Файл: Кні 17. 02. 23ж Сынып 9 ткізген Д.али.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.02.2024

Просмотров: 15

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

99 орта мектеп


Тақырыбы: «Бала құқығы – басты құндылық»

Күні: 17.02.23ж
Сынып:9ә
Өткізген:Д.Қали


2022-2023 оқу жылы

Бекітемін:.............................................

Тақырыбы: «Бала құқығы – басты құндылық»

Бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу.Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр, себебі өмірлік қиын жағдайға душар болған жасөспірімдердің саны азаяр емес. Бұл санатқа, көбінесе отбасылық жағдайы нашар, демалыс мезгілі ойластырылмаған, өздеріне өздері бас болып жүрген балалар жатады.

   Құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында оқу жылының басынан бері біздің мектепте атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып кетсем. Оқу жылының басында құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында жүргізілетін іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілген болатын. Жоспарға сәйкес бекітілген іс-шаралар өткізіліп жатыр.  Оқушылар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында мектепте құқықтық тәрбие мен құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде жиналыстар жүргізіледі. Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу және де құқық бұзушылықпен күресуде көмек көрсету мақсатында мектебімізде «Полицияның жас көмекшісі» орталығы құрылды. Сонымен бірге, бүгінде мектебімізде  спорттық үйірмелер жұмыс істеп, оған  250 оқушы тартылып отыр.

Бүгінгі күні ішкі істер бөлімінде тіркеуде оқушы жоқ. Мектеп іші тіркеуінде де оқушы жоқ.

Азаматтың міндеті -  заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан өзіне жүктелген міндетін орындау.

БАЛАНЫҢ НЕГIЗГI ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI

      Соның ішінде 24-бап. Ата-анасының баланы тәрбиелеу, күтiп-бағу және асырау жөніндегi мiндетi

1. Ата-анасы немесе басқа да заңды өкілдері өздерiнің қабiлетi мен қаржы мүмкіндiктерi шегiнде баланың жан-жақты дамуы үшiн қажеттi жағдай жасауға мiндеттi.

2. Ата-анасы баланы тәрбиелеуге, оны күтiп-бағуды жүзеге асыруға, материалдық жағынан қолдап, оның әл-ауқатына қамқорлық жасауға, тұрғын үймен қамтамасыз етуге міндеттi.

37-бап. Баланы алкогольдi өнiмдер мен темекi бұйымдарының зиянды әсерiнен қорғау


1. Баланың ата-анасы, басқа да заңды өкілдері, мемлекеттiк органдар, сондай-ақ баланы тәрбиелеу мен оған бiлiм беру функциясын жүзеге асыратын ұйымдар салауатты өмiр салтын және алкогольдi өнiмдер мен темекi бұйымдарының зиянды екенiн насихаттауға мiндеттi.

2. Балаға алкоголь өнімін, темекiнi және темекi бұйымдарын сатуға тыйым салынады.

3. Алкогольдi өнiмдер мен темекi бұйымдарын өндiруде немесе сатуда бала еңбегiн пайдалануға тыйым салынады.

 Келесі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235 Кодексіна тоқтала кетсем

2-тарау. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫНА ҚОЛ СҰҒАТЫН ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР

127-бап. Ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы

1. Ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу мен оқыту жөнiндегi мiндеттердi орындамауы –жеті айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салынады

442-бап. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы

1. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін ойын-сауық мекемелерінде болуы –заңды өкілдеріне үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін болуы –заңды өкілдеріне ескерту жасауға әкеп соғады.

Жоғарыда аталған заңды нормативтік құжаттардың мақсаттары мен міндеттерін толық баяндап жеткізуде оқушылар арасында тәртіп орнату, тұлғалардың дербес жауапкершілігін арттыру, қылмысты болдырмау жолдарын дамытып

, яғни мектеп пен ата-ана болып жұмыс жасағанда ғана жүзеге аспақ. Сонда жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтар азайып балаларымыз құқылы,дербес орта өмір сүреді.