Файл: Рабочая учебная программа Ксіби аза тілі (наименование модуля или дисциплины) Мамандыы Специальность 1504000 Фермерлік шаруашылыы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 17.03.2024
Просмотров: 24
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Астрахан селосы Агротехникалық колледжі" МКҚК
ГККП "Агротехнический колледж село Астраханка" при Управлении образования Акмолинской области
КЕЛІСІЛДІ СОГЛАСОВАНО Экономика және қаржы бөлімінің басшысы Руководитель отдела экономики и финансов ___________ Шонабаева Г.Е. "____" ____________20___г. | БЕКІТЕМІН УТВЕРЖДАЮ «Астрахан а. АТК» МКҚК басшысының ОӨЖ орынбасары Заместитель руководителя по УПР ГККП «АТК с.Астраханка» Сейтжанов К.С _____________ "____" ____________20___г. |
Жұмыс оқу бағдарламасы
Рабочая учебная программа
Кәсіби қазақ тілі
(наименование модуля или дисциплины)
Мамандығы Специальность__1504000 «Фермерлік шаруашылығы»,
Біліктілігі
Квалификация 1504012 « Бухгалтер»
Оқу түрі күндізгі негізгі орта білім базасында
Форма обучения очная на базе основного среднего образования
Жалпы сағат саны
Общее количество часов 72
Әзірлеуші
Разработчик (-и) Жолбарысхан Г __________________ (подпись)
Әдістемелік кеңес отырысында қаралды және мақұлданды
№___Хаттама 20__ж. «___»______________
Төраға______________ К.О. Суюндиков
Рассмотрена и одобрена на заседании методического совета
Протокол № __ от "____" ______ 20____ г.
Председатель ___________ Суюндиков К.О.
Мазмұны
| Түсіндірме жазба | 4 |
| Пәннің тақырыптық жоспары | 6 |
| Оқытудың нәтижелері және бағалау критерийлері | 8 |
| Әдебиеттер мен оқу құралдарының тізімі | 9-10 |
Түсіндірме жазба.
Оқу жұмыс жоспары техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (2018 жылғы 31 қазандағы № 604 «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» бұйрықтарына сәйкес әзірленді.
Оқу бағдарламасында ұсынылған әдебиеттер тізбесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 17 мамырдағы № 217 «Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, құралдардың және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердің тізбесін бекіту туралы» бұйрығы негізінде жасалды
Оқу жұмыс жоспары 1504000 - Фермерлік шаруашылық (салалары және қолдану аясы бойынша) мамандығы бойынша 1504012 « Бухгалтер» біліктілігін дайындайды.
Жұмыс жоспарына сәйкес курсты оқытуға 72 сағат берілсе, соның ішінде теориялық - 72 сағат
«Кәсіби қазақ тілі» пәнін колледжде оқытудың өзіндік ерекшелігі бар. Қазақ тілінің қоғамдық қызметінің аясы-өмір ағымы, уақыт талабына сай кеңейіп келеді.
Бұл пәнді оқыту-оқытушылардың көп ізденісін талап етеді. Соның ішінде қазақ тілі пәні оқытушысы дәріс беретін студенттердің болашақ мамандығының қыр-сырын білуіне, зерттеп қанығуына, шығармашылық пен кәсіби ізденуіне жол ашады. Пән мұғалімдерінің арнаулы кәсіби салаға арналған терминологиялық сөздіктермен, техникалық экономика, құқықтық т.б. мамандық оқулықтарымен жұмыс істеуіне тура келеді. Сонда ғана «Кәсіби қазақ тілі» пәнін оқушыға үйретіп оқыту нәтижелі болмақ. Демек бір оқу орнында қазақ тілінен басқа да мамандық иелері дәріс алады.Сондықтан қазақ тілі пәнінің оқытушысы қазақ тілінің мамандығымен бірге , мәселен фермер шаруашылық мамандығының студенттеріне ауыл шаруашылық бойынша, фермер шаруашылығы мамандығының студенттеріне іс –қағаздарын жүргізу бойынша сабақ өткізуі тиіс. Оқытушы түптеп келгенде, сол оқу орындарында дайындалатын мамандық иелерін өз мамандығына тән кәсіби сөздерді үйретіп , қазақ ауызекі сөйлеу тілін дамытуы керек. Сонымен қатар «Кәсіби қазақ тілі» пәні бойынша оқушыларды болашақ мамандығына сай кәсіби іс –қағаздары түрлерін қазақ тілінде сауатты толтыруға үйрету заман талабы. Сол үшін жұмысты түрлендіріп жүргізу тиімді.
