Файл: Балалар эндокринологиясы бойынша тест сратары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.03.2024

Просмотров: 10

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Балалар эндокринологиясы бойынша тест сұрақтары

1

*!Профилактикалық тексеру кезінде мектепте 12 жасар қыз балада қалқанша безінің 2 –ші дәрежелік ұлғаюы анықталды. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал?

*диффузды токсикалық жемсау

*эндемиялық жемсау

*біріншілік гипотиреоз

*аутоиммунды тиреоидит

*жедел тиреоидит

#2

*!10 жасар қыз балада дәрігерлік қарау кезінде терінің құрғақтығы, әлсіз брадикардия, қалқанша безінің 2 деңгейлі ұлғаюы байқалды.Қосымша зерттеу кезінде: қалқанша безінің қызметі – эутиреоз, УДЗ: қалқанша безінің суммарлы тиреоидты көлемі 12,0 см3, құрылымы біркелкі. Қалқанша безі өлшемінің ұлғаюы немен байланысты?

*тироксин өнімінің жоғарлауымен

*йодты бойына көп сіңіруімен

*қалқанша безінің қабынуымен

*бездің анатомиялық өлшемімен

*тироксин тапшылығы салдарынан

#3

*!10 жасар қыз балада дәрігерлік қарау кезінде терінің құрғақтығы, әлсіз брадикардия, қалқанша безінің 2 деңгейлі ұлғаюы байқалды. Қосымша зерттеу кезінде: қалқанша безінің қызметі – эутиреоз, УДЗ де- қалқанша безінің суммарлы тиреоидты көлемі 12,0 см3, құрылымы біркелкі. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал?

*диффузды токсикалық жемсау

*біріншілік гипотиреоз

*аутоиммунды гипертрофикалық тиреодит

*эндемиялық жемсау

*жедел тиреоидит

#4

*!12 жастағы науқаста қалқанша безі ұлғайған, тығыз, біркелкі емес консистенциялы. УДЗ: эхотығыздығы төмендеген және жоғарылаған бөліктер анықталды. Пункциялық биопсияда: лимфоидты инфильтрация ошақтары. Т3, Т4, ТТГ деңгейі қалыпты.


Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал?

*аутоиммунды тиреоидит

*эндемиялық жемсау

*қалқанша безінің аденокарциномасы

*Ридель тиреоидиті

*жедел іріңді тиреоидит

#5

*!15 жасар жасөспірім бас ауруына, қалтырау және шаштың түсуіне, тез шаршағыштыққа шағымданды. Обьективті: физиологиялық даму параметрі қалыпты. Тері жабындылары таза,құрғақ. Брадикардия, ЖСС – 1минутта 64рет. Іш қатуға бейім. Зерттеу жүргізу кезінде бос Т4 деңгейі әлсіз төмендеген, ТТГ деңгейі жоғарылаған және АНТИ-ТПО қалыптыдан 10 есе жоғарылаған. УДЗ: 5мм дейінгі аралас эхогенді аймақтар, қалқанша безінің жалпы көлемі 12куб.см. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал?

*эндемиялық жемсау

*гипофиз аденомасы

*аутоиммунды тиреоидит


*екіншілік гипотиреоз

*жедел іріңді тиреоидит

#6

*!Эндокринологиялық бөлімшеге қалқанша безінің қатерлі ісігіне күдікті науқас түсті. Обьективті: қалқанша безі симметриялық ұлғайған, қатты тығыз, айналасындағы тіндермен жабысқан, перифериялық лимфотүйіндері ұлғаймаған. Гипотиреоздың клиникалық белгілері анықталды. Антитиреоидты антидене титрі қалыпты, пункциялық биопсияда атипиялық жасушалар анықталмады, фибробласттар анықталды.


Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал?

