Файл: Мектеп Х. Досмхамедлы атындаы орта мектебі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.03.2024

Просмотров: 15

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Төртбұрыштар мен үшбұрыштардың аудандары


Күні:

Мектеп:Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Амандық А.Н

Сынып: 8


Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Төртбұрыштар мен үшбұрыштардың аудандары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.3.11параллелограммның, ромбтың ауданы формулаларын қорытып шығару және қолдану;

Сабақтың мақсаты

Параллелограмм мен ромбтың аудандары туралы білу.

Параллелограмм мен ромб аудандарының формулаларын білу.

Параллелограмм мен ромб аудандарының формулаларын есептер шығаруда қолдану.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Жағымды ахуал тудыру мақсатында

«Түрлі –түсті үшбұрыштар»әдісі арқылы үш топқа бөлу.

Топ басшыларға бағалау парағын беру.

- «Өрмекшінің торы»әдісі арқылы жеке жұмыс жасайды.

Жаңа тақырыптың мақсатын ашу үшін «Тыңдайтын үшбұрыштар» әдісін қолданамын.





Дескриптор:

--Төртбұрыштың қандай түрлерін білесің?

-Параллелограмның қасиеттерін ата.

-Ромбтың қасиеттіне дәлел келтіріп бер.

-Параллелограмм ромб бола ала ма, керісінше ромб параллелограмм бола ала ма?

ҚБ: Мадақтау арқылы.

Бұл кезеңде оқушылар алдарындағы аудандары белгілі үшбұрыш қиындыларын қолдана отырып ромб, үшбұрыш, параллелограмм құрастырады. Топтық жұмыс жасай отырып фигуралардың аудандарын есептеп айтады.

Оқушылардың белсенділіген байланысты бағаланады.


Смайликтер арқылы топтарды бағалап кетемін

Презентация

Сабақтың ортвсы

Жаңа сабақты түсіндіру

Ромбының ауданын табуды үйренеміз.

Ромб параллелограмның дербес жағдайы болғандықтан, оның ауданын табу үшін келесі теоремаларды пайдалану орынды.

1 -теорема. Ромбының ауданы оның қабырғасының квадратын іргелес жатқан қабырғалардың арасындағы бұрыштың синусына көбейткенге тең.

Яғни қабырғасы a-ға тең және көршілес қабырғалардың арасындағы бұрышы бойынша параллелограмның ауданы келесі формуламен анықталады:

1-мысал. ABCD ромб қабырғасы 5 см-ге, ал іргелес жатқан қабырғалардың арасындағы бұрыш 45°-қа тең.

Шешуі: ромбының ауданы келесі формула бойынша анықталады:


2-теорема. Ромбының ауданы оның диагональдарының көбейтіндісінің жартысына тең болады.




Диагональдары AC және BD болатын ABCD ромбының ауданы келесі формуламен анықталады:


2-мысал. ABCD ромбының AC және BD  диагональдары сәйкесінше 6 және 9 см-ге тең.

Формула бойынша ауданын табамыз:
Жеке жұмыс:

1-тапсырма

Ромбының периметрі 20 cм және оның қысқа диагоналі 6 см. Ромбының ұзын диагоналін, биіктігін және ауданын есепте.
Жұптық жұмыс:

1-тапсырма: Әшекейлеу.

Ұзындық өлшемдері 4м және 2,5м қабырғаны суретте көрсетілгендей плиткамен әшекейлеу қажет.


2-тапсырма: Әшекейлеу.

Қабырғасының ұзындығы 45 см ромб пішінді фигураны суретте көрсетілгендей ромб пішінді плиткамен әшекейлеу қажет.



Сергіту сәті.

«Айырмашылығы неде?» әдісін қолдану арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытамын.


1-тапсырма:

Дескриптор:

  • Ромбының периметр тбу формуласын жазады

  • Ромбының қабырғасын табады

  • Ромбының қабырғасын табады

  • Ромбының екінші диагоналін табады

  • Диагональдар арқылы ауданын табады


Қалыптастырушы бағалау: «Смайлик» әдісі



Жұптық жұмыс:

1-тапсырма

1-сұрақ. Берілген қабырғаның ауданы қанша?

Жауабы: ___________ .

2-сұрақ. Бір плитка қанша жерге жетеді?

Жауабы: ___________ .

3-сұрақ. Берілген қабырғаны әшекейлеу үшін шамамен қанша осындай плитка керек?

Жауабы: ___________ .

4-сұрақ. Берілген қабырғаны әшекейлеу кезінде сурет симметриялы болу үшін кем дегенде қанша осындай бүтін плитка керек?

Жауабы: ___________ .
ҚБ: «Сен-маған, мен-саған» әдісі арқылы жұптық бағалау жүргізіледі.
2-тапсырма

1-сұрақ. Берілген фигураның ауданы қандай?

Жауабы: ___________ .

2-сұрақ. Берілген фигураны плиткамен толық толтыру үшін плитканың қабырғасы қанша сантиметр болуы керек?

Жауабы:___________

ҚБ: «Сен-маған, мен-саған» әдісі арқылы жұптық бағалау жүргізіледі.
Аудандары бірдей төртбұрышты аулалар берілген. Бірінші ауладағы қар аппақ, тап-таза. Ал, екінші ауладағы қар ластанған. Қайсы ауладағы қар бірінші ериді? Жауаптарын түйіндеп, айырмашылығын түсіндіреді.


Оқушылардың белсенділіген байланысты бағаланады.

Оқушылардың белсенділіген байланысты бағаланады.

Мадақтама сөздер айтып,смайликтермен бағалап кетемін.

Презентация

Сабақтың аяғы

Сабақты қорытындылау үшін тест жұмысын алу.



Рефлексия.

  • «Таңда да таста» әдісі бойынша оқушылар бүгінгі сабақта мен не үйрендім, мен үшін не қызық болды, маған не түсініксіз болды деген 3 сұраққа жауап беріп, өзара дебрифиг жүргізеді.




Бүгінгі меңгерілген материал бойынша 3 сұраққа жылдам жауап береді.

Тест жұмысын интерактивті тақта арқылы тексеріп, смайликтер таратамын.

Стикер

Оқулық



Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау




Оқушыларға мақтау, мадақтау арқылы қолдау көрсетіп, қателескен жағдайда бағыт беріп отырамын.

«Өрмекшінің торы» әдісі арқылы деңгейлік сұрақтарға жауап бере отырып үй тапсырмасын пысықтаймын.

«Досыңды тексер» әдісінде деңгейлік есептің шешімін жеке саралай отырып шығарады, жұптық жұмыс арқылы тексереді.

Мадақтау сөздер арқылы,

Әр әдістің соңында смайликтермен қалыптастырушы бағалау жүргіземін,

Топтық бағалау парақшасын жүргізу

Даму ағашымен кері байланыс алу


Сыныптағы оқушылардың партаға дұрыс отыруы; сергіту сәтін ұйымдастыру;

Қауіпсіздік техникасының ережелерін орындауы қадағаланып отырылады.


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?




Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?