Оқытушы «Кәсіби қазақ тілі» пәнін игерткенде оқушылар кәсіби тілді үйреніп дүниетанымдарының кеңеюіне мүмкіндік алады. Сол сияқты үздіксіз білім берудің ұлттық тәлім-тәрбиеге қойылатын талап міндеттерінде өмір тәжірбиесімен ұштастыра алады.
Бағдарламаның негізгі мақсаты:
Өзге ұлт өкілдерінің мамандары арасында мемлекеттік тілде еркін қарым-қатынас жасауға үйрету, оны күнделікті қолданыста пайдалану.
Бағдарлама бойынша кәсіп саласына сай білім алушылардың біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру мына талаптар бойынша жүргізілуі тиіс:
Танымдық:
-
Тіл үйрену құшатарлығы, ғылыми ізденіс түрлеріне төселуі; -
Мәтіннің тілдік және танымдық қызметін меңгеру; -
Ата кәсіпті және оның тарихын білу; -
Логикалық ойлау қабілетін топтастыру; -
Анықтамалық басылымдарды пайдалана білу;
Тәжірибелік:
-
Кәсіби қарым-қатынастың тәжірибедегі этикеттік нысандары; -
Сұрақ қоя білу, оны түсініп дұрыс жауап беру; -
Түбір мен қосымшаны , көмекші сөздерді айыру; -
Орфографиялық және орфоэпиялық нормаларға сай жазу; -
Сөз қолданудың негізгі принциптерін білу; -
Орысшадан-қазақшаға , қазақшадан –орысшаға аударма жұмысын жүргізуге дағдыландыру; -
Сабақтарға ден қою; -
Берілген тапсырмаларға дұрыс жауапты таңдау;
Кәсіпке байланысты лексикалық минимумды меңгеру:
-
Жай сөздер мен терминдерді ажырата білу; -
Кәсіби сөздерді орфоэпиялық нормаға сай айтуға дағдылану; -
Сөздіктерді пайдалануға үйрену; -
Іскерлік қатынастардың түрлерін , мекеме, ұйым және кәсіпкерлік жұмыстарына патентті іс – қағаздарын толтыру; -
Мамандыққа байланысты кәсіби мақалалар жазу; -
Түрлі тіл дамыту ойындарын , мультимедиалық бағдарламаларды тағы басқа пайдалану; -
Тапсырма бойынша сөйлемдер құрып, мақалалар жазуға үйрету; -
Электронды сөздерді пайдалана білу; -
Тілдік қор жасау;
Пәннің тақырыптық жоспары
№ | Сабақтың тақырыбы: | Сағат саны |
| 1 бөлім: Кіріспе сағат | |
1 | Қазақ тілі –мемлекеттік тіл | 2 |
2 | Қазақстан Республикасы. Тәуелсіз Қазақстан | 2 |
3 | М.Мақатаев | 2 |
4 | Туған жер туралы мақал-мәтелдер. Жұмбақтар | 2 |
5 | Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті | 2 |
6 | Қазақстанның табиғи байлығы . Қазақ жері | 2 |
7 | Қазақстан қалалары | 2 |
8 | Беташар. Тойбастар. Бата. Наурыз бата | 2 |
9 | Тоғызқұмалақ. Бәйге. Қыз қуу | 2 |
10 | Экономиканы білу -пайда | 2 |
11 | Банк тарихынан | 2 |
12 | Банк қызметі | 2 |
13 | Банк жүйесі | 2 |
14 | Банкті таныстыру | 2 |
15 | Іс-қағаздарының стилі | 2 |
16 | Іс-қағаздары | 2 |
17 | Резюме | 2 |
18 | Акт | 2 |
19 | Іскерлік қарым-қатынас | 2 |
20 | Өтініш, арыз | |
21 | Өмірбаян | 2 |
22 | Келісім | 2 |
23 | Мәдениет | 2 |
24 | Мәдени қарым-қатынас | 2 |
25 | Ақша | 2 |
26 | Дүниежүзілік сауда ұйымы | 2 |
27 | Отбасы экономикасы | 2 |
28 | Нарықтық экономика | 2 |
29 | Қалтарыстағы экономика | 2 |
30 | Қазақстан банктері | 2 |
31 | Банкир болғым келеді | 2 |
32 | Есепші маман | 2 |
33 | Салық | 2 |
