Файл: 1. Адам аасыны сйектері а ортан жілік,асыты жілік,сада сйек,табан сйектер.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 17.03.2024
Просмотров: 9
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тест тірек-қимыл жүйесі
1. Адам қаңқасының сүйектері:
А)ортан жілік,асықты жілік,садақ сүйек,табан сүйектер
В)ортан жілік,тоқпан жілік,табан сүйек
С)жамбас,иық сүйектері
Д)омыртқа,қабырға
Е)бұғана,жауырын
2.Қол басы сүйектерін құрамайтын сүйек
А)асықты жілік
В)білезік сүйектер
С)саусақ сүйектер
Д)алақан сүйектер
Е)дұрыс жауаб жоқ
3. Бір ұшы омыртқамен, екінші ұшы төстікпен жалғасып, кеуде қуысын құрайтын адамдағы қабырғалардың жұп саны.
А)10
В)11
С)9
Д)13
Е)12
4. Осы сүйек сынғанда,сынған жоғары, төмен жатқан буындарды да,қоса байлап,қимылдамайтындай етіп шендеуішпен салып,таңады.
А)кеуде
В)қабырға
С)жамбас
Д)қол сүйек
Е)омыртқа
5. Қол қаңқасы сүйектерінің дұрыс реті
А)тоқпан жілік,кәрі жілік,саусақ,алақан сүйектері
В)кәрі жілік,тоқпан жілік,қолбасы сүйектері
С)қолбасы-саусақ сүйектері,тоқпан жілік,кәрі жілік
Д)саусақ,кәрі жілік, алақан сүйектері,тоқпан жілік
Е)тоқпан жілік, кәрі жілік, алақан, саусақ сүйектері
6. Сүйек сынғанда алғаш гипс шендеуіш салуды жүзеге асырған ғалым:
А)Н.И.Пирогов
В)П.Ф.Лесгафт
С)И.П.Павлов
Д)И.М.Сеченов
Е)И.И.Мечников
7. Тірек-қимыл жүйесінің қызметі
А)мүшелерді қорғау,қан өндіру,тірек
В)қоректің қорытылуы
С)О2 –н тасымалдау
Д)секреттік
Е)тасымалдау
8. Бұлшық ет пен жүйке жұмысына әсер етеді:
А) С-дәрумені
В) Е-дәрумені
С) А-дәрумені
Д) В-дәрумені
Е) әсер етпейді
9. Бұлшық ет салмағының ересек адамдағыдай болатын кез:
А) 10 жас
В) 11 жас
С) 15 жас
Д) 16 жас
Е) 18 жас
10. Бұлшық еттер сүйекке ... көмегімен бекінеді.
А)шеміршек
В)сіңір
С)мантия
Д)диафрагма
Е)сіріқабық
Дескриптор
Өтілген тақырыпты пысықтайды
Тест тапсырмаларын шешеді
Бағалау
«QR code»әдісі бойынша бағалау
8-10 - 3балл 1-4 – балл-1 балл
5-7 – 2 балл
Жауаптары: 1.С 2.А 3.Е 4.Д 5.Е 6.А 7.а8.д 9.е10.В
Жүрек-қан тамырлары ауруларын дәрігерлер ең қауіпті ауруларға жатқызады. Миокард инфарктісі – жүрек-қан тамырлары ауруларының ішінде ең қатерлісі. Кейбір адамдарда «инфаркт білдірмей жүреді де, уақыты келгенде тарпа бас салады» деген қате пікір бар. Бұл дерт өз үдерісінде талай сезіктер туғызады. Оларды уақытында аңғару науқасты оның азабынан да, ажалдан да құтқарады.
Енді инфаркттің себептерін сөз етелік. Денеміздегі әрбір ағза, оның жасушалары қанмен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілгенде ғана үздіксіз жұмыс істейді. Ал, жүректің бұлшық еті қанның мол келіп тұруын қажет етеді. Жүректің бұлшық етін қоректендіріп тұратын артериялардың арасында біреуінің саңылауы не тарылады, не мүлде бітеліп қалады. Сондықтан қажетті қоректен құр қалған жері жұмсарады да, бірте-бірте бұлшық еттің жиырылу қабілетін тежейтін тыртық пайда болады. Жүректің осылайша зақымдануын инфаркт деп атайды.
Миокард инфарктісінің пайда болуындағы негізгі себептердің бірі – атеросклероз. Мұнымен ауырғанда артериялардың қабырғаларына май сияқты зат – холестерин, одан әрі тағы кальций тұздары өңездеп қалады. Тамырлар қатаяды, тарылады, бірқалыпты серпінділігінен айырылады. Атеросклероздың өңез түскен жерлерінде көбінесе жара пайда болады, қан қоюланады. Ұйыған қан, яғни тромбылар тамырларды бітеп тастайды да жүрек бұлшық етін қанмен қамтамасыз ету бірден нашарлайды. Бұл ауру қатты ашу-ыза кернегенде, қорыққанда, қалжырап шаршағанда және тағы басқа себептердің әсерінен артериялар тарылғанда инфаркт тап береді.
Инфаркттің белгілері қандай? Ауру көбінесе оң немесе сол қолға, кейде сол жақ жауырынға зардабын тигізеді. Жүрек тұсы қатты ауырады да ұстама басталады. Жүректің бұлшық етін қанмен жабдықтау бұзылғандықтан тері бозарып кетеді, суық тер шығады, адам қатты ентігеді. Жүрек талмасына шалдыққанда адам өзіне айрықша тыныштық керек екенін естен шығармауы қажет. Егер оған мән бермесе, зақымданған жүрек қабырғасының жарылып кетуі мүмкін. Кейде оның орны томпайып, аневризма болуы ықтимал.
