Файл: азастан республикасы білім жне ылым министрлігі abai University силлабус.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 18.03.2024
Просмотров: 12
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Abai University
СИЛЛАБУС
1. Пән туралы ақпарат
Пәннің атауы___Элементарлық математика (алгебра)_____________________________
Кредит саны______6_____________
Курс, семестр__1 курс, 1 семестр, 2021-2022 оқу жылы, қашықтықтан оқыту бөлімі
Білім бағдарламасының атауы және шифры____6В01501-Математика __________________________
Институт____Математика, физика және информатика ______________________________
Кафедра____ Математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі _____________
Оқытушының аты-жөні, дәрежесі, ғылыми атағы, қызметі Есенова Мария Ибрашқызы, п.ғ.к, доцент
Контактілік ақпарат (телефон, e-mai) ____8-708-593-70-92, esenova1947@gmail.com ____
2. Бақылау түрі (ауызша, жазбаша және тест түріндегі емтихан)*
«ЭЛЕМЕНТАРЛЫҚ МАТЕМАТИКА (АЛГЕБРА)» ПӘНІ БОЙЫНША Емтихан жұмысын бағалау шкаласы | |
Балдар: 1 сұрақ - 30, 2 сұрақ – 30, 3 сұрақ - 40 | |
Білім алушы: | |
A | - берген жауаптарын стилистикалық сауатты, логикалық дұрыс ашқан; - теориялық ережелерді нақты мысалдармен келтіре білген; - ғылыми терминологияны тура қолдануды толық көрсеткен - тәжірибелік тапсырманы толық көлемінде, шығармашылық жолын қолданып орындаған |
A- | – ғылыми терминологияны қолдануда білместік пен оқу материалын түсінбегендіктің салдары болып саналмайтын жеке қателіктер немесе дәлсіздіктер жіберген; |
B+ | – тәжірибелік тапсырманы толық көлемінде емес орындаған, тапсырманы орындаған кезде шығармашылық жолын қолданған |
B | – баяндауда жауаптың логикалық және ақпараттық мазмұнын бұрмаламайтын бірнеше қателіктер жіберілген; – жауаптың негізгі мазмұнын баяндауда бір-екі кемшіліктер жіберілген. |
B- | – ғылыми терминологияны қолдануда қателік немесе екіден астам кемшіліктер жіберілген
|
C+ | – материалдың мазмұны толығымен немесе жүйелі түрде ашылмаған, бірақ білім алушы сұрақты жалпы түсінген және жеткілікті білімі көрсетілген, түсініктерді анықтауда, терминді қолдануда қиындықтар мен қателіктер жіберген.
|
C | – тәжірибелік тапсырманы орындау кезінде немесе теорияны жаңа жағдайда қолдана алмаған. |
C- | – теориялық материалдың білімін аңғару кезінде негізгі біліктілік пен машықтардың жеткіліксіз қалыптасқандығын байқатқан. |
D+ | – оқу материалының негізгі мазмұны ашылмаған; – оқу материалын білім алушы білмеген немесе оның анағұрлым немесе маңызды бөлігін түсінбегендігі анықталған. |
D | – терминдерді пайдалану кезінде түсініктерді анықтауда қателіктер жіберген. |
F | - білім алушының тексеріліп отырған пән бойынша міндетті білімі мен машықтарының толығымен жоқтығы байқалады. |
Критериалды бағалау:
Үй тапсырмаларының немесе СӨЖ мерзімдері ҚазҰПУ академиялық саясатына сәйкес жеңілдететін жағдайларда (ауру, шұғыл жағдайлар, күтпеген жағдайлар және т.б.) ұзартылуы мүмкін. Сындарлы сұрақтар, диалог, пікірталастарға қатысу, практикалық тапсырмаларды орындау және кері байланыс құпталады және көтермеленеді, ескеріледі және бағаланады:
1. Әр сабаққа тақырыпқа сәйкес, кестеге сәйкес алдын-ала дайындалу керек.
2. Үй тапсырмалары пән кестесінде көрсетілгендей семестр бойы бөлінеді.
3. Үй тапсырмаларының көпшілігінде бірнеше сұрақтар/тапсырмалар болады.
4. Семестр бойы сіз оқылатын материалды пайдаланасыз.
