Файл: Б. Майлин атындаы 3 жалпы орта білім беретін мектебі 20172018 оу жылы 4 б сыныбыны жарты жылды мтіндік есебі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.03.2024

Просмотров: 9

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Б.Майлин атындағы №3 жалпы орта білім беретін мектебі

2017-2018 оқу жылы

4 «б» сыныбының жарты жылдық мәтіндік есебі

 

4 «б» сыныбының сынып жетекшісі Алтынбаева Эльмира Жайлаубайқызы. Сыныбымда барлығы 22 оқушы. Оның 10-ы екі қыз, 12-і ұл. Сынып өте ұйымшыл, кез келген іске жауапкершілікпен қарап, тиянақты орындауға тырысады.

Алғашқы тәрбие сағатымыз «Білім күнімен» басталды. Тақырып «Мен өз елімнің патриотымын». Сабақтың мақсаты: Тәуелсіздік алған 26 жылдың ішінде Қазақстан  халқы қандай жетістіктерге жеткеніне көз жүгірту, еліміздің тарихына тоқталу, Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге үйрету, өз ана тілін, әдет-ғұрпын,  салт-дәстүрін сақтауды бойына дарыту. «Менің қиялымдағы Қазақстан қандай?»  сурет байқауы өткізілді. Оқушылар қағазға өз ойларын сурет немесе жазбаша  түрде түсірді. «Тәуелсіз ел-бақытты ел. Тәуелсіздікті  қадірлей, сақтай біліңдер. Онда ата-бабаларыңның қаны бар, асыл арманы бар. Қазақ деген атқа лайық болыңдар!» деген сөздермен сабағымызды аяқтадық.

«Құстар біздің досымыз» деген атпен өтті. Оқушыларға Табиғат жайлы түсінігін тереңдету, жалпы құстардаң мағнасы жайлы мағлұмат беру,барлық тыныс тіршіліктің бастауы, көктемнің ерекшелігін байқату, құстарды қорғау, оларды қарсы алу. Халық қазынасы мақал- мәтелді, жұмбақ болжамдарды пайдалана білуге үйрету.Бірінші, ой қозғау стратегиясынан бастап, сұрақтар қойылды. «Қауіпсіздік ережесімен танысу»Сынып оқуышларына қауіпсіздік ережесі туралы нұсқаулықтары оқылып,оларға жекелей түсіндірілді.Оқушылар қауіпсіздік ережесі туралы білгендерін ортаға салып,өз пікірлерін айта білді.Қауіпсіздік ережесі дәптеріне таныстым деп өздері қол қойды. «Сәлем сөздің анасы» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.  Сәлемдесудің түрлері, қалай сәлем беру керектігін үйрету. Сәлемдесудің бала тәрбиесіндегі алатын орнын анықтау.Сәлемдесуде дауыс ырғағы, жүріс - тұрысты реттеуге
дағдыландыру.Сәлемдесу мәдениетіне,ізеттілікке,үлкенді сыйлауға тәрбиелеу.Барлық сауалдарға жауап алып болған соң «САЙЛАУ» ойыны ойналды. Сыныпқа тапсырма берілді. Сыныптан сынып Президентіне лайық оқушыны ұсыну немесе өзін –өзі ұсыну. Сайлау комиссиясы бюллетеньдерді жинап алып, сайлау қорытындысын шығарды. Сөйтіп сынып Президенті анықталды. Сынып Президенті –
Абдрахманова Арайлым. Осылайша қалған мүшелер де сайланды. Мектебімізде атаулы спорт күніне байланысты «Спорт денсаулық кепілі»атты іс-шара өткізілді.Мақсаты: Спорт, дене шынықтырудың маңызы туралы түсінік бере отырып, сабақ барысына қимыл қозғалысты енгізу.
Би арқылы ширақтылығын арттыру, достыққа, бір – біріне деген сыйластыққа тәрбиелеу.Бұл іс-шараға барлық сынып оқушыларымен мұғалімдері атсалысты.Іс-шара көңілді күймен яғни флешмобпен басталды.Әр қарай жоспар бойынша жарыс, сайыстар өткізілді. «Ұстазым менің ұстазым »тақырыбында сыныпта эссе байқауы өткізілді.

Қазақстан Республикасы халықтарының  тілдер мерекесіне орай сынып сағатымыз өткізілді.Ал «Тілге құрмет» тақырыбындағы сынып сағатында грамматикалық ойындар ойналып, жұптық жұмыстар жүргізілді. Қыздардың орындауында Мақал-мәтелдер айтылды.

Аптаның соңында Ата-аналар жиналысы өткізілді.Ата-аналар жиналысының өткізілу мақсаты : Күн тәртібінде қарастырылған мәселелер: Ата-аналар комитетін сайлау. Балалардың тәртіптері мен оқулары туралы және әр түрлі сұрақтар. Ата-аналар комитетінің мүшесі болып Какимжанова Асел, Ербосынова Замзагул сайланды. Сынып және мектепішілік іс-шаралар мен қоғамдық жұмыстарға  ата-ана – ұстаз - шәкірт  болып бірігіп жұмыс атқаруды қадағалау, сабақтарға қатысу, ашық есік күндерін ұйымдастыру, балалардың білімдерін бақылауға алу т.б. сұрақтар қарастырылды.