34 | Жарнама. Тауар. Аудитор | 2 |
35 | Экономикалық тәуелсіздік | 2 |
36 | Қорытынды сабақ | 2 |
2. Оқу пәнінің жоспарланған нәтижесі
Білуі қажет:
Сөз бен сөйлемді, мәтінді әрі тілдік, әрі қатысымдық бірлік ретінде оқыту тілдің мәдени-танымдық, қатысымдық, әлеуметтік, кумулятивтік қызметтерін меңгеруіне жол ашады. Қажеттілігі оқушылардың ұлттық дүниетанымын кеңейтетін, шығармашылық ойлауға төселдіретін, айналадағы адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауды үйрететін, оны тұлға ретінде әлеуметтендіруге мүмкіндік беретін қазақ тілінің танымдық, қатысымдық және кумулятивтік қызметтерін меңгерту. Біліктілігі: - тілдің қоғамдық-әлеуметтік мәнін түсіндіру; - тілдің танымдық, қатысымдық, кумулятивтік қызметтерін таныту; - тілдік бірліктердің түрлі деңгейлердегі сипатын меңгерту; - тілдің мәтін ішіндегі қолданысын игерту; -мәтіннің тілдік және танымдық қызметтерін меңгерту; - тілдік бірліктердің қолданыстағы мағыналық реңктерін ажырату; - тілдік бірліктердің ақпараттық мәнін ұғындыру; - дыбыстың, сөздің, сөйлемнің, мәтіннің қолдану барысындағы табиғатын түсіндіру; - оқушылардың логикалық ойлау қабілетін қалыптастыру; | Меңгеруі керек:
Білігі: «Қазақстан тарихымен»: тілді тарихпен байланыстыра оқыту ұлттық дүниетанымға негізделген білім қорын тілдік деректер арқылы дәйектеуге мүмкіндік береді. Қазақтілінің пайда болуы, дамып жетілуі оның тарихымен тығыз байланыста болғандықтан, оқушылар тарихи деректерді пайдаланып, өзіндік ой-тұжырымдар жасай біледі; Жаратылыстану циклі пәндерімен: тілдік материалдардың мазмұны жаратылыстану пәндерінің мазмұнымен тікелей байланыста болады. Бұл пәндермен, әсіресе, биологиямен байланыстыру тілді жанды құбылыс ретінде тануға мүмкіндік береді. Басқа пәндермен сабақтастыра оқыту қазақ тілінің терминдер жүйесімен тығыз байланысты; тіл дыбыстары физикалық құбылыс ретінде танылады. Дағдысы:
|
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
А.Қ.Ақажанова. К.Б.Өтегенова «Кәсіби қазақ тілі » «Фолиант» - баспасы Астана -2010 -
Терминдер мен атаулар – Алматы; Қазақстан 1990. -
К. Сариева, Ф.Оразбаева, Г.Ауканова, Г.Алдабергенова. Қазақ тілі –Алматы 2000. -
А.С. Сарсенбаев. Қазақша –орысша, орысша – қазақша терминологиялық сөздік – Алматы 2000. -
К. Мухамадиева. Кәсіби қазақ тілі. Алматы 2003. -
Ұ. С. Байсақалова. Типтік оқу бағдарламасы. Астана 2003. -
Ұ. С. Байсақалова. Типтік оқу бағдарламасы. Алматы 2005. -
А.Ақжанова, К.Өтегенова Кәсіби қазақ тілі -
Х.Қожабаева, Кәсіби қазақ тілі
Оқу құралдары:
-
Интерактивті тақта; -
Мультимедиялық проектор; -
Дербес компьютер, ноутбук, смартфон; -
Бейнефильмдер, аудиожазбалар, презентациялар; -
Сандық білім беру ресурстары: -
«Duolingo» сайт -
«Memrise» портал -
«Udemy» сайт -
«edX» сайт -
«Coursera» сайт -
«Skillshare» сайт -
«Лекториум» сайт -
«Универсариум» сайт -
Бейнефильмдер, аудиожазбалар, презентациялар; -
Сандық білім беру ресурстары: -
«Duolingo» сайт