Файл: Оытуда компьютерлік технологияны олдану.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.03.2024

Просмотров: 12

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Компьютерді білу – екінші сауаттылық.

Оқушылар теріп болған соң, жұмыстың орындалу сапасы айтылып, бағалау кестесіне бағасы қойылады.
2. Лабораториялық жұмыс орындау.

Барлық оқушыларға лабораториялық жұмыс нұсқалары таратылады да, оның өз бетінше орындауға арналған тапсырмалары түсіндіріледі.

Ал бақылау сұрақтары бойынша дайындалу үй тапсырмасы ретінде беріледі.
Жұмыстың нәтижесі бағалау кестесіне қойылады.
1. Білім бақылау, бағалау. Қорытындылау
Оқушылардың ойынға қатысу дәрежесі, өткен материалға, ортақ тапсырманы, лабораториялық жұмысты орындау нәтижелері бойынша көрсетілген диаграммадан бөлек, осы жұмыстардың барлығының орташа бағасы есептеліп, оның да қорытынды диаграммасы көрсетіледі.

Сабақтың қаншалықты дәрежеде болғанын, яғни оқушылардың сабаққа қатысу ынтасы мен дәрежесі айтылып, жеке оқушыға рефлексия әдісі арқылы тоқталып, қорытындыланады.
2. Үйге тапсырма.



  1. Лабораториялық жұмыс таратпасының соңында берілген бақылау сұрақтары бойынша дайындалып келу

  2. Microsoft Word мәтіндік редакторында кесте сызу жолдары бойынша дайындалу.

  3. MS Word- та дайындалған, форматталған мәтін мен кесте дайындап, А4 форматқа шығарып келу.

  4. Microsoft Word мәтіндік редакторы бойынша шығармашылық портфолиосын толықтыру


Лабораториялық жұмыс №

Microsoft Word мәтіндік редакторы.

Мәтінді форматтау



Мақсаты: мәтінді сауатты теріп, оны форматтау жолдарын дұрыс пайдалану машығын

қалыптастыру .
Пайдаланатын әдебиеттер: Е.Қ.Балапанов, Б.Бөрібаев, А.Дәулетқұлова

“Информатикадан 30 сабақ”.

Microsoft Word мәтіндік редакторы. Лабораториялық

практикум
Теориялық мәлімет:
Қаріп ұғымына оның түрі, өлшемі, сызылымы, боялу түсі, арнайы эффектілері жатады. Қаріптегі символ көлемі пункт өлшемі арқылы беріліп жүр, негізі мәтін үшін әдетте 10,12 – пункт, тақырыптар – олардан үлкенірек (12-ден жоғары) өлшеммен, ескертулер мен сілтемелер көрсетуде 8-9 пункт қолдануға болады.

Форматтау процесі негізінен символдың керекті параметрлерін енгізуден тұрады. Даярланған мәтінді белгілеп алып, сонан соң форматтауға болады немесе алдымен оның параметрлерін анықтаған соң мәтінді теруге болады.

Мәтіннің негізгі параметрлері (типі, өлшемі, сызылымы) ФОРМАТ меню командалары арқылы немесе форматтау саймандар тақтасы көмегімен немесе пернелік командалар немесе жанама меню жүйелері арқылы да енгізіліп анықталады…

а) Формат- Шрифт

ә) Жанама менюден Шрифт командасын таңдау


2) Шегініс (отступ) – мәтіннің сол жақ шетінен абзацтың алғашқы қатарының басына дейінгі аралық, жай мәтін қатарындағы азат жол.

Абзацтың бірінші өатары шегініп оң жаққа жылжумен қатар нөмірлерген тізім элементтерін көңіл аударарлық ету үшін немесе библиографиялық әдебиеттер тізімін көрсету кезінде нөмірлер қатардың сол жақ өріс шетінен де асып жазыла береді. Бұл әрекет Формат – Абзац арқылы орындалады.

Мәтінді туралау тәртібі қолданылу мақсатына байланысты төрт түрлі болады:

  • сол жақ шетке қарай туралау;

  • оң жақ шетке қарай туралау;

  • қатар ортасына туралау;

  • екі жақ шетті де туралау.

