Файл: Имандылы трбие негізі Таырыбы Имандылы трбие негізі Масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 17.03.2024

Просмотров: 15

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


І –жүргізуші

Ата - ана әркімнің ең қимас асылы. Дана Абай: «Әке ұрысса балаға ол да достық. Бала ұрысса әкеге жараса ма?»дегенде, перзенттің өзін өмірге әкелуге себепкер болған ата - анасына қарсы келуі, сөз қайтарып тайталасуы орынсыз екенін сынаған.

«Әке туралы жыр» орындайтын 5сынып оқушысы Әзиева Еркеназ

ІІ - жүргізуші

Алланы сүй, саған сый қайтарады,

Сонда ғана көңілің жай табады.

Көркем мінез танытсаң - бақыттысың,

Өмірің де гүл болып жайқалады.

І-жүргізуші

Иманыңмен түсірсең санаға шам,

Байқалады нығметтер арада сан.

Адамзатты сүйе біл жүрегіңмен,

Бақытыңды егер шын бағаласаң.

«Алма ағаштың аясында» орындайтын 1 сынып оқушылары Айбекқызы Балнұр , Қазыбекова Ақтоты.

ІІ- Жүргізуші

Мұсылмандық қағидалар:

Иманның басы – сенім,

Иманның тәні – намаз,

Иманның жүрегі – құран.

Иманның көрінісі – ықылас.

Иманның сөзі – Аллаға тілек

Иманның нұры – шындық.

Иманның дәмі – тазалық, пәктік

Иманның жемісі – ораза.

Иманның шипасы – ар, ұят

Оқушы

Сөз сөйлеу әдебі

1. Үлкен кісінің сөзін бөлме. Екі адам арасында әңгіме тасыма, бір - біріне шағыстырма.

2. Сыр сақтай біл. Әуелі амандаспай тұрып сөз бастама.

3. Дөрекі сөйлеме, тілді балағат сөздерге үйретпе. Біреудің көңіліне жара салма.

4. Сыпайы сөйле, өзің жақсы білмейтін жайтты сөз етпе.

5. Айтқан уәдеңде тұр, өтіріктен аулақ бол.

І – Жүргізуші

Дүние бір қисық жол бұраңдаған,

Бақ қайтса, басқа дәулет құралмаған.

Күніне мың пәлеге жолықсаң да,

Сонда да күдер үзбе бір Алладан!

Нұрғиса Тілендиев «Әлқисса» орындайтын 3сынып оқушылары Қанатбаева Диляра, Әбдіжәмил Әсемай және оқытушысы Қосмамбет Мира.

Мұғалім:

«Түзу бастап,ақ жолды кесе көрме,

Иман тонын үстіңнен шеше көрме»-деп түрік ғұламасы Жүсіп Баласағұн айтқандай Алла жолында түзу жүріп,бойымыздан иманымыз кетпесін.Әрдайым имандылық жанымызға серік болсын деген тілекпен бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Баршаңызға қатысқандарыңыз үшін көп-көп рахмет.Сіздерге Алланың нұры жауып,шапағаты тисін! Хош сау болыныздар.


Қазанғап Тілепбергенұлы атындағы саз мектебі

«Имандылық –тәрбие негізі»

(тәрбие сағаты)

Өткізген: М.С.Қосмамбет