ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 18.03.2024
Просмотров: 11
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 7.2 | Мектеп: Көшім МББК | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты жөні: Кабиева А.Е. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 7 | Қатысқандар: | Қатыспағандар: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: | Әртүрлі механикалық қозғалыстардың графиктері | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттарым: | 7.2.1.5 – s -тің t-ға тәуелділік графигін тұрғызуда координаталар осьтерінде және кестелерде өлшем бірліктерін дұрыс белгілеу; | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Барлық оқушылар: Жолдың уақытқа тәуелділік графигін салу жолдарына ой жүгіртеді және пайымдайды. Оқушылардың басым бөлігі: Координаталық осьтеріне S-тің t-ның мәндерін қоя біледі, формуласын пайдаланып белгісіз шамаларды анықтайды және қорытынды жасайды. Кейбір оқушылар: s -тің t-ға тәуелділік графигін тұрғызуда координаталар осьтерінде және кестелерде өлшем бірліктерін дұрыс белгілейді, орын ауыстырудың формуласын пайдалана отырып мағынасын біледі, қозғалыс теңдеуіне есептер шығарып саралайды. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсат | Жазылым бойынша негізгі сөз тіркестері мен танысады, жазады, айтады. Термин:, график, координаталық осьтер;орбита, абсцисса,.уақыт, орын ауыстыру. Терминология:
Тікбұрышты координаттық жазықтықтағы координатты нүктелердің жиынын ............ деп атаймыз. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарға баулу: | Қазақстанның Тәуелсіздік және Астана. Өлшем бірліктер Халықаралық келісім бойынша (ХБЖ) белгіленеді. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәндік байланыс: | Математика, география | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы оқу: | Математика пәнінен координаталарды графикте салу тақырыбынан, география пәнінен масштабтарды есептеп шығару тақырыбынан мағлұмат алған | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың барысы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы: «Сөйлесетін серіктес» (Дағдылары: ойлау,есте сақтау, тапсырманы жылдам орындау ) | Ұйымдастыру кезеңі: «Үш шапалақ» әдісін пайдаланып оқушылардың назарын шоғырландырамын. Үй жұмысын пысықтау үшін «Серпілген сұрақ» әдісін қолдана отырып, мына төмендегі критерийлерді пайдаланамын және түскен сұрақтарға байланысты топқа бөліп аламын. Критерий: 1)Жылдамдықтың формуласын, анықтамасын біледі. 2)Жолдың,уақыттың формуласын, өлшем бірлігін біледі 3)Формулаларды қорытып есеп шығарады. Тапсырмалар: 1) Жүрген жолдың уақытқа қатынасын қалай атайды? 2) Дененің бастапқы орнын оның келесі орнымен қосатын кесіндіні, яғни векторды қалай атаймыз? 3) Жер Күнді 30 км/с жылдамдықпен айналады.Сонда Жер өз орбитасында бір сағатта қандай қашықтыққа орын ауыстырады? Суреттер көрсетіп, сүреттерге байланысты сұрақтар қоя отырып, жаңа сабақтың тақырыбын, мақсатын айқындаймын. | А4 парағы АКТ Физика және астрономия есептер мен жаттығулар жинағы В.И.Кем, Б.А. Кронгарт | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы: «Ойлан,жұптас, топтас» әдісін қолдану. (ойлау, айтылым, жазылым қолдану дағдысын қалыптастырамын.) Сергіту | Жаңа сабақты түсіндіру кезінде «Ойлан, жұптас, топтас» -әдісін қолданамын. График дегеніміз-тікбұрышты координаттың жазықтықтағы координатты нүктелерінің жиыны. (график (грекше)-сызылған) График абсциссадан (х), ординатадан (у) тұрады. Бастапқы t=0 болған мезетте дененің координатасы x болсын. Сонда орын ауыстыру S = x – x0 болады. Бірқалыпты қозғалыс теңдеуі: S = V∙t екені белгілі. Соңғы екі өрнектегі S –терді теңестірсек: x – x0 = V∙t . Өрнектегі x0 –ді теңдіктің оң жағына шығарып, былай өрнектей аламыз. x = x 0 + V∙t Бұл өрнек қозғалыс теңдеуі деп аталады. түзусызықты қозғалыстағы дененің қозғалыс графигі түзу сызық болып табылатындықтан, оны екі нүкте арқылы да салуға болады. Мысалы, V = 2 м/с жылдамдықпен бірқалыпты және түзусызықты қозғалатын дененің қозғалыс графигін салайық. Оның бастапқы координатасы x0 = -3 м болсын. Сонда қазғалыс теңдеуі бойынша t = 5 с болғандағы оның координатасы x = 7 м болады.