СӨЖ көрсетілген мерзімде орындалуы тиіс. Көрсетілген мерзімнен кейін СӨЖ қабылданбайды.
Жиынтық бағалау:
Сіздің қорытынды бағаңыз мына формула бойынша есептеледі:
(АБ1+АБ2)∙0,3 +Емт∙0,4
3. Курстың академиялық презентациясы
Оқу курсының типі: ТК
Пәннің мақсаты: болашақта математика мұғалімі болатын студенттерге орта мектеп математика курсынан базалық білім, білік пен дағдыларын меңгерту мен кеңейту, мектеп математика курсынан стандартты және стандартты емес есептерді шығара білуге үйрету, одан әрі жоғары курстарда кәсіби-әдістемелік пәндерді оқып білуге дайындық жасау.
Пәннің негізгі міндеті «6В01501-Математика», «6В011502-Математика-физика», «6В011503-Математика-информатика» ББ бойынша оқытудың келесі нәтижелерін қалыптастыру болып табылады:
1) мектеп математика курсының мазмұндық-әдістемелік бағыттары бойынша білім, білік және дағдыларын жүйелейді және тереңірек меңгереді;
2) мектеп математика курсынан стандартты және стандартты емес есептерді шешу тәсілдерін талдайды және оларды есептерді шешуде қолданады;
3) жоғары курстарда кәсіби-әдістемелік, арнайы математикалық пәндерді оқып білуге қажетті базалық білім мен біліктерін жетілдіреді;
4) математикалық тілде сөйлеу мен жазу мәдениетін, математикалық сауаттылығын қалыптастырады;
5) өздігінен математикалық білім алу мен жетілдіру, алған білімін бағалай білу дағдылары қалыптасады.
4. Курстың академиялық саясаты:
Академиялық тәртіп ережелері:
Сабаққа қатысу міндетті, кешігуге болмайды. Сабаққа кешігу және сабақта болмау 0 баллмен бағаланады.
Тапсырмаларды (СӨЖ, СОӨЖ, аралық, бақылау, практикалық, жобалық және т.б.), емтиханды орындау және тапсыру мерзімдерін міндетті түрде сақтау. Тапсыру мерзімі бұзылған жағдайда тапсырма айыппұл баллдарын шегеру есебімен бағаланады.
Академиялық құндылықтар:
Академиялық адалдық және тұтастық: барлық тапсырмаларды орындау дербестігі; плагиаттың, жалғандықтың, шпаргалкаларды пайдаланудың, білімді бақылаудың барлық түрлерінде көшіріп алу және оқытушыны алдауды болдырмау.
Мүмкіндігі шектеулі студенттер e-mail бойынша кеңес ала алады.
5. Ақпараттық ресурстар: (Интернет-ресурстарды қоса алғанда)*
https://bilimland.kz, www.math.ru, http://www.allmath.ru/, http://www.math-on-line.com/, https://bilimland.kz, www.math.ru, http://www.allmath.ru/, http://www.math-on-line.com/
http://univer.kaznpu.kz
Оқу әдебиеттері:
-
Әбілқасымова А.Е., Тұяқов Е.А. Жалпы білім беретін мектепте математикалық есептерді шығаруды оқытудың әдістемелік негіздері. Оқу құралы. – Алматы, 2019. - 340б. -
Абылкасымова А.Е., Туяков Е.А., Нурмухамедова Ж.М. Методические основы обучения решению математических задач. Учебное пособие. – Алматы, 2017. – 250с.
