Файл: Курс жалпы орта білім беретін мектептерді 7 сынып оушыларына арналан.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 16.03.2024
Просмотров: 16
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Түсінік хат
Елімізде білім беру саласында қазір ізгілендіру іске асырылуда.Ағылшын тілі ана тілімен қоса оқушының сөйлеу қабілетін және жалпы дамуын ғана жетілдіріп қоймайды, оны өзін қоршаған айналасындағы адамдармен қарым-қатынас мәдениетіне де үйретеді.
«Химия және тамақтану » таңдаулы курста қиындығы тілдік материалдар: қалыптан тыс жаттығулармен қамтылған.
Химия пәнін ағылшын тілімен байланыстыра оқытy оқyшылардың сөздік қорын кеңейте отырып, жаңалық ашyға, әртүрлі бақылаyлар, тәжірибелер жүргізyге құлшындырады. Қарапайым көрсетyлер оқyшыны өз бетімен ізденyге, танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамытyға бағыттайды. Ең бастысы оқyшының ағылшын тілін меңгерyдегі сөздік қоры толығады, сөйлеy дағдысы қалыптасады. Сабақ барысында қосымша берілетін химиялық терминдер сөздігі оқyшының сөз қорын қалыптастырyда өз көмегін тигізеді.
Курс жалпы орта білім беретін мектептердің 7 сынып оқушыларына арналған.
Курс 36 сағатқа арналып жасалған.
Курстың мақсаты:
Оқушының қарым-қатынас мәдениетін дамытуға жағдай туғызу, грамматикалық ережелерді ескере отырып, еркін таза сөйлеуге бейімдеу,үйрету.
-оқушыларға коммуникацияның түрлі обьектілерін қолдана білуіне: мәтін, диалог, монологты түсіну және құра білуге үйрету.
-оқушылардың өз бетінше іс-әрекетін жетілдіру, ойлау қабілетін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Оқыту міндеттері:
-сөздік қорын молайту арқылы сөйлете білу.
-оқушылардың тілдік сауаттылығын арттыру.
-шығармашылық қабілеттерді дамыту.
— оқушылардың логикалық ойлауының бірізді болуын қалыптастыру.
Күтілетін нәтижелер
Курсты оқытуда оқушылар:
-мәтінге сүйене отырып оның негізгі мазмұнын айта алуы
-маған ұнайды/ұнамайды деген сияқты сөздерді қолдана отырып оқығанына өз пікірін айта алуы
-сұрақ-жауап түрінде сөйлеу
-танысу, өзін таныстыру және жауап бере алуы
-естіген ақпарат хабарды өз тәжірибесімен салыстыру, ой елегінен өткізу, оларды бағалай білуі
-жаңа сөздердің мағынасын пайымдай білу
Курсты меңгеру талаптары:
- коммуникативтік бағдардағы сөз түрлерін қолданып әңгімелер айта алуы
- нақты ақпарат хабарды сұрау, айту, мәлімдеу, сұрау әрі жауап бере білуі
- оқыған немесе естіген мәтіннің жоспарын жасай, жаза алуы
Ағылшын тілін меңгеруде оқушылардың белсенділігін ары қарай дамыту, өзін -өзі бақылау мен бағалауға дайындау, сонымен қатар оқып жатқан тілін, білімін жалғастыру мақсатында қолдану керек.
«Химия және тамақтану » курсының күнтізбелік жоспары.
| Сабақ тақырыбы | Орындалатын жұмыстар. | Сағат саны | мерзімі |
1 | Кіріспе Химия ғылымы, тарихы | Дәріс алу | 1 | |
2-3 | Техникалық қауіпсіздік ережелері | Түсініктеме тест | 2 | |
4-5 | Химиялық ыдыстар | Демонстрациялық сабақ | 2 | |
6 | Жай және күрделі заттар | Дәріс | 1 | |
7-8 | Атом құрылысы | Интернет материалдары. Атом құрылысының моделін жасау | 2 | |
9-10 | Таза заттар және қоспалар | Тәжірибие жасау | 2 | |
11 | Заттың агрегаттық күйі | Тәжірибие жасау. Интернет материалдары | 1 | |
12-13 | Периодтық кестемен танысу Periodic system | Периодтық жүйенің құрылысын жаттау | 2 | |
14-15 | Химиялық элементтер және олардың таңбалары | Негізгі элементтердің атын үш тілде жатқа айту | 2 | |
16-17 | Металдар және бейметалдар | Слайд | 2 | |
18 | Химиялық элементтердің адам организміндегі биологиялық рөлі | Реферат жазу | 1 | |
19 | Тағам өнімдері химиялық қосылыстардың жиынтығы | Түсініктеме беру | 1 | |
20 | Нәруыздар және көмірсулар | Дәріс | 1 | |
21 | Дәрумендер мен минералдар | Түсініктеме беру, әнгімелесу | | |
22 | Табиғаттағы су. Судың қасиеттері. | Ойлар аукционы | 1 | |
23 | Ауа. Ауа құрамы .жану. | Реферат | 1 | |
24 | Атмосфералық ауаның ластануы.Озон қабаты | Видео материал | 1 | |
25 | Тыныс алу процесі | Түсініктеме беру, тәжірибе жасау | 1 | |
26 | Бейорганикалық қосылыстар | Интернет ресурстары , слайд | 1 | |
27 | Пайдалы геологиялық химиялық қосылыстар | Интернет ресурстары , слайд | 1 | |
28 | Индикаторлар | демонстрация | 1 | |
29 | Химиялық реакция ұғымы | Түсініктеме беру | 2 | |
30 | Практикалық жұмыс | Рекция реакция типін жазу | 1 | |
31 | Химиялық диктант | диктант | 1 | |
32-33 | Курста пайдаланған терминдердің қазақша – ағылшынша сөздігі | Ауызша жауап алу | 2 | |
34-35 | Сандық есептер шығару | | 2 | |
34 | Курсты қортындылау сабағы | тест | 1 | |
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Н.Назарбаев (Қазақстан халқына жолдауы). Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. Аcтана,2007
2. Борунова Е.Б. Об организации контроля знаний, умений и навыков школьников по химии в странах Европейского Союза // Свиридовские чтения: сб.ст. Вып.4. / редкол.: Т.Н.Воробьева (отв.ред.) [и др.] – Минск: БГУ, 2008. – С.338-342
3.Муханалиева А. А. Лексические особенности перевода терминов // Актуальные про- блемы науки и образования: прошлое, настоящее, будущее : сборник науч. трудов по мате- риалам Международной заочной научно-практич. Конференции. Тамбов, 2012. С. 86–88.