Файл: Инструкцияа сай олын жуды. ажетті ралдарды дайындады сантиметрлік таспа, стетоскоп, стерильді олап. Стерильді олаптарды киді.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 18.03.2024
Просмотров: 8
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тапсырмаға берілген уақыт – 5 мин
Ұпайдың максимум саны: 26 (100%), жинаған ұпай саны: _____ ( _______%)
Құзіреттілік | № | Гинекология Қынаптың артқы күмбезіне пункция жасау | Бағалау критерийі | ||
Жоқ | Ия, бірақ әлі де жетілдіру керек | Ия | |||
0 | 1 | 2 | |||
Б2.Дәрігер-клиницист Б2.2. Медициналық процедуралар | 1 | Инструкцияға сәйкес қолды мұқият жуды. | | | |
2 | Қажет құралдарды дайындап алды: пинцет, оқтық қышқаш, қасық тәрізді айна 2 дана, Петри табақшасы, шприц 10 мл, ине ұзындығы 10-12см, салфетка, корнцанг, асептикалық ерітінді, стерильді қолғап. | | | | |
3 | Стерильді қолғаптарды стерильдігін қатаң сақтай отырып киді. | | | | |
4 | Сыртқы жыныс еріндерін және қынапты асептикалық ерітіндімен өңдеді. | | | | |
5 | Қасық тәрізді айналарды қынапқа енгізді. Жатыр мойнын және қынап қабырғасын асептикалық ерітіндімен өңдеді. | | | | |
6 | Жатыр мойнының артқы ернеуін оқтық қысқашпен қысып ұстап, алға қарай тартты. Алдыңғы айнаны шығарды. | | | | |
7 | Жатыр мойны астындағы кеңістікке (флюктуация анықталған жерге) ортаңғы сызық бойымен инені енгізді (инені жатырдың артқы қабырғасына паралелль бағытта, Дуглас кеңістігіне 1-1,5см тереңдікке енгізді). | | | | |
8 | Кеңістіктегі сұйықтықты шприц поршенін тарту арқылы шприцке сорып алды. | | | | |
9 | Шприцтегі сұйықтықты Петри табақшасына құйып, сұйықтыққа баға берді (түсі, сипаты, мөлдірлігі). | | | | |
10 | Оқтық қысқашты алды, қынаптан айналарды шығарды. Қолданылған құралдарды дез ерітіндіге салды. | | | | |
11 | Қолғаптарды шешіп, қолын жуды. | | | | |
12 | Операция барысын ауру тарихына жазды. | | | |
Тапсырмаға берілген уақыт – 5 мин
Ұпайдың максимум саны: 24 (100%), жинаған ұпай саны: _____ ( _______%)
Құзіреттілік | № | Гинекология Қынаптың тазалық дәрежесін анықтауға жағынды алу | Бағалау критерийі | ||
Жоқ | Ия, бірақ әлі де жетілдіру керек | Ия | |||
0 | 1 | 2 | |||
Б2. Дәрігер-клиницист Б2.3. Медициналық процедуралар | 1 | Қолын инструкцияға сай жуды. | | | |
2 | Қажетті құрал-жабдықтарды дайындады: қосжақтаулы Куско айнасы, Фолькман қасығы-2дана, стерильді қолғап, науқастың жеке жаялығы, құрғақ таза майсыздандырылған шыны, стеклограф, лабораторияға жолдама бланкі. | | | | |
3 | Шыныны 3 бөлекке бөліп, “U”,”C”,”V”әріптерімен белгіледі. | | | | |
4 | Науқасты жаялық төселген гинекологиялық креслоға жатқызды. Стерильді қолғаптарды киді. | | | | |
5 | Зәр шығару каналына 0,5 см тереңдікте Фолькман қасығын енгізді. Зәр шығару каналынан жағынды алып шынының U (уретра) әріпімен белгіленген бөлігіне дөңгелек түрінде жақты. | | | | |
6 | Сол қолдың үлкен және сұқ саусақтарымен үлкен және кіші жыныс еріндерін ашты. Оң қолмен қынапқа Куско айнасын бүйірімен енгізіп, бұрады жатыр мойнына жетпей айнаны ашты. | | | | |
7 | Фолькман қасығының екінші жағымен цервикальды каналдан жағынды алып, шынының С (жатыр мойны) әріпімен белгіленген бөлігіне штрих түрінде жақты. | | | | |
8 | Фолькман қасығымен қынаптың артқы күмбезінен жағынды алып, шынының– V (қынап) әріпімен белгіленген бөлігіне штрих түрінде жақты. | | | | |
9 | Қынаптан ақырындап айнаны жауып шығарды. Қолданған құрал-саймандарды дез ертіндіге батырып салып қойды. Қолғаптарды шешіп, арнайы контейнерлерге тастады. Қолды сабындап жуды. | | | | |
10 | Клиникалық лабораторияға жолдама жазды: пациенттің аты-жөні, жасы, мекен жайы, диагноз, алынған күні, аймақтық дәрігер мен акушерканың аты-жөні. | | | |
Тапсырмаға берілген уақыт – 5 мин
Ұпайдың максимум саны: 20 (100%), жинаған ұпай саны: _____ ( _______%)