Файл: Анытама 79 сыныптар арасында азаты лирик аыны Маали Маатаевты туан кніне арналан Маали мгілік мыр атты деби кеш тті. Маали Маатаев мрасы, маржан поэзиясы болаша рпаты елшісі адірлейтін азынасы. Кешті таырыбы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 16.03.2024

Просмотров: 5

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

2020-2025 жылдарға арналған білім беру ұйымдарының мектеп кітапханашыларын дамытудың жол картасы аясында Құмжарған негізгі орта мектеп білім беру басқармасының оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру бағытында «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша

Анықтама

7-9 сыныптар арасында Қазақтың лирик ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған «Мұқағали мәңгілік ғұмыр» атты әдеби кеш өтті. Мұқағали Мақатаев мұрасы, маржан поэзиясы –болашақ ұрпақтың елшісі қадірлейтін қазынасы.



Кештің тақырыбы: «Мұқағали мәңгілік ғұмыр»

Кештің мақсаты:

ХХ ғасырдың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаев жырларын өлең сүйер қауымға кеңнен насихаттау. Ақын поэзиясының халыққа кең таралуының мәні және оның өміршеңдігінің сыры неде екенін таныту, түсіндіру, сезіндіру. Шығармашылығының музыкасымен үндесу ерекшелігін ақынның сөзіне жазылған әндерін көпшілік назарына ұсыну.

Кештің көрнекілігі: М.Мақатаевтың суреті, ақынның шығармалары мен өміріне арналған көрме.

Жүргізуші: Армысыздар, қымбатты оқушылар! Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл шығармаларына арналған «Мұқағали Мақатаев – мәңгілік ғұмыр» атты әдеби кешімізді бастаймыз. Бүгінгі кешімізді ақынның өлеңдерін оқуға арнаймыз.

Мұқағали- ғажайып, сыршыл, ақын. Оның өлеңдерін оқыған сайын ақиқат бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды.

Жүргізуші: Сырым да осы,

Жырым да осы,

Алдыңда.

Байқашы бір,


Бықсыдым ба, жандым ба?

Махаңдар жоқ,

Махаңдардың сарқыты-

Мұқағали Мақатаев бар мұнда, - деп бір күндік сәуледей ағып

өткен қазақ жырының шоқ жұлдызы Мұқағали Мақатаевтың туған күні.

Ортада : 8 сынып оқушысы Таужан Нұрбол «Ей өмір»

7 сынып оқушысы Жанзақ Аружан «Барлығы да сендердікі»

Жүргізуші: Енді ақынды еске ала отырып, кезекті оның өлеңдеріне берейік. Туған жерге, елге, халқына, Отанына, ана тіліне деген махаббат сезімі ақын ретінде оның басты тақырыбы еді. Ол өзінің ұлтын, туған тілін ерекше құрметтеді. Ортаға оқушыларың орындауында Мұқағалидың өлеңдері мәнерлеп оқылады.

Ортада: 9- сынып оқушысы Қонақбай Ержан «Ғашықпын»

8 сынып оқушысы Нәкен Саламат «Қара өлең»


Жүргізуші: Айтылмаған Мұқаңда арман бар ма?

Әрбір әні толы ғой армандарға

Шерте білген мұңдарын жас қайынға

Дәл Мұқандай қазақта ақын бар ма? – деп келесі кезекті әнге

берсек.

Ортада: 8 сынып оқушысы Аязбай Нұрлыбай «Шыда шыда»

Бүгінгі кешімізге ат салысып жатқан балаларға көп рахмет айтып, ақындық жолға басқан қадамдарың құтты болсын, талаптарыңа нұр жаусын демекпіз. Болашақта сендердің де іштеріңнен арқалы ақындар шығады деп сенеміз.

«Ғасыр ақыны» атанған Мұқағали жырлары жылдан -жылға, ғасырдан- ғасырға жалғаса бермек! Мұқағали-мәңгілік өмір! Міне, кешке қатысқан тыңдарман қауым, Мұқағалидың сырлы, әуенді, мұңды жырларына қанық болдыңыздар деп ойлаймын. Бүгінгі кешіміз осымен аяқталды.









Мектеп директоры Айтпағамбетов С.

Мектеп кітапханашысы Сулейменова А.

Сырым да осы,

Жырым да осы,

Алдыңда.

Байқашы бір,


Бықсыдым ба, жандым ба?

Махаңдар жоқ,

Махаңдардың сарқыты-

Мұқағали Мақатаев бар мұнда, - деп бір күндік сәуледей ағып

өткен қазақ жырының шоқ жұлдызы Мұқағали Мақатаевтың туған күні.

7-9 сыныптар арасында Қазақтың лирик ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған «Мұқағали мәңгілік ғұмыр» атты әдеби кеш өтті. Мұқағали Мақатаев мұрасы, маржан поэзиясы –болашақ ұрпақтың елшісі қадірлейтін қазынасы.

Оқушылар ақынның «Шыда шыда», «Қара өлең», «Ғашықпын», «Ей өмір», «Барлығы да сендердікі» деген өлеңдерін мәнерлеп оқыды.