Файл: 6 дріс таырыбы Сздерді маыналы атысына арай жіктелуі. Дріс жоспары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.03.2024

Просмотров: 20

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
бай, ауылнай, қожа ұғымдарымен қоса қолданылады.

Ал кедей сөзiмен қоса синонимдес «жамау», «жаман тымақтылар», «жан мен жан асырап жүрген сорлылар», «жаман тымақ» сөздерінің қолданылуы басым.

Омонимдер.

Омонимдер (гр. homos - біркелкі, onyma - есім) - шығуы жағынан да, мағына жағынан да басқа-басқа, айтылуы және жазылуы бірдей сөздер. Омоним сөздерді көп мағыналы сөздерден ажырату қажет. Өйткені бұлардың үйлестігінен гөрі айырмашылықтары көбірек. Қазақ тілінде ат деген түрде біріне-бірі байланысы жоқ, екі-үш түрлі сөз бар.

1. Ат - жұмыс көлігі;

2. Ат - есім, атау;

3. Ат - етістік (бұйрық рай).

Бұлар - жеке-жеке үш сөз. Бұл сөздердің арасында өзара мағыналық ешбір байланыс жоқ, тек айтылулары ғана бірдей. Осы сөздердің әрқайсысы өз алдына көп мағыналы сөз. Мысалы, ат: біріншіден, жалпы көлік; екіншіден, жылқының үйірге түспейтін еркегі; т.б. мағыналары бар. Мұнда тек дыбыстық үндестік қана емес, мағыналық байланыс бар. Ал алғашқы келтірілген ат деген үш сөзде дыбыстық бірлестік қана бар мағыналық байланыс жоқ.

Қас деген төрт сөз бар:

1. қас - адамның қабағындағы қас;

2. қас - дұшпан, жау;

3. қас - бірдеменің жаны, маңы (үйдің қасы);

4. қас - ердің қасы. Бұлар да - бір-бірімен байланыссыз жеке-жеке cөздер. Кейде сөздердің ауызша айтылуында бірнеше сөздердің айтылу, естілу ұқсастығы болады. Мысалы: осы жер деген сөздерді айтқанымызда, ош шер болып айтылады, сол сияқты, тұзшы мен тұщы және асшы мен ащы сияқты сөздер де кездейсоқ деп саналады. Омонимдердің семантикалық айырмашылықтары контексттен көрінеді.

Жасалу жолдары. Омонимдердің бірнеше жасалу жолы бар: 1) көп мағыналы сөздердің семантикалық жақтан дамуы негізінде; Мысалы, жал а) жануарлардың желкесіндегі қыл; ә) ұзыннан созылып жатқан белес, қырқа; 2) сөздердің дыбыстық өзгерістерге ұшырауы арқылы; Мысалы, ер сөзінің бастапқы дыбысталуы егер болса, тілдің дамуы барысында ерге айналған. 3) сөзге омонимдес қосымшалар (-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе) мен -ыс, -іс, -с; -ық, -ік, -к жұрнақтары) жалғануы арқылы туынды Омоним пайда болған. Мысалы, баспа а) газет, журнал, кітап басып шығаратын мекеме; ә) тамақ ауруы; қорық а) мал жайылатын жер; ә) үрейлену, зәресі ұшу; 4) басқа тілден енген сөздердің төл сөздермен бірдей дыбысталуы негізінде жасалады. Мысалы, Қыдыр (хызыр) - араб сөзі, қазақ тіліндегі ел қыдыру мағынасындағы етістікпен сәйкес. Омонимдер мағынасы мен жасалу жолдарына қарай лексикалық, лексика-грамматикалық және аралас болып үшке бөлінеді.


Антонимдер.

Тілдегі мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздерді антонимдер дейміз. Мысалы: жақсы-жаман, жаңа-ескі, бар-жоқ. Сөздердің барлығына бірдей антоним сөз табыла бермейді. Мысалы: дәптер, қалам деген сөздердің антонимдері жоқ. Антоним болатын сөздер көбіне сапалық белгіні білдіретін сын есімдер мен қимыл-әрекетті анықтайтын етістіктерден болады.

Антонимдер дүниедегі заттардың, құбылыстардың сын-сапа-сын, артық-кем қасиетін, мөлшср-көлемін салыстырып, бір-біріне қарама-қарсы қоюдан шығады. Мысалы: Кейі сараң, кейі мырза. Кейде қапа, ксйі ырза, Барша жұртты сынадық (С. Сейфул-ин). Кейде қайғы, кейде шат, кейде тұнық, кейде ылат, кейде қорқақ, кейде өжет, кейде тірі, кейде өлет (I. Жансүгіров).

Бо-лысекең кейде паң, кейде мүләйім, кейде жұмсақ, кейде қатты, кейде береген, кейде сарақ (Ғ. Мүстафнн). Мұны әлділер әділет деп қуанса, әлсіздер қиянат деп қынжылады (Ә. Сәрсепбаев). Түймедей затқа өкпелесеңіз, түйедей көретініңіз қалмаған, мырза (Қ. Оразалин). Осындағы сараң-мырза, қапа-ырза, қайғы-шат, тұнық-ылат, қорқақ-өжет, тірі-өлі; паң-мүләйім, жұмсак-қатты, береген-сараң, әлді-әлсіз, әділетқияпат, түймедейді түйедей дегендер жағымсыздық пен ұнамдылықтың, жақсылық пен жаманшылықтын, үлкен мен кішінің кереғар ұғымдары бір-біріне қарама-қарсы қойылып айтылып тұр.

