Файл: Пн дниетану Кні 17. 10. 2019 Мектеп Балаш аласы Абай атындаы 2 лицей кмм малім.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.03.2024

Просмотров: 8

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Пән: дүниетану

Күні: 17.10.2019

Мектеп: «Балқаш қаласы Абай атындағы №2 лицей» КММ

Мұғалім: Макашева Ж. М.

Сынып: 4 «В»

Әдіскер: Сүлейменова С. Ы.

Машықкер: Разахберлі А. Қ.

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

«Көшбасшы қандай болуы керек?»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:

4. 1. 5. 1 Конституцияның қоғам өміріндегі маңызы туралы қорытынды жасау

4. 1. 5. 2 Қазақстан Республикасының азаматы ретінде жеке тұлғаның демократиялық құқықтары, бостандықтары, міндеттерінен мысалдар келтіру

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: «көшбасшы деген кім?» сұрағына жауап бере алады.

Оқушылардың көпшілігі: оқушылар арасындағы көшбасшыға тән тұлғалық қасиеттерді анықтай алады.

Кейбір оқушылар: мектептің өзін-өзі басқару ұйымына мүше болу жолдарын түсіндіре алады.




Бағалау критерийілері:

  • «көшбасшы деген кім?» сұрағына жауап беріп, түсіндіре алады.

  • оқушылар арасыындағы көшбасшыға тән тұлғалық қасиеттерді анықтайды

  • мектептің өзін-өзі басқару ұйымына мүше болу жолдарын түсіндіре алады.

Құндылықтары:

Өз ойын ашық айта білуге, батыл шешім қабылдай білуге, белсенділікке, топпен жұмыс жасай білуге баулу.

Ресурстар (ОМЖ):

Оқу құралдар, оқулықтар, жұмыс дәптері, таратпа қағаздар.

Әдіс-тәсілдері:

Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу.

АКТ қолдыну дағдылары:

Интерактивті тақта, слайд.

Пәнаралық байланыс:

Қазақ тілі.

Сабақтың басы


Психологиялық дайындық


Өткенді қайталау

(3 мин)


-Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін сендерге дүниетану пәнінен мен Разахберлі Арайлым Қанағатқызы беретін боламын. Көңіл-күйлерін қалай?

-Балалар, ендеше сабағымызды жақсы көңіл күймен бастау үшін менің айтқанымды қайталаңдар.

-Мен бүгін саған сәттілік тілеймін!

-Я сегодня желаю тебе удачи!

-Today I wish you good luck!

-Жарайсыңдар, орындарыңа отырыңдар.

Үй тапсырмасын текеру.

-Өткен сабақта қандай тақырыппен таныстыңдар? (Мектептегі өзін-өзі басқару)

Мектеп кеңесі дегеніміз не? (өзін-өі басқару ұйымы)

Мектеп кеңесі нешеге бөлінеді? (2)

Жақсы балалар, сендер өткен тақырыпты түсініпсіңдер.


Алдыңғы білімді еске түсіру

Сабақтың ортасы


«Адасқан әріптер»

К А Ш Ы Ш С Ө Б

Балалар адасқан әріптерді құрап бүгінгі тақырыпты табады.

Бүгінгі тақырып: «Көшбасшы қандай болуы керек?»

Мақсат: - көшбасшы қандай болатынын білесің;

- көшбасшының жеке қасиеттерін анықтауды үйренесің.

-Балалар, көшбасшы деген кім? Қандай адам көшбасшы болуға лайық деп ойласыңдар? Ол адамның бойында қандай қасиеттер болуы керек?

Оқулықпен жұмыс.

Топтың немесе кеңестің жұмысына белсене араласқан оқушының ұжымда өз орны бар. Топтағы балалардың ойы пікірі әртүрлі болуы мүмкін. Топта өзінің ақыл-ойымен, парасатымен ерекшеленетін баланы достары, сыныптастары да құрметтейді. Онда оқушы сыныпта көшбасшы болуға лайық.

Жеке жұмыс.

Дәптермен жұмыс.

А1. Көшбасшы сөзіне ассоцияция құр.

Кім?___________________

Қандай?________________

Не істейді?______________

Мәселе талқылау.

Ақмарал ауладағы достарының арасында көшбасшыға лайық түрлі ойындар ұйымдастырады. Ақмаралға ілескен балалар ата-аналарға арнап, аулада ертегілерді сахналап көрсетеді. Ал сыныпқа келгенде ондай іс-шараларға белсене араласпайды. Бұл жағдайға не әсер етуі мүмкін?

  • Сенің ойыңша Ақмарал көшбасшы болуға лайық па? Себебін түсіндір.

  • Ол мектепте неге өзін ұяң ұстайды?

  • Аулада ойындар ұйымдастырып, жұрттың алдына шыққан кезде Ақмаралдың бойынан қандай қабілетті байқадың?

Жұмыс дәптеріндегі екінші тапсырманы орындайық.

А2. Көшбасшы сөзіне талдау жасайық.

Сергіту сәті: Қолға, иыққа, көзге жаттығулар. (Бейнебаян)
Топтық жұмыс

-Балалар, қатар бойынша бөлінген топтарыңмен бірлесіп, көшбасшылық қасиеттер кластерін құрыңдар. Көшбасшының бойында болатын қабілеттерді сипаттаңдар.


-Балалар, қалай ойлайсыңдар адам бойындағы көшбасшылық қабілеттерді жетілдіре ала ма? Ол үшін не істеу керек?

Топтағы, сыныптағы көшбасшының ролі қандай?

-Жақсы, жарайсыңдар.

-Оқушылар, сыныптағы балалардың барлығы көшбасшы бола ала ма? Оған қандай оқушы лайық?

Жұптық жұмыс

-Ал, енді көшбасшыға лайық қасиеттерді дорбаға жинайықшы. Парталас отырған досыңмен бірге өздерің қалаған қасиеттерді қағазға жазып, дорбаға саласыңдар. Не себепті ол қасиетті таңдадыңдар, түсіндіріңдер.
С1.Сыныптағы оқушылар арасындағы қарым-қатынас саған қалай әсер етеді? Сыныпқа сен не бересің, ал сынып саған не береді?

Мен және менің сыныбым.

Сыныпқа мен не беремін?

Сынып маған не береді?

Тапсырмаларды дұрыс орындаған оқушыны мадақтау, толықтыру, кері байланыс орнату.


Белсенді оқу тапсырмалары

Интербелсенді тақта

Тапсырмаларды дұрыс орындаған
оқушыны мадақтау, толықтыру, кері байланыс орнату.


Сабақтың соңы

Қорытындылау

Дәптермен жұмыс

Үй тапсрмасы

-Балалар, бүгінгі сабақ ұнады ма?

-Қиналған тапсырмалар болды ма?

-Сабақтың қай жері ұнады?

Балалар сабақта не үйреніп, не түсінгендерін жұмыс дәптеріндегі тапсырмаға сүйеніп жазады.
Жұмыс дәптері: В.1. С.3.




Жұмыс дәптері


Әдіскер:

Мұғалім:

Баға: