Файл: . Даукеев атындаы Алматы энергетика жне байланыс университеті.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 17.03.2024

Просмотров: 7

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Ғ. Даукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті»

Коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Телекоммуникация және ғарыштық инженерия институты

«Телекоммуникация және инновациялық технологиялар » кафедрасы

Радиотехника және телекоммуникацияның арнай сурақтары пәні бойынша

№2 Дәріс жауаптары
Мамандығы: 5В071900 – «Радиотехника, электроника және телекоммуникация»

Тақырыбы : 22-1-бап.Курьерлік қызмет қызметкерлерініңқұқықтары мен міндеттері

Орындаған: Апаргалиева Аяулым

Тобы:РЭТ(МТС)к-19-2

Қабылдаған: PhD, Ержан Асел

________ ________ «___» _____2023 ж.

(бағасы) (қолы)

1.Қазақстан Республикасының телекоммуникация саласындағы заманауи стандарттары.

Қазақстан Республикасындағы телекоммуникация саласындағы заңнама Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және заңдар мен негізгі үлгідегі нормативтік құқықтық актілерден тұрады.

Негізгі түрдегі нормативтік құқықтық актілер:

  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары;

  • байланыс, ақпараттандыру және ақпарат саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар министрлерінің бұйрықтары;

  • туынды нормативтік құқықтық актілер. Заңдар:

  • «Байланыс туралы»;

  • «Ақпараттандыру туралы»;

  • «Телерадио хабарларын тарату туралы»;

  • «Бұқаралық ақпарат құралдарында» және т.б.


Телекоммуникацияны өз ішінде үйлестіру үшін арнайы стандарттар қажет. Әр алуан мемлекеттерде әр түрлі стандарттар қолданылады, бірақ халықаралықтары да бар. Негізінен сызық түрлері, байланыс протоколдары, мағлұмат форматтары, қызмет көрсету сапасы және т.б стандартталады.

Стандартизацияның танымал ұйымдастырулары [1]:

  1. МОС (ISO) – телекоммуникация стандарттары бойынша қызметтің әр алуан салалар стандарттарының авторы болып келеді. Стандартизацияның ұлттық ұйымдастырулары ISO мүшелері болып келеді. ISO-ға қатысу өз еркі. Телекоммуникация саласында ISO-ның танымал стандарты өзара қарым-қатынастың ашық жүйесінің эталонды моделі болып саналады (ӨҚАЖЭМ).

  2. МСЭ-Т (ITU-T) байланыс саласында стандарттарды өңдейтін халықаралық ұйым. Бұл ұйымның штаб-пәтері Женевада (Швейцария) орналасқан. Бұрын Халықаралық Телеграфия және Телефония бойынша Кеңес Беру Комитеті деп аталған, қысқаша ХТТКБК (CCITT). МСЭ құрамына сондай-ақ МСЭ-Р (радиобайланыс секторы) және МСЭ-D (электрбайланысты дамыту секторы) кіреді. ITU-T стандарттары телекоммуникацияның бар аймағын қамтуда.

  3. (IEEE) Электротехника және Электроника бойынша Инженерлер Институты локальды-есептеуіш желілер үшін стандарттарды өңдейтін кәсіби ұйым.

  4. (ETSI) стандарттау және электр байланыс Еуропалық институты. 1988 жылы CEPT ұйымымен құрылды және Еуропа қауым мемлекеті үшін телекоммуникация облысындағы техникалық саясатты анықтайды. ETSI-дың ең танымал стандарты ұялы жүйенің жылжымалы радиобайланысы GSM болып келеді.

  5. Пошта әкімшілігі мен электр байланыс Европалық конференциясы (CEPT) 1959 ж. құрылды. Оның қызметінің сферасына телекоммунникациялық нарық қатысушыларының коммерциялық қоғамдастығы кіреді, сонымен қатар, техникалық және ұйымдық сұқрақтар бойынша стандарттау да кіреді.

  6. ЭВМ өнеркәсіптерінің Европалық қауымдастығы (ECMA).

  7. (ANSI) Америкалық Ұлттық Стандарттау Институты АҚШ шекарасында стандарттау бойынша еркін топтарды үйлестірушу мүшесі болып келеді. ANSI ISO мүшесі болып саналады. ANSI-дың коммутация бойынша кең көлемде танымал стандарты FDDI.

  8. (TIA) Электронды Өнеркәсіп Қауымдастығы – телекоммуникация бойынша стандарттар шығаратын, ANSI тобының бірі. TIA-ның ең танымал стандарты ұялы жүйенің жылжымалы радиобайланысы США IS-54 болып саналады.

  9. Электронды Өнеркәсіп Қауымдастығы (EIA) ANSI тобына кіреді.

  10. АҚШ үкіметтік ұйымы, байланыс саласында реттеумен, соның ішінде, радиожиілік спектрін бөлумен айналысатын, байланыс бойынша АҚШ федералды комиссиясы.

