Файл: 5. 3 Онды блшектер жне олара амалдар олдану Педагогті атыжні.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.03.2024

Просмотров: 5

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқа мерзімді жоспар


Бөлім:

5.3 Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану

Педагогтің аты-жөні:

Болатбек Айгерім

Күні:

14.02.23

Сыныбы: 5 «А»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Ондық бөлшектерді көбейту

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

5.1.2.28

ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке көбейтуді орындау;

Сабақтың мақсаты:

Білім алушылар:

Ондық бөлшектерді көбейту алгоритмін біледі.

Ондық бөлшектерді көбейтуді орындай алады

Ондық бөлшектерді көбейту ережесін қолданып мәтінді есептерді орындайды

Бағалау критерийлері

Оқушы:

  1. Ондық бөлшекті натурал санға көбейту ережесін тұжырымдай алады.

  2. Ондық бөлшекті ондық бөлшекке көбейту ережесін тұжырымдай алады.

  3. Есеп шығаруда ережені қолдана біледі.

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Білу және түсіну, қолдану.

Тілдік мақсаттар

Тілдік мақсат

Оқушылар:

-ондық бөлшектерге арифметикалық амалдар қолдану алгоритмін түсіндіре алады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

- ондық бөлшек;

- үтірмен ажыратылатын таңбалар саны;

- үтірден кейінгі таңбалар саны;

- ондық, жүздік, мыңдық және т.с.с. үлестер;

-жоғары (үлкен) разряд;

- төменгі (кіші) разряд;

- разрядтық бірліктер;

- ондық таңбалар.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

- ондық бөлшекті ондық бөлшекке көбейту үшін ... керек.

Құндылықтарды дарыту

Топтық жұмыста – оқушыларды ұқыптылыққа, шапшандыққа, бір – біріне деген сенімге, әділдікке, сыйластыққа тәрбиелеу. Жұптық жұмыста – оқушыларды бір бірін тыңдауға, құрметтеуге, силауға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Геометрия.

Бастапқы білім

Ондық бөлшек. Ондық бөлшекті координаталық сәуледе кескіндеу. Ондық бөлшекті салыстыру. Жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдыру. Ондық бөлшекті қосу және азайту. Ондық бөлшектерді натурал санға көбейту.


Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
5 мин.

І. Ұйымдастыру

1. Сәлемдесу. Сыныпты түгендеу. Оқу, жазу, сызу құралдарын тексеру. Түстер бойынша топқа бөлу.
2. Психологиялық ахуал туғызу: Барабан әдісі

Әр топ басшысы барабан арқылы таңдалған сөзбен тілек айту. Жағымды ахуал туғызу.
3. Үй тапсырмасын тексеру .

№844, 850 (тақтадан тексеру)

ҚБ «Сигнал » (Әр оқушының алдында сигнал карталары жатады: ЖАСЫЛ : барлығы дұрыс; ҚЫЗЫЛ: 1 –қате жібердім)

Кері байланыс.

  • Барлық тапсырмаларды орындай алдыңыздар ма?

  • Қандай қиындық туындады?

  • Қиындық тудырған есептің шешімі қалай табылды?




Оқулық, жұмыс дәптері

Кітап, дәптер, қалам суреттері бейнеленген қима қағаздар топтамасы

ДК экраны

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

5 мин


Орындалған тапсырмаларды қорыта отырып, оқушылармен бірге сабақтың тақырыбын және мақсатын анықтайды.

Үтірлерін ескермей,

Көбейте бер сескенбей

Натурал сан деп есепте,

Бұрын оқып кеткендей

Үтірден соң қанша сан

Бөлшек орнын санаңыз

Оңнан солға сонша сан,

Аттап үтір қоямыз


ІІ. Тақырыпты бекіту

1. Өткен тақырыпты қайталау (Фри таяқшалары арқылы сан таңдайды, таңдалған сан арқылы интербелсенді тақтада сұрақтар беріледі.Топта ойласып, топ мүшесі жауабын айтады). Слайдта жауабы мен тексереледі.

  1. Жай бөлшек және ондық бөлшек дегеніміз не?

  2. Ондық бөлшектер координаталық сәуледе қалай салыстырылады?

  3. Ондық бөлшектер қалай қосылады және қалай айырамыз?

  4. Ондық бөлшекті натурал санға көбейту?

Өткен тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

Ондық бөлшектерді көбейту алгоритмін еске түсіру мақсатын анықтайды.