*Хашимото тироидиті

*де Кервена тироидиті

*Ридель тироидиті

*Базедов ауруы

*қалқанша безінің қатерлі ісігі

*7

15 жастағы ер бала. Әскери комиссиядан өту кезінде қалқанша безінің 2-ші дәрежелік ұлғаюы анықталды. Қосымша лабораториялық зерттеуге жолдама берілді: ТТГ , бос Т4 деңгейі қалыпты. ЕҢ тиімді ем:

*тиреоидэктомия

*левотироксин тағайындау

*динамикада бақылау

*калий йодидін тағайындау

*теңіз өнімдері

#8

*!14 жасар қыз балада мектепте профилактикалық қарау кезінде эндемиялық жемсаудың 2 дәрежесі анықталды.Лабораториялық зерттеуде: тиротропиннің жоғарылауы, бос Т4 шамалы төмендеуі және ТГ,ТПО антидене қалыпты титрі анықталды. ЕҢ тиімді емдеу әдісі:

*тиреоидэктомия

*левотироксин тағайындау

*динамикада бақылау

*калий йодидін тағайындау

*теңіз өнімдері

#9

*!14 жасар қыз бала. Мектептегі профилактикалық қарау кезінде эндемиялық жемсаудың 2 деңгейі анықталды. Лабораторлық зерттеуде: тиротропиннің жоғарылауы, бос Т4 шамалы төмендеуі және ТГ,ТПО антидене қалыпты титрі анықталды. Эндокринолог эутирокспен ем тағайындаған. ЕҢ тиімді жүргізу тактикасы:

*тиреоидэктомияға жолдау

*ТТГ, бос Т4 деңгейін 1 айдан кейін бақылау

*1 айдан кейін калий йодидін тағайындау

*эутирокстың дозасын жоғарылату

*теңіз өнімдерін ұсыну

#10

*!12 жасар науқаста гипотиреозбен АИТ-ға байланысты Л-тироксинді тәулігіне 50мкг қабылдау фонында қалқанша безі кішіреймеді. ТТГ деңгейі-3,0 мме/л.

Дәрігердің ЕҢ тиімді әрекеті:

*левотироксин дозасын көтеру

*оперативті ем

*левотироксиннің дозасын төмендету

*калий йодидін тағайындау

*преднизолон тағайындау

#11

*!Аутоиммунды тиреоидит және хаситоксикозбен ауыратын 14жасар науқас тәулігіне 15мг меркозолил қолданады. Шаршағыштық ,іш қатуға шағымданды. ТТГ деңгейі-10,0мме/л. Науқасты ЕҢ тиімді жүргізу тактикасы:

*мерказолил дозасын төмендетіп,калий йодидін қосу

*мерказолил дозасын төмендетіп,левотироксин қосу



*мерказолил дозасын төмендетіп,ота жасау

*мерказолилді тоқтатпай калий йодидін тағайындау

*мерказолилді тоқтатпай ноотропты препарат тағайындау

#12

*!14 жасар қыз бала тез шаршау, қалтырау және шаш түсуіне шағымданды. Зерттеу бойынша: бос Т4 деңгейінің әлсіз төмендеуі,ТТГ деңгейі жоғарылауы,АНТИ-ТПО қалыптыдан 10 есе жоғарылауы. УЗИ: 5мм дейінгі аралас эхогенді аймақтар, қалқанша безінің жалпы көлемі 12 куб.см. Науқасты ЕҢ тиімді жүргізу тактикасы:

*струмэктомия

*эутирокс қабылдау

*тирозол қабылдау

*динамикада бақылау

*поливитаминдерді қабылдау

#13

*!Үш жастағы қыз балада артық салмақ қосу; әлсіздік, беттің ісінуі, тері құрғауы және іш қату байқалады. Күнделікті таңертең орынбасушы терапия ретінде Тироксинмен 100 мг/кг қабылдайды. Дәрі дозасының дұрыс екендігін ЕҢ дәл анықтайтын зерттеу:

*жалпы қан сынағы

*тиреоидты гормондардың құрамы

*тиротропин құрамы

*биохимиялық қан сынағы

*ТГ және ТПО антиденелерінің титрі#7