Файл: Ойлы болса, озып кр! зияткерлік сайысы 5сынып 24 жалпы орта мектебі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 17.03.2024
Просмотров: 13
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Ойлы болсаң, озып көр!» зияткерлік сайысы 5-сынып
№24 жалпы орта мектебі
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен әділ-қазылар және оқушылар. Бүгінгі біздің сайысымызға қош келдіңіздер! Сіздермен бірлесе отырып «Ойлы болсаң, озып көр!» атты ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Әсемпаз болма әрнеге ,өнерпаз болсаң арқалан.Сен де бір кірпіш дүниеге,кетігін тап та бар қалан,-деген Абай атамыздың сөзін қайталай келе біздің ойынымыздың шартын түсіндере кетейік. Сайысымыз 5-кезеңнен тұрады. Бүгінгі сайысымыз 5-сыныптар арасында өтетін болады. Әр сыныптан кіл жүйрік деген, 3 оқушыдан қатысады.
1-КЕЗЕҢ «Бәйге» Әр оқушыға 5 сұрақтан қойылады. Әрбір сұрақ 1 балмен бағаланады. 2-минуттың ішінде 5 сұраққа жауап беруі қажет.
2-кезең «Жеті жұрттың тілін біл» 1-кезең бойынша жоғары балл жинаған ойыншыларымыз 2-кезеңді бастайды. Егер ол ойыншы жауап таппаса, қарсыластар деген сөзден кейін келесі ойыншыларымыз жауап беруге болады. Егер сұрақтың жауабын үш тілде айтса 3 ұпай, екі тілде айтса 2 ұпай,бір тілде айтса 1 ұпайға ие болады.
3-кезең «Ой сергіту сайысы» Жұмбақ шешу. Әр топқа 3 жұмбақтан жасырады, топ жауап бермеген жағдайда басқа топ жауап береді.
4-кезең «Кім мықты» Бұл кезеңге тек үш айналым бойынша жоғары ұпай жинаған ойыншылар бастайды.Тапсырманы дұрыс орындаған ойыншыға 5 ұпай беріледі.
5-кезең. «Конверт-сұрақ». Конверттерді таңдап,ішіндегі есепті топ бойынша шығарады. Тапсырманы дұрыс орындаған ойыншыға 2 ұпай беріледі.
1-жүргізуші Батылдық-балалық шақта шындалады десек баланы бала ететін тәрбие құралының бірі –ойын екендігі белгілі. Алдымен ойынға қатысатын оқушыларды ортаға шығарайық. Ойынға 4 оқушы қатысады.
2-жүргізуші Бақ пен бап сыналар бұл жарысқа қатысып отырған сәт сапар тілей отырып, шындарға биік қоңғайсың демекпіз.Ал жас қырандар 1-тур «Бәйге»турын бастаймыз.
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз ,
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз.
Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар шығарар,
Бәйге,бәйге,бәйгелерді көріңіз.
1-жүргізуші
№1 Ойыншыға
1.Бір жылда неше күн бар (365күн)
2. «Мұғалім»сөзінің синонимі (ұстаз)
3.Ұлы Отан соғысында даңқты қолбасшы болған жазушы,Кеңес Одағының батыры кім? (Бауыржан Момышұлы)
4. 4-тің екі дәрежесі (16)
5.Киім тігетін адамдарды қалай атайды.(Тігінші)
6.Шаңырақ,кереге,уықты неден жасаған.(ағаштан)
7.Халық ауыз әдебиетінің бір түрі,яғни әдеби жанр.(Айтыс)
8.Әнұранның авторы.(Ж.Нәжімеденов,Ш.Қалдаяқов,Н.Назарбаев)
9.Қазақ қыздарының ұзатылғанда киетін бас киімі.(Сәукеле)
10.Бурабай көлі қай облыста (Солтүстік Қазақстан)
2-жүргізуші
№2 ойыншыға
1.Бір ғасырда неше жыл бар. (100жыл)
2 «Әдемі»сөзінің синонимі (сұлу,көрікті)
3.Абайды әлемге танытқан жазушы.(Мұхтар Әуезов)
4.2-нің 4 дәрежесі.(16)
5.Түйе сүтінен не әзірлейді(шұбат)
6.Қазақстандағы ең тұщы көл (Марқакөл)
7.Сөйлем мүшелерін ата?(Тұрлаулы және тұрлаусыз)
8.Қазақстанның тұңғыш президенті.(Н.Назарбаев)
9. Әбілхан Қастаев кім?(Суретші)
10.Қазақтың батыр қыздары (Мәншүк,Әлия,Хиуаз)
1-жүргізуші
№3 ойыншыға
1.Бір жылда неше мезгіл бар?(4)
2.Нөл температурада су неге айналады?(мұзға)
3. «Көкшолақ»әнінің авторы?(Кене Әзірбаев)
4.10-ның 2 дәрежесі.(100)
5.Жылқы,түйе,қой,ешкі бәрі бір сөзбен қалай аталады.(Төрт түлік)
6.Қазақтың тұңғыш саяхатшысы,әрі ғалымы.(Ш.Уәлиханов)
7.Адамды адам еткен.(еңбек)
8.Қазақтың ұлы күйші композиторы.(Құрманғазы)
9.Қазақ тілінде септік нешеге бөлінеді.(7)
10. «Көксерек»әңгімесіндегі басты кейіпкердің аты ?(Құрмаш)
2-жүргізуші
№ 4ойыншыға
1.Бір мезгілде неше ай бар?(3)
2. «Жалқау»сөзінің синонимі?(еріншек)
3.Бауыржан Мымышұлы кім?(жазушы,батыр)
4.8-дің екі дәрежесі?(64)
5.16 –желтоқсан қандай күн?(Тәуелсіздік күні)
6.Шоқан Уәлихановтың шын есімі?(Мұхаммедханафия)
7. «Менің атым Қожа»шығармасындағы сұмпайы баланың аты-?(Жантас)
8.Денсаулық кепілі?(Тазалық)
9.Қазақ тілінде:Өз алдына толық мағынасы жоқ сөздерді не дейді.?(Шылау)
10.Бала алғаш қадам басқанда жасалатын салт-дәстүр?(Тұсаукесер)
2-жүргізуші
Көрермен жиналған бұл тамашаға,
Құр қарап,жай отыру жараса ма?
