Файл: Бекітемін Келісілген Педкеес мжілісінде аралды Мектеп директоры дир. Оімсі 28. 08. 2021 жылы 2 хаттама.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 16.03.2024

Просмотров: 7

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Бекітемін: Келісілген: Педкеңес мәжілісінде қаралды

Мектеп директоры дир. ОІМ-сі 28.08.2021 жылғы №__2__хаттама

Мушкудиани Р.И Нұргазина Б.Ә.

Владимеров орта мектебі

«Математика әлемі» бойынша факультатив жоспары

Сынып: 4 «ә»

Мұғалім: Бахытмурат Акшолпан

Математика әлемінде

3 сынып

Құрастырушы: Ильясова Гульбаршын Аяпбергенқызы

УДК 373 (073) ББК 74 .262 .21

ISBN 978-601-7438-71-5
Пән мұғалімі: Бахытмурат Акшолпан

УДК 373 (073)

ББК 74 .262 .21

«Математика әлемінде»

(3 сыныптарға арналған таңдаулы курс бағдарламасы және

кешендік әдістемелік құралы)

Құрастырушылар: Бастауыш сынып мұғалімдері Ильясова Г.А ,Ильясова А.А

Рецензент:Сын-пікір білдіруші: Физика-математика ғылымының кандидаты,пофессор: Ж.-Н.М.Кужукеев

Бағдарлама 1 сыныптары үшін оқушы компонентінен беріліп отырған қосымша сабақтарға бағытталып құрылып отыр.

Бағдарламаны жасау кезінде балалардың ойлау,қабылдау,есте сақтау,зейінділік сияқты қабілеттерінің даму ерекшелігі жас ерекшелігі,шығармашылық, мүмкіндік және міндетті деңгейлері ескерілді.

Бұл бағдарлама жан-жақты терең білімге ынталандырып, ең қарапайым дағдыларды үйренуге, шығармашылық дамуға үлес қосады. Әрбір алынған тақырып сапалы, үлгілі жүргізілуі тиіс.Беріліп отырған логикалық тапсырмалар, жұмбақтар, ребустар, санамақтар, дидактикалық ойындар оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес құрылып, оқушының логикалық ойлау қабілетін дамытады.
ISBN 978-601-7438-71-5

Түсінік хат.

Ұсынылып отырылған бағдарлама 3 сыныптары үшін оқушы компонентінен беріліп отырған қосымша сабақтарға бағытталып құрылып отыр.

Бағдарламаны жасау кезінде балалардың ойлау,қабылдау,есте сақтау,зейінділік сияқты қабілеттерінің даму ерекшелігі жас ерекшелігі,шығармашылық, мүмкіндік және міндетті деңгейлері ескерілді.

Оқушыларды жан-жақты өмір талабына сай етіп оқытудың қажеттілігі заман талабынан туындап отыр. Сондықтан бастауышта қосымша сабақ түрлері енгізіліп отыр. Соның бірі « Математика әлемі» бағдарламасы. Бұл бағдарлама

оқушылардың математикалық білімін кеңейтеді.

Сондай-ақ «Математика әлемі» бағдарламасы бойынша берілген тапсырмалар мен сұрақтар қайталанып келмейді.


Бағдарлама негізінен жан-жақты терең білімге ынталандырып, ең қарапайым дағдыларды үйренуге, шығармашылық қабілеттің дамуына үлес қосады. Әрбір алынған тақырып сапалы, үлгілі жүргізілуі тиіс. Талдау, жинақтау, салыстыру,ұғымды дұрыс меңгеру,ойын еркін айта білуге ынталандыру. Оқушылардың білім деңгейін толықтырып әр түрлі есептерді шығартып, білік дағдыларын жетілдіреді.

Бағдарламада ауызша, жазбаша ойын әрекеті, логикалық ойлау, өздігінен жұмыс істей отырып математика пәніне деген қызығушылығын арттыратын тапсырмалар қамтылған.