Екі жағының салмақ-мөлшері бірі артық, бірі кем емес, нақ бірден, тепетең. Сонда антоним дегеніміз мағынасы бір-біріне карама-қарсы сөздер болып шығады. Антонимдер өзара алшақ қарама-қарсы ұғымды білдіретіндіктен, бұлардың әр сөз табына қатысы нақ бірдей емес, ала-құла. Бір сөз табы антонимге соншама бай да, енді біреулері кедей, нс болмаса, тіптеп кездеспеуі де ғажап емес.

Қазақ тілінде антонимдер жасалуына қарай былай топтастыруға болады: сын есімдерден, етістіктерден, зат есімдерден, үстеулерден кездеседі.

Сын есімге тән антонимдердің мынадай түрлері бар: түбір күйінде кездесетіндері ауыр-жеңіл, кең-тар, ыстық-суық, үлкен-кіші, жас-кәрі, биік-аласа, ұзын-қысқа артық-кем, аш-тоқ, жақсы-жаман, қалың-жұқа, терең-арарық-семіз, оңай-қиын, араз-тату, ашы-тәтті, көп-аз, оң-теріс т.б. ә) туынды түбір күйінде кездесетіндері: ашық-жасырын, өэімшіл-көпшіл, ашық-жабық, тілазар-елгезек, қаты-ақырын, орнықты-шалағай, олақ-іскер, оңқай-солақай сүйкімді-жексүрын, бүтін-жыртық, жүрдек-шабан, түзу-қисық т.б.

Сындық мағынадағы туынды антонимдер көбінесе -лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті жұрнақтары арқылы антонимнің жағымды сыңарларын -сыз, -сіз жұрнақтары -сыз мағынадағы сыңарларын жасайды. Мысалы: Ер жігіт бірде малды, бірде малсыз, Аргымақ бірде жалды, бірде жалсыз. Ақылдыны алысым деме, Ақылсызды жақыным деме.



сын есімнің -ғы, -гі, -қы, -кі жұрнақтары арқылы да туынды антонимдер бастапқы соңғы, бұрынғы-қазіргі, үйдегі-түздегі, сыртқы-ішкі, күндізгі- түнгі, қысқы—жазғы т.б.

Етістікке тән мынадай антонимдер бар: а) тубір күйінде кездесетіндері: озу-қалу, кету-келу, қону-ұшу, айырылу-қосылу, шашу-жинау, бару-қайту, т.б. ә) туынды түбір күйінделер: таю-жасару, жоғарылау-төмендеу, татуластыру-араздастыру, ақтау-қаралау, елдестіру-жауластыру, мақтау-даттау, арықтау-семіру, жаңару-ескіру т.б.

Зат есімге тән антонимдер негізгі және туынды түбір күйінде кездеседі; а) түбір күйінде кездесетіндері: өтірік-шын, алғыс-қарғыс, рақат-бейнет, бақ-сор, өмір-өлім, т.б.; ә) Туынды түбір күйінде кездесетіндері: аласы-бересі, байлық-жоқтык, кісілік-иттік, аштық-тоқтық, тарлық-кеңдік, т.б.

Үстеуге қатысты антонимдер: ерте-кеш, ілгері-кейін, жоғары-төмен, алыс-жақын, әрі-бері, сылбыр-тез т.б.

Оқытудың техникалық құралдары: интерактивті тақта, сызба–кестелер

Лекция оқудың тәртібі, оқыту әдістері мен түрлері: баяндау, проблемалық, сұрақ – жауап, түсіндіру, кіріспе лекция

Әртүрлі күрделілік деңгейдегі тапсырмалар (сұрақтар) және оларды бағалаудағы ұпайлардың үлестірілуі:

Күрделі деңгей: 1. Сөздің лексикалық мағынасының типтері.

Орта деңгей: 2. Синонимдер, олардың пайда болу жолдарын өз сөзіңізбен жазыңыз.

Жеңіл деңгей: 3. Омоним, антоним сөздер және олардың өзіне тән ерекшеліктері

БӨЖ және ОБӨЖ тапсырмалары, олардың түрлері мен орындалуына қойылатын ұпайлардың үлестері:

 Сөз мағыналарының типтері

 Сөздердің мағыналық жағынан жіктелуі

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:

Негізгі:

1 Фромкин В., Родман Р., Хайамс Н. Тіл біліміне кіріспе 2018

2 Тер-Минасова С. Г. Тіл және мәдениетаралық коммуникация. 2018

3 Мағжан С.Қазақ тілінің лексикологиясының практикалық курсы. Түркістан, 2019 ж.

Қосымша:

1. Сағындықұлы Б. Қазіргі қазақ тілі. Лексикология. І – бөлім. – Алматы, 2003.

2. Қалиев Б. Жылқыбаева А. Сөз мағыналарының негіздері. – Алматы, 2002.

3. Болғанбаев Ә. Қазақ тіліндегі синонимдер. –Алматы, 1970.

4. Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің лексикологиясы. Алматы, 2012.


5. Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. Алматы, 1997.

6. Мұсабаев Ғ. Қазақ тіл білімінің мəселелері. – Алматы: «Абзал-Ай» баспасы, 2014. – 640 бет.