Файл: 5 Саба жоспары за мерзімді жоспар блімі Дизайн жне технология.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 18.03.2024
Просмотров: 9
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
№5 Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Дизайн және технология | Мектеп: | ||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||
Сынып: 8 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||
Сабақ тақырыбы | Халықтық пішім негізінде киім үлгісінде бұйым дайындау. (Иықты бұйымды модельдеу. Пішім дайындау) | | |||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.2.3.2 Әртүрлі конструкциялар мен материалдарды (тоқыма, табиғи және жасанды) қолдана отырып, өз бетінше құрастырған технологиялық құжат арқылы күрделендірілген бұйымдар дайындау | ||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар:
| ||||
Жетістік критерийлері | - модельдеу ережелерінің ерекшеліктерін түсінеді; - тәжірибелік жұмысты орындау кезінде алған білімдерін қолданады; - қажетті материалдар мен құрал-жабдықтарды қолдану кезінде қауіпсіздік ережесін сақтайды. | ||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар сабақ тақырыбы бойынша арнайы терминологияны қолдануларына болады. Оқушылар алған ақпараттарын талдап, қажеттілігіне қарай қорытынды жасайды. Пәнге тән лексика және терминология: Дизайндық нұсқау: идея қалыптастыру, стиль, халықтық пішім, пішім … Өнеркәсіптік жұмыстың кәсіби маманы. Диалог және жазу үшін қажетті сөз тіркестері: Біз мұндай материалдар қолданылған киім бұйымдары, өзекті болады деп болжаймыз, өйткені ... Біздің идеямыз жаңартпашыл болып табылады, өткені біз жаңа матаны дәстүрлі матамен үйлестіреміз. Мұндай материал түрін қолдану, бізге ... түсінуге көмектеседі. Модельді модельдеу бізге ... мүмкіндік береді. | ||||
Құндылықтарды дарыту |
| ||||
Пәнаралық байланыстар | Қазақ тілі – сабақ тақырыбы бойынша қажетті сөздер мен сөйлемдер. | ||||
Бастапқы білім | Бұл үшінші тоқсанның бесінші сабағы, оқушылар ұлттық киімнің әртүрлі түрлері және стильдерімен таныс. | ||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||
Сабақтың басталуы 2-3 минут 1-2 минут | 1. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылар карточкалардағы әріп немесе сөздерді қарастырып, олардан қандай терминология (модельдеу) құрастыруға болатынын ойланады және одан сабақтың тақырыбы мен мақсатын құрастырады. Мұғалім оларды сынып тақтасына бекітіп, қажеттілігіне қарай түзету енгізеді. Оқушылар оқу мақсатын, сабақтағы тәжірибелік жұмысты түсіндіреді. | Электронды презентация 1 слайд. Сабақ тақырыбына сәйкес әртүрлі музыкалық композиция. 1 қосымша Электронды презентация, 2 слайд | |||
Сабақтың ортасы 1 минут. 1-2 минут 1-2 минут 3-5 минут 1-2 минут 15-20 минут
|
Оқушылар өз карточкаларының түстері: сары, қызыл, көк және жасыл түс бойынша төрт топқа бірігеді.
Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді: - Сіздерге денебітімнің қандай түрлері таныс? - Жобаланған тігін бұйымының конструкциясына денебітім түрі қалай әсер етеді? - Тігін бұйымын тігу кезінде өлшем алу не үшін қажет? Әр топ бір сұрақ таңдап алады, оны талқылайды, сыныптастарына жауабын ұсынады.