Бұл бағдарлама жан-жақты терең білімге ынталандырып, ең қарапайым дағдыларды үйренуге, шығармашылық дамуға үлес қосады. Әрбір алынған тақырып сапалы, үлгілі жүргізілуі тиіс.Беріліп отырған логикалық тапсырмалар, жұмбақтар, ребустар, санамақтар, дидактикалық ойындар оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес құрылып, оқушының логикалық ойлау қабілетін дамытатын, өмір дағдыларына қалыптастыратын бірден-бір құрал деуге болады.

Сондай-ақ математика пәні шыдамдылықты, зеректілікті және еңбексүйгіштікті талап етеді. Бағдарлама оқу материалдарын есепке алып жасалығандықтан бастауыш сынып мұғалімдеріне қажетті, тиімді құрал болар сөзсіз.

Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері

Мақсаты: Математикалық ұғымдар мен логикалық іс-әрекет тәсілдерін оқып үйрету және білім, білік дағдыларын қалыптастыру.

Міндеттері:

-бағдарлама көлеміндегі кез- келген логикалық жаттығулардың шешуін тауып, оқушының өз бетімен жұмыс жасау дәрежесіне жетуі;

-логикалық жаттығулардағы әр түрлі шамалардың байланысын ара қатынасын, тәуелділігін ажырата білуі.

-оқушылардың өздерінің ізденісі нәтижесінде сандар қатарын анықтай білуге, белгісіз санның орнын табу, фигураларды ажырата білуге үйренуі.

-әрбір сабақ сайын логикалық есептердің түрлерін көбейтіп, оқушылардың қиялының дамуына ықпал жасау.

Бағдарламаны оқудағы білім, білік дағдылары

Білу:

-заттар санай білу;

-қайсысы артық немесе кем екенін айта білу;

-заттар тобын көз мөлшермен санау арқылы және сәйкестендіру арқылы салыстырту;

-геометриялық фигуралардың атауларын білу;

-есепті шеше білу;

-логикалық тапсырмалармен жұмыс жасай алу;

Қолдана алу:

-ауызша және жазбаша есептеуді талдау;

-өз бетінше есептің қысқаша шартын жазу;

-математикалық терминдерді қолдана алу;


-геометриялық фигураларды ажырату;

Күтілетін нәтиже:

1.Бағдарламаны оқыту барысында заттарды санауды игереді.

2.Логикалық ойлау іс-әрекеті артады.

3.Геометриялық білім қалыптасады.

4.Математика әлемін танып-білуге құштарлық қалыптасады.

5. Ақыл-ойының белсенділігін артады.

6. Саналылық пен ұстамдылық қалыптасады.

7.Ойын шартына бағыну,ой жігері дамиды.

Оқытудың әдіс-тәсілдері.

1.Ойын әрекеті арқылы танымдық ой-өрісін, шығармашылығын, қызығушылығын арттыру.

2.Көрнекілік және сызба әдісі.

3.Сұрақ-жауап, тұжырымдау, ой-қозғау.

4.Сабақты өмірмен байланыстырып өту әдісі.

5.Шығармашылық, өзіндік жұмыс істеу.

6.Талдау, жинақтау әдістері.

7.Байқау, бақылау әдістері.

8.Кестемен жұмыс.

9.Топтық жұмыс.

10.Өзін-өзі тексеру, жұптық тексеру әдістері.
Бағдарлама мазмұны

І-бөлім «Геометрия еліне саяхат» 6-сағат

Бұл бөлімде оқушылар геометрилық есептер шығарып,фигуралар әлеміне саяхат жасайды.Бөлімде 12 сағат берілген. «Тығылған әріптер», «Мен ойшыл баламын» -тақырыбындағы сабақтар оқушылардың алғашқы геометриялық қадамдарын нығайтып,пәнге қызығушылығын оятады.Оқушы ойнай отырып,ойлауға үйренеді.

ІІ бөлім «Қазақтың қара есептері» 6- сағат

Оқушылар қазақы өлшем ұғымдары арқылы негізгі өлшем бірліктері туралы мағлұматтар алады.Оқушының есеатеуге құштарлығы артады.

