Файл: 2 саба I. Таырыбы Зат есім. Сздік тла. Ii. Масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 17.03.2024

Просмотров: 15

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

2 – сабақ
I. Тақырыбы: Зат есім. Сөздік тұлға.

II. Мақсаты: Зат есімнің грамматикалық категориясын және сөздік тұлғасын білу.

III. Тапсырмалардыоқып үйрену.

Когнитивті–тілдікқұзыреттілік:

  • Зат есімнің граматикалық категорияларын білу.

  • Атау септінің жалғаулары.

  • Ілікс ептіктің жалғаулары.

  • Сөздік тұлғаның құрамын білу.

IV. Тақырыптың негізгі сұрақтары.

  • Зат есім, зат есімнің тегі.

  • Септік, зат есімнің негізі.

  • Септеу.

  • Сөздік тұлға.

V. Сабақ беру және оқыту әдістері: пысықтау жаттығулар, кестелер, схемалар.
Тақырып бойынша тапсырмалар

Зат есім (Nomen substantivum)
Септік және түр бойынша зат есімдердің өзгеруі септеу деп аталады.

Латын тілінде 6 септік бар:

Nominativis (Nom) –атау септік (кім? не?)

Genetivus (Gen) –ілік септік (кімнің? ненің?)

Dativus (Dat) –барыс септік (кімге? неге?)

Accusativus (Acc) – табыс септік (келді? нені?)

Ablativus (Able) –көмектес септік (кімнен? немен?)

Vocutivus (Voc) – звательный (атау септік)

Латын зат есімдері, қазақ тіліндегі зат есімдер сияқты жекеше түрге (numerus singularis) және көпше түрге (numerus pluralis ) өзгереді.

Мысалы: costa – costae; nervus – nervi.

Латын тілінде 5 септеу бар. Ол септік жалғауы бойынша анықталады. Зат есімніңсептеу типінің белгісі–іліксептік, жекеше түрінің жалғауы. Сондықтан сөздік тұлғада атау септік жекеше түрінің жалғауымен қатар ілік септік жекеше түрінің жалғауы беріледі. Оларды бірге жаттап алу керек.

Ілік септік жекеше түрінің жалғауына байланысты затесімдерді септеу типтеріне бөлу.


Септеу тип

Ілік септік жекеше түрінің

жалғауы

I

-ae

II

-i

III

-is

IV

-us

V

-ei


Мысалы
:

Nom. sing

Gen. sing

Gentey

lamina

laminae

I

sulcus

sulci

II

pars

parti

III

ductus

ductus

IV

facies

faciei

V

Зат есімнің сөздік тұлғасы 3 құрамнан тұрады:

  • сөз–атау септік жекеше түрде;

  • ілік септік жекеше түрдің жалғауы;

  • тектік белгі (ер, әйел, орта тектері)

Мысалы: lamina, ae

sulcus, i

pars, partis

ductus, us

facies, ei

ligamentum, i
Cөздік тұлға зат есім жайлы толық мағлұмат береді. Сондықтан, латын зат есімдерін тек сөздік тұлғасымен жаттау керек.

Енді латын зат есімдерінің негізін анықтауды қарастырамыз. Көңіл аударған болсаңыз ІІІ септеудің кейбір зат есімдерінің ілік септік жекеше түрінің -is жалғауының алдына негіздің соңғы бөлігі жазылады. Мұндай қажеттілік сөздің ілік септік жекеше түрдегі негізі атау септік жекеше түрдегі негізі мен сәйкес келмеген жағдайда туындайды. Ілік септік жекеше түрінің жалғауы.

Мысалы:corpus, oris негіздің сонғы бөлігі.

Мұндай зат есімдерінің ілік септік жекеше түрдегі толық тұлғасы былай анықталады: corpus, oris (= corpor –is) n

негізі

foramen, inis (= foramin –is) n

негізі

Мұндай зат есімдердің негізі тек ілік септік жекеше түрдегі сөз тұлғасынан ілік септік жалғауын шегеру арқылы анықталады.

Егер атау септік жекеше түрмен ілік септік жекеше түрдегі негіздері сәйкес келсе, онда сөздік тұлғада тек ілік септік жалғауы беріледі, яғни сөздің негізі атау септік жекеше түр тұлғасынан оның жалғауын шегеру арқылы анықтауға да болады.
Мысалдарды қарастырайық


Nom.