.Биылғы жылы 2018 оқу жылында 4 сынып оқушылары Мемелекет аралық бақылаудан өтетіні жайында ата-аналарға ескертіліп айтылды.Осы Маб-қа байланысты ата-аналар мектеппен тығыз байланыста болу керектігі ескертілді.Мектеп Ата- ана болып бірігіп жұмыс жасап,оқушылардың білімдерін арттыру.Ата-аналарға тест кітаптарын балаларына іздестіруге ұсынылды.Осы жиналыста оқушылардың қауіпсіздік ережесі туралы ескертіліп атйылып,ата-аналар танысқаны жөнінде қол қойды.

Мектебімізде «Қайырымдылық жәрмеңкесі»  өткізілді.Бұл жәрмеңкеге барлық сынып оқушылары атсалысты. «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» деген екен дана халқымыз. Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа жан риза» дегендей, оқушылардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу – әрбір адамның азаматтық парызы. Адам өміріндегі ең игі істердің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды.

  Сыныбымызбен мектеп кітапханасына саяхатқа бардық. Оқушыларға кітапхана туралы айту, кітапты күтіп ұстау және бағалау. Сынып сағатымыздың түрі аралас. Кітапханашы Суворова Юлия Викторовна оқушыларды кітапхананың тарихымен таныстырды.  Сосын оқушылармен  шығармашылық жұмыс жүргізді. Редактор, редактордың көмекшісі, корректор, тілшілер сайланып, шағын кітапша шығарылды. Сабақты өзім жалғастырып, «Кітапхана» сөзінің  шығу тарихы және алғашқы кітапханалардың қай ғасырдан бастап ашылғаны туралы әңгімелеп бердім. Әр оқушының «Жеке кітапханасы» болу керек екені туралы да айтылды.

Қазан айында өткізілген іс-шаралар.    

«Қарттарым асыл-қазынам »атты тәрбие сағатымыз өткізілді.Мақсаты:Оқушыларды үлкенді сыйлап құрметтеуге тәрбиелеу.Сабағымыз ой бөлісумен басталды.Әр оқушы ата-әжелері туралы жақсы сөздер пікірлерін ортаға салды.Ата-әжелеріне арнаған өлең-шумақтарында айта білді.

Мектепшілік қарттар ұстаздар күніне орай мерекелік іс-шаралар өткізілді.Бұл мерекелік іс шараға Мектебіміздің зейнеттегі басшысы Саламат Ғаббас Қанжарұлы т,б қарттар арнайы шақырылып сый-құрмет көрсетілді.Қарттар күніне орай әр сынып оқушылар топ болып үйлер аралады.Үлкен жастағы көпті көрген ата-әжелермізбен   ой бөлісіп,пікір алмасып қайтты.

Қабырға газеті байқауы өткізілді.Байқауға барлық сыныптар атсалысып қатынасты.Жүлделі орындарға ие болды.Ұстаздар мерекесінде байқау жеңімпаздар салтанатты түрде марапатталды.

Сонымен қатар сыныбымызда апта соңында сынып белсенділерімен есеп жүргізіледі.Сынып белсенділері .Өз жасаған жұмыстарын сынып алдында айтады яғни оқушылардың тәртіптері,оқулықтарының,бой бастарының тазалығы жайында айтылды.

«Ойлы болсаң,озып көр» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.Бұл сабақ сайыс түрінде өткізілді.Сайыстың мақсаты:Оқушылардың барлық пәндер бойынша алған білімдерін тексеру.Сайыс топ болып өткізілді.Топ басшылары сайланып,һз білімдерін ортаға салды.Оқуышлар осындай сайыс сабақтарды көбірек өткізуді ұсынды.

 Балаларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу мақсатында «Жақсыдан үйрен,жаманнан жирен» атты тәрбие сағатымыз өткізілді.Сабағымыз «Жақсы неден?», «Жаман неден ?» деген сұрақтардан басталды.Бұл сұрақтарға оқушылар өз ойларын ортаға салды.

І-тоқсан қорытындысы бойынша ата-аналар жиналысы өткізілді.І-тоқсан бойынша сынып оқушыларының білімдері жайында айтлды.Сыныбымызда 2 үздік оқушы, 5 екпінді оқушы,15 оқушы қанағаттанарлық бағамен шықты.Сыныбымызда үлгермеуші оқушыларды бар.Осы оқушылармен екі жақ бірігіп жұмыс жасаған жағдайда білімдерін арттыруға болады.Ата-аналарға демалыс уақытында балаларын үйде қадағалау, қауіпсіздік ережесі жөнінде ескертілді.


Қараша айында өткізілген іс-шаралар:

«Ел ертеңі білімді ұрпақ» тәрбие сағатымыз өтті.Сабағымызды "Өз алдына ел болуға өзінің тілі, әдебиеті бар ел ғана жарай алатындығын бізұмытпауға тиіспіз". (А. Байтұрсынұлы) деген ұлы ақынның сөзімен бастадық.