  11. Internet (IAB) жұмысын зерттеу бойынша кеңес – Internet ғаламдық желі аймағындағы негізгі саясатты анықтайды. Өзіне екі мынадай комитетті қосады: зерттеу - IRTF және стандарттау - IETF. IAB стандарттары RFC деп аталады (түсіндірме үшін сауал).



2.Нормативтік құқықтық актілердің негізгі түріне не кіреді?

Нормативтiк құқықтық актiлер негiзгi және туынды актiлер болып бөлiнедi.

2.1Нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзгi түрлерiне мыналар жатады:

1) Конституция, конституциялық заңдар, кодекстер, заңдар;

2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық Заң күшi бар Жарлықтары; Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлықтары; Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзге де нормативтiк құқықтық Жарлықтары;

3) Қазақстан Республикасы Парламентi мен оның палаталарының нормативтiк қаулылары;

4) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк қаулылары;

5) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің нормативтік қаулылары;

6) Қазақстан Республикасының министрлерi мен өзге де орталық мемлекеттiк органдар басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтары;

7) орталық мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық қаулылары;

7-1) Алынып тасталды – ҚР 2007.07.27 N 315 Заңымен.

7-2) құрылымына ведомство кіретін мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерінде оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары;

8) мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері.

3.Еңбек кодексінде ҚР Үкіметінің қаулылары бар ма?

Қазақстан Республикасының Үкіметі:

  1. Еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және іске асырылуын қамтамасыз етеді;

  2. Еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақының мөлшерлерін айқындайды;

  3. Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялардың, акционерлік қоғамдардың басшы жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен оларға сыйлықақы беру шарттары туралы үлгілік ережені бекітеді;

  4. Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қамтылатын ұйымдардың азаматтық қызметшілерінің, жұмыскерлерінің, қазыналық кәсіпорындар жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесін бекітеді;

  5. Жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктерімен (қауымдастықтарымен, одақтарымен) және жұмыскерлердің республикалық бірлестіктерімен бас келісім жасасады;

  6. Тиісті уәкілетті органдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдау тәртібін белгілейді;

  7. Өзіне Конституциямен, Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.


4 . Қандай байланыс ақпараттандыру және ақпарат саласындағы мемлекеттік уәкілетті органдар басшыларының бұйрықтары Еңбек кодексінде бар ма?

-«Оператордың телекоммуникация желілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы

-Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс»;

-«Қауіпсіздік сертификатын беру қағидаларын бекіту туралы»;

-«Қауіпсіздік сертификатын қолдану қағидаларын бекіту туралы»;

-«Сертификаттау орталығын анықтау туралы»;

-«Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы»;

-«Қазақстан Республикасының аумағында радиомониторингті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы»;

-«Жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) тағайындау, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеу қағидаларын бекіту туралы»;

-«Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторының телекоммуникация желілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы»;

-«Барлық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар үшін 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейінгі жиілік диапазонында Қазақстан Республикасының радиоқызметтері арасында жиілік жолақтарын бөлу кестесін бекіту туралы»;

-«Біліктілік талаптарын және өтініш берушінің байланыс саласындағы қызметтерді көрсетуге сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы»;

-«Қазақстан Республикасындағы телекоммуникация желілерін қорғау қағидаларын бекіту туралы»;

-«Телерадио хабарларын тарату операторларының қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы»;

-«Телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы»;

-«Қалыптастыруға конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесі»;

-«Теледидар және радиохабарларын тарату мақсатында жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу қағидаларын бекіту туралы»;

-«Телерадио хабарларын тарату жүйелерін техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы»;

-«Телерадио хабарларын тарату сапасын бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы»;

- «Телерадиокомпаниялардың техникалық құралдарын телерадио хабарларын тарату операторларының желілеріне қосу қағидаларын бекіту туралы»;


«Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы» (Телефон қызметтерін көрсету қағидалары, Ұялы байланыс қызметтерін көрсету қағидалары, Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін көрсету қағидалары) және т.б.

5 . ҚР байланыс туралы заңында ТК қызметін қандай негізгі қызметтер көрсетілген?

1-бап. Байланыстың мақсаты

  1. Байланыс Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік инфрақұрылымының ажырамас бөлігі болып табылады, ол байланыс қызметіне жеке және заңды тұлғалардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға және қауіпсіздіктің, қорғаныстың, құқық тәртібін қорғаудың, мемлекеттік органдардың қажеттілігін қамтамасыз етуге арналған.

  2. Байланыс және есептеу техникасы, сондай-ақ ақпараттық жүйелер құралдары ақпаратты жинау, сұрыптау, жинақтау және тарату процесін қамтамасыз етудің техникалық базасын құрайды.

