Файл: Блім Физикалы шамалар мен лшеулер.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.03.2024

Просмотров: 6

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Бөлім:

Физикалық шамалар мен өлшеулер


Педагогтің Т.А.Ә.

Тастанбекова Акеркеш Рымбековна

Күні:

19.09.2022 ж

Сынып:

7 «а» қазақ сыныбы

Сабақтың тақырыбы:

Скаляр және векторлық шамалар.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

7.1.2.2 – скаляр және векторлық физикалық шамаларды ажырату және мысалдар келтіру

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: скалярлық және векторлық шамалардың анықтамасын біледі, мысалдар келтіре алады. Траектория, жол, орын ауыстыру, жылдамдық, орташа жылдамдықтың мағынасын түсінеді, арасындағы айырмашылықты біледі;

Оқушылардың көбісі: скалярлық және векторлық шамалардың ұқсастығы мен айырмашылығын біледі, ажырата алады, техника мен тұрмыстан мысалдар келтіреді;

Кейбір оқушылар: жылдамдық пен орын ауыстыру векторларын қосу және азайту формулаларын пайдаланып, күрделі есептерді шығара алады.






Сабақтың жоспарланған кезеңдері.

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

І.Ұйымдастыру кезеңі.

(W)Сыныппен жұмыс. Ой қозғау.

«Мен қайда, қалай барам?»

Ойын шарты: мұғалім оқушыларға Павлодар облысының картасын таратып береді.



  1. Картадан оқушылардан Павлодар облысында орналасқан Аққулы ауданына дейіңгі арақашықтықты сызғышпен өлшеп, сызып қоюын сұрайды.



  1. Картадан оқушылардан Павлодар облысында орналасқан Шарбақты ауданына дейіңгі арақашықтықты сызғышпен өлшеп сызып қоюын сұрайды.



  1. Мен қайда бара жатқанымды қалай білемін?



  1. Алынған осы екі сызықтың бір-бірінен қандай айырмашылығы және қандай ұқсастығы бар? –деген сұрақтарға жауап беруін сұрайды.




https://bilimland.kz/kk/



Сабақтың ортасы


Сыныппен жұмыс. Бейнебаян.

Мәлімет.

Физикада шамалардың екі түрі қолданылатынын еске түсіру.

(Скаляр және векторлық)


http://bilimland.kz/index.php/kz/