Ондық бөлшектерді көбейту алгоритмі:

  1. Баған түрінде жазып аламыз

  2. Үтірге мән бермей натурал сандар сияқты көбейтеміз

  3. Шыққан нәтиженің оң жағынан екі көбейткіште үтірден кейін қанша цифр болса, сонша орыннан кейін үтір айыру қажет.


- Жай бөлшек және ондық бөлшек анықтамаларын біледі

- Ондық бөлшектер координаталық сәуледе қалай салыстырылатынын біледі

- Ондық бөлшектер қалай қосылу және қалай айырылуын біледі

- Ондық бөлшекті натурал санға көбейтуді біледі

Интербелсенді тақта

Фри таяқшалары

Топтық жұмыс

10 мин

Топтарға тапсырмаларды орындатады, бақылайды. «РISA» есебі

Аквариум.



Аквариум.

1-сұрақ: Аквариумның биіктігі 2,5 дм, ұзындығы 5дм, ені 3,2 дм болса, оған қанша су құюға болады?(1дм3=1л)

Жауабы: ______________дм3

Түсіндір:______________________________

2cұрақ: Аквариумға 45л су құюға бола ма?

Жауабы:_________________Неге?__________

Шешімі:1. Аквариум көлемі V=abc формуласынан V= 2,5*5*3,2=40(дм3)

2. Аквариумға 45 л су құюға болмайды, себебі оның көлемі 40л тең.



«Бас саусақ» әдісі арқылы бағалау

Дескриптор:

- бірінші сұрақтың дұрыс шешімін табады

- екінші сұрақтың дұрыс шешімін табады

- жауаптарын түсіндіреді.

ДК экраны

5-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

Слайд.

Жеке жұмыс

8 мин

Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын орындатады, бағыт бағдар береді, бақылайды.

  1. Деңгейлік тапсырмалар (8 мин) – жеке жұмыс

А деңгейі:

Көбейтуді орындаңдар:

  1. 3,1 5 5) 2,5

  2. 5,5 10 6) 2,1 10

  3. 3,5 2,5 7) 2,3 1,1

  4. 6,2 1,2 8) 6,25 3,3



В деңгейі:

Көбейтуді есептеңдер:

  1. 10,27 5,1 + 8,3 5,1

  2. 2,3 9,5 + 7,2 2,3

  3. 0,4 5,1 + 6,9 0,4

Кері байланыс.

  • Барлық тапсырмаларды орындай алдыңыздар ма?

  • Қандай қиындық туындады?

  • Қиындық тудырған есептің шешімі қалай табылды?




Дискриптор:

-ондық бөлшекті натурал санға көбейте алады;

-ондық бөлшекті ондық бөлшекке көбейте алады.

- ондық бөлектерді қосады.
ҚБ «Бағдаршам» (Әр оқушының алдында сигнал карталары жатады: ЖАСЫЛ : барлығы дұрыс; САРЫ: 1 қате бар; ҚЫЗЫЛ: 2 – ден көп қате жібердім)


Карточкалар

Сигнал карталары

Слайд

Сергіту сәті

2 мин

«Мен таптым» сергіту сәтін өткізу

Санау арқылы сергіту сәтін орындайды

Оқушыларды санау дағдысын, шпшаңдықты арттыруға бағыттайды




Топпен жұмыс

(уақытқа байланысты қосымша тапсырма)

7 мин

Топпен тапсырмны деңгей бойынша орындауын қадағалау

Топпен орындауға арналған деғгейлік тапсырма

Оқушылар 3 түс бойынша деңгеймен есептер таңдайды және топта орындайды.
Жасыл:

Кестені толтырыңдар

а

0,1

0,2

0,3

0,4

а2













а3














Сары:

а

0,01

0,02

0,03

0,04

а2













а3














Қызыл:

а

0,15

0,21

0,32

0,44

а2













а3
















Дескриптор

-ондық бөлшектің квадратын табады.

-ондық бөлшектің кубын табады.
ҚБ «Бағдаршам» (Әр оқушының алдында сигнал карталары жатады: ЖАСЫЛ : барлығы дұрыс; САРЫ: 1 қате бар; ҚЫЗЫЛ: 2 – ден көп қате жібердім)

Кері байлaныс: жауабы дұрыс болмаған оқушыларға нұсқау беру.

Түрлі түсті карточкалар,

слайд

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

3 мин.

«Ағаш» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексия алады.

Үйге тапсырма №684, ережелерді қайталау

.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.

Өздерін бағалау шкаласының көмегімен бағалайды


Мұғалім оқушыларды қалыптастырушы бағалау арқылы бағалайды


Бағалау шкаласы.

Ағаш суреті

Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау



Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

«Мадақтау сөзі» әдісі

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1:

2: