Файл: Екі жлдыз байауыны сценарийі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 16.03.2024

Просмотров: 10

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Екі жұлдыз» байқауының сценарийі

Армысыздар, құрметті қонақтар!

Қырандай қалықтап, әсем әнмен шарықтап, Қазақстанды аралап, өнерліні жағалап, алыстан ат арытып, микрофонды тоздырған «Екі жұлдыз» байқауы міне біздің де мектепке келіп жетті.

Байқау «Жас мамандар» апталығының аясында мұғалімдер арасында өткізілгелі отыр.

Байқауды өткізудегі мақсатымыз жас мамандар арасында тығыз байланыс орнату. Бірлікке, ұйымдастырушылыққа, патриоттыққа, өнерді бағалай білуге тәрбиелеу болып табылады.

Қазақ халқы қашанда өнермен өнерпазға кенде болмаған ғой. Ал, ән әлеміндегі жұлдыздарымыздың орны бөлек. Аспан әлеміндегі сан жұлдыздың жарқырай көрінуі – бағының жанып, бабының келіскені деп ұғамыз. «Жұлдызың жансын!» - деген қазақы ақ тілекпен бүгінгі байқауымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

Біздерде ойын-сауық басталады,

Тамаша көңіл күймен ән салады

Қош келдіңіз  «Екі жұлдыз» жобасына

Ұмытарсыз 1 ай  бойғы шаршағанды, –

дей келе байқауымызға қатысушы жұлдызды жұптарымызды қошеметпен ортаға шақырайық.

Сахна төріне 1- жұбымыз — ойлаған ойы мен сұңғақ бойында бір міні жоқ, асықпай қадам басатын, үн-түнсіз қырдан асатын, ибалы жүзді, ниеті ізгі ағылшын тілі пәні мұғалімдері Даутбаева Рысжан және Али Нұргүлді сахна төріне құрмет, қошеметпен шақырайық!

2- жұбымыз, өз ісіне ұқыптылықпен бойлаған, үйренем деп талпынған, қисық кетпес салтымнан, айтқан тапсырманы тындыратын ұдайы, сүйкімді де сыпайы математика пәні мұғалімі Бүркітбаева Асем және мектепалды даярлық мұғалімі Жұмаділова Айшаныортаға  шақырамыз.

3-жұп сұңғақ  бойы келбетіне сай түскен, қашпайтұғын тапсырылған бар істен, ұжымның көңілін өзіне тек қана жақсы іс-әрекетімен тарта алатын,  атқарар ісіне жандарын салатын дене шынықтыру пән мұғалімдері Тайбуров Мирхат және Абатов Азаматты ортаға шақырамыз.

4 - жұп – шәкірттерін аялаған, салтанатты сәні бар, адамдық қасиеттердің бойында бәрі бар, үлкенге құрметпен, кішіге ізетпен қарайтын, әрдайым күлімдеп, оқушыға тек сапалы білім деп жүретін мектепалды даярлық мұғалімі Саламат Ұлжан мен ағылшын тілі пәні мұғалімі Нұртай Аружанды ортаға құрметпен шақырамыз. 

6 - жұп — Өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, шәкірттеріне әрқашан мейірімді дос болуға жарайтын,  қалаған ісін шын беріле істей білетін, үлкен мен кішіні бірдей сыйлап жүретін
хатшы қызымыз Қашқынбай Ұлпан және орыс тілі пәні мұғалімі Ембергенова Алтынды шақырамыз!

Ендеше қатысушылар сіздерге сахна төріне «Қош келдіңіздер»,- дейміз. Келесі кезекте қатысушыларымызға әділ төрелігін айтар әділқазылар алқасымен таныс болайық:

1.

2.

3.

4. Музыка пәнінің мұғалімі, мектебіміздің алтын ұстазы Жақсыбаева Ақалтын апай.

Қатысушыларымызды қошеметпен орындарына шығарып саламыз.

Ал ендігі кезекте «Екі жұлдыз» жобасының ережесімен таныс болыңыздар!

Жоба 2 кезеңнен тұрады:

1 – кезеңде қатысушылар 1 халық әнін  шырқауы керек. 2 – кезеңде қатысушылар еркін тақырып бойынша 1 ән  шырқайды.
Қатысушы жұптарымыз 2- кезеңде де төмендегі критерийлер бойынша,бағаланады.


