Файл: АйАру Балабашасы жшс Трбиеші апайлар стаздар кніне арналан ісшара жоспары.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 18.03.2024
Просмотров: 13
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Ай-Ару» Балабақшасы» ЖШС
«Тәрбиеші апайлар»
/ұстаздар күніне арналған іс-шара жоспары/
Өткізген: тәрбиеші К.Тленчиева
А.Кушканова
музыка жетекшісі
2022-2023 оқу жылы
Мақсаты:балаларға ұстаздар күні мерекесі туралы түсінік қалыптастыра отырып, олардың балабақшадағы апайларға деген құрмет сезімін ояту, үлкенді сыйлауға, оның еңбегін бағалауға тәрбиелеу.
Әсем безендендірілген зал, әуен ойнап тұрады.
Жүргізуші: Армысыздар, әр баланың еркелігін көтеріп, жүрегіне жол таба білген, ұлағатты ұстаздар!
Ұстаз қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі - ұстаз.
«Ұстаз» деген сөз қазақ баласы үшін қашан да қасиетті, қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие алған» немесе «Ұстаз алдын көрген» деген сөздер құлаққа «Ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады.
Олай болса білім нәрімен сусындатып өмірге қанат қақтырған - ұлағатты ұстаздар мерекесі құтты болсын!
Би «Шармен»
Күндеріңіз толсын гүлге, желекке,
Отбасында болсын ырыс-береке.
Құттықтаймыз шын жүректен сіздерді,
Өмір - думан, бақ әкелсін мереке!
Олай болса мерекелік кешімізді ары қарай балабақша меңгерушісінің сөзімен жалғастырайық.
Жүргізуші: олай болса кішкентай бүлдіршіндердің өздеріңізге арналған әнін қабыл алыңыздар!
ӘН: «Тәрбиеші апайлар»
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар, жанды ұғып?!
Ұстаз деген ұлылардың ұлысы,
Қасиетіне бас иейік мәңгілік! - деп, келесі сөзді ата-аналар құттықтауына береміз.
Жүргізуші: келесі кезекте балалардың тақпақтарын тыңдайық
1 бала: Хан бол мейлі, қара бол,
Дарын бол мейлі, дара бол.
Өтетін бәрі алдынан,
Ұстаздар бейне сара жол.
2 бала: Бізге тәртіп үйреткен
Ән салдырып билеткен
Таныстырған ең алғаш
Әріптер мен суретпен
Тәрбиеші апайымыз.
3 бала
Тәрбиеші апайым,
Болсын барлық жақсылық.
Жетелесін арманға,
Жақсы тілек, жақсы үміт.
4 бала: Тәрбиеші апайлар,
Көңіліңіз нұрлансын.
Еңбегіңіз ақталып,
Арманыңыз тыңдалсын.
5 бала:Тәрбиеші апайым,
Шуақты күн тілеймін.
Еңбкгіңіз ақталып,
Күліп-ойнап жүр деймін.
6 бала:Тәрбиеші апайлар,
Бақыттымыз сіздермен.
Биіктерге жетіңіз,
Болып әркез біздермен.
7 балаТәрбиеші апайлар,
Сіздер біздің Айымыз.
Сіздер барда әрдайым,
Болар біздің жайымыз.
Жүргізуші: Ұстаз – ұлағатты есім. Балаларды білім нәрімен сусындатып, тәлім - тәрбие беріп, адамгершілік рухта бағыт - бағдар беруде ұстаздардың еңбегі зор. Сондықтан ол әрдайым қасиетті тұлға.
Ойын «Шар жару»
Шарты: педагогтар шарды таңдап алып жарады, ішінен шыққан тапсырмаларды орындайды
Жүргізуші: құрметті ұстаздар қауымы осымен бүгінгі кешіміз өз мәресіне жетті. Еңбектеріңіз жана берсін.Кішкентай бүлдіршіндерімізді білім нәрімен сусындатып, тәрбиелей беріңіздер!
Балалардың орындауында «Ұстазым» әні
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп - көп рахмет. Келесі кездескенше күн нұрлы болсын ағайын!