Файл: азастан Республикасыны Білім жне ылым Министрлігі Атбе аласындаы М.рманалиева атындаы 32 мектепгимназия.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 19.03.2024

Просмотров: 7

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Ақтөбе қаласындағы М.Құрманғалиева атындағы

32 мектеп-гимназия

Ғылыми зерттеу жобасы


Тақырыбы:
MIT App Inventor программалау ортасында

мобильді қосымшаны құру

Бағыты: математика, информатика
Орындаған: Сұлтанова А., Қараманов А.

М.Құрманғалиева атындағы

32 мектеп-гимназияның

6-сынып оқушылары
Ғылыми жетекшісі: ҚалитоваЖ.К.

информатика пәні мұғалімі, педагог-сарапшы

Ақтөбе қаласы, 2019
М.Құрманғалиева атындағы №32 мектеп-гимназияның

11-сынып оқушылары А.Алданаевтың

«MIT App Inventor программалау ортасында мобильді қосымшаны құру»

ғылыми жобасына
Пікір
MIT App Inventor мобильді қосымша құруға болатын программалау ортасы. Қазіргі таңда бұл әртүрлі жас аралығындағы қолданушылар үшін қолжетімді әрі қызықты. Осы тұрғыдан алып қарағанда оқушының ғылыми жобасының маңызы өте зор.

Бірінші бөлімде MIT App Inventor программалау ортасының интерфейсі, қосымшаны құрылғыға жүктеу және орнату жайлы жазылған.

Екіншіден, тәжірибелік бөлімде бұл программалау ортасында «Сурет салу» жобасын, тест жұмысын, аудармашы, факториал есептейтін, т.б. көптеген қосымшаларды құрған. Қосымшаларында суретпен, дыбыспен жұмыс жасау блоктарын әсерлі қолданған.

Осы жұмыстың нәтижесінде оқушының тынбай еңбек еткенін және де қызығушылығы артқаны байқалады. Болашақта ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қарқынды дамуына өз үлесін қосады деп сенім білдіремін.
М.Құрманғалиева атындағы

№32 мектеп-гимназия директоры Джамбулова А.С.
Ғылыми жетекшісі: Қалитова Ж.К.

информатика пәні мұғалімі, педагог-сарапшы


М.Құрманғалиева атындағы №32 мектеп-гимназияның

6-сынып оқушылары А.Сұлтанова мен А.Қарамановтың

«MIT App Inventor ортасында мобильді қосымша жасау»

ғылыми жобасына
Пікір
Мобильді қосымшаны қолданатын адамдардың кейбірі әрбір қосымшаны құру үшін қанша еңбек күші жұмсалатынын және құру барысында қаншама шығармашылық идеялардың іске асырылатынын білмеуі мүмкін.


Мобильді қосымшалар құру - техникалық және шығармашылық жағдайларды қамтитын әртүрлі кезеңдерден тұратын ұзақ әрі күрделі үдеріс. Оқушылар қосымшаны құрудың жобалау кезеңінде мақсаты мен оны құру барысында қолданылатын құралдарды анықтаған. Қосымша құрудың шығармашылық бөлігіне оның сценарийін, графикасын және сюжетін құру, сонымен қатар дыбыспен сүйемелдеу жүзеге асырған. Құрылған мобильді қосымшалар оқушылардың ойлау және шығармашылық қабілетін қалыптастырады. Оқушылар әдебиеттер мен интернет ресурстармен жұмыс істеу дағдысын, MIT App Inventor ортасында жұмыс жасай білетін қабілетін көрсетті.

Ұсынып отырған жұмыста MIT App Inventor ортасында мобильді қосымшаларды программалаудың негізгі принциптері анықталып тұжырымдар жасалынған. Практикалық бөлімде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай туғызатын мобильді қосымша құрылған.

А.Сұлтанова мен А.Қарамановтың ғылыми зерттеу жобасы оқушылардың ғылыми бағыттағы ізденушілік жұмыстарына қойылатын талаптарды қанағаттандырады және қорғауға ұсынылады.
Ғылыми жетекшісі:

Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ ф.-м.ғ.к., доцент Ерекешева М.М.