Gen.

Сөздіктұлға

Негіз

lamina

laminae

lamina, ae

lamin-

costa

costae

costa, ae

cost-

ligamentum

ligamenti

ligamentum, i

ligament-

ductus

ductus

ductus, us

duct-

genu

genus

genu, us

gen-

facies

faciesi

facies, ei

faci-

cortex

corticis

сortex, icis

сortіx-

pars

partis

pars, partis

part-



Негізі бір буынды зат есімдердің сөздік тұлғасы толық беріледі.

Мысалы: pars, partis; crus, cruris; cor, cordis.
Зат есімдердің тегі

Латын тілі зат есімдерінің орыс тіліндегідей 3 тегі бар:

ер тегі - genus masculinum (m)

әйел тегі - genus femininum (f)

орта тегі - genus neutrum (n)

Алайда екі тілдегі зат есімдердің тектері сәйкес келмейді.

Мысалы: стопа–әйел тегі pes, pedis m

позвонок–ер тегі vertebra, ae f

голова–әйел тегі caput, itis n
Зат есімдердің атау септік жекеше түрінде жалғау -а болса, әйел тегі;

-um, -en, -on, -u болса, орта тегі;

-us (II, IV c) болса, ер тегі;

-us жалғауы ілік септігінде -r -is болса, орта тегі


Nom. sing

жалғаулары

Зат есімнің тегі

Мысалдар

-a

femininum

costa, crista, sutura, vena, scapula

-um, -en, -on, -u

neutrum

cerebrum, colon, foramen, cornu

-us (II, IV c)

masculinum

nucleus, gyrus, recessus


Сонымен: І және V септеуге әйел тегі зат есімдері;

ІІ жәнеIV септеуге ер және орта тегі зат есімдері;

ІІІ септеуге барлығы (m, f, n) зат есімдері жатады.
Үй тапсырмасы.

1. Сөздерді жаттаңыз (лексикалық минимум).

ala, ae f – қанат

angulus, i m – бұрыш

aorta, ae f – аорта

arcus, us m – доға

arteria, ae f – артерия

brachium, i n – иық

caput, itis n – бас

cavum, i n – қуыс

concha, ae f – кеуілжір қалқан

costa, ae f – қабырға

cornu, us n – мүйіз

corpus, oris n – дене

cranium, i n – бассүйек

crista, ae f – қыр, жота

ductus, us m – жол

incisura, ae f – тілік

lamina, ae f – табақша

sulcus, i m – сай, сала

tympanum, i n – дабыл

vena, ae f – вена

vertebra, ae f – омыртқа

crus, cruris n – балтыр, аяқша

digitus, i m –саусақ

genu us n – тізе

patella, ae f – тізе тобығы

sternum, i n – төс

sutura, ae f – тігіс (сүйектің)

tuba, ae f –түтік

bucca, ae f – бет

gingiva, ae f – қызыл иек

labium, i n –ерін

lingula, ae f – тілшік

papilla, ae f – емізік

ligamentum, i n – байлам

linea, ae f – сызық

mandibula, ae f – төменгі жақ

meatus, us m – өтіс, жол

orbita, ae f – көз, ұясы

raphe, es f – тігіс

septum, i n – аралық

lingua, ae f –тіл

maxilla, ae f – жоғарғы жақ

musculus, i m – бұлшықет

os, оssis n –сүйек

scapula, ae f – жауырын

spina, ae f – қылқан

2. Терминдерді аударып, құрамын түсіндіріңіз:

Қабырға мойнының қыры, қабырға төмпешігінің жалғамасы, омыртқа доғасының жапырағы, әтеш айдарының қанаты, сут үтігі босағасының тесігі, дабылдың өзекшесі, иірім өзекшесінің тесігі.


VI. Әдебиет:

  • Чернявский М.Н. Латын тілі және медицина терминологиясының негізі. - М., 1997.

  • Шульц Ю.Ф. Латын тілі және медицина терминологиясының негізі. - М., 1995.

  • Т.Момынов, А.Рақышев. Медициналық сөздік. - Алматы: «Атамұра». 1999.


VII. Бақылау

Тілідік құзыреттілік деңгейін анықтау сұрақтары.

  • Латын тіліндегі зат есімдердің қандай грамматикалық категориялары бар?

  • Зат есімнің сөздік тұлғасына не жатады?