Файл: арапайым физиотерапиялы емшараларды олдану Физиотерапия (грек physis табиат, табии ндылытар).docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 17.03.2024

Просмотров: 9

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қарапайым физиотерапиялық емшараларды қолдану


Физиотерапия (грек.physis – табиғат, табиғи құндылықтар) – алуан түрлі табиғи, жасанды және физикалық заттарды пайдалану арқылы аурудың алдын алуға, емдік және сауықтыру шараларын жүргізуге бағытталған, мақсатты емшара жиынтығы.

Табиғи факторлар: ауалы орта, су, күн энергиясы, атмосфералық қысым, емдік балшықтар, сүліктер.

Физикалық табиғи факторлар: жылу, суық, электр қуаты, оттегі, электромагниттер, инфрақызыл, ультракүлгін сәулелендірілу ,ультрадыбыстық толқындар.

Физиотерапияның түрлері:

бальнеотерапия - минералды сулар мен емдік балшықтарды қолдану;

гирудотерапия – медициналық сүліктерді қолдану;

магнитотерапия – магнитті жиекті қолдану;

оксигенотерапия – оттегін қолдану;

аэротерапия – ашық ауаны тікелей сәулесіз қолдану;

гелиотерапия – күн сәулесін қолдану;

Физиотерапиялық емшаралар адам тіндерін бұзбай, тері арқылы ішкі ағзаларға және жүйелерге әр түрлі рефлекторлы әсер етеді.

Тері – жалпы рецепторлы аймақ.

Қарапайым физиотерапиялық емшаралар жүйке жүйесіне, бұлшық еттің және тамыр тонусына, тыныс алу, зат алмасу, ішкі ағзалардың жасуша мембранасына дейін, сонымен қатар биологиялық белсенді заттар гистамин, ацетилхолин, адреналиннің бөлінуіне әсер етеді.

Жарықпен емдеуге жарықтың энергиясын, соның ішінде ультракүлгін және инфрақызыл сәулеленулерді қолданатын әдістер кіреді. Су және бальнеологияемдеу әдістері тұзсыз суды, сонымен қатар табиғи және жасанды түрде жасалатын минералды суды қолдануға негізделген. Жылумен емдеуге жылытылған парафинның, озокерит, балшықпен емдеу, құмның, құрғақ ауаның жылуын организмге беріп жылуды қолдануға негізделген әдістер кіреді. Механикалық әсер тигізумен емдеуге ультрадыбыс терапия, вибротерапия, уқалау, мануальді терапия кіреді. Физиотерапияның қолданылуы физиотерапиялық шаралар перифериялық, аймақтық және орталық қан айналымын жақсартуға, ауруды басуға, ұлпаның трофикасын жақсартуға, бұзылған иммундық үрдістерін реттеу әректтеріне негізделген. Физиотерапияны тынышсыз жағдайларда, ісіп қызару үрдісінде, организм қатты жүдеген кезде, инфекциялық ауру асқынған кезде, туберкулезбен ауырған жағдайларда, қатерлі ісік және оның бар болуына күдіктену жағдайларында, қан аурулары бар кезде, қансырау және қанауға бейім жағдайларда, жүрек ауруларында, аорта және ірі тамырлардың аортасы, орталық жүйке жүйесінің аурулары кезінде қолдануға болмайды. Физикалық факторлардың емдік және профилактикалық қолданылуы физиотерапиялық кабинеттер мен ауруханалардың бөлімшелерінде, емханалар мен басқа емдеу-профилактикалық мекемелерінде, қажет болса ауруханалардың палаталары мен үйде жасалынады.


Сондай-ақ, физиотерапия: электр тогыменемдеу ультрадыбыстық терапия жылумен емдеу

Курортология массажбентығыз байланысты.

Физиотерапия физиканың, биофизиканың, биохимияның, радиотехниканың, электрониканың жетістіктерін пайдаланады.

Физиотерапия 20 астам «физикалық» факторларға негізделген емдік шаралар мен әдістемелер кешені. Медицинаның осы бағыты адам өркениетінің түп-тамырынан бастау алады.


Физиотерапия не үшін қажет?

Физиотерапияның басты мақсаты — адамды емделу үдерісі кезінде және емделуден кейін қалпына келтіру.

Физиотерапиялық шаралар көмегі арқылы:

Адамның функционалдық жағдайы қалыпқа келеді;

Мидың қанмен толығуы жақсарады, сонымен бірге адамның ақыл-ой мүмкіндігі арта түседі;

Зат алмасу үдерісі жақсарады;

Тірек-қозғалыс қызметін жақсарады;

Пациенттің эмоциялық және соматикалық жағдайы нығая түседі.

Физиотерапия әдістемелері басқа емдеу түрлерімен жеңіл үйлеседі. Кейде ол сырқатпен күресу кезінде шешуші рөлді атқарады.Сонымен қатар, физиотерапиялық емшаралар пациенттергежағымды әсер береді. Оларды пайдалану жайлылық сезімін сыйлайды. уқалау түрлері, сауна, бассейн, гидромассаж, емдік денешынықтыру, медициналық ұйқы адам ағзасына өте пайдалы.

Физиотерапия – емдеудің белсенді патогенетикалық әдістерінің бірі, ол ісу дистрофиялық процестердің тетіктеріне және функционалдық патологияға бағытталған.