Файл: Абай облысы, Семей аласы Semey New School мектебі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.03.2024

Просмотров: 6

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Абай облысы, Семей қаласы

«Semey New School» мектебі

Биология пәні мұғалімі: Құдабаева Фариза Мұратбекқызы


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Координация және реттелу

Мектеп: «Semey New School» мектебі

Күні: 16.02.2023

Мұғалімнің аты-жөні: Құдабаева Фариза Мұратбекқызы

Сынып: 7

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Ми.Үлкен ми сыңарлары.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.1.7.4 – орталық жүйке жүйесі бөлімдерінің құрылысы мен қызметтерін салыстыру

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың барлығы: Орталық жүйке жүйесі бөлімдерінің құрылысы мен қызметтерінің арасындағы айырмашылықты табады.

Оқушылардың көбісі: Ми бөлімдерінің қызметтері мен құрылыстары арасында байланыс орнатады.

Оқушылардың кейбіреулері: Орталық жүйке жүйесінің ағза үшін маңызын тұжырымдайды.

Ойлау деңгейінің дағдысы

Қолдану, талдау.


Бағалау критерийі

- Ми және ми бөлімдері арасындағы байланыстарды анықтайды.

- Орталық жүйке жүйесі бөлімдері мен қызметтерін сәйкестендіреді.

- Орталық жүйке жүйесі бөлімдерінің маңыздылығын анықтайды.

Тілдік мақсаттар


Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Үлкен ми сыңарлары, ортаңғы, аралық, сопақша ми, мишық

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

Үлкен ми сыңарлары, ортаңғы ми, аралық ми, сопақша ми, мишық қызметтерін және маңызыдарын талқылау.

Талдау жасай аласың ба?

Үлкен ми сыңарлары, ортаңғы ми, аралық ми, сопақша ми, мишық қызметін және маңызын талдау жасайды.

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Үлкен ми сыңарлары, ортаңғы ми, аралық ми, сопақша ми, мишық қызметін және маңызын жазады.

Құндылықтарға баулу


Жұптық және топтық жұмыста өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарап, ойын еркін жеткізуі барысында жүзеге асырылады. Өзін-өзі бағалу барысында шынайылылыққа, ашықтыққа қол жеткізу орындалады.

Пәнаралық байланыс

Химия, тарих, информатика, бейнелеу

Алдыңғы білім


7.1.7.2 - жүйке жүйесінің қызметін және құрылымдық компоненттерін атай біледі;

7.1.7.3 - жүйке жасушасының компоненттерін анықтайды.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

7 минут


Ұйымдастыру кезеңі 3 минут

  • Оқушылармен амандасу.

(Ұ) “Жылы лебіз, ыстық тілек” әдісі арқылы оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айтып жағымды ахуал қалыптастыру.
Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.

Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.

Топқа бөлу: Оқушылар әр түрлі түсті стикер таңдап, сол түстер бойынша топқа бөлінеді.


Мұғалім: Мадақтау, мақтау бойынша кері байланыс беріп

отырады (Жарайсың, керемет, жақсы, тамаша)

Оқушылар: Әрбір тапсырма барысында сабаққа қатысып, белсенділік танытып отырған оқушылар бір-бірін топтар, жұптар арасында бағалау лүпіл беру арқылы бағаланып отырады.

Бұл оқушының әрі қарай ынталана түсуіне септігін тигізеді.

Үй тапсырмасын еске түсіру кезеңі: 4 минут

«Сәттілік дөңгелегі» әдісі арқылы алдыңғы білімді жаңа сабақпен байланыстырып, жаңа сабақ тақырыбын ашу:

Сұрақтар:

1.Цилиндр пішінді орталық жүйке жүйесі – (Жұлын)

2.Жұлынның ұзындығы – (42-45см)

3.Нейрон дегеніміз не? – (Жүйке жүйесінің жасушасы)

4.Жұлыннан тарайтын жүйкелер саны- (31жұп)

5.Сұр зат неден құралады?(дендрит пен нейрон денесі)

6. Ақ зат неден тұрады? ( көптеген аксондардан)

7.Жүйке жүйесі орналасуы бойынша неше бөлімге бөлінеді? (Орталық және шеткі)

8.Жұлынның басты қызметтері?(өткізгіштік және рефлекстік)

ҚБ: Сұраққа жауап берген оқушыларға Лүпілдер беріледі.



1- топ – ақ стикер
2-топ- сұр стикер

(Парталарға топ стикерлер түстеріне сай белгімін қою)

Сұрақ парақшалары

Лүпілдер



Сабақтың ортасы

26 минут



«Миға шабуыл» 3 минут

Балаларға жаңғақ жемісі көрсетіледі. Оқушылар жаңғақты қолдарына ала отырып, не затқа ұқсастығы барын анықтап, сабақ тақырыбын болжайды.



Оқушылар жаңғақ жемісінің миға ұқсастығына өз болжамдарын айтады.

ҚБ: Өз болжамын, ойын түсіндірген оқушы лүпілмен бағаланады.

Тақырып ашу: Ми туралы қысқаша бейнеролик көру

2 минут
Тапсырма №1 7 минут

 Топтық жұмыс.  «Пазл жинау» әдісі кезінде әр оқушы оқулықтағы мәтінмен танысады, постерге пазлды жинап, өз ойларын ортаға салып, талқылайды.
1-топ. Үлкен ми сыңарларының маңдай және самай бөлімдерін тауып, қызметін анықтаңыз.