-
Есенова М.И. Математикалық талдау 1. Оқу құралы. - Алматы: ТОО «Лантар Трейд». 2018 жыл. - 165 бет -
Асқарова М. Математика есептерін шешу практикумы. 1 бөлім. - Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2009. - 148 б. -
Асқарова М.А. Элементарлық математика. Алгебра: Оқу құралы. - Алматы: Қарасай, 2013. - 460 б. -
Бекжігітов Е.Т. Элементар математика (алгебра). Анықтамалык және тарихи материалдар. Оқу құралы. - Алматы: Ұлагат, 2013. - 100 б. -
Шойынбеков К.Д., Әбілқасымова А.Е., Есенова М.И., Тұрлыханова М.А. Анализ бастамалары. Оқу құралы. - Алматы: Білім, 2002. - 320 б. -
Есенова М.И. Векторлык алгебра элементтері: Мысалдар және есептер. Оқу-әдістемелік құралы. - Алматы: ҚМҚПИ, 2002. – 54 б. -
Бияров Т.Н., Молдабеков М.М. Элементар математика есептерінің жинағы. – Алматы: Кітап, 1992. – 350 б. -
Сборник задач по математике для поступающих в вузы / В.К. Егерев; ред. Сканави М.И.- 6-е изд.- М.: Оникс 21 век - Мир и образование, 2003.- 608 с. -
Сборник задач по математике для поступающих в вузы / Под ред. Сканави М.И.- Москва: Оникс, 2005.- 608 с. -
Сборник задач по математике для поступающих во втузы: Учеб. пособие / В.К. Егерев; ред. Сканави М.И.- 6-е изд.- М.: Оникс 21 век - Мир и образование, 2001.- 608 с. -
Иванов К.П. Сборник задач по элементарной математике для абитуриентов: Учебное пособие. - СПб.: Невский диалект - БХВ-Петербур, 2004. - 352 с. -
Цхай Т.А. Элементарная математика: Учебно-методическое пособие. - Алматы: КазНПУ им. Абая, 2008. - 223 с. -
Выгодский М.Я. Справочник по элементарной математике: справочное издание. - Астрель - ВКТ, 2012. - 509 с.
6. Оқу курсының тақырыбын іске асыру күнтізбесі:
Апта /күні | Тақырып атауы (дәріс, практикалық сабақ, СӨЖ) | Сағат саны | Ең жоғары балл |
1 | 2 | 3 | 5 |
1 | Дәріс 1. Жиындар теориясының элементтері. Нақты сандар | 2 | 1 |
Практикалық сабақ 1. Натурал сандар. Рационал сандар. Иррационал сандар. Нақты сандар. Арифметикалық есептеулер. | 2 | 5 | |
2 | Дәріс 2. Комплекс сандар және оларға амалдар қолдану | 2 | 1 |
Практикалық сабақ 2. Комплекс санның алгебралық түрі және оларға амалдар қолдану. Комплекс санның тригонометриялық түрі және оларға амалдар қолдану. Комплекс санды дәрежеге шығару және түбірлерін табу. | 2 | 5 | |
3 | Дәріс 3. . Сан тізбегі. Прогрессиялар. Математикалық индукция әдісі. | 2 | 1 |
Практикалық сабақ 3. Сан тізбекері. Арифметикалық. геометриялық прогрессиялар. Математикалық индукция әдісі. | 2 | 5 | |
4* | Дәріс 4. Алгебралық өрнектер. Трансценденттік өрнектер. | 2 | 1 |
Практикалық сабақ 4. Алгебралық өрнектерді түрлендіру. Рационал және иррационал өрнектерді түрлендіру. Тригонометриялық өрнектерді түрлендіру. Логарифмдік өрнектерді түрлендіру. Тепе-теңдіктерді дәлелдеу. | 2 | 5 | |
СОӨЖ 1 СӨЖ кеңес беру және қабылдау. СӨЖ (тақырып) Сандар теориясы және арифметикалық есептеулер. Рационал және иррационал көрсеткішті дәрежелерді, n-ші дәрежелі түбірі бар өрнектерді тепе-тең түрлендіру. Математикалық тұжырымдарды дәлелдеуде математика-лық индукцияны қолдану. | | 18 | |
5 | Дәріс 5. Элементар функциялар және олардың қасиеттері мен графиктері. | 2 | 1 |
Практикалық сабақ 5. Элементар функциялар және олардың қасиеттері мен графиктерін салу. Функцияның анықталу және өзгеру облыстарын табу. | 2 | 5 | |
СОӨЖ 2 СӨЖ кеңес беру және қабылдау. СӨЖ (тақырып) Трансценденттік функциялар. Көрсеткіштік, логарифмдік, тригонометриялық, кері тригонометриялық функциялар және олардың қасиеттері мен графиктері. | | 20 | |