Модельдеу – киімнің жаңа моделін жасайтын шығармашылық жұмыс. Модельдеу – көркемдік және техникалық болып екіге бөлінеді. Көркемдік (шығармашылық) модельдеумен суретші-сәнгерлер, Сән үйінің дизайнерлері, тігін фабрикаларының тәжірибелік зертханалары айналысады. Олар сән бағытын, модельдің қолданылуын, модельдің кімге арналғанын, қандай матадан тігілетінін, көркемдік сәндеу түрін, модельдің түстік шешімін, фурнитура, аксессуарларын ескере отырып, модель топтамаларын жасайды. Сәнгерлер шығармашылық дереккөздерді халықтық көркем шығармашылықтан, сәндік өнерден алады. Техникалық модельдеу – базалық лекало арқылы эскиз, сурет, сән журналдарындағы фотосуреттер бойынша киімнің жаңа модельдерін жасау. Техникалық модельдеумен инженер-конструкторлар айналысады. Дизайнер – барлық қажетті дағдыларға ие болғандықтан, басқа мамандардың қатысуынсыз бұйымды жобалауға және дайындауға қабілетті маман. Киімді модельдеу – бұйымның жалпы құрылымын өзгерту және көптеген модельдеу тәсілдері бар. Қағаз қуыршақтар және оның әртүрлі киім түрлерін көрсету арқылы, оқушылар қамзолдың әртүрлі фасондары арқылы денебітімнің бойы мен көлемін өзгертуге, үлкейтуге немесе кішірейтуге, кемшілігін жасыруға, ерекшелігін көрсетуге болатынын байқайды. Бұйымды жасауда модельді көркемдік сәндеу, фурнитура мен мата түсін таңдау маңызды рөл атқарады.
Тапсырма: оқушылар альбомға, аз ғана уақыт ішінде бірнеше эскиз салулары қажет. Оқушылар тақтаға ілінген қағаз қуыршақтағы қағаздан жасалған әртүрлі қамзол түрлері арқылы қамзолдың етегі, бел сызығы, мойын ойындысының әртүрлілігін бір біріне көрсетеді. Қалауына және қажетті жабдықтар мен ресурстардың болуына қарай, бұл жағдайда интерактивті тақтаны қолдануға болады.
Оқушылар топтарда қамзолды модельдеу түрлерін талқылайды.
1 кезең. Мұғалім киімдерді модельдеу жобалық бұйымды түрлендіретініне және барлығының пішім негізі бірдей болғанымен, оларды бір-біріне ұқсамайтындай етіп модельдеуге болатынына оқушылардың назарын аударады. Модельді өзгерту үшін пішім негізіне қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізу керек. Мұғалім мойын ойындысы, бұйымның төменгі сызығын, жеңінің түрін қалай өзгертуге болатынын көрсету үшін, сынып тақтасында модель сызбасының суретін немесе электронды презентация қолдануына болады.
Жеңі тұтаспішімді сызба пішімі негізінде иықты бұйымды (қамзол) модельдеуді орындайды. 1 топ: Мойын ойындысын модельдеу. 2 топ: Қолтық ойындысын немесе жеңді модельдеу. 3 топ: Бұйымның төменгі қиығын модельдеу. 3 кезең. Оқушылар жұмыстарын сыныптастарына көрсетеді.
Өзіндік бағалау: Оқушылар өз жұмыстарын ерекшелігін түсіндере отырып, бір-біріне көрсетеді. | Электронды презентация 3 слайд Иықты бұйым құрылымы: https://www.youtube .com/watch?v=lgqSBDll9Y Жеңі тұтаспішімді иықты бұйым негізінің сызба құрылымы https://www.youtube .com/watch?v=chp_ 2R_uxJo Қағаз қуыршақтар, 2 қосымша, Оқушылардың қағаздан және қолда бар материалдардан жасаған әртүрлі қамзол түрлерінің қағаз суреттері Флипчартағы модель сызбасы | |||
Сабақ соңы 1-2 мин. | Рефлексия Оқушыларға осы сабақтағы іс-әрекетті сипаттайтын сөздерді (тақтаға жазылған сөздер: танымдық, тартымды, ақпараттық, жаңа, пайдалыжәне т.б.) белгілеу ұсынылады. | |