Емнің қонуы адамның дәрігерге қаншалықты тез қаралуына байланысты. Егер аурудың алдын алса, жүрек қызметін толық қалпына келтіруге болады. «Инфарктке шалдыққан адамды белгілі бір мезгілде тырп еткізбей қою керек» деген пікір соңғы кезге дейін күшінде болып келді. Бұл дұрыс па?
Қазіргі кезде инфарктке ұшыраған адамды ауруханаға мүмкіндігінше ертерек орналастыру қажеттілігі дәлелденіп отыр. Сонда заманауи емдеу әдістерін қолдануға, мейлінше тыныштық сақтауға, асқынып кетудің алдын алуға мол мүмкіндік туады. Егер дәрігер инфаркт қатерлі емес деп санаса, науқасты ауру ұстамасы басылған бойда автокөлікпен ауруханаға әкелу қажет.
Емделудің негізгі кезеңдері мен режимі жайлы ауру адам және оның төңірегіндегілер не білгені жөн? Әрине, дәрігер алдымен ауруды басуға және қан айналымының бұзылуын тоқтатуға әрекет жасайды. Егер дәрінің көмегі болмаса, сүлік салады, жүрек тұсына қыша қағазын қояды, басқа да түрлі шаралар қолданады. Алғашқы екі-үш апта бойы төсек үстінде қатты қимылдауға болмайды. Ең кемі 4-6 апта, ауыр жағдайда 2 ай жатуға тура келеді.
Әрине, шалқадан осылайша ұзақ және қыбыр етпей жату өте қиын. Бірақ, мұндай жағдайды біраз жеңілдететін амал бар. Егер аурудың жағдайы едәуір жақсарса, дәрігер екінші, үшінші аптаға қарағанда денені шынықтырып, жаттығу жасауға рұқсат етеді.
Инфаркт алған адам еңбек қабілетін сақтай ала ма? Әдетте ауруынан жазылған адамдар үш-төрт айдан кейін бұрынғы жұмыстарына оралады. Бірақ, ауыр күш түсірмейтін, жүйке шаршатпайтын қызметте болуға тиіс. Егер емделіп шыққаннан кейін де инфаркт белгілері байқалса, стенокардия ұстамалары жиі болса, науқастың уақытша мүгедектікке ауысқаны жөн.
Аурудың алдын алу үшін не істеу керек?
Инфаркттен сақтандыру атеросклероз және стенокардияның алдын алуға келіп тіреледі. Бірқалыпты заттар алмасуы бұзылса, холестерині мол азық-түлікті, атап айтқанда, жұмыртқаның сары уызын, майды, ет және балықтың майлы өнімдерін, бауырды, мал майларын жеуді шектеген дұрыс. Сонымен қатар, сорпа, кофе, қою шай сияқтылардан аулақ болған жөн. Сүттен, көкөністен дайындалған тамақтар мен С витамині мол сусындар ағзаға өте пайдалы.
Пайда болу себебі
Дұрыс отырмаудан, жүруден
Ішкі мүшелердің ауруынан
Салмақты бір жаққа түсіруден
Үнемі жұмақ төсекке жатудан
Қозғалыстың аз болуына
Алдын алу
o Дұрыс бірқалыпты отыруға дағдылану
o Емдік массаждар қабылдау
o Салмақты омыртқа жотасына бірдей түсіру
o Ауыр жүкті бір қолмен көтермеу
o Түзу жүру
o Иықтың бір деңгейде болуы
o Тазалықты сақтау
o Дұрыс тамақтану
o Шынығу
o Көңілді жүру
o Сәнді киіну
Сколиоз
Жүк көтергенде баланың дене мүшелеріне ауыртпалық күш біркелкі түсуі керек. Төменгі класс оқушылары кітаптарын арқаға асатын сөмкемен алып жүргені орынды. Сөмкені өне бойы бір қолымен алып жүруге болмайтынын естен шығармаған жөн. Жұмыс кезінде, сабақ орындағанда партада отырғанда кеудені тіремей, аяқты айқастырмай, еденге түзу ұстап, қолды шынтақ буыны арқылы үстелдің үстіне бос ұстау сымбаттың бұзылмауына себеп болады. Үстел үстінде шынтақтан көзге дейінгі аралық 30 - 35 см болу керек. Бұл үшін үстел, парта мен орындықтың биіктігі әр адамның денесінің ұзындығына сай болуын ескертеді.
Жалпақтабандылықтан сақтану. Адамның табанының ортасы көтеріңкі, ойыс болып келуінің маңызы зор. Бұл оның жүрісін жеңілдетіп, шаршатпайды, қайта секіргенде, жүгіргенде денеге серпімділік беріп, соққыны әлсіретеді. Адам ұзақ уақыт ауыр жұмысты аяғымен тұрып істегенде (аяққа күш түскенде), тар және өкшесі биік аяқ киім кигенде жалпақтабандылық пайда болады. Жалпақтабанды адам жүргенде және тұрғанда тез шаршайды. Мұндай жағдайға ұшырамау үшін жалаң аяқ, аяқтың ұшымен жүріп, суда жүзумен жаттығу, жүгіріп, секіріп, түрлі ойындармен көбірек айналысады. Аяқ киімнің өкшесі 3 - 5см аспауы керек.