6-7* | Дәріс 6-7. Алгебралық теңдеулер және теңдеулер жүйесі. Иррационал теңдеулер. | 4 | 2 |
Практикалық сабақ 6-7. Сызықты, квадраттық теңдеулерді шешу. Бөлшек-рационал теңдеулерді шешу. Иррационал теңдеулерді шешу. Айнымалысы модуль таңбасы ішінде болатын теңдеулерді шешу. | 4 | 10 | |
СОӨЖ 3 СӨЖ кеңес беру және қабылдау. СӨЖ (тақырып): Рационал және иррационал теңдеулерді шешу. Теңдеулер жүйесін шешу тәсілдері. | | 20 | |
1 аралық бақылау, барлығы | | 100 | |
8 | Дәріс 8. Алгебралық теңсіздіктер және теңсіздіктер жүйесі. | 2 | 1 |
Практикалық сабақ 8 Сызықтық, квадраттық теңсіздіктерді шешу. Бөлшек-рационал теңсіздіктерді шешу. Теңсіздіктер жүйесін шешу. Айнымалысы модуль таңбасы ішінде болатын теңсіздіктерді шешу. | 2 | 5 | |
9 | Дәріс 9. Иррационал теңдеулер және теңсіздіктер. | 2 | 1 |
Практикалық сабақ 9. Иррационал теңдеулерді теңсіздіктерді шешу. Теңсіздіктер жүйесін шешу. | 2 | 5 | |
10 | Дәріс 10. Мәтінді есептер және оларды шешу тәсілдері. | 2 | 1 |
Практикалық сабақ 9-10. Сандық байланыстарға, қозғалысқа, жұмысқа және қоспа мен концентрацияға арналған есептерді шешу. | 2 | 5 | |
СОӨЖ 4 СӨЖ кеңес беру және қабылдау. СӨЖ (тапсырма): Теңсіздіктерді және олардың жүйесін шешу тәсілдері. Теңсіздіктерді әртүрлі тәсілдермен дәлелдеу. Мәтінді есептерді геометриялық тәсілдермен шешу. | | 13 | |
11-12 | Дәріс 11-12. Тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктер. Көрсеткіштік және логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктер. Теңсіздіктер жүйесі. | 4 | 2 |
Практикалық сабақ 11-12. Тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу тәсілдері. Көрсеткіштік, логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу тәсілдері. | 4 | 10 | |
СОӨЖ 5 СӨЖ кеңес беру және қабылдау. СӨЖ (тапсырма): Транценденттік теңдеулер мен теңсіздіктерді шешудің тиімді тәсілдері. | | 13 | |
13 | Дәріс 13. Математикалық анализ элементтері. Сандар тізбегі, оның берілу тәсілдері және қасиеттері. Прогрессиялар. Туынды және оның қолданылуы. | 2 | 1 |
Практикалық сабақ 13. Арифметикалық және геометриялық прогрессиялар. Элементар функциялардың туындылары. Туынды табу ережелері. Күрделі функцияның туындысы. Туындының қолданылуы. Туындының көмегімен функцияны зерттеу. | 2 | 5 | |
СОӨЖ 6 СӨЖ кеңес беру және қабылдау. СӨЖ (тапсырма): Күрделі функцияның туындысын табу. Туындының физикалық және геометриялық мағынасы. Туындының қолданылуы. Туындының көмегімен функцияны зерттеу. | | 13 | |
14 | Дәріс 14. Алғашқы функция және интеграл. | 2 | 1 |
Практикалық сабақ 14. Элементар функциялардың алғашқы функциялары. Анықталмаған және анықталған интегралдар. Интегралдау әдістері. Қисық сызықты трапеция және оның ауданы. | 2 | 5 | |
15 | Дәріс 15. Комбинаторика элементтері. Комбинаторикалық есептер. | 2 | 1 |
Практикалық сабақ 15. Қайталанбайтын орналастыру, алмастыру және теру. Комбинаториканың негізгі формулалары. Комбинаторика формулаларын қолдану арқылы есептер шығару. Ньютон биномы және қасиеттері. | 2 | 5 | |
СОӨЖ 7 СӨЖ кеңес беру және қабылдау. СӨЖ (тапсырма): Анықталған интегралдың геометриялық және физикалық есептерді шығаруда қолданылуы. Комбинаторикалық есептерді шешу. | | 13 | |
2 аралық бақылау, барлығы | | 100 |
Оқытушы _______________________Есенова М.И.
Кафедра меңгерушісі, п.ғ.д., академик _____________________ Әбілқасымова А.Е.
Институт оқу-әдістемелік бірлестігінің төрағасы _________________ Шармуханбет С.Р.