Файл: Кктбе орта мектебі коммуналды мемлекеттік мекемесі бойынша 20202021 оу жылыны 1 тосан бойынша тосанды жиынты баалау мониторингі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.03.2024

Просмотров: 5

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Көктөбе орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша 2020-2021 оқу жылының 1 тоқсан бойынша тоқсандық жиынтық бағалау мониторингі.

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің № 135.08.04.2020 және № 168 30.04.2020 жылғы қосымшаларына сәйкес бөлім бойынша жиынтық бағалау және тоқсандық жиынтық бағалау жұмыстары арнайы кесте бойынша өткізіліп, балл және баға қою арқылы оқушының білімі, дағдысы, түсінуі туралы дәлелдемелерін көрсетеді. БЖБ аптасына екі және одан да көп сағат болатын пәндер бойынша да, аптасына бір сағат болатын пәндер бойынша 5.10-15.10.2020 аралығында өтті. ТЖБ жұмыстары 28.10-3.11.2020 аралығында арнайы кесте бойынша жүргізілді, бір үйде бірнеше баланың бір телефон, ноутбук болуына байланысты ТЖБ тапсырмаларын кесте бойынша орындай алмайтын оқушыларға, пән мұғалімдері екінші нұсқадағы ТЖБ тапсырмаларын беру арқылы жүргізілді. БЖБ, ТЖБ жұмыстары Онлайн мектеп платформасы арқылы алынды.

БЖБ-ны өткізу уақыты – 20 минут, ТЖБ-ны өткізу уақыты – 40 минут. 1-4-сынып білім алушылары үшін БЖБ және ТЖБ өткізу уақыты регламенттелмейді.

БЖБ және ТЖБ мазмұны пән бойынша Үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес өтілген оқу материалы қамтылды.

Әрбір оқу пәні бойынша 2-11 – сыныптарда жүргізілетін жиынтық жұмыстардың саны берілген кестеге сәйкес өткізілді.

Бастауыш сынып оқушыларына арналған БЖБ және ТЖБ тапсырмалары қиын болмауы керек және 2 тапсырмадан артық, 5-10-сынып оқушыларына арналған БЖБ және ТЖБ тапсырмалары 5 тапсырмадан берілмеуі мектеп әкімшілігі тарапынан қадағаланды.

Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты: тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.

Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар - пәндер бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы (5-10 сыныптар).

Бір күнде білім алушыларды шамадан тыс жүктемеу жəне бағалауды дұрыс үйлестіру үшін тоқсандық жиынтық жұмысты үшеуден артық өткізбеу қадағаланды.

ТЖБ өткізілген соң әр пән бойынша құрылған комиссия құрамында модерация отырыстары өтті, мұғалімдер балдарды балл қою кестесіне сəйкес талқылады, қажет болған жағдайда балл қою кестесіне комиссиямен бірлесе өзгерістер жəне/немесе толықтырулар енгізді. Модерация қорытындысы бойынша балдарына өзгеріс енгізілетін оқушылардың жұмыстары қайта тексерілді Модерацияны аяқтағаннан кейін отырыс хаттамасына қол қойылды. Хаттама мектеп кординаторының жиынтық папакасына жинақталды. БЖБ, ТЖБ қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығына талдау жасалынып, жинақ папкасында жинақталды.


2020-2021 оқу жылының 1 тоқсандағы пәндер бойынша ТЖБ мониторингі

пәндер

қазақ сыныбы

орыс сыныбы

жоғары

орта

төмен

жоғары

орта

төмен

қазақ тілі

107

119

104

95

148

150

қазақ әдебиеті

117

131

106

 

 

 

орыс тілі

126

127

97

89

129

159

орыс әдебиеті

 

 

 

97

144

130

ағылшын тілі

93

148

112

89

150

153

алгебра\ математика

104

132

119

86

132

176

Геометрия

38

51

50

17

43

52

физика

40

51

45

26

46

47

Химия

22

36

28

11

48

33

Биология

37

41

36

17

35

47

География

39

42

43

19

37

42

информатика

10

10

6

9

6

5

Қазақстан тарихы

43

54

40

50

26

31

Жаратылыстану

52

69

51

54

68

84


2020-2021 оқу жылының 1 тоқсандағы пәндер бойынша ТЖБ мониторингі

Мектеп кординаторвы М.Аксанбаева