2.Өзіндік жұмыс 4-сағат.

Жазбаша өзіндік тексеру, қосу,азайту,салыстыруды пысықтау

3.Математикалық сөзжұмбақ. 4-сағат.

Ізденушілігі, байқағыштық қабілеті,ақыл ой белсенділігін арттыру, сөзжұмбақ сызбасы.

4. Математикалық диктант. 4-сағат.

Жазбаша өзін өзі тексеру, Есептеу дағдыларын дамыту.

5. Логикалық есептер. 10-сағат.

Ой қозғау жазбаша ауызша, ой-өрісін танымын кеңейту

6. Математикалық жаңылтпаш, жұмбақ, санамақ, ребустар. 8-сағат

Тілін, жаңылмай шапшаң айту дағдысы жетілдіру, ой-өрісін, дүние танымын кеңейту.

7.Ұлттық ұғымдағы есептер. 4-сағат.

Ұлттық дүние танымын жетілдіру.


8.Математикалық ойын есептер. 1 4-сағат.

Ой-өрісін шығармашылығын, танымын дамыту.

9.Тест жұмысы. 4-сағат.

Байқау әдісі,өзін өзі тексеру, білім-білік дағдыларын байқау

Қортынды. 2-сағат.

Ауызша сұрақ-жауап. Жинақтау.

Оқу-тақырыптық жоспар

34 сағат (аптасына 1 сағат)




Тақырыбы

Мақсаты

Сағат саны

Мерзімі

І тоқсан (9 сағат) І-бөлім «Геометрия еліне саяхат»

6




1

Кіріспе

«Қызықты математика» бағдарламасы туралы мағлұмат алу

1

03 09

2

«Ерек болсаң, зерек бол!» Геометрияға алғашқы қадам

Геометриялық фигуралар және олардың қиылысуы туралы түсінік беру

1

10

3

«Сәуле мен кесінді туралы ертегі» қиылыспайтын сызықтар

Ертегі арқылы сәуле кесінді туралы ұғымдарын арттыру

1

17

4

Тығылған әріптер

Берілген тапсырманың жауабын шапшаң таба білу.

1

24

5

«Мен ойшыл баламын» шаршылардан құрастыру

Санды өрнек және оның мәнін табу түсініктерін дамытады.

1

01 10

6

«Фигураны ата»

Фигуралардың ерекшелігін анықтауға машықтандыру

1

08

ІІ бөлім «Қазақтың қара есептері»

Қазақша өлшем бірліктері туралы түсінік. Минут, са­ғат, тәуілік, апта, ай, жыл, мүшел, ғасыр және олардың арақатынасы.

Сыйымдылық туралы түсінік.Масса туралы түсінік. Қарапайым шамаларды салыстыруға үйрету

6




7

Ұлттық ұғымдағы есептер

Ұлттық ұғымдағы есептерді тез,шапшаң ойлап шығаруға үйрету

1

15

8

«Тездет, бірақ қателеспе!»

Ойлау қабілеттерін,ауызша есептеу дағдысы жетіледі.

1

22

9

Сүйем,қадам,елі ұғымдары

Ұзындық өлшем бірліктерін ажырату,ұсақтау.

1

29

ІІ тоқсан (6 сағат)

10

Өрнек құрастыру « Кім зерделі?»

Математикалық диктанттар жазуға үйрету.

1

19 11

11

«Сиқырлы қобдиша»

Ойын арқылы есептер шығаруға деген қызығушылықтарын нығайту.

1

26

12

Сандар құрамы. Ойын сабақ.

Үйлер құрастыру арқылы сан құрамы туралы ұғымдарын арттыра түсу.

1

03 12

ІІІ бөлім «Жұмып бақ,жұмбақ тап»

Жұмбақ есептер арқылы оқушыларды есте сақтауын арттыру.

8




13

Ойнайық та, ойлайық!

