Файл: Программалау орта таырып Дстр жне фольклор.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 17.03.2024

Просмотров: 10

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«№206 мектеп_гимназия» Тексерілді ДОІЖО________

Пәні: Цифрлық сауаттылық

Қысқа мерзімді жоспары

Бөлімі:

2-бөлім. Программалау (ортақ тақырып: «Дәстүр және фольклор»)

Педагогтің аты-жөні:

Рысбекова А.Б

Күні:

1 «Е», «Ж»

1 «М»

14.02.2023

17.02.2023

Сыныбы: 1

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Менің алғашқы программам

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.4.2.1. программалау ойын алаңында жобаны құру, сақтау және ашу (Scratch).

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушы үшін:

Жобаны құру, сақтау және ашуды біледі.

Көпшілік оқушылар үшін:

Жобаның скриптіне қарап кейіпкердің іс-әрекетін сипаттайды.

Кейбір оқушылар үшін:

***. Блоктар тізімін атқаратын қызметімен сәйкестендіреді.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:

1-7 мин.



1. Сәлемдесу.

2. Оқушыларды түгендеу.

Ширату тапсырмасы: «Күн! Тас! Қоршау!» ойыны.

Ойын оқушылардың зейіні мен қозғалыс жылдамдығын дамытуға бағытталған.

Ойын шарты: оқушылар бірнеше топтарға бөлініп отырады. Кезек-кезек балаларға «Күн!», «Тас!», «Қоршау!» атты бұйрықтар беріледі. Сөздердің айтылу ретін үнемі өзгерту қажет. Оқушылар әрбір сөзге қимылмен жауап берулері шарт. Егер «Күн!» деген сөз айтылса, олар алақандарын ашып, саусақтарын тарбитып, қолдарын жоғары көтереді. «Тас!» сөзінде қолдарын түюлі жұдырықтарымен көтереді. «Қоршау!» сөзінде алақандарын ашып, қолдарын көтереді, бірақ саусақтары бір-біріне тығыз жанасып тұруы керек. Ойын жылдамдығы біртіндеп жоғарылауы қажет. Ешбір қате жібермеген топ жеңімпаз атанады.







4. Топтастыру:

Сабақтың тақырыбы, мақсаты, критерийлерімен таныстыру.


«Шаттық шеңбері» әдісі.

Оқушылар шеңбер бойымен тұрып, үштікке саналып, үш топқа бірігеді.







(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі.

«Ой қозғау» әдісі.

Алдыңғы білім мен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға мұғалімнің көмегімен (бағыт-бағдары, нұсқауымен) жауап іздейді. Өз ойларымен бөліседі

  • Компьютерде ақпаратты қалай ашуға және сақтауға болатындығын білесің бе?

  • Ақпаратты компьютерге не үшін сақтау керек?




ҚБ: Мұғалім сабаққа қатысып, белсенділік көрсеткен оқушыларды «Смайликтер» әдісі арқылы бағалайды.


Интерактивті тақта


Жаңа сабаққа дайындық.

(МК, Д) Оқулықпен жұмыс істеу

Оқушылар оқулықтағы мәтінді оқиды. Мәтіннен өзінің түсінгендері бойынша пікір алмасады. Мұғалім дұрыс жауапқа бағыттап, толықтырып отырады.

Оқулық

(Ө). Дәптермен жұмыс.

«Түртіп алу» әдісі

жобаны алғаш рет сақтау: Файл - Ретінде сақтау

жобаны ашу: Файл - Ашу

Жұмыс дәптері

Сабақтың ортасы

(26 мин)

(МК, Д) Оқулықта берілген практикалық жұмыстың орындалу үлгісіне қарап, тапсырманы жасап үйренеді.

Тапсырма: Мысық сахнада оңға, солға жүреді. Блок-сызбасы 5-суретте берілген.

Жобаны іске асыру үшін:

1.Scratch-ті іске қос.

2. Файл – Жаңа командаларымен жаңа бет аш.

3. 5-суреттегі командаларды орналастыр.

4. Жобаны Менің жобам атымен сақта (4-сурет).

5. Орындау командасын бас.




Жұмыс дәптері





Жұмыс дәптеріндегі №4-тапсырманы орында.

Суретте қай ертегінің кейіпкерлері бейнеленген? Артық кейіпкерлерді сыз.

«Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағаланады: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»

Жұмыс дәптері.

21-бет




(Ж) Берілген жобаның скриптіне қарап кейіпкердің іс-әрекетін сипаттайды.

1-тапсырма

Жобадағы мысық қандай іс-әрекет жасайды (6-сурет)?

  1. Мысықтың оқиғасын ауызша сипаттаңдар.

  2. Мысықтың оқиғасын блок-сұлбамен көрсетіңдер.

Дескриптор:

  • Жоба скрипті бойынша жұптасып кейіпкердің іс-әрекетін анықтайды.

  • Кейіпкердің оқиғасын ауызша сипаттайды.

  • Блок-сұлбасын құрастырып, көрсетеді.

ҚБ: Мұғалім жұптық жұмыста белсенділік көрсеткен оқушыларды «Смайликтер» әдісі арқылы бағалайды.


Жұмыс дәптерлері






***. (Ө) Берілген блоктар тізімін атқаратын қызметімен сәйкестендіріп жазады.

2- тапсырма

Блоктардың қызметін толықтыр (7-сурет).

  1. _ _ _ _ _ _ бастайды.

  2. Спрайтты _ _ _ _ _ _.

  3. _ _ _ _ _ _ жылжытады.

  4. Спрайттың __ _ _ _ _ _.

  5. Спрайтқа _ _ _ _ _ _ береді.

ҚБ: Оқушы тапсырма орындау деңгейіне, дұрыс-бұрыстығына қарай өзін-өзі «Смайликтер» әдісі арқылы бағалайды.


А3, А4 қағазы, маркер




(Т) «Постер қорғау» әдісі

Оқушылар төмендегі сұрақ бойынша өз пікірін айтып, шағын постер жасайды.

3-тапсырма

Жобаны сақтау мен ашуды білудің қандай маңызы бар?


Дескриптор:

  • Топта пікірлері-мен бөлісіп, ақылдасады.

  • Өз ойларын постерге түсіреді.

  • Постерді қорғайды.

ҚБ: Топтық жұмыста белсенділік көрсеткен оқушыларды топ басшысы «Смайликтер» әдісі арқылы бағалайды

Сабақтың соңы

7 мин.
Сабақты бекіту. Рефлексия.


(Ө) Оқушылар төменде берілген қорытынды сұрақтарға жауап береді.


  • Бүгін мен не білдім?

  • Қалай жұмыс жасадым, кімге көмек бердім?

  • Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

  • Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?

ҚБ: Мұғалім тапсырма орындау барысында белсенділік көрсеткен оқушыларды «Смайликтер» әдісі арқылы бағалайды.

Интерактивті тақта


Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».

Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

«Смайликтер» әдісі

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1:

2: