ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.03.2024

Просмотров: 5

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

2.1-ресурс
Тиісті автоматтандыруды қалыптастырумен байланысты ауызша сөйлеудің грамматикалық жағын оқыту келесі жаттықтыру жаттығулары арқылы тиімді жүзеге асырылады: имитативті; түсіне отырып таңдау жасау жаттығулары; орнын алмастыру жаттығулары, трансформациялық жаттығулар; сөйлемдерді толықтыруға арналған жаттығулар; аналогияға арналған жаттығулар; стандартты түрдегі сөйлемдерді қолданылатын жаттығулар; нұсқаулыққа сәйкес сұрақтарға жауап беру; сұраққа қарама-қарсы жауап беру; берілген сөздермен сөйлем құрастыру.

Имитативті жаттығулар. Лексикалық бірліктерді, грамматикалық модельдерді бекіту және оларды сөйлеуде автоматтандыру үшін, яғни фонетикалық, лексикалық және грамматикалық дағдыларды қалыптастыру үшін қолданылады. Білім алушылар оқытушының соңынан фразаны қайталайды. Тап
сырманың анықтамасы: «Тыңдаңыз және қайталаңыз. ...азар аударыңыз».

Түсіне отырып таңдау жасау жаттығулары. Меңгерілген материалды автоматтандыруға бағытталған. Білім алушылар грамматикалық форманы жақсы біле отырып, таңдау жасайды. Тапсырманың анықтамасы: «Дұрыс үлгіні таңдаңыз»

Мысалы:

Тапсырма: дұрыс нұсқасын таңдаңыз.

  1. (қонақ үй)-ге __________келу (қайда?) (қонақ үй) -де _____________ өмір сүру (қайда?)

  2. (стадион)-да______________________________жүгіру(қайда?) (стадион)-да _________жарысу (қайда?)

Орнын алмастыру жаттығулары. Бұл жаттығуларда үлгі бойынша сөзді немесе сөздерді ауыстыру керек. Жаттығу үлгілері:

- сөздерді өзгертпей орындарын ауыстырып қою;

- сөздің өзгеруіне байланысты орындарын өзгерту;

- басқа сөзбен ауыстыру.

Мысалы. 1-тапсырма: кестені толтырыңыз

Тапсырма үлгісі:

Олар

Ол(ұлға)

Ол(қызға)

Шведтер

Болгарлар

Белорус

Испаниялық

Америкалық әйел

Мексикалық әйел


2- тапсырма.

Мен

Менің

Біздің

Сен

Сенің

Сендердің

Сіз

Сіздің

Сіздердің

Ол

Оның

Олардың

Оқушы



Бала

Дәрігер

Ұстаз


Трансформациялық жаттығулар. Мұндай жаттығулар алмастырылатын жаттығуларына қарағанда күрделі сипатымен ерекшеленеді. Мысалы: сөздің болымсыз түрін жазыңыз (мақұлдауды теріске шығарыңыз) . жекеш/көпше түрін,жағын т.б. өзгертіңіз.

Сөйлемдерді толықтыруға арналған жаттығулар. Мұндай жаттығулар ұсынылған сөйлемді қосымша сөздермен жылдам толықтырып айтуды қажет етеді. Мысалы: сөйлемді аяқтаңыз: Мен ... оқимын . Мен ... тұрамын. Мен жазда ... жұмыс істедім.

Сөйлемдерді кеңейтуге арналған жаттығулар. Жаттығуларды орындау кезінде оқушылар

ұсынылған сөз тіркестерінің мазмұнын нақтылау үшін қосымша сөздерді қолданады.

Мысалы: сөйлемді толықтырыңыз.

Мен Латвияда тұрамын.

Мен Латвияда Лиела көшесіндегі Кулдига қаласында тұрамын.

Аналогияға арналған жаттығулар
. Тапсырмалар сұрақ пен жауаптардан тұрады. Сұрағының ішінен жауап беруге қажетті сөзді табуға болады .

Мысалы: сұраққа жауап беріңіз.

Жас жігіт мектепке бара жатыр. Ол қайда бара жатыр? Ол мектепке бара жатыр.

Стандартты сөздерді қолдану жаттығулар. Тапсырма стандартты сөздерді қолдануды қамтиды. Жаттығудың мақсаты - оқу барысында оқушыларды автоматты түрде жауап беретіндей деңгейге жеткізу. Мысалы: жауап бере отырып «өтінемін, .... беріңізші» деген сөздерді қолданып отырыңыз.

- Кітапты сұраңыз.

- Өтінемін, кітапты беріңізші!

Кілт сөздер арқылы орындалатын жаттығулар. Оқушыға кілт сөз беріледі, оқушы кілт сөзді пайдаланып сөйлем құрастырады.

Мысалы :

Берілген суреттерді(сөздерді) пайдаланып сөйлем құрастыр.



1) Мен ....... ...... келдім.

2) ....... ...... жасайды.

3) ...... анама сыйлаймын.
Нұсқаулыққ
а сәйкес сұрақтарға жауап беру. Сұрақтар мен нұсқаулық беріледі, оларға дұрыс жауап беру қажет. Мысалы: нұсқауға сәйкес жауап беріңіз. Иә немесе жоқ.

- Сіз көркем фильм көруді жақсы көресіз бе?

- Иә, мен көркем фильм көруді жақсы көремін.

Сұраққа қарама-қарсы жауап беру. Хабарлы сөйлемнен кейін сұрақ қойылады. Сол хабарлы сөйлемге сүйене отырып, қарамаарсы жауап қайтарасыз.

Мысалы: қарама-қарсы жауап беріңіз.

- Мен кеше жаттығуда болдым. Ал сен ше?

- Мен кеше жаттығуда болған жоқпын.

Берілген сөздермен сөйлем құрастыру. Сөздер беріледі. Осы сөздерден сөйлемдер құрастыру қажет. Тапсырма түрлері:

- сөздер қажетті грамматикалық формада берілген;

- сөздер бастапқы түрде берілген.

Мысалы: сөйлем құрастырыңыз.

- Ригада,