Табуляция - әрбір абзац алдында тұрақты шегініс жасау үшін және мәтінді бірнеше бағана түрінде кестелеп жазғанда, сол бағаналарға жылдам көшу мақсатында қолданылады.

Қатар арасындағы интервал – қатарлар ара қашықтығын анықтайды. Бұдан өзге абзац алдында немесе соңында да қашықтықты тұрақты етіп өзгертіп беру мүмкіндігі бар.

3) Әдетте қатар арасындағы интервал қаріп биіктігінен 120% болып алынады. Мысалы, мәтін 10-пунктімен жазылса, интервал 12 пункт болуы тиіс. Бірақ ол кішірек болса, қағаз тиімді пайдаланылып оған көбірек мәлімет сияды.

Абзацтың соңындағы немесе алдындағы аралық орнына Enter пернесін басып, бос қатар қалдыруға болап еді, бірақ оның мөлшері шамадан артың болып кететіндіктен әдейілеп интервал мәнін былай енгізуге болады:
Формат – Абзац – Шегіністер мен интервалдар

Бір аралықты (Одинарный) – қатар арасындағы интервал сол қатардағы ең үлкен символ биіктігіндей. Бір аралықты интервал символ өлшемінен сәл-пәл үлкендеу болады.

Бір жарым аралықты (Полуторный) – интервал бір аралықтан бір жарым есе артық болады.

Екі аралықты (Двойной) – бір аралықты интервалдан екі есе артық

Минимум – Word редакторында мүмкін болатын ең кіші интервал мәні

Дәлме-дәл (Точно) – қатар аралығы бүкіл мәтін үшін бірдей дәрежеде болады, егер символ қиылғандай күйде болса, онда оны (минимум мәнін) аздап үлкейту керек.

Көбейткіш (Множитель) – көрсетілген қатарлар шамасына еселенген интервал, Мәні (Значение) деген өріс қатарына қажет мәнді енгіземіз.

Өз бетінше орындауға арналған тапсырмалар:
1. Microsoft Word мәтіндік редакторында жаңа файл ашыңыз.

2. Төменде көрсетілген мәтінді теріңіз.

3. Тақырыбын 16 пт өлшеммен жартылай қарайтылған етіп, ортаға туралаңыз.



4. Мәтінді 14 пт өлшеммен жазыңыз.

5. Бірінші азат (абзац) жолды 1,5 см етіп алып, мәтінді екі жағынан туралаңыз.

6. Екінші азат жолды 3 см етіп жасаңыз.

7. Терілген мәтіндегі президенттің айтқан сөзін соңына көшіріп орналастырыңыз да,

қисайтылған етіп өзгертіңіз.

8. Мәтіннің қатараралық интервалын бір жарым аралықты етіңіз.

9. Форматтау (Пішімдеу) саймандарын пайдаланып, мәтінді өз қалауыңызша толық

форматтаңыз.
12 жылдық білім - ел ертеңі
Қазақстанда білім беру халықаралық стандартқа сай болуы керек. Сондықтан «2008 жылдан бастап біз 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшуіміз, педагогтардың кәсіби білім деңгейін, оқулықтар мен оқу бағдарламаларының сапасын көтеруіміз керек»,- деп атап өткен болатын ел президенті Қазақстан халқына Жолдауында. Осы орайда, 12 жылдық білім беруге көшу – Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігіне кіруге жол ашады.

12 жылдық сапалы білім беру нарықтық жағдайда мемлекеттің табысты даму шарттарының бірі болып саналады.
Бақылау сұрақтары:


  1. Бұрын сақталған құжатты қалай ашамыз?

  2. Сақталған құжаттың форматын өзгертуге бола ма?

  3. Мәтінді форматтау деген не?

  4. Форматтау саймандарының қызметі

  5. Абзацты қою қандай жолдармен іске асады?

  6. Қатар арасындағы интервалдар қандай болады, оларды қалай қоямыз?

  7. Нөмірлеу, Маркерлеу әрекеттері не үшін қолданылады?


Пәні: ЭЕМ тәжірибешілігі

Пән оқытушысы: Арқабаев Н.