«Үшіншісі артық» әдісі арқылы тақырыпқа сәйкес терминдерді парақшаларға екі тілде жазып, оқушыларға таратамын, сыныптан түскен терминнің жұбын табу арқылы жұптасып, үшінші тілдегі аудармасын айтады.
«Бүгін үйренген нәрсе» әдісі бойынша жеңілінен күрделіге қарай тапсырмалар орындалады. Тапсырмалар:
S(m) t(c) 2. Дененің s жолының t уақытқа тәуелділік графигін пайдаланып, келесі сұрақтарға жауап беріңіз: Дене алғашқы 4 с-та _________м жол жүрді. Қозғалыстағы дененің жылдамдығы қандай? Графикке қарап кестені толтырыңыз:
Кестеге қарап қандай қорытындыға келдіңіз? 3.Әрқайсысының ұзындығы 350 м екі пойыз бір- біріне қарама-қарсы бірдей 54 км/сағ жылдамдықпен қозғалып келеді.Екі пойыз кездескен соң ең соңғы вагондары ажырағанға дейін қанша уақыт кетер еді? Қосымша тапсырма:4,5 м/с жылдамдықпен магнитофонның таспасын орауға 1 мин кетеді.Таспаға жазу жылдамдығы 19,05 см/с болса, оған түгелдей жазу қанша уақыт алады? Дескриптор: 1.Жолдың уақытқа тәуелділік графигін салудың жолдарын білді. 2.Координаталық осьтерде S-тің t-ның мәндерін қоя білді. 3.Орын ауыстырудың формуласын пайдалана отырып қозғалыс теңдеуін есеп шығаруда қолдана білді. «Қарлы кесек» әдісімен сабақты қорытындылау үшін оқушылар парақтарға бүгінгі сабақтың тақырыбы бойынша сұрақтар жазып, бір-біріне лақтырады. Сұрақтарға жауап береді. | А4 сурет А4 парағы Кесте А4 парағы Физикадан деңгейлік есептер жинағы 7-8 сынып А.Бақынов Физика және астрономия есептер мен жаттығулар жинағы В.И.Кем, Б.А. Кронгарт | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы: | «БОРТ» журналы
| А4 парағы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Үйге тапсырма: | 7.2.1.6 – дененің орын ауыстыруының уақытқа тәуелділік графигінен келесі жағдайларды анықтау: (1) дененің тыныштық күйін, (2) тұрақты жылдамдықпен қозғалысын Бағалау критерийі 1.Дененің уақытқа тәуелдік графигін салу. 2. Графиктен дененің тыныштық күйіндегі және тұрақты жылдамдығын анықтау. | А4 парағы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз? | Бағалау- Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқушыларға берілген тапсырмалар бойынша дер кезінде белгілеп анықтау. | | АКТ ны пайдалануда қауіпсіздік ережесін есте сақтау. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлекция Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен? | | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы бағалау: Сабақта ең жақсыөткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1. 2. Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты) 1. 2. Осы сабақтың барысында мен сынып туралы жекелеген оқушылардың жетістіктері / қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсегеназар аудару қажет? |