Файл: План урока за мерзімді жоспар блімі 4Атарау Объектілерді жне оиаларды модельдеу.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 18.03.2024
Просмотров: 20
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
План урока
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:7.4А-тарау: Объектілерді және оқиғаларды модельдеу | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||
Дата: Класс: 7 | | ||||
| |||||
Сабақ тақырыбы | Нысандардың үш өлшемді модельдері | ||||
Сабақ мақсаттары | объектілер мен оқиғалардың модельдерін 3D редакторда құру | ||||
Жетістік критерийлері |
| ||||
Тілдік мақсаттар | Оқытудың тілдік мақсаты Оқушылар: - өз модельдерін көрсете алады (айту және тыңдау дағдылары). Пәнге қатысты лексика және терминология Үшөлшемді модель Рендеринг Әсерлер, өтулер, монтаждау Диалог құруға / жазылымға қажетті сөздер топтамасы Әзірленген модель…сәйкес келеді. Әсер құру үшін … қажет. Мені модельді …негізінде әзірледім. | ||||
Құндылықтарды дарыту | Жұптық жұмыс барысында бірін бірі қолдау, академиялық шындық | ||||
Пәнаралық байланыстар | Пәнаралық байланыс математика пәнімен байланысты | ||||
АКТ қолдану дағдылары | MS Power Point, Youtube, Google Drive, графикалық | ||||
Бастапқы білім | | ||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||
Сабақтың басы | | Мақсаты: сабаққа дайындық. Сәлемдесіу. Сабаққа қатысушыларды белгілеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. | | ||
| Мақсаты: сабақтың тақырыбы мен мақсатытарын анықтау. Оқушыларға объектілердің 3d модельдері көрсетіледі. Мұғалім жетекші сұрақтар қояды. Графиканың қандай түрлерін білесіңдер? Суреттерде не көрсетілген? Олар 2dсуреттермден несімен ерекшеленеді? Оқушылардың жауаптарын біріктіре отырып, сабақтың тақырыбы мен мақсатытарын анықтауға бағыттайды. | Презентация.ppt | |||
| Мақсаты: объектілердің үшөлшемді моделіне байланысты видео көрсету https://www.youtube.com/watch?v=mpQTvUhfLfs – SketchUp https://www.youtube.com/watch?v=HrmGaVNW5PU - SketchUp . Шар, конус, цилиндр, тор. Сипаттама: оқушылар объектілер мен оқиғалардың модельдерін 3D SctechUp редакторда құру туралы видео қарайды. Содан соң объектілер мен оқиғалардың модельдерін 3D қалай жасалатындығын, дәлірек айтқанда құралдардың қасиеттері мен қызметтерін талқыланады. (С, К) 3D редакторының командалары және жұмыс принциптері туралы оқушылардың естеріне салыңыз. Қажет болғанда одан арғы жұмыс үшін қажетті командаларды және объектілерді құру қағидаттарын көрсетіңіз. | | |||
Сабақтың ортасы | | Мақсаты: талдау, материалды өңдеу, зерттеу дағдыларын практикалық жұмыс арқылы дамыту. Оқушылар жұптарға бөлініп, белгілі бір объектіні таңдайды да, оның үшөлшемді моделі жасайды. (С) Оқушылардың осы сабақтарда өздерін сәулетші рөлінде сынап көретіндіктерін түсіндіріңіз. Олар өздері әзірлеген үлгі немесе фото негізінде ғимараттардың немесе сәулет құрылыстарының үшөлшемді үлгісін құруы қажет. Оқушылар сондай-ақ жеке идеяларын іске асыра алады. (С) Жоба қандай нысанда көрсетілетіндігін талқылаңыз. Жұмысты көрсету кезінде олар ойды немесе түпнұсқа фотосын көрсетуі және содан кейін олардың құрылған үлгімен сәйкестігін бағалауы тиістігін талқылаңыз. (Д, р) Жобаны орындау үшін уақыт беріңіз. Оқушыларға редактормен жұмыс кезінде бір-біріне жәрдемдесуді ұсыныңыз. (С) Ертерек анықталған формат бойынша барлық сынып болып жұмыстардың бағалауын ұйымдастырыңыз. | Презентация.ppt | ||
| Мақсаты: оқушылардың бір бірінің жұмыстарын бағалауы. Оқушылар жұптармен жасалған жұмыстарымен алмасады. Келесі критерийлер бойынша бағалау жүргізеді:
Оқушылар бір бірінің жұмыстарын тексеріп болғаннан соң, мұғалім олардың комментарий айтып, кері байланыс беруін сұрайды. | Презентация.ppt | |||
| Мақсаты: өткен тақырыпты қорытындылау Оқушылармен диалог жүргізу. Оқушылрға сұрақ қою және олардың сұрақтарына жауап беру. Оқу мақсаттарына жету бойынша кері байланыс беру. | | |||
Сабақтың соңы | | Рефлексия Бүгінгі сабақ мейрамханада өтті деп елестетіңізде, бүгінгі өткен сабаққа деген ойыңызды төменде берілген сөз тіркестерін қолдана отырып жеткізіңіз: Маған ең ұнағаны ... Маған тағы да ..... Мен .... көп жеп қойдым. | Презентация.ppt | ||
| Үй жұмысы | |