Файл: АйАру Балабашасы жшс жазы сауытыру кезеін йымдастыру бойынша орытынды Дайындаан м а Г. Юсупова.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 16.03.2024
Просмотров: 10
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Ай-Ару» Балабақшасы» ЖШС
Жазғы сауықтыру кезеңін ұйымдастыру
бойынша қорытынды
Дайындаған: м.а Г.Юсупова
Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдарда 1 маусымнан 31 тамызға дейін – жазғы сауықтыру кезеңі ұйымдастырылатынын білеміз.
Осыған байланысты балабақшамызда биылғы жаз маусымына байланысты балалармен, тәрбиешілермен және ата-аналармен ұйымдастырылатын іс-шаралар анықталып, жоспар құрылды, таныстырылып, бекітілді.
Мақсаты: мектепке дейінгі ұйымда сауықтыру жұмысын жүйелі ұйымдастыру және балалардың танымдық қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жағдайлар жасау.
Міндеттері:
-балалардың өмірін қорғау және денсаулығын нығайту;
-тәрбиеленушілер организмінің дене функцияларын дамыту;
-шынықтырудың әр түрі арқылы балалар организмінің жұмысқа қабілеттілігін арттыру;
-дене жаттығуларымен шұғылдануға деген қызығушылық пен сұранысты қалыптастыру;
-іс-қимыл машықтарын көрсетуге жағдай жасау; гигиеналық жағдай жасау; толыққанды тамақтануды ұйымдастыру;
-еңбекке баулу бойынша жұмысты жетілдіру.
Құрылған жоспар бойынша жұмыстар іске асырылды. Атап айтсақ маусым айында «Жазғы кезеңде балалардың денсаулығы мен өмірін сақтауды ұйымдастыру» тақырыбында қызметкерлерге нұсқама жүргізілді, сол бойынша жедел бақылау жасалынып, анықтама толтырылды.Медбике А.Кушарбаева топ тәрбиешілері мен балаларға «Балалар жарақатының алдын алу» тақырыбында нұсқама өткізді, сонымен қатар жаз маусымына байланысты барлық топтарда ойынға қажетті құрал-жабдықтар толықтырылып, ойын алаңдары маусымға байланысты безендендірілді. Педагогтармен «Жаздық шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын тиімді ұйымдастыру» тақырыбында семинар, балалармен «Біз бақытты баламыз», «Көңілді шарлар» ойын-сауық кештері мен «Рәміздерім- мақтанышым» тақырыптық оқу қызметі ұйымдастырылды, балалармен өткізілген ойын, еңбек, серуендерге бақылау жасалынып, бақылау парақтары толтырылды. Топтарда кіркітірілген оқу қызметтері таза ауада өтіліп, шынығу, тыныс алу жаттығулары мен түрлі ойын түрлері ұйымдастырылып, және де жазғы кезеңге сәйкес балалардың күнделікті тамақтанулары тексерілді, «Кене энцефалиті» тақырыбында санитарлық бюллетендер дайындалып топтарға және ата-аналарға таратылды, балабақша ауласындағы құм алаңдары тазартылып, ыстық сумен залалсыздандырылды.
Шілде айында жоспарға сәйкес топ тәрбиешілері балаларға табиғатта серуендеу кезінде тәртіп ережесін сақтау туралы нұсқама өткізді.Балалармен «Нептун күні» спорттық кеш, «Сабынды көпіршіктер» ойын-сауығын ұйымдастырып, «Балаларға күлкі сыйлайық» атты театр қойылымын тамашалатты.Педагогтармен жекелеген жұмыстар жүргізіліп, балаларды қабылдау, таңғы жаттығулар және күнделікті кестеге сәйукес оқу қызметінің өтілуі, серуен, ойын түрлерін және еңбек әрекетін ұйымдастыру т.б жұмыс түрлері тексеріліп отырылды. Медбике А.Кушарбаева қызметкерлер арасында спорттық жаттығулар, ойындар мен жарыстарды өткізу кезіндегі қауіпсіздік талаптары және «уланудың алдын алу» тақырыптарында нұсқамалар жүргізді. Сонымен қатар балалардың тамақтануын ұйымдастыру бойынша азық-түліктің құнарлығы тексерілді. Ата-аналар мен қызметкерлеге «Ішек жұқпасы» туралы бюллетендер дайындалып, таратылды.
Тамыз айына жоспарланған жұмыстарға сәйкес педагогтарға МДҰ ауласында, гүлзарларда, бау-бақшада балаларды еңбекке баулу кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы нұсқама өткізілді.Топтарда балалардың ойын әрекеті бақыланып, балалармен сауықтыру-шынықтыру жұмыстары ұйымдастырылды. Педагогтармен жекелеген жұмыстар жүргізіліп, балаларды қабылдау, таңғы жаттығулар және күнделікті кестеге сәйкес оқу қызметінің өтілуі, серуен, ойын түрлерін және еңбек әрекетін ұйымдастыру т.б жұмыс түрлері тексерілді. Балалармен «Гүлдер мен көбелектер» асфальтқа сурет салу, «Асқақтай бер ата заң!», «Қош бол, жайдарлы жаз!» мерекелік кештері өтілді.Медбике А.Кушарбаева қызметкерлер арасында күн өткенде көрсетілетін алғашқы жәрдем тақырыбында нұсқама берді.Сонымен қатар балалардың тамақтануын ұйымдастыру бойынша азық-түліктің құнарлығы бақыланды.Ата-аналар мен қызметкерлеге «Көкөністер, жемістер мен дәрумендердің пайдасы» туралы бюллетендер дайындалып, кеңестер берілді.
Жазғы сауықтыру кезеңіндегі ұйымдастырылған білім беру әрекеті жыл бойы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы мазмұнына сәйкес игерген білім, білік, дағдыларды пысықтау мен бекітуді қарастыратындықтан, жазғы-сауықтыру кезеңінің перспективалық жоспары жасалды , топ тәрбиешілері соған сәйкес циклограмма толтырды.
Тәрбиешілер жазғы сауықтыру кезеңіндегі барлық әрекет түрлерін күн тәртібіне сәйкес таза ауада ұйымдастырды.
Жаз маусымында атқарылған жұмыстарды қорытындылай отырып, балалардың жыл бойы алған білімдерін пысықтап, жарқын әсерлермен байытып, шынықтырып, денсаулығының нығаюы және ағзаның суық тию сырқаттарына қарсы тұру қабілеттерін арттырып, экологиялық тәрбие негіздерін қалыптастырып, шығармашылық қабілеттерін дамыта алдық деп ойлаймын. Және де балалардың денсаулығын сақтау және нығайтуда педагогтер мен ата- аналардың жауапкершілігі артты.
Барлық жаз маусымының құжаттары әдістемелік кабинетке тапсырылды.
Жазғы сауықтыру кезеңіндегі жұмыстардың табысты болуы мектепке дейінгі ұйым басшысынан бастап барлық балабақша ұжымының мерзімді талапқа сай дайындығымен айқындалады.Біз осыған көз жеткіздік!