Файл: Реферат Орындаан абылдаан.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Реферат

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 16.03.2024

Просмотров: 12

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Нейрохирургия Травматология және Ортопедия бөлімшесі

Реферат


Орындаған: __________________________

Қабылдаған: __________________________

Асептика және антисептика

Жараға жұқпаның түсуі кез келген жараның жиі кездесетін және кауіпті асқынуларының бірі болып табылады. Міне, сондықтан да барлық хирургиялык жұмыстардың негізгі жара жұқпасының алдын алу (сактандыру) қағидасына тіреледі. Жараның беткі қабатына тиетін нәрсенің барлығында ауру туғызатын микробтар болмау керек, (стерильдену қажет), сондай-ақ жараға түскен микробтарды барынша әлсірету қажет. Жара жұқпасының алдын алу жөне онымен күресу үшін қазіргі заманда хирургияда жұқпадан сақтандырудың біртұтас жүйесін кұрайтын асептика мен антисептиканың әр алуан тәсілдері колданылады.

Асептика дегеніміз пациенттің ағзасына микроорганизмдерді түсірмеудің алдын алуға бағытталған іс шаралар жиынтығы. Ол зарарсыздандыру және залалсыздандыру жолымен микробтар мен оның спораларын жою арқылы жүзеге асады.

Асептика — жараны микроптардың зақымдауынан қорғау әдісі. Бүл үшін жарамен түйісетін затта микроб болмауы тиіс. Мүлдем микроб жоқ материалдар мен заттар та-зартушы деп аталады. Заттар мен аспаптардағы, басқа бүйымдардағы микробтарды толық жою тазарту (стерилизация) деп аталады. Жараны көп жағдайда іріңдетуші микробтар зақымдайды, одан кейін жара іріңдеп, ісінеді. Микробтар сөл тамырларына, сол арқылы сөл жолдарына түсуі мүмкін. Бүл жағдайда тері ісініп қызарады және қатты ауырады. Ал егер іріңді инфекция қанға өтсе, қан бүзылып сепсис дамиды.

Антисептика дегеніміз жараға түскен микробтарды жоюға арналған іс шаралар жиынтығы. Жараға түскен бактерияларды, микро-организмдерді өлтіретін немесе олардың тіршілігін әлсіретіп антибиотиктерді химиялық және биологиялық заттарды қолдану жолымен жою. Антисептиктер ретінде хлорамин ерітіндісі, иод тұнбасы, спирт, сутегі қолда-нылады. Антисептиканың екі түрі бар: алдын алу және емдік антисептика.

Емдік антисептиканың мынандай тәсілдері бар: механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық және аралас.

Механикалъщ антисептика жараны алғашқы хирургиялық емдеу кезінде жүргізіледі.

Механикалық антисептика: жарадағы өлі және езілген ұлпаларды, ұйыған қанды, бөгде затты тазалау, жараны көп мөлшердегі сұйықтықпен жуу және тазалау жатады.


Физикалыц антисептика жарадағы микробтар үшін қолайсыз жағдай жасайды, атап айтқандай бүл жараны қүрғатады, жарадан сүйық суды сыртқа шығарады. Микробтарды күн сәулесі мен жасанды ультра күлгін сәулесі өлтіреді.

Химиялық антисептика: микробқа қарсы әсері бар түрлі дәрілік заттарды қолдануға негізделген. Бұл дәрілік заттарды антисептиктер (этил спирті, хлоргексидин биглюконат, сутегінің асқын тотығы, йод, бриллиант жасылы, фурациллин ерітіндісі, лизоформин, эросан т.б.) деп атайды.

Биологиялық антисептика: антибиотиктерді, сарысуларды, вакциналарды қолдану. Биологиялъщ антисептиктерге жара инфекциясынан сақтандыру мен емдеу үшін пайдаланылатын антибио-тиктер жатады.

Аралас антисептика дегеніміз антисептиканың бірнеше түрін бір мезетте қолдану.

Антисептика мен асептика әдістері жараның инфекциялық зақымдануымен күресте бірін-бірі толықтырады.