2-топ. Үлкен ми сыңарларының төбе және шүйде бөлімдерін тауып, қызметін анықтаңыз.
Дескриптор:

Үлкен ми сыңарлары бөлімдерін атайды және әр бөлімнің қызметін анықтайды.
ҚБ Топтар бірін-бірі лүпілмен бағалайды.
Тапсырма №2 5 минут

«Сәйкестендіру» әдісі
Жұптық жұмыс : Берілген кестедегі ми бөлімдерінің қызметтері арасындағы байланысты сәйкестендіріңіздер.




Ми бөлімдері атаулары

Әріптер

Ми бөлімдерінің

Қызметтері

1

Сопақша ми 

А

Дене қимылын үйлестіру, тепе-теңдікті реттейді.

2

Мишық

Ә

Тыныс алу мен тыныс шығарудың алмасуы ,

асқорыту, жүрек-қан тамырлары жүйелерінің қызметін реттейді.

3

Ортаңғы ми 

Б

эмоциялық сипаттау,дене

температурасын реттеу, қан

қысымын, зәр шығару,

ұйқы мен сергектік, көңіл

күйді реттейді.

4

Аралық ми 

В

көз қарашығының

мөлшерін өзгерту,

шыққан дыбысқа басты

бұру қызметін реттейді.


Дескриптор: орталық жүйке жүйесі бөлімдерінің қызметін басқа бөліктерімен салыстырады.
ҚБ: Сағат тілімен жұптар жауап парақшаларымен алмасады, бір-бірін тексеру арқылы бағалап, лүпілдерін береді.
Сергіту сәті 2 минут

Оқушылар орнынан тұрып, мұғалімнің көрсеткен қозғалыстарын жасайды. Мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.

Тапсырма №3 5 минут
Жеке жұмыс. «Құпия сандар» әдісін қолдану.

Ми бөліктерінің атауларын анықтаңыз және өмірлік маңыздылығын түсіндіріңіз
.

Дескрипторлар:

1)1 санымен берілген мүшенің атауын анықтап жазады;

2) 2 санымен берілген мүшенің атауын анықтап жазады;

3) 3 санымен берілген мүшенің атауын анықтап жазады;

4)4 санымен берілген мүшенің атауын анықтап жазады;

5) 5 санымен берілген мүшенің атауын анықтан жазады;

6)6 санымен берілген мүшенің атауын анықтап жазады;
ҚБ Оқушылар бір бірін тексереді (лүпілдер беріледі)

Тапсырма 4. Қорытындылау.
«Мені тап» ойыны

Оқушылар слайдта көрсетілген жұмбақ сөйлемдердің жауабын айтады.
Дескрипторлар: Мидың бөлімдерінің қызметтерін айтады
ҚБ:Жауап айтқан оқушыларға лүпілдер беріледі



Жаңғақ жемістері



Мидың құрылысы:

http://bilimland.kz

/kk/home#lesson

=12685
Оқулық.

Түрлі-түсті маркерлер, ватман қағазы



«Сәйкестендіру» картасы




Мидың құрылысы:

Мишық:

Ми діңі:

http://bilimland.kz/kk/

home#lesson=12685
Ми бөлімінің көлденеңнен қима суреті.

Слайд



Сабақтың соңы

7 минут


Үйге тапсырма:  1 минут

Ми бөлімдері мен қызметтері туралы кесте толтыру.

Қосымша ақпарат іздеу:

  1. Ми туралы қызықты деректер алып келу.

  2. Қызықты логикалық сұрақтар дайындап келу.


Кері байланыс: 3 минут

«Tik Tok» әдісі

Сабақтан алған білімді түйіндеңіз.

бүгінгі сабақта мен.....................................................түсіндім,

.....................................................................................білдім

қызықты болғаны.....................................................................

.....................................................................қиындық тудырды.

Өзін-өзі бағалау парағы: 3 минут

«Жетістік» парағы

Оқушылар әрекеті: әрбір оқушы сабақ барысында жинаған лүпілдерін санап «Жетістік» кестесіне ұпай санын жазып өз деңгейін, жетістігін анықтайды.


7-10 лүпіл

4-6 лүпіл

1-3 лүпіл

Жеттім

Талпындым

Әліде дайындық керек


Мұғалім әрекеті: Мадақтау, мақтау бойынша кері байланыс жасайды (жарайсың, керемет, жақсы, тамаша,).

Оқушының жетістістік парақшаларына смайликтер береді.




Оқулық, интернет ресурстары

«Tik Tok»

комментарийлері


Жетістік парағы


Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау




Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу түрінде болады.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады



«Пазл жинау» әдісі кезінде топ мүшелері және топтар арасындағы бағалау мен «Сәйкестендіру» әдісін сағат тілімен тапсырмаларын алмасу арқылы жұптар арасындағы бағалау және де

«Құпия сандар» әдісінде оқушылар бірін – бірі тексеру «Өзара тексеріс» лүпілдер арқылы және мұғалімнің марапаттауымен бағаланады.

-биология кабинетіндегі қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтау мақсатында сабақ үстінде сынып оқушыларын

топ құрастырған кезде және сабақ ортасында интербелсенді әдіс қолдану арқылы оқу бөлмесінде оқушыларға топтық жұмыс жасауға жағдайлар жасау.

Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.

Кері байланыс «Tik Tok»

Сабақтан алған білімді түйіндеңіз.

бүгінгі сабақта мен.....................................................түсіндім,

.....................................................................................білдім

қызықты болғаны.....................................................................

.....................................................................қиындық тудырды.


Жалпы бағалау
Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:
2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:
2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?