Сабақтың тақырыбы: Компоненттермен жұмыс
Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік мақсаты:Компоненттер ұғымының мағынасын, компоненттердің атқаратын қызметтерін білуге іскерлік дағдыларын қалыптастыру және есеп шығару арасында қолдана білуге меңгерту.
ә) Дамытушылық мақсаты: Дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыра отырып, практикалық ойлау қабілетін дамыту.
б) Тәрбиелік мақсаты: Сабақ барысында оқушылардың сөйлеу шеберліктерін, ойлау әрекеттерін қалыптастыру.
в) Кәсіби тәрбие: Оқушылардың ғылыми – ізденіс жұмыстармен айналысуға қызығушылықтарын ояту, сабақ барысында алған білімдерін болашақта қолдана білуге ынтасын тудыру.
Сабақтың түрі: Лабораториялық сабақ
Сабақтың типі:
Аралас сабақ
Сабақтың технологиясы: Компьютерлік оқыту технологиясы.
Сабақта қолданылатын әдіс – тәсілдер: Түсіндірмелі – иллюстративті, сұрақ – жауап, ой қозғау
Сабақтың көрнекіліктер мен техникалық құралдар: Компьютер, үлестірмелі таратпалар, плакаттар, фишкалар, тест парақтары
Пән аралық байланыс: Математика, ағылшын тілі
Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Камардинов О. «Visual Basic 5.0»

  2. Дінисламов Ж. «Visual Basic ортасында программалау»

  3. Ермеков Н. «Информатика»

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі (5мин)

ІІ. Қызығушылықты ояту (10 мин)

ІІІ. Өткен материалдарға шолу жасау (20 мин)

ІV. Практикалық жұмыстар орындау (25 мин)

V. Білімді бекіту (20 мин)

VІ. Оқушылардың білімін бағалау (8 мин)

VІІ. Сабақты қортындылау (2 мин)
І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Сәлемдесіп, аудиторияның тазалығына назар аудару

2. Оқушыларда ақ халаттың болуына назар аудару

3. Журналға белгі соғып, инфолист толтыру

4. Оқушылардың назарын сабаққа аударып, сабақтың барысымен таныстырамын.

Топты екі топқа бөліп, екі топқа әр – түрлі тапсырмалар беріледі. Тапсырмалар сұрақ – жауап, практикалық жұмыстар және тест тапсырмасы арқылы жүргізіледі. Топтарды бағалау - фишкаларды санап, бағалау парағы арқылы жүзеге асады.
ІІ. Қызығушылықты ояту:

Әдісі: ойын арқылы: сұрақ – жауаптар, суреттерің орнын табу..








  1. VB програмасын іске қосу

  2. Exicting парағы не үшін қолданылады?

  3. Recent парғы дегеніміз не?

  4. New парағы дегеніміз не?

  5. Бас мәзірді көрсет

  6. Құрал – саймандар тақтасын көрсет

  7. Компоненттер панелін көрсет

  8. Форманы көрсет

  9. Форма конструкторын көрсет

  10. Форма макетін көрсет

  11. Проектілер терезесін көрсет

  12. Қасиеттер терезесін көрсет

ІІІ. Өткен материалдарға шолу жасау

Оқыту формасы: топпен жұмыс.

Менюді қолдану. Құрал – саймандар панелі. Мәліметтер типі. Компоненттермен жұмыс тақырыптары бойынша өткен сабақтардан есептер мен қосымшалар жасау.

  1. Екі текстік алаңнан тұратын және сан енгізу барысында екінші аланға санның квадраты шығатын қосымша

  2. Берілген радиусы бойынша дөңгелектің ауданын табу

  3. Y= 5x+10 функциясының мәндерін табу

  4. Z=y+10x функциясының мәндерін табу

  5. Тік төртбұрыштың ауданын табу

  6. Санның тақ – жұптығын көрсету қосымшасы

  7. Екі санның үлкенін табу қосымшасы

  8. Клавиатураның кез –келген символының кодын табу қосымшасы



Сергіту сәті:

Әдісі: ойын арықылы: 21 компоненттің суреті мен жазылу үлгісін сәйкестендіріп табу және атқаратын қызметімен таныстыру.





- Pointer



- ComboBOX




- PictureBOX



- ListBOX




- Label



- HScrollBar




- TextBOX



- VScrollBar




- Frame



- Time




- CommandButton



- DrivelistBox


- CheckBOX



- DirlistBox


- OptionButton



- FilelistBox



- Line



- Shape



- OLE



- Image




- Data