Туыс,досқа,сыныптас,танысқа емес,
Соқ қолыңды білімді жас талантқа..
2-жүргізуші
«Ана тілің-арын бұл,
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте» - деп Қадір Мырзалиев ағамыз айтқандай, жас өркендердің тіл білімін тамашалайық.
2-кезең «Жеті жұрттың тілін біл»
1-жүргізуші
1.Ұстаз көрген........ таныр.(хат,письмо,letter)
2.Сөз ......... өтеді.(сүйек,кость,bone)
3.Жалқаудың жаны тәтті,
Еңбектің ........ тәтті.(нан,хлеб,bread)
4.Гүл өссе жердің көркі,............өссе-елдің көркі.(қыз,девушка,girl)
2-жүргізуші
5..........-білім бұлағы.(оқу,учеба,)
6.Қабат-қабат хаттама
Ақылың болса аттама.(книга,кітап,book)
7.Жүз теңгең болғанша,
Жүз...... ..........болсын.(дос,друг,friend)
8.Әй керемет бір ит бар.
Үй бағады үрмейді.
Аяғы жоқ жүрмейді
Рұқсатсыз ол иттен
Ешкім үйге кірмейді.(құлып,замок,lock)
1-жүргізуші
Ойын толық жатқандай асып,тасып,
Біреу мығым,біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де жеңілсең де қал ма жасып.
Жоғары,жоғары,жорғала
Шапшаңдыққа таң қалма
Жеңілемін деп ойлама!
2-жүргізуші Екі турдың қорытындысы бойынша жоғары ұпай жинаған ойыншы бастайды.
3-кезең «Ой сергіту сайысы» Жұмбақ шешу.
1-жүргізуші: Математикалық атаулар мен ұғымдар,
Есте болар, құрбылар, бәріңнің де.
Енді бір сәт солар жайлы жұмбақ шешсек
Артық болмас, бастайық, кезек бізде.
2- жүргізуші: 1.Жақсылап шешіп, табайық жауабын
Сыйлық бар сіздерге, қадырлі ағайын.
Нәрселерді санағанда,
Керек ол бізге ауадай,
Айтыңдаршы, бұл қандай сан,
Жан-жағыңа қарамай? (натурал сан)
2. Өмірің сенің қызық,
Жолында жоқ түзу сызық,
Басы да жоқ аяғы.
Бір айналым баяғы. (дөңгелек)
3. Дүкеннен мен сабын алдым,
Оның және қабын алдым,
Екі дәптер, бір қарындаш,
Тіс ысқышты тағы да алдым.
Есептеші сонда бәрі
Қанша болды, қолда бары? ( 6 )
4. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазылып тұр бойында. ( сызғыш )
5. Тоғыз белбеу, қос жібек,
Екі мұрын бір шүмек.
(домбыра)
6. Өзі 4 қанатты және 6 аяқты,
Сөйтсе де тікұшақтың көшірмесі сияқты.
(Инелік)
7. Аяғы біреу, қолы жоқ,
Шиыр - шиыр жолы көп.
(Қалам)
8. Екі ағайынды екеуі де бір үйде,
Бірін - бірі көрмейді.
(Көз) .
9. Алды – артымыз шексіз де,
Жете алмайсың біздерге.
Сәуле менең кесінді,
Шыққан тегім білсе де. (түзу)
10. Күнде есебін жаттайды,
Ешбір тыным таппайды.
Алмайды бір тағат,
Оның аты....... /сағат/
11. Жапанда бір бәйтерек бес бұтақты,
демейді ешкімге ешкім кес бұтақты.
Ешкім кеп кеспесе де бұтақтарын,
Бұтағы бестен артық өспей қапты. /қол, бес саусақ/
12. Қарнында бір көлдің балығы бар,
Немесе жандының алыбы бар.
(Кит)
4-кезең. «Кім мықты?»
5-кезең. «Конверт-сұрақ». Конверттерді таңдап,ішіндегі есепті топ бойынша шығарасыңдар.Ал сәттілік!!!
№1 конверт.
Бөлшектерді қысқартыңдар: :
Теңдеуді шешіңдер:
№2 конверт.
Бөлшектерді қысқартыңдар: :
Теңдеуді шешіңдер:
№3 конверт.
Бөлшектерді қысқартыңдар: :
Теңдеуді шешіңдер:
№4 конверт.
Бөлшектерді қысқартыңдар: :
Теңдеуді шешіңдер:
Бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті,ал енді әділқазылар алқасына сөз берейік.Топтардың жинаған балы мен сайысты қорытындыласын.