Сырт келбеті, киім кию үлгісі

Шығармашылық,

ән таңдау деңгейі;

Әнді орындау шеберлігі











1-кезең.

____-жұп Даутбаева Рысжан және Али Нұргүл «Ақбаян» халық әнімен.

____-жұп Саламат Ұлжан және Нұртай Аружан «Бипыл» халық әнімен

____-жұп Бүркітбаева Әсем және Жұмаділова Айша «Балапан қаз» халық әнімен

____-жұп Қашқынбай Ұлпан және Ембергенова Алтын «__________________» халық әнімен

____-жұп Тайбуров Мирхат және Абатов Азамат «________________ » халық әнімен
Кезекті екінші кезеңге береміз. 2 – кезеңде мұғалімдер еркін тақырып бойынша ән шырқайды.
2-кезең.

____-жұп Даутбаева Рысжан және Али Нұргүл ағылшын тіліндегі заманауи «Up!» әнімен.

____-жұп Саламат Ұлжан және Нұртай Аружан орыс тіліндегі «Восточные сказки- Блестящие» әнімен

____-жұп Бүркітбаева Әсем және Жұмаділова Айша «Зимний сон» әнімен

____-жұп Ембергенова Алтын және Қашқынбай Ұлпан « _____________________» әнімен

____-жұп Тайбуров Мирхат және Абатов Азамат « ___________________________» әнімен
Әділ қазылар қорытындылап болса бүгінгі жұлдызды кешіміздің жеңімпаздарын анықтау үшін сахна төріне қошеметтеп әділ қазылар алқасын шақырамыз.



Марапаттау кезеңі

Осымен бүгінгі «Екі жұлдыз» ән байқауы өз мәресіне жетті. Байқауымызды барлығымыз білетін, «Екі жұлдыз» жобасының символына айналған «Екі жұлдыз» әнімен қорытындылаймыз. Барша қатысушыларды сахна төріне шақырамыз!

1-кезең.

Максималды 10 балл



Қатысушылар

Сырт келбеті, киім кию үлгісі

Шығармашылық, ән таңдау деңгейі;

Әнді орындау шеберлігі

Қорытынды:

Ескерту!

1

Али Нұргүл- Даутбаева Рысжан
















2

Бүркітбаева Әсем- Жұмаділова Айша
















3

Абатов Азамат- Тайбуров Мирхат
















4

Нұртай Аружан- Саламат Ұлжан
















5

Ембергенова Алтын- Қашқынбай Ұлпан
















2-кезең.

Максималды 10 балл



Қатысушылар

Сырт келбеті, киім кию үлгісі

Шығармашылық, ән таңдау деңгейі;

Әнді орындау шеберлігі

Қорытынды:

Ескерту!

1

Али Нұргүл- Даутбаева Рысжан
















2

Бүркітбаева Әсем- Жұмаділова Айша
















3

Абатов Азамат- Тайбуров Мирхат
















4

Нұртай Аружан- Саламат Ұлжан
















5

Ембергенова Алтын- Қашқынбай Ұлпан

















«Екі жұлдыз»

Түннің қай уақ болғанын да кім білген,
Сөніп жатты жұлдыз біткен бір-бірден.
Сөніп жатты үмітімдей бәрі де,
Жаным ысып, жалын құшып тұрдым мен.

[Қайырмасы]
Екі жұлдыз - екі бақыт көктегі,
Төбемізде тұрып алды, кетпеді.
Бар аспаннан екі жұлдыз көрдік біз,
Біздер де екеу едік, өйткені.

Үнсіз ғана, бізге, жаным, еленбей,
Уақыт, шіркін, өте берді бөгелмей.
Екі жұлдыз тұрды аспанның жүзінде,
«Екеуіңді қимай тұрмыз» дегендей.

[Қайырмасы]
Екі жұлдыз - екі бақыт көктегі,
Төбемізде тұрып алды, кетпеді.
Бар аспаннан екі жұлдыз көрдік біз,
Біздер де екеу едік, өйткені.

Өз жолынан жаңылмайтын мәңгілік,
Келе жатты көкжиектен таң күліп.
Екі жұлдыз сөне берді ақырын,
Көкірегімде ақ сәулесін қалдырып.

[Қайырмасы]
Екі жұлдыз - екі бақыт көктегі,
Төбемізде тұрып алды, кетпеді.
Бар аспаннан екі жұлдыз көрдік біз,
Біздер де екеу едік, өйткені.