Ескерту. 1-бапқа өзгерту енгізілді – ҚР 2008.11.21 № 89-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

  1. Абонент – байланыс қызметтерін көрсетуге шарт жасасылған жеке немесе заңды тұлға;

  2. Абоненттер туралы қызметтік ақпарат (бұдан әрі – қызметтік ақпарат) – байланыс желілерінде қарсы барлау қызметі мен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу мақсаттарына ғана арналған және мыналарды:

Абоненттік нөмірлер иеленушілерінің жеке сәйкестендіру нөмірлері (жеке тұлғалар үшін) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірлері (заңды тұлғалар үшін) туралы мәліметтерді қоса алғанда, абоненттік нөмірлер туралы ақпаратты;

Ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары иеленушілерінің жеке сәйкестендіру нөмірлері (жеке тұлғалар үшін) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірлері (заңды тұлғалар үшін) туралы мәліметтерді қоса алғанда, ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтары туралы ақпаратты;

6 .Телекоммуникациялар бағыты бойынша Сала біліктілік негізінде не сипатталған?

Салаға инвестициялар өсуiнiң қалыптасқан қарқыны орта есеппен кiрiстiң 25 % - 52 %-ына дейiн құрайды, бұл саланың инвестициялық тартымдылығының ұлғайғандығы және бизнес-сектор тарапынан телекоммуникациялық қызметтерге сұраныстың өскендiгi туралы куәландырады. Инвестициялардың өсуi жаңа қызметтердi дамыту және оларға сұранысты қанағаттандыру мақсатында байланыс желiлерiн, моральдық және физикалық тұрғыдан тозған телекоммуникация жабдықтарын жаңғырту қажеттiлiгiмен түсiндiрiледi. Сол сияқты Қазақстандағы шетел инвесторларының өсiп отырған қызығушылығына қарамастан, капиталдық салымдар құрылымында компанияның меншiктiк қаржысы инвестицияларды қаржыландырудың негізгі көзі болып қалып отыр. Сонымен бірге Әзербайжанда, Арменияда, Тәжікстанда және Өзбекстанда инвестицияның 50% астамы шетелдік инвестициялар.


Ұйымдастыру-құқықтық шарттарды құра отырып, ТМД-ның көпшілік елдері жүргізіп жатқан және дамыған елдерде жүзеге асырылған республиканың телекоммуникациялық нарығын ырықтандыру шеңберінде нарық құрылымын оңтайландыру жүруде, байланыс қызметтерін тұтынуда үйлесімсіздікті азайту жөніндегі мәселелер шешілуде және нарықтың ішінде де, сондай-ақ оның сегменттерінің арасында да шынайы бәсекелестік байқалады.

Қазiргi уақытта республикада телекоммуникация қызметтерi нарығының мынадай негiзгi сегменттерi қалыптасты: ұялы байланыс, жергiлiктi телефон байланысы, қалааралық және халықаралық байланыс, деректер беру (Интернеттi қоса алғанда). 2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдайы бойынша байланыс кәсiпорындары кiрiстерiнiң көлемiн: сымсыз байланыс (48,7 %), қалааралық, халықаралық телефон байланысы (27,3%), жергiлiктi телефон байланысы (12,9 %) құрады.

Салынған капиталға кiрiстiң жоғары деңгейi тiркелдi. Ұялы және тiркелген байланыс қызметтерiне сұраныс азаймай отыр.

Қазақстандық ұялы байланыс нарығының негiзгi сипаттамалары мынадай: онда 4 байланыс операторы жұмыс iстейдi, бұл ретте радиожиiлiк ресурсы сыйымдылығының жетiспеушiлiгiнен нарыққа кiру кедергiсi өте жоғары. Қазақстанның ұялы байланыс нарығы мынадай ерекшелiктерiмен сипатталады: барлық ұялы байланыс операторларында ұсынылатын қызметтер тiзбесi iс жүзiнде бiрдей, компаниялар – байланыс операторлары көрсетiлетiн қызметтерге арналған тарифтер бөлiгiнде өзара бәсекелеседi. 2004 жылмен салыстырғанда ұялы байланыс абоненттерiнiң саны 2,5 есеге ұлғайды.

Ұялы байланыс абоненттерiнiң саны тiркелген байланыс абоненттерiнiң санынан асты. Тiркелген абоненттердiң саны шамамен 2,5 млн-ды, ұтқыр байланыс абоненттерiнiң саны 5,5 млн-нан астамды құрайды. «GSM Казахстан» ЖШС «Қазақтелеком» ААҚ абоненттердiң барынша көп санын-шамамен 3,3 млн-ды иеленедi, "Кар-Тел" ЖШС абоненттерiнiң саны 2 млн-нан астам адамды құрайды.

7.22-1-бап.Курьерлік қызмет қызметкерлерініңқұқықтары мен міндеттері

22-бап. Жұмыскердің негізгі құқықтары мен міндеттері

      1. Жұмыскердің:

      1) осы Кодексте көзделген тәртіппен және жағдайларда еңбек шартын жасасуға, өзгертуге, толықтыруға, тоқтатуға;

      2) жұмыс берушіден еңбек, ұжымдық шарттардың, келісімдердің, жұмыс беруші актілерінің талаптарын орындауды талап етуге;

      3) еңбек қауіпсіздігіне және еңбекті қорғауға;