Оқушыларға дос, достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық қарым-қатынасын нығайту.Оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, өзімшілдіктен, менмендіктен тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету.Оқушылардың адамгершілік қасиетін, бір-біріне деген достық сезімдерін нығайту.

«Ою ойғанның ойы ұшқыр» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.Бұл сабақ еңбек сабағымен байланысты болды.

Әр топ өз атаулары бойынша түсінік беріп өтеді.

І топ: Жан-жануарлардың табиғи және мифтік бейнелер. Бұл өрнектер сырмақ, текемет, алаша, кілем, сәулет өнерінде сан түрлі мәнер де қолданылады, бұл өрнектер байлық пен молшылықтың белгісі.

ІІ топ: Өсімдік пішіндес ою-өрнектері гүл өсімдігінің, барлық түрін тұспалдап тұрады. Бұл өрнек қолөнер бұйымдарында кездеседі. Кесте тоқуда киім-кешектердің, жағасына, қалтасына, жиектеріне салады. Бұл өрнектер жарық - өмір жолы дегенді білдіреді.

ІІІ топ: Геометриялық үлгідегі өрнектермен әшекейленеді. Бұл өрнектер басқұрлар, алашаларда айқын да ырғақты нақыш мәнермен ерекшеленеді.

IV топ: Бұл оюдың түрі космоногиялық ұғымынан туған әлем

Кеңістігіне алынған ай, күн, жер, негізі болып саналады. Мыс: үшбұрыш-тіл көзден сақтау үшін тағылады.

Киіз, кілем, текеметтің орта тұсын көркемдеуде кездеседі.

Мектебімізде Абай оқулары кеші өткізілді.сыныбымызда оқушылар қатынасып Ашықбай Гауһар 3 орынды иеленді.Эссе байқаулары да өтті.Абдрахманова Арайлым,Ислям Ерасыл,Умирхан Гүлзира қатынасты.

Ақбота интеллектуалдық марафонына қатынасқан оқушылар сертификаттар ен марапатталды.АшықБай ГауҺар,Ислям Ерасыл.Абдрахманова Арайлым.

«Адам әдептілігімен сұлу»Мақсаты:  Балаларды кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға, кішіге қамқор болуға, көмектесуге үйрету, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жаман қасиеттерден жирену сезімін дамыту. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды айыра отырып әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.

Оқушылар  өз ойларын ортаға салады,ақыл-кеңестерін береді

Сыныбызда үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргізіледі. Үлгерімі төмен оқушылармен жеке-бағыттық жұмыс жүргізу.


«Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар»атты сайыс сабағымыз ойдағыдай өтті.Бұл сайыс сабағымыз алған білімдерін тиянақтау мақсатында өткізілді.Сабақ әртүрлі тапсырмалардан құрылды.Оқушылар 4 топқа бөлінді.

Желтоқсан айында өткізілген іс-шаралар.

Еліміздің тұңғыш прнезиденті Елбасымыз Н.Н.Әбішұлы .«Елбасы –ел тірегі» атты тәрбие сағатымыз өткізілді.

Мақсаты:Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру; Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу; Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.

«Мамандығым мақтанышым»атты пікірталас.

Білім алушыларды өз мамандық майталмандарымен видеороликтер арқылы отырып, пікір алысуға, электромонтер мамандығына жүйелі көзқарас қалыптастыруға, электромонтер мамандыққа деген қызығушылығын арттыруға, сол жолда тиянақты да, саналы білім алуға деген ұмтылысты оятуға бағыт беру. Оларды өз пікірін еркін айтуға, басқаның пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу. Электромонтер мамандығының маңызы туралы түсінік қалыптастыру

Кештің бағдарламасы:
1. Кіріспе сөз.
2. Мамандық иелерін таныстыру..
3. Сұрақ бізден – жауап сізден ( пікірлесу)
4. Қорытынды.
«Тәуелсіздік –ұлттық өрлеудің ұлы күні» тарбие сағатымызда өткізілді.

Мақсаты :оқушыларға еліміздің тәуелсіздік алғалы 26 жыл ішіндегі жеткен жетістіктерімізбен таныстыру, білімдерін кеңейту. Отанды сүюге, ел байлығын қорғауға, болашақ Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенінұғындыру. Бүгінгі тәуелсіздікке қалай қол жеткенін зерделеу, оларды Отаны үшін отқа түсетін ел жанды, ел Азаматы етіп тәрбиелеу.

Мектебімізде атаулы қалалық іс-шара мұражайдың ашылуы өтті. Б.Майлин мұражайы ашылды.Мұражайдың ашылуына қала қонақтары, қала мектептерінен ұзтаздар келді.Мұражайдың ашылуына орай Тәрбие сағттар өткізілді.Тәрбие сағатымыз көріністергетолы болды.Оқушылар Б.Майлин өлең шумақтарын жатқа айтты.


Мектебімізде«Қайырымдылық жәрмеңкесі»өткізілді.Барлық сынып оқушылар атсалысып қатынасты.


Балалардың асыға күтетін мерекесі Жаңа жылдық шыршасы Балалар жасөспірім театрында өткізілді.Балалар риза болып қайтты.