Шығармашылық қабілеті,ақыл ой белсенділігі артады.

1

10

14

Сөйлемді аяқта

Ауызша есептеуге үйрену.

1

17

15

Математикалық сөзжұмбақ

Сөзжұмбақтар шешу арқылы,ой ұшқырлығын қалыптастыру

1

24

ІIІ тоқсан (10 сағат)

16

Ғажайып сандар

Сандардың ерекшеліктерін танытыу.

1

14 01

17

Ғажайып сандар

Сандардың ерекшеліктерін танытыу.

1

21

18

Құпия хат

Белгісіз санды анықтау

1

28

19

Ойлан, тап

Ойлау қабілетін,іздемпаздығын арттыру.

1

04 02

20

Шығармашылық тапсырмалар

Ой-өрісін танымын кеңейту

1

11

ІҮ бөлім «Логика әлеміне саяхат»

7




21

Логикалық есептер

Логикалық тапсырмаларды орындауға үйрету,шапшаңдыққа тәрбиелеу.

1

18

22

«Тез ойла»

Шапшаң айту дағдысын ,тез шешім қабылдауын жетілдіру

1

25

23

Қызықты жаттығулар

Ой-өрісін жетілдіру,шығармашылығын арттыру.

1

04 03

24

Сіріңке арқылы математикалық ойындар

Логикасын арттыру

1

11

25

Математикалық ребустар

Ой-өрісін шығармашылығын, танымын дамыту.

1

18

ІV тоқсан (9 сағат)

26

Ғажайыптар алаңы

Алған білімдерін нығайту,анықтау.

1

01 04

27

«Қызықты арифметика» сөз есептер

Сөз есептерді түсініп оқып,шығаруға үйрету.

1

08

Ү бөлім «Әзіл есептер әлемінде

3




28

Көңілді есептер

Ойлау қабілетін дамыту

1

15

29

Математикалық жұмбақ

Ой-өрісін қызығушылығын дамыту.

Білім-білік дағдыларын анықтау.

1

22

30

Әзіл есептер

Әзіл есептердің мағынасын түсінуін жетілдіру.

1

29

ҮІ «Санамақ ,санап тап»

4




31

Математикалық санамақ

Санамақтардағы тәрбиелік ұғымдарды анықтау.

1

06 05

32

Қызықты есептер

Санамақ арқылы берілген есептерді шығару.

1

13

33

Математикалық сайыс

Жылбойы өткен сабақтарды қорытындылау мақсатында сайыс ұйымдастыру.

1

20

34

Тест жұмысы

Жыл бойы алған білімді тиянақтау.

1

20




Қолданылған әдебиеттер:

1.Бастауыш сыныптағы қызықты математика. Жалмағамбетова Н.Б. Алматы, 2004 ж

2. Білімдегі жаңалықтар. Астана, 2006. Рахимжанов Ә.М

3. «520 басқатырғыш» Дью Дени Г.Э. Москва П: Мир, 1995 ж

4. «Мың есеп» Н.Капитов Москва А.Ф. Пресс, 1990 ж

5. Математика. 2 сыныпқа арналған жұмыс дәптер. Алматы, 2004 ж. Қазанғапова А.Қ

6.Математика «Просвещение» 1996 ж

7. Математикадан кластан тыс жұмыстар. Дельфан М.В. Москва, «Просвещение»

8.Математикаға арналған дидактикалық материалдар. Б.М. Қосанов, Р.К.Өмиртаева. Алматы «Атамұра» 1998 ж

9.Контрольная и олимпиадная работа по математике. Москва 2003ж.

10. Қызықты ертегі есептер. Русланов Л.Н. Москва 1997 ж

11. Сөзжұмбақ

12.Шаршыға байланысты есептер. Русланов Л.Н. Москва, 1990ж

13. Математическая мозайка. Алма-Ата, 1991г. К.Ш.Шаяхметова

14.Труднев Т.П. Внеклассная работа по математике вначальный школе. «Просвещение» 1975г.