

Білу және түсіну: Жаңа сабақ

Қоршаған орта және адам. Жалпылауыш сөздер.
«Адамның қоршаған ортаға әсері» жайлы бейнематериал көрсетіледі

Жалпылауыш сөздер

Сөйлемде бірыңғай мүшелерді түсіндіріп, жинақтап тұратын сөздер жалпылауыш сөздер деп аталады. Бірыңғай мүшелер мен жалпылауыш сөздер бір сұраққа жауап беріп, сөйлемде бірдей синтаксистік қызмет атқарады. Жалпылауыш сөздер сілтеу, жалпылау және сан есімдер арқылы жұмсалады. Егер жалпылауыш сөз бірыңғай мүшеден соң келсе жалпылауыштың алдынан сызықша қойылады. Ал бірыңғай мүшелердің алдынан келсе жалпылауыш сөзден кейін қос нүкте қойылады.

Қазақстаннның ең ірі көлдері мыналар: Балқаш, Алакөл, Сасықкөл

Аман, Асан, Омар - бәрі сабаққа қатысты
Қолдану: «Қызықты мәтін»» әдісі. Мәтінді оқындар.
Талдау:

Постермен жұмыс.

1-топ Қоршаған орта және адам

Қоршаған орта адамның көңіл күйіне, жаны мен тәніне қалай әсер етеді?

2-топ Мұқағали Мақатаев «Мен таулықпын»

Өлеңде ақын адамның қоршаған ортаға әсерін қалай бейнелеген?

Жинақтау:

«Конверт-сұрақ» әдісі

  1. Жалпылауыш сөздерді байланыстыра отырып сөйлем құра.

  2. Қоршаған ортаның ластануына қандай факторлар әсер етеді?

  3. Адамның мінезі не себепті қоршаған ортаға байланысы болады?

  4. Қоршаған орта адамның көңіл күйіне қалай әсер етеді?

  5. Қоршаған ортаны қорғаудың маңызы неде?

  6. Жалпылауыш сөздер дегеніміз не?

  7. Жергілікті жердің табиғатын сақтап қалу үшін не істеу керек?




Қоршаған орта туралы бейнематериал көрсетіледі. Сұрақтар қойылады.

Презентациялық слайд көрсетіледі.

Мәтінмен жұмыс.

Берілген мәтіндерді оқу

3 мин.

Постермен топтық жұмыс: Берілген мәтін бойынша сипаттама жасау


Аяқталуы 7 минут

Бағалау 5 мин


Кері байланыс : «Көңіл-күй таразысы» әдісі

Әр топ басшысы топ мүшелерін бағалайды




Сабақтан алған әсерлерін стикерлер арқылы жабыстырады.


Рефлекция

3 мин

«Шаттық шеңбері» әдісі: «Ыстық лебіз»

Оқушылар ортаға дөңгелене шеңбер құру арқылы, жаңа сабақтан алған әсерімен бөліседі.



Оқушылар сабақтан алған әсері туралы айтады

Үй тапсырмасы:


Жалпылауыш сөздер көмегімен «Қоршаған орта қолдауға мұқтаж» тақырыбында эссе жазу.